Сыныптарда мазмұндама жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі

Жазушы көркем туындының болмысын танытатындай: ондағы оқиғаларды бір-бірімен байланыстырады. Ондағы кейіпкерлер тіршілік кешеді, еңбек етеді, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп тартысқа да барады. Осы кезде ең бірінші көзге түсетіндігі автор баяндайтын оқиға. Ол жекелеген эпизодтардан құралып, шығарманың тақырыбын, идеясын жанрлық ерекшеліктерін ашады. Автор өз шығармасында өмірдің әлеуметтік-қоғамдық жағдайын, бір кезеңдегі адамдардың өмірін суреттейді. Көркем шығармада адам, адамгершілік, моральдық жағын ашып, көркем бейнелейді. Көркем мәтіннің осындай ерекшеліктері әдебиет сабақтарында игертіледі. Оқушы көркем шығарманы тек өтілген материал, баға алу үшін қажеті міндетті оқу деп түсінбеу керек. Көркем шығарманы оқушы жан дүниесімен ұғып, одан алған әсерін, көркем танымдарын одан әрі қолдана алуы керек. Яғни көркем дүние оқушы жанына эстетикалық жарасымды ықпал тудырып, таным көкжиегін кеңитуі, мінез қасиетін қалыптастыруға жәрдем етуі, ойға шақыруы тиіс.

Көп ретте көркем шығарма оның ішінде көлемді туынды үстірт қана өтіледі. Оған себеп біріншіден шығарманың ауқымдылығы, мазмұнының көпқырлылығы, мәтіннің психологиялық жағының күрделілігі, екіншіден шығарманы оқып үйренудегі уақыттың аздығы, бір сарынды әдістер мен тәсілдердің қолданылуы. Көркем мәтінге барудағы жол мазмұнды игеруден басталады. Көркем мәтіннің мазмұнын игертудің бірнеше жолдары бар.

1. Шығарманың таңдап алынған тұстарын, яғни мейлінше әсерлі тұстарын мазмұндау. Бұл мәтінді үстірт оқу дегендік емес. Оқушы шығарманы толық оқығаннан соң, оның ең қызықты тұстарын көбірек есте сақтайды. Осы дағдыны пайдаланып, мұғалім оқушыларға шығарманың маңызды сәттері бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың жауабын тыңдайды. Сол тұстардың мазмұнын ашуды сұрайды. Оқушыларды әңгімелеу барысында өзінің мазмұндайтын бөлігін неғұрлым қызықтыра, өз сөзімен беруге талпынады. Мұның өзі оқушының мәтіннен алынатын әсерін қалыптастырады. Осындай әсерлі тұстарды басқа шығармалардан табуға ұмтылады. Соның арқасында көркем мәтін оқуға деген ықыласы қалыптасады.

2. Логикалық тізбекті мазмұндау. Бұған шығарманың мазмұнын қуалай отырып, жүйелі мазмұндауды жатқызамыз. Бұл оқиғаларды ретімен ішкі байланыстарын сақтай отырып мазмұндауға да жол салады. Екінші бір тиімді жағы көркем шығарманы сыныпта мазмұндатқанда, тек бір оқушыдан ұзақ сонар сұрай алмайсыз. Осы кезде сөйлеп тұрған оқушының жауабын тиянақтатып, әрі қарай екінші оқушының жалғастыруын сұрағанда, ол сол тоқтаған жерден әрі іліп әкету керек. Бұл сабақ үстінде оқушының ықыласты отыруына, бір-бірін тыңдауына, ой қосуына дағдыландырады. Бір жағынан бірінің мүдірмей бастап, соны екіншісінің кідіріп қалмай, жалғастырып әкетуі жарыс секілді әсер етеді.

3. Бүкіл мазмұны немесе жекелеген эпизодты шығармашылық түрінде мазмұндау. Мұнда ең маңыздысы оқушының өз көзқарастарын, ойын айта білуі. Оқушы мәтін мазмұнын сақтай отырып, оны өз атынан немесе кейіпкердің атынан жеткізеді. Бұл тәсіл оқушының ойы мен өрістерін ұштайды, шығарма мазмұнын жақын қабылдауға, кейіпкерді айқын елестете алуға шақырады.

