ОсӨж тақырыптары

1. Орфографиялық принциптер.

2. Этимология және оның зерттеу обьектісі.

3. Омоним мен полисемияның ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

4. Табу сөздердің пайда болу жолдары.

5. Сөздік құрамның толығу жолдары.

6. Қазақ тілінің лексикографиясы.

7. Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі.

8. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.

9. Есімдіктердің түрлену жүйесі.

10. Шылаулардың емлесі.

11. Сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары.

12. Қазақ терминологиясы.

13. Модаль сөздердің қолданылу ерекшеліктері.

14. Сөйлемдегі оқшау сөздер мен бірыңғай мүшелер.

15. Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары.

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2016 Ф.4.09-28

Гуманитарлық факультет

Азақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СИЛЛАБУС

« Нормативтт қазақ тілі »пәні бойынша

5B011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы үшін

Оқыту түрі: күндізгі, жеделдетілген күндізгі

курс: 3

семестр: 5

кредит саны: 2

барлық сағат саны: 90

соның ішінде дәрісханалық сағат саны: 30

дәріс:

практикалық: 30

СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ:) 60

Емтихан : 5 семестр

Талдықорған 2016 ж.

Пәннің пререквизиті: „Тіл біліміне кіріспе“ пәні.

Пәннің постреквизиті: „Жалпы тіл білімі“ пәні.

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Қазақ тілі курсы – қазақ тілінің ғылыми-теориялық негізін қамтиды. Пән қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, графика мен орфография жайында жалпы мағлұмат беретін кіріспе бөлімнен басқа сөз, сөз мағынасы мен қазақ тілінің сөздік құрамы, фразеологиясы туралы толық ғылыми-теориялық бөлімнен және сөздердің құрамына, сөз тұлғасына, сөз таптарына және сөйлем жүйесіне қатысты өзекті мәселелерді қамтитын қорытынды бөлімнен тұрады.

Пәннің мақсат-міндеттері:

Қазақ тілі курсының ең негізгі мақсаты – қазақ тілінің құрылымдық жүйесін құрайтын фонетика, морфология, лексикология, сөзжасам, морфология және синтаксис бөлімдерінің әрқайсысына тән объектілерінен теориялық және практикалық ғылыми тұрғыда жүйелі мәлімет беру. Қазіргі қазақ тілі жайлы ғылыми-теориялық білім бере отырып, оның болашақта зерттелуге тиісті проблемаларына байланысты білімгерлерді ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыру. Сондай-ақ курсқа байланысты ғылыми еңбектерді, пікірлерді, көзқарастарды талдап, талқылай білу, ұғымдарды, терминдерді меңгеру, студенттердің дүниетанымын кеңейту. Курстың міндеттері:

- фонетика, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис бөлімдерінің әрқайсысына тән объектілерін теориялық, практикалық жақтан меңгеру;

- ғылыми -әдістемелік еңбектерге талдау жасауға машықтануы;

- фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жасауға үйрену;

- лексикологияның негізгі салаларын білу :

- сөз мағыналарының өзгерісінің анықтап білу :

- студенттерді морфология тарауымен таныстыру :

- әр сөз табына тән категориялардың сыр – сипатын ашу :

- түрлі талдаудың нәтижесінде сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелері, сөздің бөлшектенуі мен олардың әр қайсының грамматикалық мағыналары мен қызметтерін анықтау.

Курс соңында студенттің алатын білік - дағдылары:

- Нормативті қазақ тілінің зерттеу объектісі мен міндетін, жіктелетін салаларын ажыратуы;

- фонетика, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис бөлімдерінің әрқайсысына тән объектілерін теориялық, практикалық жақтан меңгеруі;

- ғылыми -әдістемелік еңбектерге талдау жасауға машықтануы;

- фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жасауға үйренуі.

Қалыптастыратын құзыреттіліктер:

Жалпы білімділік:

- ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру;

- кәсіби қызметке қажетті жаңа білім алу дағдысын игеру;

Әлеуметтік-этикалық:

− қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіби қызметінде соларға сүйену;

− іскери этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру;

− Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білу;

− Қазақстан Республикасы «Тілдер туралы» заңын білу;

− топпен жұмыс істеуге қабілетті болып, өзінің көзқарасын қорғай біліп, жаңа шешімдер ұсына білуі керек;

− келісімге келе біліп, өз пікірін ұжым пікірімен байланыстыруы керек;

− кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылуы керек.

Коммуникативтік:

- адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындау, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде қатынас дағдыларының болуы, ауызша және жазбаша тілде, сөзді таңдау тәсілдерін ұстану, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру және де тақырыпқа сай сөздерді қолдана білу талаптарын кешенді меңгеру.

Ақпараттық-технологиялық:

- өз бетінше интернет-ресурстарынан қазақ тілі теориясына, зерттелуіне қатысты ақпараттарды іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.

Бағалау саясаты

Наши рекомендации