Ойын іс-әрекетін қалыптастыру.

Қарапайым ойын әрекеттерін дамыту.

· Бірдей кубиктардан мұнара салуға үйрету.

· Ойын әрекетін құрау (3,4 әрекет).

· Құрылысты ойындар – кубиктарды тиеу, оларды үй құрауға апару, жануарлар саябағы.

· Затттық және ойындық әрекетттерге баланың эмоциясын тудыру.

· Бір іс-әрекетті екінші іс-әрекетпен жалғастыруға үйрету. Қарапайым қиын емес затттық құралдарды дамытуға үйрету.

· Өзінен алыстатылған затқа қол созу, егер де оны қолымен алуға болмайтын болса.

· Елегенде жүзіп жүрген ойыншықтарды аулау.

· Банкідегі ұсақ ойыншықтарды жіңішке ағашты тік қой қаламммен ұстау.

· Қар мен құммен ойнаған кезде күректі қолдану.

· Ағаш балғаны ұстауға үйретіп, қалың заттарды соғуға үйрету.

· Ойын іс-әрекетінде бірнеше рет әрекет жалғасатындай байланыс орнату.

· Қарапайым сюжеттік ойындарда рөлдерді дұрыс орындауға үйрету: жүргізуші, мұғалім, дәрігер, аула тазалағыш, т.б.

8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерінің қалыптасуы

Бейнелеуге үйрету (мүсіндеу, сурет салу, аппликация, құрау) шынайы заттарды бейнелеу.

Жапсыру:

· Ұнмен, балшықпен, ермексазбен, сазбен әрекет жасауға қалыптастыру.

· Бөліктерге бөлуге үйрету, жұмсарту, шұқылау, тегістеу, т.б.

· Ермексазды үстел үстінде айналдыра отыра алақан көмегімен шелпек, шарик пішіндерін жасау.

· 3-4 элементті біріктіруге үйрету.

· Затты үлгісіне қарап мүсіндеу.

· Өзінің жасаған затының мағынасын айтқызу

· Өзінің ойлаған заттарын мүсіндеу.

Сурет салу:

· Бейнелеу өнеріндегі сурет салатын әртүрлі құралдармен салуды үйрету (бояу, фломастер, қарындаш).

· Әртүрлі сызықтарды салу: түзу, көлденеңінен, әртүрлі бағытта. Басқа образды, ирек, сызықша, тұйық, домалақ, сопақ, шеңбер, т.б.

· Шаршы мен тік төртбұрышты формаларды салуға үйрету

· Алақан саусағымен әртүрлі түсті таңбаларды бояғышпен салу.

· Қарындашты көзімен бақылауға үйрету.

· Қисық және түзу сызықтарды біріктіруге үйрету (шырша және оны безендіру шариктері).

· Бір бағытта немесе бір бағытта емес сызықтардың ішін бояуға үйрету.

· Қисық емес құбылыстарды салуға үйрету. Жаңбырдың тамшысын, нүктелер, арақтың ағып бара жатқанын, қардың жауғанын, шыршадағы шамдардың жануын.

· Мынадай ережелерді сақтауға үйрету: түзу отыру, суретті тек қағазға салу, қағазды умаждамау, қарындаштың ұшын сындырмау, жұмыс аяқталысымен үстел үстін және материалдарын жинау.

Құрау:

· Керекті құрылыс элементтерін үлгіге қарап құрастыру. 4-5-6 элемент «маған да сондай».

· Бірдей кірпіш немесе кубик қаланған пирамиданы салуға үйрету.

· Кірпіштерді көлденеңінен қойып темір жол салуға үйрету.

· Өзінің құраған затымен үлгісін салыстыруға үйрету.

· Кубиктермен кірпіш арқылы машина, үстел құрау.

· Ұзын таяқтан және екі бірдей кубтан орындық жасау, екі бірдей тік кірпіштерден қақпа жасауға үйрету.

· Кірпіштерден жиһаздарды құрастыруға үйрету: диван, төсек, үстел, орындық.

