Мораль және құқық, олардың өзара байланысы мен айырмашылықтары.
Мораль – адамдардың әрекеттерінде және қозғалыстарында айқындалатын, жеке сенімдерінен, әдеттерінен, тәрбиелерінен, қоғамның, немесе әлеуметтік топтардың әсерінен көрініс табатын, олардың арасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекеттің нақты әлеуметтік топтарына деген қатынастарды реттейтін нақты тарихи айқындалған көзқарастардың, нормалардың, бағалаулардың, сенімдердің жүйесі.
Құқық – әрекеттер мен қозғалыстардың жауапкершілігі мен еркінің өлшемі болып табылатын, қоғамдағы әртүрлі топтардың жалпы бірыңғай еркін білдіретін жалпы міндетті мемлекеттік қағидалар мен мақсаттардың бірлігі.
Сонымен, құқық – саяси-заңды құбылыс қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-ізгілік құбылыс болып табылады. Азаматтық қоғамның құқықтық өмірі адамгершілік, ақиқат, ұят пен ар-ождан, жақсылық, адамгершілік қасиеттір, еркіндік пен жауапкершілікті мораль категорияларынсыз дами алмайды.
Құқық пен моральдың қатынастары – көріністердің әр түрлілігімен: біріншіден, бірлілігі мен тұтастығы; екіншіден, айырмашылық; үшіншіден, тұтастай әрекеттерімен мінезделетін үрдіс.
Құқық пен мораль нормаларының бірлілігі мен тұтастығы мыналармен сипатталады: Қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде мораль мен құқық өз араларында өзара ұқсастықтарға ие, өйткені екеуі де ортақ әлеуметтік функцияларды атқарады: қоғамдағы адамдар арасындағы әрекеттерді реттеудің қажетті құралы болып табылады, нормативтік мінез танытады, және азаматтар ереже бойынша, ерікті және есті түрде осы нормалар мен принциптерді орындайды; ізгілік жіне құқық оларға ортақ жалпы адами құндылықтар негізінде дамиды. Бұған қарамастан, құқық нормалары, ерекшелік ретінде, жазбаша түрде болады, яғни мемлекетпен ресми бекітіледі, ал мораль нормалары көбінесе қоғам санасында өмір сүреді, - мораль да, құқық та әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның еркін, іс жүзінде қоғамдық қатынастардың барлық жақтарын қамтитын әрекеттер ережесінің жинақталған жүйесін, сонымен қатар айқындалған өлшемде жалпы қоғамдық санадағы ақиқатық пен міндеттілік туралы кейбір көзқарастарды көрсетеді. Бұл нормалар жалпылық мінез танытады, қоғамның барлық мүшелерін қамтиды. Бұдан басқа, моральдық және құқықтық талаптар бағалау-басымдық мінездеріменен біріктірілген. Құқық та, мораль да қоғамның әлеуметтік-тарихи қажеттілігін сипаттайтын қоғамдық сананың әрекеттер ережесінде қатаң айқындалған, қатаң түде тіркелген нормалардың жиынтығын құрайды.
Мораль мен құқықтың ұқсастықтары:
1) коғамдық сананың формасы; 2) жалпы адамдық құндылықтар фундаментінде мораль мен құқықтың ортақ дамуы; 3) моральдық және құқықтық қатынастар аясының ұқсастығы 4) мораль және құқықтық қатынастар талаптарының мақсаттары, тапсырмаларының біртұтастығы; 5) қоғамда адами тәртіпті реттеу функциясы – басты 6) қоғамдағы адамдар тәртіптерін реттейтін нормалардың біртұтастығы; 7) мораль және құқық нормалары мен қағидаларын орындаудың міндеттілігі.
Мораль мен құқықтың айырмашылықтары:
1) мораль нормалары жазбаша емес түрде болады, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде рәсімделеді, ал құқық формальды анықталған және ресми құжаттарда бекітіледі; 2) Мораль нормалары халықтармен бекітіліп отырды, ал құқық нормалары мемлекетпен бекітіледі. 3) Мораль қоғамдық көзқарастарды қамтамасыз ету тетігі, ал құқық мемлекеттің биліктік санкциясын қамтамасыз ету тетігі; 4) Мораль ерікті таңдаудың кең ауқымдылығын қамтиды, ал құқық та нормативтік құжаттармен ерікті таңдау қатаң шектелген.
3. Мораль факторлары.
Мораль факторы – бұл жеке тұлғалардың, ұжымның, әлеуметтік топардың қандай да бір тапсырмаларды орындау кезінде көрінетін ізгілік қасиеттерінің өлшемі.Мораль факторлары – нақты-тарихи мазмұнға ие, шарттандырылған өндіріс тәсіліне, қоғамның рухани және материалдық мәдениетіне, кластардың, яғни қоғамдағы топтардлың, қатынастарына, саяси режимге, басымды идеологияларға басымдық білдіретін оның обьективтік негізін құрайтын күрделі және динамикалық әлеуметтік құбылыс.
