Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері

Дауыссыз /с,с'; з,з' мен ш, ж, ч, ш,/ дыбыстарының тіл мүкістіктері сигматизм деген терминмен аталады.

Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru 5-сурет С фонемасының артикуляциялық кескіні Бір дыбыстың басқамен тұрақты алмастырылған жағдайы, /мысалы, Ш орнына - С немесе С орнына Ш/ парасигматизм деп аталады. С дыбысының жасалу механизмі төмендегідей. /5-сурет/. Еріндер күлгендегідей сәл керіледі. Тістер қысылған немесе жақындасқан қалыпта болады. Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі, ортасы дөңестеледі, бүйір шеттері жоғарғы азуларға, таңдайдың бүйір жақтауларына жабысады.

Тілдің бойында оның ортасымен, жырашық пайда болады, альвеолы тысында сыртқа қарай жіңішке дөңгелек тесік болып ашылады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс перделері ажырайды, дем шығару ауасы көмекей мен ауыз қуысына еркін жіберіледі. Ол ауа ауызда тар саңылау түріндегі кедергіге ұшырап ысқырған шу шығарады, оның биіктігі тіл үсті бөлігінің алдыңғы жағы мен күрек тістер арасындағы қуыстың көлеміне байланысты.

Жұмсақ С дыбысының артикуляциялық ерекшелігі тілдің үстіңгі жағының биігірек көтерілуі, оның біршама ілгері жылжып тіл мен тістің арасындағы қуысына жақындауы. Еріннің керілуі айқындала түседі. Бұнда да С дыбысына О, У тіркесіндегідей ерін дөңгелектенеді. Бұны - ся, се, си және се, се, сю буындарын айтып байқауға болады.

3 дыбысын С дыбысынан, С және 3' дыбыстарының айырмасы дыбыс перделері бірігеді және тербеліске түседі, сонымен қатар дем шығару екпіні әлсірейді, тіл үсті мен альвеол арасындағы саңылау тарылады. Ц-дыбысы біріккен дыбыс ретінде де дауыссыз Т мен С дыбысының бірігуін білдіреді.

Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru

6-сурет.

Ц фонемасының

артикуляциялық кескіні

/профилі/.

Алғашқы сәтте тіл үстінің алдыңғы бөлігі альвеолмен бірігеді. Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі. Жұмсақ таңдай көтеріледі, дыбыс перделері ажырайды. Ізінше олардан ажырап тіл үсті альвеолаға С дыбысы артикуляциясына тән қалыпқа түседі /6-сурет/.

 
  Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru

7-сурет. с фонемасынын еріндік - тістік сигматизм кезіндегі артикуляциялык кескіні (профилі)

  Сигматизмнің негізгі 6 түрін атауға болады: еріндік-тістік, тіс аралық, тіс төңіректік, ысқырық, бүйірлік, мұрындық.

Еріндік - тістік сигматизм кезіңде С дыбысы - Ф реңкімен айтылады, себебі қуыс жасауға тілден басқа жоғарғы тіске таянатын ерін де қатысады. Ц дыбысына да сол кезде реңк қосылады, ал З дыбысына В дыбысының реңкі араласқандай болады /7-сурет/. Сигматизмнің бұл түрінде жоғарғы тістер ілгерілеп, төменгі еріннің үстіне тұтас келетін аномалия себеп болады. Мұндай аномалия прогнатия деп аталады.

  Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru 8-сурет С фонемасының тіс аралық сигматизм кезіндегі артикуляциялық кескіні /профилі/ Тіс аралық сигматизмде С дыбысына тән ысқырық болмайды, оның орнына тілдің тістер арасына енетін қалпына буындаған төмен үнді әлсіз шу естіледі. Осы артикуляцияның нәтижесінде альвеолдағы дөңгелек саңылау тегістеледі. Дыбыстың артикуляциясы мен дыбысталуы соған сәйкес келеді (8-сурет). Тісаралық сигматизмнің пайда болуына азу тістер түйісіп тұрғаны мен төменгі, жоғарғы күрек тістер арасында елеулі ашықтық болатындығы әсер етеді.