· Кірпіштер мен кубиктерден баспалдақ жасауға үйрету.

· Үш жақты шатырмен және төрт кірпіштен терезесі бар үй жасауға үйрету.

· Баланың өзі ойлаған затын құрастыру және оған құрастыруға мүмкіндік беру.

Аппликация:

· Қағазды екіге бүктеп жапсыру. Көрсетілген затты жасауға үйрету.

· Заттарды қағазға ыңғайландыру, бояу, желім, матамен қолдануға үйрету.

· Заттарды желімдеуге үйрету – саңырауқұлақ, үй, алма, қияр, шарик, кубик, т.б.

Еңбек тәрбиесі.

· Баланы қарапайым тұрмыстық еңбекті орындауға үйрету – ойыншықтар мен өзінің жеке затын орнына қою.

· Анасына бөлмені жинастыруға көмектесу (шаң сүрту, гүлдерді суғару).

· Өзінің аяқ киімі мен киімін тазалықта сақтау.

· Қайшы және балғамен жұмыс істеуге үйрету.

Ата-аналар үшін нұсқау:

Төмендегілерді ұстану:

Күнделік, ол ата-аналарға динамикалық жағымды дамуын бақылауға көмектеседі.

· Баланың әрекетімен жасалған альбом.

· Фотоальбом, онда баланың суреті мен туған-туыстарының суреті болуы тиіс.

Сіз сабақ барысында мынаны ескеруіңіз тиіс:

Ойынды немесе жаттығуларды түсіндіргенде шыдамды болыңыз. Баламен сөйлескен кезде сөзін бөлмеңіз. Тапсырманы қарапайым және түсінікті түсіндіріңіз. Баланың әрекеттері үшін мадақтау және сұрақ қою. Баланың жетістіктеріне шынайы қуаныңыз, аямай мадақтау. Жаттығулар мен ойын формаларын ұйымдастыру. Іс-әрекетті ауыстыру жерде, үстел үстінде, қимыл-қозғалыс.

Сюжеттік ойындар үшін мынадай жинақ болуы тиіс: «Балалар ыдыс-аяғы», «Балалар жиһазы», «Жеміс-жидектер жинағы», «Құрылыс жинақ», т.б.

Танымдық әрекеттерді дамытушы ойындар: Сеген тақтасы «Пошта жәшігі», матрешкалар, пирамидалар, конструкторлар, мазайкалар, әртүрлі лотолар, т.б. Әртүрлі мамандыққа байланысты ойыншықтар, мысалы, капитан үшін дүрбі, фуражка болуы тиіс. Дәрігер үшін халат, үстел, таяқ, градусник, науқас адамдар – қуыршақтардың болуы тиіс.

Сурет салу үшін: түрлі-түсті қарындаштар жинағын, әртүрлі пішіндегі бояғыштар, қағаз жинағы керек.

Мүсіндеу үшін: ермексаз, саз, қамыр, жұмысқа тақтай керек.

Аппликация үшін: қайшы, түрлі түсті қағаздардың жинағы, қарындаш пен желім.

Тіл дамыту үшін: заттың суреттердің жинағы, жемістер, жидектер, жабайы және үй жануарлары т.б. лотосюжеттік суреттер балаларға арналған өлеңі бар кітаптар.

Ұсақ қолдың моторикасын дамытушы ойындар: моншақтар, банкадағы материалдар (бұрыш, фасоль).

Өз-өзіне қызмет көрсету үшін: баланың қол орамалы, тіс щеткасы, тарағы, айнасы, асханаға керекті құралдары (қасық, тәрелке, стакан, шанышқы) болуы керек.

Шыдамды болыңыз.

Мадақтау үшін қолыңызды беріңіз немесе бетінен сүйіңіз!

