Тәрбиешінің ата-аналармен жұмысының әдістері. Ата-аналармен жұмыс.
Тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының жоспарында оқушылардың отбасын зерттеу.
Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру.
Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.
Ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру.
Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.
45.Исламдағы бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі. Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы- исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.
Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Еркісіотбасыныңбақташысы,сондықтанолқоластындағыларғажауапты» деген.
Осыған қарап ақ отбасы мүшелерінің өзара міндеттерін исламда анық көрсетілген. Отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқындап өткен.
Тағы да тағылым тұнбасы-хадистерде: «Әйел өз үйі мен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» деп, әйелді отбасы берекесінің ұйтқысы, ұйыстырушысы ретінде белгілеген.
Отбасындағы адамдардың өзара рөліне тоқталған.
Қасиетті Құранкәрімде отбасына байланысты тұтас айттар бар.
Ислам дінінде осылайша отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы реттелген.
Отбасы қарым-қатынастарының тұтас қоғамға әсер ететіндігі баяндалады. Егер отбасы тату болса, қоғамда да тұрақтылық орнайды. Отбасында ынтымақ болса, қоғамда да бірлік пен тыныштық салтанат құрады. Отбасы мәселесі сол қоғамға айырықша әсер етеді.
Ислам діні үлкенді сыйлауға үндейді. Жастардың үлкендердің ақылын тыңдап, оларға құрмет көрсетуді насихаттайды.
Отбасы бала тәрбиесінің ұйтқысы екендігіне ерекше тоқталады. Тәрбие бастауы отбасыдан басталады. Отбасы тәрбиесінің тамаша үлгісінен ұлағатты ұрпақ өсіп шығады.
Қазақта: «Отан – отбасынан басталады», «Өз үйім – өлең төсегім», «Екі жақсы қосылса аймен күндей» «Үйде береке болса, дастарханда берекет болады» деген ұлағатты сөздер бар.
Мұнда отбасы құндылықтары мен үлкенді сыйлау, береке мен ынтымақ мәселесіне зор баға берілген.
Халқымыз тектілікке ерекше маңыз берген. Текті болу дегеніміз-өнеге мен әдептіліктің ғасырларға жалғасқан үрдісін сақтауға жатады.
Қазақ халқында ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық тәрбиенің озық үлгісі бар. Тәрбиенің бұл тамаша озық үлгісі ғасырлар сынынан өткен, ұлағат пен өнеге сіңген зор тағылымдардың құндылығының жиынтығы деуге болады.
Отбасы бірлігі бекем болса болашағымыз да баянды, ұрпақ тәрбиесі де ұлағатқа толы болмақ.
46.Тәрбие құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік. Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
47.Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жұмыстағы міндеттері, шарттары, формалары мен мазмұны. Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата – аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы- бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу. «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп бақыладыңыз ба ?» деген сауал туады. Ұлы педагог А.С. Макаренко «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасына рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы ? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады » деген. Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата – аналар бала бақытының шынайы бағбаны балуы тиіс. Бала бақыты – білімде. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды » дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріңіздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай бірлесе жұмыс атқару керек. Бала психикасы үйдегі көрген – білген, естіген мәліметтермен толығады. Әрбір ұстаз ата – аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ата – ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс атқарса, ата – ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Ата-аналармен жұмыс формалары:
Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.
Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:
- көрнекі насихаттау;
- оn-line бақылау;
- отбасына қатынау;
- консультациялық пункттер;
- ата-аналар жиналысы;
- әңгімелесу мен консультациялар;
- ата-аналар конференциялары;
- ауызша журналдар;
- сауалнама жүргізу;
- ашық есіктер күні;
- дөңгелек үстелдер;
- клубтар ұйымдастыру;
-біріккен бос уақыттар;
- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б
48.Ақыл - ой тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
Ақыл-ой тәрбиесі - баланың ақыл-ой күштері мен ойлауын дамыту, онда ақыл-ой әрекеті мен танымдық қабілеттерінің жүйесін қалыптастыру бағытындағы тәрбиешілердің мақсатты түрдегі әрекеті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- балаларда қоршаған өмірдің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым білімдер жүйесін қалыптастыру;
- ақыл-ой әрекетінің дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттерді дамыту;
- танымдық қызығушылықтар мен білгісі келушілікті қалыптастыру;
- балаларды ақыл ой еңбегіне үйрету.
Ақыл-ой тәрбиесінің әдіснамалық негізі философиялық таным теориясы болып табылады.