4. Автор тақырыбына өзінің қиялын қоса отырып мазмұндау. Бұл оқушының шығармашылық белсенділіктерін өсіреді. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларына белгілі бір мәтінді мазмұндатқызу үстінде, оларға төмендегідей сұрақтар қойып, ойы мен қиялдарына қозғау салуға болады:

- егер көп уақыттан соң сен осындағы кейіпкердің орнында болатындай жағдайға кездессең, не істер едің?

- Осы шығармадағы ең қызықты оқиғаға не қосар едің?

- Егер сен автор болсаң шығарма оқиғасын қалай анықтар едің?

Яғни оқушы мәтін мазмұнын айту үстінде тек автордың дайын дүниесін баяндап тұрғандай емес, өзі соған қатысып отырғандай жанды әсер алады. Бұл әрі қарайғы көркем мәтінді терең талдауға апарады.

Мазмұндамаға екі баға қойылады: 1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін; 2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін; Тіл қай елде, қандай қоғамдық құрылыста болмасын қатынас құралы керек десеңіз тіршілік құралы болып келеді. Отбасынан бастап, тілдің қоғамдағы қызметі туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Ал атам заманнан қазақ қоғамындағы тілдің орны, атқарған қызметі ерекше болғаны баршаға аян. Бабаларымыздың «Өнер алды – қызыл тіл», «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген даналық сөздерінің өзі көп нәрсе аңғартса керек. Рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі тіл байлығы дер едік, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сілтегенде жүрекке жылы тиетін, «айнасы теп – тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет қалыптасады. Мектептегі тіл дамыту жұмыстарының ең тиімді жолдары пәнаралық байланысқа иек арту болып табылады. Соның ішінде әдебиет пәні мен қазақ тілі пәндеріндегі тіл дамыту жұмыстарын жеке дара қарастырмай, үнемі, жүйелі түрде бірлікте, бір мақсатта жүргізіп отырған нәтижелі, жемісті болмақ. Тіл байлығының ұғымы кең. Әр пәннің өз тілі, оған қойылатын өз талаптары бар. Ал қазақ тілі мен әдебиетіндегі тіл дамыту жұмыстарын мынадай мақсаттар негізінде жүргізуге болады: а/ аз сөзге терең мағына сыйғызу /нақтылық, дәлдік /; ә/ ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымды пайдалана отырып жеткізу / ауызша да, жазбаша да /; б/ ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлік, айқындық, нақтылық, жүйелілік, еркіндік; жазба тілдеріндегі жатықтық, сөздерді түрлендіре пайдалану, сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеру, қазақ әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі сабақтарында, қазақ тілінен білімдерін әдебиетте пайдалана білу.

Мазмұндама жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері.

Мазмұндама - оқушының мемлекеттік тілден алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы оқушының өз ойын жүйелі баяндай алу қабілеті мен байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.

Орыс тілді оқушылардың жазбаша тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмысының негізгі түрі – мазмұндама.Мазмұндама жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың жазатын жұмыстарын терең түсіне отырып, олардың тілдік құралдарына, сөздік қорына, сөз таңдау, сөйлеудегі сөздердің орнына, көркемділігіне, бейнелілігіне назар аударып, өз ойын жүйелі айтып, не жазып беруге дағдыландыру болып табылады. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, есте сақтауы, зейіні жетілетіндігі анықталды.

Мазмұндама жұмысын орыс тілді сыныптарда жүйелі ұйымдастырып, нәтижесін бақылап отыру қажет. Мәтін мазмұнын түсініп, ауызша баяндап беруге даярлауда жеке сөйлемдерден бастаған орынды. Оқушылардың жеке сөйлемдерді жаттап алу дағдысының қалыптасуы диктант пен мазмұндама жұмыстарын орындауда көмектеседі, есте сақтау қабілеттерін дамытады.

Жеке сөйлемдермен жұмыс істеу дағдысы қалыптастырылғаннан кейін, оқушыны шағын, қысқа мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландырады. Мәтінді мәнерлеп оқытылып, мазмұны айтқызылады. Мәтінмен жұмыста орындалатын жұмыс түрі: 1.Мәтінді мәнерлеп оқу; 2. Мәтінді жаттау; 3. Мәтінді ауызша мазмұндау.

Төмендегідей жүйеде үш деңгейде жүргізілді: Орыс тілді мектептің 1-4-сынып оқушыларына мазмұндама жұмысы

1- деңгей. Дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру.