Бөлім 3

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналарды оқыту процесінде педагогикалық-коррекциялық жұмыстар жүргізу қажет. Ересек адамның баламен қарым-қатынасындағы мәдениет әрекеттері туғаннан берілмейді. Ол тек отбасының мықты тірегі арқылы өзін-өзі тәрбиелеу барысында қалыптасады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей ата-аналарды арнайы біліммен қамсыздандыру арқылы баланы тәрбиелеуге болады. Ата-аналардан локотек мамандардың жұмысындағы жемісі көрінеді. Осылай олар баланың жұмысқа қабілеттілігін оқытады. Қазіргі кездегі концепция бойынша арнайы білімді қажет ететін балаға интегративті жол таба білу дефектілік құрылымына баға беру үшін баланың анасымен және отбасы мүшелерімен байланысы маңызды. Бірақ та бәріне мәлім отбасының өмірі әсіресе ерекше бала өсіп келе жатқан отбасы үшін. Мұндай отбасы қиын кезеңдерді басынан жиі өткізеді. Ал, кейбіреулері үшін өте қиын, елестету мүмкін емес жеңіс пен уайым, бақыт пен қуаныш қатар жүреді. Психофизиологиялық дамуында ерекшелігі бар балалардың отбасына жүйелі түрде беретін көмек ол педагогикалық іс-шаралардың және комплексті емдеу лекотекада жүргізіледі. Коррекциялық бағдарлама педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік көмек балаға және оның отбасына беру.

Лекотека мамандарының жұмысындағы негізгі бағыттар:

1. отбасындағы қарым-қатынас гармониясы.

2. психологиялық коррекция анасының жағдайы.

3. баламен ата-анасы арасындағы коррекция (түзету)

4. психофизиологиялық мүмкіндіктері бар балаға адекватты баға беру.

5. Ананы маманданған түзеті және методикалық әрекеттерге үйрету баланы үй жағдайындағы жұмысқа үйрету.

6. Анасын маманданған тәрбиелі тәсілдерге үйрету, бұл баланың жеке тұлғалық қасиеттері үшін.

Біз осыларға сүйене отырып, келесі бағыттарды жүзеге асырамыз:

1. Анасының осы мәселе бойынша қалыптасқан түсінігін қалыптастыру, өзінің еркінен және қоғамның қабылдауынан ауысу. (Қалай үйренем? Мен білмеймін).

2. Анасының өзіндік бағасын көтеру, өзінің еңбегін ол баласының жеткен жетістіктерінен көре алу.

3. Анасының психологиялық ішкі жағдайының коррекциялық жағдайы: уайымдау, баласының ерекшелігіне байланысты оның жеткен жетістігін көру.

4. Анасының жеке тұлғалық қасиеттері баласымен қарым-қатынас процесінде туындауы, анасының уайымдау күйінен енді ол шығармашыл тұлғаға айналып баласының мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысады.

Басынан бастап отбасымен танысу ата-аналардың лекотек мамандармен жұмыс істеуге даярлығын тексеру.

Лекотека мамандар балалардың ата-аналарымен үйде жүргізілетін жұмыстармен таныстырады, оларға психологиялық -эмоциональдік көмек береді. Ата-аналар өздерінің қиындықтарын анықтауға қиналатын, өздері ойлаған мәселені: стандартты емес баланың тәрбие мәселесі ата-аналардың негізгі әрекеті болып табылады. Бұл негізгі сұрақ, ата-аналардың жауап алғысы келетіні, бірақ бұларға арнайы мамандардың да жауап беруі қиын. Шынымен де қарапайым жауап болмайды, бәрі де оқиғаның өзіне байланысты.

Ата-аналардың баланы түсінудегі қиындығы:

· Ауыр қабылдау, ауырлық күйзеліс, жеңіске күмәнмен қарау.

· Анасы мен баласының эмоционалды қарым-қатынас жеткіліксіздігінен.

· Ата-аналар балаларының шынайы даму деңгейінің мүмкіндіктерін бағаламау

· Арнайы таңдалатын дамытушы және қауіпсіз ойыншықтарды ескермеу салдарынан.

· Ата-аналар балаға шамадан тыс қойған талаптар салдары.

· Балаға аз уақыт көңіл бөлу салдарынан.

· Ата-аналар өздерінің науқас балаларынан ұялуы.