Моральдық фактордың пайда болуы оны қолдану аясына, осы не өзге функционалдық жүйе спецификасының моральдық жағының қоғамдық күштеріне, оның әртүрлі әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға әсер етуіне байланысты. Бұл жағдайда моральдық факторлардың пайда болуының келесі деңгейлерін бөліп қарастыруға болады:
· жалпы әлеуметтік (барлық қоғам масштабында);
· әлеуметтік ( класс, ұлт, халық, аумақтық-әлеуметтік білім және т.б. масштабында);
· салалық (қоғамдық өмірдің осы немесе өзге аясында, халықшаруашылығы саласында, кәсіби топтар және т.б. масштабында);
· ұжымдық (осы немесе өзге жұмыстық ұжым масштабында);
· жанұялық (жеке отбасы масштабында);
· жекелік (жеке тұлға масштабында).
4. Заңгердің қызметіндегі моральдық факторлардың ерекшелігі.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі мораль факторын нақты моральдық күштің олардың тапсырмалар орындау процессі кезіндегі көрінісі ретінде сипаттауға болады. Дұрыс моральдық фактор қызметтік тапсырмалардың сәтті орындалуына, құқық қорғау органдары жүйесін нығайтуға, қоғамда моральдық беделдің өсуіне ықпал етеді. Құқық қорғау органдарының өздерінің моральдық факторлары туралы айтқанда, жеке құрамдағы моральдық күштің мәні мен пайда болуын көрсететін бірқатар белгілерді көрсеткен жөн болар. Олардың қатарына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жиі өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жоғары моральдық-психологиялық және физикалық қысымды қызметін айтуға болады.
Моральдық фактор құқық қорғау органдары өмірінің барлық жақтарына әсерін тигізеді: олармен орындалатын қызметтік тапсырмалардың тиімділігі, ұжымның бірлігі, қызметкерлердің өздерінің мамандағына даген қатынасы, кәсіби өсуі, өз еңбегімен қанағаттану, тәртіптік әрекеттер өлшеміне қатынасы және т.б.
Құпия емес, құқық қорғау органдарының әсер ету күші болып әкімшілік – құқықтық және реттеушілік әдістемелері жатады. Бірақта, бұл әдістер тек кейбір нақты жағдайларда ғана тұрақты оң нәтиже береді. Біріншіден, әсер ету обьектісі (жеке тұлға, топ, ұжым) жеткілікті деңгейде қарапайым және біркелкі болуы тиіс. Екіншіден, әсер ету субьектісі (басшы, жетекші, басқарушы орган) қасиеті бойынша әсер ету обьектісіне сәйкес болуы керек. Үшіншіден, ұжымның барлық мүшелерінің міндеттері нақты айқындалған. Төртіншіден, ұжымның барлық мүшелері арасында ақпараттық байланыс орнатылған. Бесіншіден, оның мүшелерінің жеткілікті білушілігі мен ізгілікті жауапкершілігіне негізделетін сыртқы әкімшілік әсер ұжымның өзіндік басқаруымен сипатталады. Егер бұл жағдайлар орындалмаса, онда құқықтық ықпал ету әдістемесі моральдық-тәртіптік мінездегі әдістемемен толықтырылуы тиіс.
Қызметтік ұжымның моральдық факторының басты шекарасы, келешекте тұрақты және ұжымның көптеген мүшелерінің әрекеттері үшін әдеттік нормаға айналатын және бір уақытты барлық бөлімшелер және жекелеген қызметкерлердің моральдық факторының құрылуы мен активтендірілуінің құралы болып оның дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, мінездері, табылады. Әдеттер, дәстүрлер прогрессивтік, оң нәтижелі және артта қалған, негативтік болатыны белгілі.
Моральдық фактордың қажетті аясы болып ұжымның моральдық-психологиялық климаты табылады. Қызметкерлердің сезімі мен көңіл-күйін, ұнату мен жек көруді, бағалау мен көзқарасты, басшының беделі, ұжым өміріндегі құқықтық және моральдық нормаларды қамтитын моральдық-психологиялық климат қызметкердің жеке өміріне, ұжымның бірлігіне, олармен орындалатын қызметтік тапсырмалардың тиімді болуына ықпал етеді. Қызметтік ұжымның моральдық климатты бағаламаушылығы жетекшінің тәртіптік тәжірибесін «жоққа» әкелуі, басшының әкімшілік жігерін кері нәтижелерге жеткізуі, ұжымды тұрақсыз етуі және тіпті оның жұмысын сал етуі мүмкін.
Мораль және құқық, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?