Педагогикалық оптимизм туралы принцип
Бұл принцип біріншіден кемтар тұлғалардың потенциалды мүмкіндіктері туралы қазіргі ғылыми – тәжірибелік білім деңгейімен, екіншіден дамуында ауытқуы бар балалар мен ересектерді сауықтырудың қазіргі педагогиканың жағдайы туралы ұғыммен қамтылған. Педагогикалық оптимизм туралы принцип қазіргі гуманизмді жариялайтын дүниетаным мен көзқарастарға негізделген. Мұнда әрбір адамның өміріндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарамастан білім алуға, оқуға құқығын қорғау әрекеттері бекітіледі.
Арнайы педагогикада жарияланған тұжырымдама барлық балалар оқуға қабілетті, яғни оқи алады дейді. Бұл жерде оқуға деген қабілет – жалпы білім беретін пәндерді меңгеруден, балаға қол жетерлік, дәйекті, өмірге қатысты, әлеуметтік құны мол және тұлғалық дамуға маңызды дағдыларға деген қабілеттік мағынасында қарастыралады. Ол баланың қоршаған ортаға бейімделуін дамытады, өз бетімен тәуелсіз, еркін өмір сүруге дайындайды. Кемтар балалардың баяу оқитыны белгілі, бірақ олар өз деңгейіне сәйкес білімді меңгере алады да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Педагогикалық оптимизм принципі Л.С.Выготскийдің баланың дамуының жақын аймағы туралы іліміне сүйенеді. Ол бала дамуындағы оқытудың маңызды рөлін көрсетеді және жеке түзету – дамыту бағдарламасының басынан соңғы нәтижесіне дейін болжау жасауға мүмкіндік береді. Арнайы педагог түзетушілік педагогикалық жұмысты бала дамуының актуальды деңгейін, сондай – ақ потенциалды мүмкіндіктерін ескере отырып әзірлейді.
Педагогикалық оптимизм принципі «шек қою» теориясынан бас тартады, өйткені ол теория дамуында ауыр ауытқуы бар балалар оқи алмайды, яғни «оқи алмайтын балалар» деп бекітеді.
Қазіргі уақытта педагогикалық шеберлік пен түзету білім беру технологиялар балаға деген махмббат, сүйіспеншілік, шыдамдылық болса, ғажап жетістіктерге жетуі мүмкін. Бұл жағдай дамуында ауыр жеке күрделі кемістігі бар, бұрын «оқи алмайтын» топтағы балалардың оқытудың қазіргі жағымды тәжірибесі мен нәтижелерін дәлелдейді.
Аталмыш принцип кемтар тұлғаларға басқаша көзқарасты қалыптастыруды ұсынады. Кемтар тұлға әлеуметтік құндылығы аз, қоғамға пайдасыз деген көзқарасты жою мақсатында қоғам арнайы ұйымдастырылған шаралар жасау тиіс, сол кезде кемтар тұлғалардың барлығы әлеуметтік толыққанды, жан – жақты дамыған тұлға болуына жол ашылады.
Ерте жастан педагогикалық көмек көрсету принципі
Қазіргі арнайы педагогика нәтижелі түзету – педагогикалық көмектің бірі – бала дамуындағы ауытқуды ерте анықтау және ерте диагностикадан өткізу мен қолдауды қамтамасыз ету деп санайды. Арнайы білім беру бала дамуындағы алғашқы кемістікті анықтау сәті мен бір мақсатқа бағытталған түзету – педагогикалық көмектің басталуы арасындағы уақытты біршама қысқартуды қарастырады.
XX ғасырдың 60-жылдарына дейін балаға түзету педагогикалық көмек көрсету қажеттігі бала мектепке келіп, мектеп бағдарламасын меңгере алмаған жағдайда ғана анықталған. Бұл жағдайдың бірнеше себептерге тәуелді, яғни бір жағынан медициналық және педагогикалық әрекет арасындағы келісім болмауы, мектепге дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға міндетті еместігі, балаға көрсетілетін педагогикалық көмектің мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы ата – аналар білімнің жеткіліксіздігі.
Психологияда бала дамуында сензитивті деп аталатын кезеңдер бар, олар белгілі психикалық процестің жағымды, жеңіл әрі қарқынды тез дамитын кезең. Бұл кезеңнің уақыты шектеулі, егерде осы уақытта қандай да бір себептерге байланысьы нақты бір жүйе қалыптаспаса, кейін көптеген арнайы жағдайларды талап тедеі. Бала дамуы үшін ерте және мектепке дейінгі жас өте маңызды, сол кезде бастапқы психикалық процестері қарқын дамиды.
Егер бала естімейтін болып туылып, оған сол кезде арнайы сурдопедагогтың түзеу арқылы қолдау көрсетілмесе балада сөйлеу тілі дамымайды. Сонымен қатар тілдің дамуы мен қалыптасу үрдісінің жетіспеушілігі таным әрекетінің дамуына жағымсыз әсерін тигізеді яғни барлық психикалық процестерін өзгеше дамиды, тұлғасына тұтастай әсер етеді.
Қазіргі ғылыми жетістіктер қажетті диагностикалық құралдар мен түзету – педагогикалық технологияларды уақытымен ерте жастан көмекті ұйымдастыруға мүмкіндік ашады.