Лекотека мамандар мына шарттарды ұсынғаны дұрыс:

· әр бала жеке тұлға;

· арнайы білім алуды қажет ететін бала өседі, оның өмірінің айналымы да басқа балалар секілді;

· әр балада өзінің қабілетіне сай мүмкіндігі болады, оларды ашып көрсетуге тырысу керек, оларды қолдап, демеу беруіміз тиіс;

· интеллектуалдық дамудың бұзылуы – ол түсініктің бұзылуы.

Әр отбасында баласының мүмкіндіктерін әртүрлі бағалайды. Кейбір ата-аналар баласының дамуындағы прогресті байқамай, немқұрайлы қарайды. Кейбіреуі баласының қабілетін асырып жібереді. Мұндай жағдайда педагогтар мен дәрігерге оңай соқпайды: олар баланың алда қандай қиындықтар күтетінін, тапсырманы орындау барысында, оларды қалай жеңу керектігін айтады.

Лекотека педагогтар ата-аналарға азғана болса да баланың жетістігін көрсетуге, дамуындағы өзгерістерді көрсетуге тырысады. Егер бала шилерден қарапайым фигура жасай алмаса да, ол шилерді қайтадан қорапқа жинауға шамасы келеді. Тек аздап шыдамдылақ танытып, баланың өзінің шамасына сай тапсырмаларды орындауы тиіс. Лекотек мамандар мұндай отбасылармен жұмыс жасағанда мұқият болып, отбасындағы татулықты сақтауға тырысады. Себебі, арнайы білімді қажет ететін бала отбасының сүйіспеншілігін сезінуі тиіс.

Қосымша көмектерге жүгінетін болсақ, біздің ата-аналар өздерінің мақсаттарына жете алмаған кездері де болды. Аналармен түзету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде төмен көрсеткіш көрсетудің себебі оның жеке тұлғалық оқиғаларға байланысты ата-аналардың тоқтамдары, психологиялық жарақаттарға әкеліп соқтырады. Сондықтан да мұндай адамдар қоршаған ортадан үйлесімділігін таба алмай байланыс жасауды қиналады. Оларға мысал үшін бір ғажайып оқиға сену, ертегіден жазылу, т.б., баланы бір сәтте бақытты ете алады деп өздерін көндіреді, арнайы білім алуды қажет ететін баланы күнәһарлық үшін берілді деп, отбасындағы татулық ол туған соң бұзылды деп қабылдайды. Арнайы білім алуды қажет ететін балалардың ата-анасын баланы оқытудағы, сондай-ақ басқа да жеке тұлғалық мәселелер арнайы білім алуды қажет ететін ата-аналар үшін тәрбиелеудегі мәселелер, мінез-құлқын қалыптастыру т.б.

Лекотека мамандар мынадай психологиялық түзету жұмыстарын ұйымдастырады: топтық тренинг. Тренинг бір айда бір рет жүргізіледі. Психокоррекциялық жұмыстардың нәтижесі көрсеткендей құрамы 5-6 адамнан тұратын «ашық» топтық жұмыстар.

Бірінші кезекте ана өзінің топтағы жұмысымен таныстырылады.

· Сенімді қарым-қатынас орнату. Егер ана баласымен шынайы болмаса онда біз онымен араласа алмаймыз, басқаларға өзі туралы айтып, түсінік қалдырады.

· Қарым-қатынаста шынайы. Егер шынайылық болмаса біз қалай араласа аламыз.

· Топтағы құпияны сақтаушылық. Топтан тыс онда болып жатқан оқиғалар туралы ешкім ештеңе айта алмайды. Әрқайсы топта айтылған құпиялар құпия болып қалуы тиіс.

· Топ әрқайсысына қолдау беруі тиіс (кеңес беру, мүмкіндігінше тыңдау, жылы сөз, т.б.)

Сабақ барысынды талқыланатын мәселе отбасындағы мәселе, дамуында кемістігі бар баланы тәрбиелеу.