арасында елеулі ашықтық болатындығы әсер етеді Осындай калып сүт тістері түскен балаларда болады. Кейде тіс аралық артикуляция С, 3, Ц дыбыстарына ғана емес, сонымен қатар Ч, Ш, Щ дыбыстарына және басқа тілдің алдыңғы ұшымен жасайтын Т, Д, Н, Л дыбыстарына да таралады.

Тісаралық сигматизмнің алғы шарты-тілдің қомақты, аз икемді,баяу қимылды болуы. Сонымен қатар аденойдқа ұшыраған, соған сай ауызбен дем алатын және ауызын ұдайы ашық ұстайтын балалардың да тісаралық сигматизмге бейімділігі де байқалған.

 
  Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru

9-сурет.

С фонемасыньщ

тісөңіректік сигматизмнің

артикуляциялық көрінісі.

Тіс төңіректік сигматизмде тісаралық сияқты ысқырықтың жойылуымен, сондай-ақ С, Ц, З, дыбыстары Т Д, дыбыстармен алмастырумен сипатталады. /сағат-«тағат», қозы-«қоды»/ (9- сурет).  

Тіс төңіректік сигматизмнің /парасигма-тизм/ пайда болу себебі, ауыз қуыстың ішінара немесе толық тұйықталуы. Бұған алғы шарт туғызатын жағдай «терең қабысу» деп аталатын тіс қалпы яғни төменгі күрек тістер мен жоғарғы күрек тістердің айқасуы. Тіс төңіректік сигматизм көбінесе естуі нашарлығына, әсіресе жоғарғы дауыстыларды есту төмендігіне серіктеліп келеді.

Кейде сигматизмнің бұл түрі С, Ц, 3 дыбыстары мен қатар Ш, Щ, Ж, Ч дыбыстарында камтиды.

Ызың сигматизмкезінде С, Ц, 3 дыбыстары азды көпті шу естілетін реңкке ие болады. Анық байқалған түрлерінде бұл кемшілік парасигматизм деп аталады. Бұл сигматизмде С дыбысы Ш дыбысымен Ц дыбысы Ч дыбысымен, 3 дыбысы Ж дыбысымен алмасады. Мысалы, сағат орнына «шағат» цирк орнына «чирк» деп айтылады /10-сурет/.

 
  Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru

10-сурет С фонемасының ызың сигматизм кезіндегі артикуляциялық кескіні /профилі

Бұлай айтылу тіл ұшының күрек тістерден қашықтау салдарынан ысқырық дыбыстарға қажет қуыс мөлшерінің едәуір үлкеюі нәтижесінде пайда болады. Ызың сигматизмнің алғы шарты тілдің күрек тіспен жақындауына кедергі болатын тіс-жақ жүйесінің аномалиясы. Тіс төңіректік сигматизмдегі сияқты бұл да нашар еститіндерде жиі болады.

Олар сөйлеу танымның ең жоғарғы дыбыстарын естіп, оның С, Ц, 3 дыбыстарын Ч, Ш, Щ түрінде қабылдайды.

 
  Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru

11-сурет С фонемасының бүйірлік сигматизм кезіндегі артикуляциялық кескіні /профилі/

Бүйірлік сигматизм кезінде С орнына шолпылдауға ұқсас шу естіледі, егер тістерді қысып тұрып Л дыбысын қатты сыбырлап айтса осындай шу естілер еді. Оның себебі тілдің ұшымен алдынғы жағы күрек тіспен және альвеоламен жабысады да, тіл бүйірлері азуға жабыспайды, сөйтіп бүйір қуысы пайда болады, сол арқылы дем шуылдап шығады. Кейде бұндай қуыс екі жақты пайда болады. Бүйірлік сигматизмнің алғы шарты бүйірлік ашық қабысу қалпының болуы. Онда тістеу кезінде жоғарғы және төменгі азулар арасында бір немесе екі жақты қуыс болады

Басқа бір алғы шарты ауыз қуысы бүйірлерінің жабылуын қиындататын тіл жіңішкереді /11-сурет/.

Бүйірлік сигматизмде Ц, 3 дыбыстарды С дыбысы сияқты акустикалық қасиетке ие болады.