Мазмұндама жұмысының тақырыбы, мәтіні алдын ала дайындалады. Дайын мәтін бойынша жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу ұстанымы бойынша бірнеше сатыға бөлінеді. Мәтіннің құрылысы мен тәртібін сақтай отырып, толық мазмұндама жаздыру.

Мазмұндама тақырыбы: Жалқау мысық.

Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына алты жылдай болып қалды. Алғаш асырап алған кезімізде ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе, сонымен ойнайтын. Ал қазір оны орнынан тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пештің түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері:сүйкімді, сондай тынымсыз, бұрын, алғаш асырап алған кезімде, ұйқыдан бас көтермейді, оралған жіп көрсе, жалқау.

Жоспары:1. Сүйкімді мысық. 2. Ойынға құмарлық. 3. Ұнамсыз қылық.

Берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.

Мазмұндаманың тиімділігі: Оқушылар мәтінді түсініп оқып, ауызша мазмұндауға үйренеді. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, өздері де сұрақ қоюға дағдыланады. Берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, дайын мәтін бойынша мазмұндама жазуға үйренеді. Мазмұндама жұмысының бұл түрі оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыта отырып, орфографиялық нормаға сәйкес жазылым әрекетін қалыптастырады.

2- деңгей. Мәтіннің мазмұнын сақтап, сыртқы түрін өзгертіп жазу.

Мазмұндаманың 2-деңгейі бойынша оқушылар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін ғана қайталайды. Мәтінді оқушылар оқып шыққаннан кейін әр сөйлемде кім, не жөнінде әңгіме болып отырғаны сұрақ-жауап арқылы анықталады. Оқушылар бірінші жақпен баяндалған оқиғаны үшінші жақпен немесе керісінше, үшінші жақты бірінші жаққа айналдырып мазмұндап жазады.

3-деңгей. Мәтінді ықшамдап немесе қысқаша мазмұндау. Мазмұндама жұмысын орындау әдістемесінде кеңінен қолданылады. Мазмұндаманың бұл түрінде берілген әңгімені қысқартып, ықшамдап, оқушылар өз сөздерімен шағын ғана әңгіме жазады. Мәтіннің мазмұнын ықшамдап, негізгі мазмұнның аясынан ауытқымай жазады.

4. Жоспар бойынша әңгіме сюжетінің даму желісі сақталып, шығарма мазмұнының жинақы шығуын қадағаланады.

Мазмұндама жазудағы «5» деген баға:

- әдеби материалды терең ұғынып, өте жақсы түсінсе, оны тақырыпты ашу үшін дұрыс қолдана білсе;

- тақырыпқа толық әрі нақты жауап берсе;

- мәселені өзіндік ой-пікір тұрғысында дұрыс талдай білсе;

- ойын жүйелі желімен жаза білсе;

- тілі бай әрі әдеби тіл нормаларына сай болса;

- шығарма құрылысы ой жүйесіне сай шебер қиысып стиль бірлігі сақталса;

- фактілік қателер болмай, сөзді орынды қолдана білсе;

- қорытынды пікірі орынды, тиянақты болса.

Мазмұнында 1, тілінде 1 елеусіз қате болуы мүмкін.

«4» деген баға:

- жұмыс мазмұны негізінен тақырыпқа сай болса;

- әдеби тілмен жазса, бірақ ойын баяндауда бірен-саран дәлелсіздіктер жіберсе;

- қажетті қорытындылар мен түйіндемелерін дұрыс жасай алса;

- ой жүйесінің шамалы бұзылуы байқалса;

- стиль бірлігі сақталған, сөйлем құрылысы алуан түрлі, бай болса.

Мазмұнында 2, тілінде 2-3 кемшілік болуы мүмкін.

«3»деген баға:

- тақырыптан айтарлықтай ауытқыған болса;

- материалды баяндау негізінен дұрыс, бірақ жекелеген фактілік дәлелсіздіктер кездессе;

- баяндау желісі аздап бұзылса;

- сөздік қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бір үлгіде, біркелкі болса, сөзді орнымен қолдана алмаса;

- стиль бірлігі сақталмаса, тілі солғын болса.

Мазмұнында 4 тілінде 5 кемшілік кездесуі мүмкін.

