Сабақтас құрмалас, жасалу жолдары, түрлері, тыныс белгісі. Аралас құрмалас сөйлем, тыныс белгісі
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағынабайланысқанқұрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Мысалы: Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес, ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес айтыла беретін,ойды тиянақтап тұратын екіншіжай сөйлем басыңқы сөйлем деп аталады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышыныңжасалу жолдары төмендегідей:
1. Бағыныңқының баяндауышы көсемше тұлғалы етістіктен болады. Мысалы: Аудан орталығына қонысаударғалы, тұрмыстары недәуір түзеліп қалып еді.
2. Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады. Мысалы: Біреуге жақсылық жасасаң, ол ешқашан жерде қалмайды.
3. Бағыныңқының баяндауышы -ша/ше, -дай/дей жұрнақтары мен жатыс, көмектес септікті есімшеден және -дықтан/діктен қосымшалы есімшеден болады. Мысалы: Жолаушылардың қарасы үзілгенше, қорықшы жота басында қарап тұрды. Баласынын келген бір жапырақ қағаз көңілге демеу болғандай, ана жұмысқа құлшына кірісті. Күн райы бұзылып тұрғандықтан, жас төлдерді өріске шығармады. Таң құланиектеніп атабергенде, ауыл үстін айқай-шу басып кетті. Жұмысшылар ерте жиналғанымен, жұмыс бірден басталып кетпеді.
4. Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары және кезде, шақта, уақытта деген көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Қыстаудан жайлауға көшкен соң, ауыл-ауыл бір-бірін ерулікке шақырыса бастайды. Отырғандар қопарыла сыртқа шыққан кезде, Қуаныш пен Анар да жеке серуендеуге беттеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан екіден де көп болса, ондай сөйлемдер көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Сырттағылар тегіс кіріп, орын-орындарына жайғасқан соң, көпшіліктің өтінішімен жыр тиегі ағытылды. Бұл сабақтастың құрамында екі бағыныңқы сөйлем бар:
Сырттағылар тегіс кіріп, 2) орын-орындарына жайғасқан соң.
Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысуынақарай көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем екіге бөлінеді:
1) жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас; 2) сатылы көп бағыныңқы сабақтас.
Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысыбасыңқы сөйлеммен тікелей байланысады. Мысалы: Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, кезек-кезек бетінен сүйіп, қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр. Сөйлемнің құрамындағы әрбір бағыныңқы сыңары басыңқымен тікелей байланыса алады. Мысалы: Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, табысымен құттықтасып жатыр; кезек-кезек бетінен сүйіп, табысымен құттықтасып жатыр; қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр.
Сатылы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңарлары басыңқымен тікелей байланыспай, өзара бір-бірімен байланысып барып басыңқымен байланысады. Мысалы: Көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан елге қайтты.
Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себепбағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсатбағыныңқы.
1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердіңбағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқысабақтас сөйлемнің сыңарларыныңарасына үтір қойылады.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышыныңжасалу жолдары:
1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -са, -се шартты рай тұлғасынанболады. Мысалы: Айтқан сөзің дұрыс болса, қалғанын өздері түсіне жатар.
2) көсемше тұлғалы етістіктің -ма+й, -ме+й немесе -майынша/мейінше,
Байынша/бейінше, -пайынша/ пейінше жұрнақтарынан болады. Мысалы: Бұл оқиға дәл осы күндердің өзінде тыным алмай, ұзын құлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты. Шындықтың бетін ашпайынша,жарғақ құлағы жастыққа тимеді.
3) жатыс септігіндегі өткен шақтық есімшеден болады. Мысалы: Мылтығын алып шықпағанда, азулы қасқырдан құтылуы екіталай еді.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарына қайтсе, не етсе, қайткенде, не еткенде, қайтпейінше, не етпейінше, қайтпей, не етпей?деген сұрақтар қойылады.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышыныңжасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с | Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы | Баяндауышының тұлғалық белгісі | Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар |
Шартты рай | -са, -се | Қайтсе? Не етсе? | |
Көсемше | Ма+й, ме+й; майынша/мейінше | Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше? | |
Есімше | -ған+да, -ген+де | Қайткенде? Не еткенде? |
Арсылықты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де, не етсе де, қайткенмен, не еткенмен, қайткенше, не еткенше, қайткеніне (не еткеніне) қарамастан, қайте тұра, не ете тұра? сұрақтарына жауап береді. Жұмыс уақыты әлдеқашан аяқталса да, (қайтсе де?) Рахмет пен Лиза ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен (қайткенмен?), осы өңірдің кез келген жерінен су шығады.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышытөмендегідей жолдармен жасалады:
1) шартты райлы етістікке да, де шылауының тіркесуінен жасалады. Мысалы: Екеуінің мақсаты екі түрліболса да, бірге жұмыс істегендеріне он шақты жыл болып қалды.