Бірінші, күшті сыбырлап айтылған тіл сөзіндегідей Т және Л дыбыстарының тіркесіне ұқсайды, ал екіншісі қате айтылған С дыбысынан тек дауыстың қосымша шуымен ерекшеленеді. Қуыстың қай бүйірде пайда болғаны қарапайым екі жолмен анықталады, біріншісі - С дыбысын созып айтқанда ұртты жеңіл шерту арқылы. Егер дыбыс тиылып қалса, қуыстың шерткен жақта болғаны, тиылмаса қуыс екінші жақта болғаны. Екіншісі-резина түтіктің екі ұшында да олива /тесігі бар ұштық/ қойылады. Логопед оның бір ұшын өз құлағына ұстайды да, екіншісін С дыбысын созып айтқан баланың жоғарғы және төменгі тістердің шекарасымен жүргізеді. Сонда қуыстың орны түтіктегі шудың күшеюі арқылы жеңіл анықталады. Кейде бүйірлік артикуляция С, 3, Ц дыбыстарының ғана емес Ш, Ж, Щ, Ч дыбыстардың топтасып, тіпті Т, П, Р дыбыстарын да қамтиды.

Мұрындық сигматизм түрлеріне жалпы тән қасиет С, Ц, 3 дыбыстары айтылуына тән шудан өзгешеленеді, одан кейінгі дауыстылар мұрындық реңкке ие болады. Мұрындық реңк жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасында елеулі қуыс болуы, соның салдарынан шығатын дем мұрын арқылы өтуі нәтижесінде пайда болады.

Жұмсақ таңдайдың бұндай қалпы сөйлеу қимыл процесінің белгілі бәсеңдігі жағдайында көршілес дауыстылардың артикуляциясына да тарайды /12-сурет/.

Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru 12-сурет С фонемасының мұрындық сигматизм кезіндегі артикуляциялық кескіні /профилі/ Шудың қасиеті оның пайда болған орнына қарай, яғни шыққан демінің жолындағы ең тар жерге қарай өзгереді. Мәселен С дыбысын айтқанда тіл түбі мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасында тарылу пайда болса, онда X дыбысына ұқсас дыбыс естіледі. Егер жұмсақ таңдайдың алдыңғы үсті тіл түбіне жабысса, ал арты жұтқыншақ қабырғасына жақындаса қырылдауға ұқсас шу шығады. Ц дыбысына екі жағдайда да С дыбысынан артикуляциялық айырмасы сол органдардың сол орындарда алдын-ала жабысу мен ғана ерекшелінеді.  

Шығатын дыбыстың аффрикативтік сипаттамасы осымен анықталады. 3 дыбысының айтылуы С дыбысынан айырмашылығы тек қана дауыс тонының бірігуі мен шудың біраз әлсіреуінде.

С, Ц, 3 дыбыстардың айтылуы қателігін С дыбысынан бастау керек. Жұмыс тәсілдерін таңдау сигматизмнің түрлеріне байланысты.

Еріндік-тістік сигматизм кезінде балаға ең алдымен С дыбысын айтқанда төменгі ерін жоғарғы күрек тіске түйіспеуі, немесе жақындамауы керек екенін көрсету қажет. Егер балаға айна арқылы көзбен бақылау жеткіліксіз болса, онда ерінді жалаңаштаған тіс тізбегіне тигізіп, айырып көрсетіп, қарапайым артикуляциялық гимнастиканы пайдаланған дұрыс. Қажет болғанда төменгі ерінді шпательмен немесе саусақпен төмен тартатын механикалық көмек қолдануға болады.

Баланың механикалық көмексіз-ақ төменгі ерінді тиісті қалыпта ұстауға жаттығуын күтіп отырмай, осы дыбысты буындар мен сөздерді айтқызуға жаттықтыру пайдалы. Жаттығулар прогнатия жағдайында да дұрыс сөйлеуге дағдыландырады.

Тісаралық сигматизмде, тіс-жақ жүйесінің ақаулығымен қиындамаған

Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru

13-сурет. С фонемасының қолмен көрсету

болса, кейде тісті кысып түйістіріп С дыбысын созып айту да жеткілікті, егер ысқырықсыз, шамалы шу шықса, төменде ұсынылатын қосымша тәсілдерді қолдану керек.