Психокоррекциялық жұмыс нәтижесінде ата-аналарда отбасында, қоғамда белгілі бір мінез қалыптасты, жағымды ойлар, стресстік ситуациялардан қашуға көмектеседі. Ата-аналар жақсы қарым-қатынас орнатып, педагогқа өздерінің жетістіктері туралы айтып бөліседі.

Лекотека мамандар ата-аналарға үйретілмейтін бала болмайтынын көрсетті. Күнделікті сабақ оған оң әсерін тигізіп қоймай, ары қарай өмірге бейімделуге көмектеседі. Коррекциялық көмек беру жұмыстарының бағытында лекотек мамандар ата-аналарға ерекше дамуы бар балалар туралы керекті мағлұмат береді.

Әр жағдайда әр отбасының өмірі, оның құрамы, мәдениет деңгейі ескеріледі.

Арнайы білім алуды талап ететін балаларды тәрбиелеудегі негізгі қажеттіліктер:

· Гиперопека – балаға эмоциональдік назар бөлінбеуі, тактикалық әрекет. Ата-аналар баланың күтіміне формальді қарауы, тек қана физикалық қажеттіліктерді өз-өзіне елестетіп қанағаттандырады. Бұл жағдайда бала өзінің ересек адамға керек еместігін сезінеді.

· Гиперопека – шамадан тыс бақылау, баланың өз бетімен болуына қысым жасау. Көптеген заттарға тыйым салу, ал бұйрық орындалмай жатса жазалау, ескертудің жиі болуы.

· «Отбасы кумирі» - бала өте қатты сүйіспеншілікте өседі, ылғи көзайым болуға тырысады, лидер, осыған ешқандай күш жұмсамайды.

· Ересектер тарапынан баланың эмоционалдық бас тартуы. Бұндай тәрбиеде баланың өзіне сенімсіздігі, керексіздігі сезіледі. Балада коммукативтік байланыстары қалыптаспайды.

· Қатал қарым-қатынас, ол немқұрайлықтың пайда болуы салдарынан немесе ашық физиологиялық күтім болмағандықтан ары қарай эмоционалдық бас тартумен жалғасуы мүмкін.

· «Маятниктік тәрбие» - бұл айтылғандарға қарсы тәрбие, стильдердің күрт ауысымы. Бұл стиль әр кезеңдегі тәрбиенің ауысымынан болады (баланың ата-анасы мен ата-әжесі). Мұндай әрекет балаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ішкі жан дүниесінде ыңғайсыздық туындауы мүмкін.

Отбасының күші өте зор, оның жеке тұлға болып қалыптасуына айналадағы жақындардың ұйымдасқан әрекеті, баланың өмірін максималды түрде дамуын жігерлендіріп, баланың психикалық дамуындағы теріс жақтарын жоюға көмектеседі. Ол үшін отбасыны дамуында ерекшелігі бар баламен таныстырамыз, оның мүмкіндіктері мен перспективалық дамуын, дұрыс тізімдік ретті талап ету, түзету жұмыстарының бағытын анықтау, өмірге қажетті қабілеттерін дамыту. Бала өз-өзіне қызмет көрсетуден тыс: өз бетімен киіну, т.б. жеке тұлғалық мүмкіндіктердің салдарына жүктелетін міндеттер: ойыншықтарды орнына қою, заттарын ыңғайландыру, үстел жасауға көмектесу, т.б.

Уақытылы көрсетілген түзету жұмыстары баланың дамуындағы жеткіліксіз тұстарын жетілдіруге, онымен қатар толық дамуды ыңғайластырады. Ата-аналарға қойылатын талаптардың бірі - мамандардың берген кеңестері мен үй жұмыстарының орындалуы. Сонымен қатар, отбасының әлеуметтену жолдары қарастырады, ересек балаға адекваттық тәсілдерді қолдану арқылы тәрбиелеу. Ата-аналар баласының ерекше дамуы туралы мағлұматтарды ала отырып, олармен қалай жұмыс жасау керектігін, отбасы жағдайында ары қарай дамуды жетілдіру жолдарын іздестіреді.

Наши рекомендации