«2» деген баға:

-жұмыс тақырыпқа сай келмесе;

-көптеген фактілер бұрмаланса;

-шығарманының барлық бөлімдерінде баяндау жүйесі бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе;

-сөздік қоры өте жұтаң, сөйлемдері қысқа, біркелкі, өзара байланыспаса, сөзді орнымен қолданбау жиі кездессе;

-стильдік біркелкілік сақталмаса.

Мазмұнында 6, тілінде 7 кемшілік болуы мүмкін.

«1»деген баға:

-тақырыпты мүлде ашып жаза алмаса;

-мазмұнында 7 және тілінде 7-ден артық кемшіліктер кездессе.

Тіл мен сөз жайын тексеретін ғылым үш түрлі: тіл білімі, стилистика және көркем сөз теориясы. Бұл үш саланы бір-бірінен ажырата білу, әрқайсысының өзіне тән сыры мен сипатын айқын білу шарт. Олай етпейінше, біздің ең білгір деген ғалымдарымыздың өздері ылғи білгірлік жасай бермеуі мүмкін. Мәселен, елуінші жылдардың орта тұсында М. Әуезов пен М. Балақаев республикалық баспасөз бетінде әжептәуір айтысқа түсіп, әдеби тіл жөнінде әрқайсысы өз ұғымдарын ұсынып, дәлелдеп қорғап жатты.

Тілдің жеке адамдардың еркінен тыс туу, қалыптасу даму заңы бар. Бір кездегі ым, одан кейінгі үн адамдардың еңбек процесінде туған, адамдардың ойын өрбітер қозғаушы күш болатын. Бірақ тілсіз адам дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды. Үнсіз ым, тілсіз үн әншейін қарапайым ұғымдар маңында ғана түсінісу, ал өзара ойласу мен пікірлесу, сырласу тек тіл арқылы ғана мүмкін еді. Міне, осы ретпен туған адам баласының тілі адам қоғамы дамыған сайын дамып, байыған сайын байып келе жатыр. Тіл заңы обьективтік заң.

Әдеби шығарма тіл арқылы жазылса, тіл сөзден құралады. Ал сөз әу баста образдан туған келе-келе көп образдар ұмтылған да олардан туған сөздер ғана қалған.

Жазушының тілі шұрайлы да, сөздік қоры мол болуы қажет. Бұл қалам иесіне қойылар бұлжымас талап. Тіл байлығы сөз мәнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Ал халыққа қажет шығарма мазмұнды шығарма.

Тілдің табиғаты, мәні, қызметі-тіл білімінің аса маңызды мәселелері. Тіл білімі тарихындағы әртүрлі мектептер негізінде, осы мәселелерге қалай қарайтындықтарына қарай жіктелген. Осыған дейін де айтылғандай, кейбір ғалымдар тілді биологиялық құбылыс, демалу, қоректену, жүру-тұру сияқты адам ағзасына тән, жаратылыстан берілген биологиялық қасиет деп есептеді. Бұлай болғанда тіл атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруы қажет. Бірақ та өмір тәжірибесі тілдің тұқым қуалап бірден-бірге ауысып отыратын биологиялық қасиет емес екендігін, тілді адам баласы өмірден, өзін қоршаған қауымнан үйренетіндігін көрсетеді. Қандай халыққа, қандай нәсілге жататындығына қарамастан, жас баланың өзін қоршаған қауым қай тілде сөйлесе, соның тілін үйреніп, сол тілде сөйлеп кететіндігі тілдің адам ағзасына тән биологиялық құбылыс еместігін білдіреді.

Сонымен қатар тіл жеке адамның рухани қасиетіне тән психикалық құбылыста емес. Олай болғанда әр адамның тілі әр басқа болар еді.

Тіл қоғам қажетін өтейтін, қоғамға қызмет ететін құбылыстар қатарына жатады. Оның себебі тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісуі үшін керек, сол үшін жаралған. Пікір алысу, сөйлесу қоғамдасқан адамдар бар жерде ғана болады.

Барлық қоғамдық құбылыстар сияқты тіл де қоғам мүддесіне қызмет етеді, қызметінің сипатына қарай әр қоғамдық құбылыстың өзіне ғана тән өзгешелігі болады. Сондай-ақ өзгешелік тілде де бар.

Наши рекомендации