2) шартты райдың болымсыз түрінен болады. Мысалы: Күн бұлттанғаны болмаса, жаңбыр жауған жоқ.
3) Көмектес септік тұлғасындағы өткен шақтық есімше арқылы жасалады. Мысалы: Ай қараңғы болғанмен,жолды болжауға әбден болады.
4) Есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Бұл сөзді естігенше, жерге батып жоғалған жақсы еді.
5) -а/е, -й жұрнақты көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Өз көңіліңді білдіре, менің көңіліме демеу сала келгеніңе ризамын.
6) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы:Терімшілер күннің салқындығын елеместен, бастаған жұмыстарын бітіруге асықты.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с | Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы | Баяндауышының тұлғалық белгісі | Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар |
Шартты рай | -са да, -се де | Қайтсе де? Не етсе де? | |
Есімше | -ған/ген+-ша/ше | Қайткенше? Не еткенше? | |
Есімше | -ған/ген,-қан/кен+-мен | Қайткенмен? Не еткенмен? | |
Шартты райдың болымсыз түрі | -ма/ме, -ба/бе, -па/пе+са/се | Қайткені (не еткені) болмаса? | |
Көсемше | -а/е, -й + тұра | Қайте тұра? Не ете тұра? | |
Есімше | -ған+ы+на(-ген+і+не)+ қарамастан | Қайткеніне (не еткеніне) қарамастан? |
3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады.
Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде?деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл бағыныңқысабақтастыңбағыныңқысыңарыныңбаяндауышытөмендегідей жолдармен байланысады:
1) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы:Жиналыс аяқталғанша (қашан?), тізім жасалып та болды.
2) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріп тұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды.
3) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістіккесоң, кейін, сайын, бері, шейін септеулік шылауларыныңқатысуы арқылы жасалады.Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін көзін ашты.
4) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістіккекезде, шақта, уақыттамезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылыжасалады. Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?) Көксерек жалғыз өзі ауылға келді.
5) -ғалы/гелі, -қалы/келі көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Жазғы демалысқа шыққалы (қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.
6) -са/се шартты райдың жұрнағы және -ысымен/ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ұлпа уәделі жерге келсе (қашан?), аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ. Қыс басталысымен (қашан?),Ораз да аңға шығуға дайындалады.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с | Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы | Баяндауышының тұлғалық белгісі | Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар |
Есімше | -ған/ген, -қан/кен+ -да/де, -та/те,-нда/нде | Қашан? | |
Есімше | -ған/ген, -қан/кен+ -ша/ше | Қашан? | |
Есімше | -ған/ген,-қан/кен+ соң, кейін, сайын, бері, шейін | Қашан? | |
Есімше | -ған/ген, -қан/кен+кезде, шақта, уақытта | Қай кезде? Қашан? Қай уақытта? Қай шақта? | |
Көсемше | -қалы/келі, -ғалы/гелі | Қашан? | |
Етістік | -са/се, -ысымен/ісімен | Қашан? |
4. Себеп бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқысы басыңқыдағы айтылған ойдың себебін білдіреді. Мысалы:Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан, Есенейдің қолына түспей кетті. Осы құрмалас сөйлемдегі Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан деген алғашқы сөйлем Есенейдің қолына түспей кетті деген екінші сөйлемнің себебін білдіріп тұр.
Себеп бағыныңқы сабақтас неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп бағыныңқы сабақтастың баяндауыштары төмендегідей жолдармен жасалады:
1. Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан/діктен қосымшасының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Есі шыққан керуен аты жүре алмағандықтан, (неліктен?) айқай салып қашып еді.
2. Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Халі ауыр болған соң, (неге?) арнаулы ауруханаға жатқызған-ды.
3. Көсемшенің -й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады. Мысалы: Қалада қона қоятын ағайын-туған болмай, (не себепті?) қысыла-қысыла жатаққа келдім.
4. Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Үйдегілерді оятып алмайын деп, (не деп?) аяғының ұшынан басып өз бөлмесіне өтті.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаластың жай сөйлемдерінің арасына үтір қойылады.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с | Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы | Баяндауышының тұлғалық белгісі | Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар |
Өткен шақ есімше | -ған/ген, -қан/кен + -дықтан/діктен | Неліктен? Не себепті? | |
Өткен шақ есімше және шылау | -ған/ген, -қан/кен және соң шылауы | Неге? Неліктен? | |
Болымсыз етістік және көсемше | -ма/ме, ба/бе, па/пе+-й | Неліктен? Не себепті? | |
Ашық райлы етістік және көмекші етістік | ашық рай+деп | Не деп? Неліктен? Не себепті? |
Имыл-сын бағыныңқы сабақтас.Құрамындағы жай сөйлемдердіңбағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғанынбілдіретін құрмаластың түріқимыл-сын бағыныңқы сабақтасдеп аталады. Мысалы: Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа көз салды.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарына қалай, қайтіп? деген сұрақтар қойылады.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштарының жасалуы төмендегідей:
1. -ып/іп, -п және -а, -е, -й көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Домбыра шертіп отырған әнші әуелете шырқап (қайтіп?), ән салып қоя берді. Жұпар мен Қалампыр бастарын изей (қалай?), әлдене жайлы қызу әңгімелесіп отыр.
2. -ған/ген, -қан/кен өткен шақ есімшеге -дай/дей жұрнағы мен болып, күйі, қалпындасөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ақ ұлпа бұлттың үстінде қалықтап бара жатқандай болып (қайтіп?), ерекше бір күйді басынан кешірді.
3. Болжалды келер шақ есімшеге –тан/тен жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ол жөн-жосығын айтпастан (қалай?), атына міне сап шаба жөнелді.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышыныңжасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с | Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы | Баяндауышының тұлғалық белгісі | Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар |
Көсемше | -ып/іп, -п | Қалай? Қайтіп? | |
Есімше | -дай/дей болып, күйі, қалпында | Қалай? | |
Есімше | -ма/ме, ба/бе, па/пе+ -с+-тан/тен | Қалай? |
Мақсат бағыныңқы сабақтас.Құрамындағы жай сөйлемдердіңбағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың мақсатынбілдіретін құрмаластың түрімақсат бағыныңқы сабақтасдеп аталады. Мысалы:Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.
Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не үшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары қойылады.
Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқысыңарының баяндауыштары төмендегідей жолмен жасалады:
1. -мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пекмақсатты келер шақ етістікке болыпкөмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ергештің жаман әдетін қойғызбақ болып (не мақсатпен?), балар әр түрлі амал істеген-ді.
2. Тұйық етістік пен үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Аянның ертегісін тыңдау үшін (не үшін?), ауыл балалары күнде кешкісін Бапай шалдың үйінің іргесіне жиналамыз.
3. Болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады.Серіктері танып қалмас үшін (не үшін?), бет-аузын орамалмен таңып алыпты.
4. Қалау және бұйрық райдың ІІІ жағынан кейін деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы:Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, (не деп?) атының аяғына киіз орап тастады.
Мақсат бағыныңқысабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с | Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы | Баяндауышының тұлғалық белгісі | Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар |
Мақсатты келер шақ етістік | -мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек және болып | Не мақсатпен? | |
Тұйық етістік | -у және үшін | Не үшін? | |
Болжалды келер шақ есімше | -ма/ме, -ба/бе, -па/пе+ -с және үшін | Не үшін? Неге?? | |
Қалау және бұйрық рай | -айын/ейін, -сын/сін және деп |
Аралас құрмалас сөйлем.Құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріменсалаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмаластың түріаралас құрмалас сөйлемдеп аталады. Аралас құрмалас сөйлемніңқұрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады. Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады: 1) ешбір жалғаулық шылаусыз іргелестұру арқылы; 2) жалғаулық шылаулар арқылы. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің – бағыныңқы, басыңқы сыңарларының орын тәртібі әр түрлі болады. Мысалы: Көктем шығып, күн жылынды, бірақ таудағы қар әлі еріген жоқ.Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
Күшік бауырын көтеріп, өздігінен тырбанып жүруге айналған соң, ас ішетін арнайы асқұйғыш дайындалды, жетектеп жүру үшін мойнына жіп тағылды. Құрылысы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге бөленген тереңіне сүңгігің келеді, жұпар иісті жасыл желегін жастанып, жаныңды жайландыра жатқың келеді. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
Моп-момақан боп тұнып тұрған Есілдің суы қабықтай қалқытып ала жөнелгенде, сен малтымпаз болмасаң, суға кеттім деп үрейленесің, бірақ Есілдің суында тек аяғың мен қолыңды қимылдатсаң болғаны, Есіл сені көтеріп ала жөнеледі. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.