Үйреншікті тіс арасына тілдің шыға беруін тоқтату үшін буынмен, сөзбен жаттығуларды тістерді қысып тұрып жасау керек. Бұл әсіресе С дыбыс буын мен сөз басында келсе де ерекше маңызды. Алайда мүмкін болған сәтте-ақ мұндай «тістеніп» сөйлегенді тоқтатып, қалыпты айтуға көшу қажет. Жаттығу кезінде айна арқылы артикуляцияны көзбен бақылау қамтамасыз етіледі.

Егер тісаралық сигматизм тіс-жақ жүйесінін дұрыс құрылмауы, немесе сүт тістерінің түсу нәтижесіндегі алдыңғы тіс қалпына байланысты болса, кемшілікті түзетудің маңызды алғы шарты тіс қалпын түзету болмақ, бірінші жағдайда ол стоматология құралымен жасалады, екіншіде табиғи тұрақты тіс шығуымен түзеледі. Алайда ашық тіс қалпында тіл артикуляциясын түзету яғни тіл ұшын төменгі күрек тістің қызыл иегі астына шығару да тиімді.

Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru 14-сурет № 2 зонд Тіс төңірегі сигматизмінде С дыбысын әуелі бөлек кейін буын, сөз құрамында созып айту, артикуляцияны дұрыс көрсетуі арқылы түзетеді. Артикуляция­ны схемалық суретпен бейнелеп көрсету пайдалы. Бала С дыбысын дұрыс айтқанда қол сырты арқылы жіңішке, күшті, салқын ауа ағымын /төменгі қиғаш бағытталған/ сезінуі де көмек береді. Тіс қалпының күрделі аномалиясы немесе тіл икемінің жеткіліксіздігі жағдайында Зондтың көмегі мен төменгі және жоғарғы күрек тістер арасында ең аз саңылау сақтай отырып, тіл ұшын төменгі күрек тіс тұсында ұстайды.

Осы мақсатта № 4 зондта пайдаланады. Зонд, ол тіл ұшы көтеріліп күрек тістер арасындағы саңылауды жаппауы үшін төменгі ұшы тістерге көлденең қойылады.

Тіл икемділігі жетпегенде артикуляциялық жаттығулар елеулі көмек береді.

Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru 15-сурет № 2 зондын тісаралық сигматизмді пайдалану Атап айтқанда тілді тіс арасына тигізу, оны ашық ауыздан астаушалап шығару, тіл үстін деңес сигматизмді түзетуге пайдалану иіп ашық ауадан астаушалап шығару, тіл үстін дөңес иіп ұшын төменгі қызыл иекке тіреу. Бұл жаттығулар күрек тістер жақын орналасқан жағдайда тілдің дұрыс қалпын орнықтыруға, дұрыс дыбыс шығаруға көмектеседі.

Ызың сигматизмде алдымен С дыбысының дұрыс, теріс айтылу ерекшеліктеріне назар аудару керек. Алайда бұл әдіс мақсатқа сирек жеткізеді. Себебі бекіп қалған ақаулық ызың-ысқырық дыбыстарын анық ажыратқан жағдайда да С дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеруін қамтамасыз етпейді. Сондықтан ауызды ашып отырып балаларға артикуляцияның дұрысын айнаның алдында және кемшілік артикуляцияның айырмашылығын, өз саусағымен өрнектеу арқылы сезінуге көмектесуі керек.

Тілдің дұрыс қалпын тапқан соң, балаға дем шығарып, ауа ағынын сезінуге мүмкіндік беріледі.

Егер аталған тәсілдер нәтиже бермесе, С дыбысын тіс-аралық артикуляциясын уақытша орнықтыру керек. Мұндай қарама-қайшылық арқылы тілдің алдыңғырақ және кейінірек қалпын айыру жеңіл. Одан әрі буын, сөз материалдары арқылы С дыбысының тіс аралық артикуляциясын, қалыптастырып, оны Ш дыбыстарынан ажыратып болған соң дыбысты тіспен қысып айтатын қалыпқа, тіс аралық сигматизді түзететін тәсілге көшуге болады.

Бүйірлік сигматизмді түзету үшін тілмен ауыз қуысын жабу, оның ортасына жырашық жасау керек.

  Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru 16-сурет № 4 зонд Егер артикуляцияны айнамен дұрыс көрсету /ауызды кішкене ашқан қалыпта/ мен оны теріс қалыпқа салыстыру тиісті нәтиже бермесе, бірқатар арнаулы тәсілдің ең тиімдісін таңдап алу қажет. С дыбысы қалыптастыруда Т дыбысы негіз болады, оған бүйірлік артикуляцияның әсері жоқ. Баланы С дыбысын біраз аспирациямен /шұғыл дем шығару/ айтуға үйретеді. Сонда қопарылыстан кейін ағылшынның С дыбысына ұқсас дыбыс естілуге тиіс. /Мысалы: tһіn сөздегідей/.

Демді қолға тиетін ауа ағымымен бақылауға болады. Соңынан тісті қысып тұрып, құрамында Т мен С анық естілетін Ц дыбысы айтылуға тиіс. Оны тек балаға білдірмеу керек, әсіресе, ол үшін Ц дыбысының үлгісін болдырмауға тиіс. Өйткені жағдайда үйреншікті алғашқы қате артикуляция қайталануы мүмкін.

Егер бала тіл үшін төменгі қызыл иекке еркін ұстай алмаса, № 2 зондты немесе шпательді пайдалану керек. Жаттығу барысында біріккен дыбыстың фрикативтік бөлігі біртіндеп ұзарып, содан соң бөлініп шығады, сонда ғана шпательді пайдалану керек. Жаттығу барысында біріккен дыбыстың фрикативтік бөлігі біртіндеп ұзарып, содан соң бөлініп шығады, сонда ғана балаға дұрыс айтылатын С дыбысы осы екенін тусіндіруге болады. Одан әрі игерілген артикуляцияны буын, сөз, сөз тіркесі материалдарымен бекітеді.

Мейлінше қиын жағдайларда төрт сатыдан тұратын тәсіл қолданылады. Әуелі балаға жақын орналасқан еріндер арқылы ауа үрлеу ұсынылады да, одан шығатын ауа ауызда тақалған қағаз қиындысы, мақта ұлпасы, жіп немесе қол арқылы бақыланады. Одан соң жаттығу тілді тіс арасына кеңінен сұғу оны ауыздың бүйірлеріне жапсыру жағдайында айна алдында қайталанады. Тіл қуысында жырашық болуға тиіс. Ауа ағымын бақылау үшін қосымша пробирка немесе ауызы тар шыны ыдыс пайдаланылады. Пробирканы тік ұстап тесігін тіл алдының орта тұсына таяу керек.

Егер үрлегенде тіл бойында жырашық пайда болса пробирканы тілге тақағанда күшті шу естіледі, бұл тілдің дұрыс қалпын танытады. Тілде көрсетілген үлгідей жырашық пайда болмаса, ауа ауыздың бүйірінен шықса, № 1 зонды пайдалану дұрыс. Зонды тіл ортасына ұзынынан салып, тілге аздап қысу арқылы жырашық жасалады. Қажетті артикуляция қалыптасып болғанда, механикалық әсер тоқтатылады /18-сурет/.

 
  Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru

17-сурет № 4 зондының тіс төңіректік сигматизмді түзетуге пайдалану

Тіл ортасымен үрлеуге жеткен соң келесі саты С дыбысын тіс аралық айтуға көшеді. Бұл мақсатта жоғарғы ерінді шпательмен немесе саусақпен көтеру жеткілікті, сонда тіл мен жоғарғы күрек тіс аралық қуыс пайда болады. Тұрақты тіс аралық артикуляцияға жеткен соң, одан С дыбысы шығатынын балаға тусіндіруге, дағдыны буынмен, сөзбен бекітуге болады, ең соңыңда тіс аралық артикуляциядан тіс арты артикуляциясына /қалыпқа/ көшуге болады тіс аралық сигматизмдей.

 
Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері - student2.ru Бүйірлік артикуляцияны түзетудің тағы бір тәсілі
баланы Ф дыбысын созып айтуға үйрету, содан соң
оны тілді неғұрлым ілгері ұмтылдыра, ұшын төмеңгі
күрек тіске тірей қайталау. Сонда Ф дыбысына тән
шуға ысқырынған шу қосылады. Осы екеуінің
бірігуі еркіндік-тістік сигматизмге тән дыбысты еске түсіреді. Ақырында X дыбысына сүйену де мақсатқа жеткізеді /ол бүйірлік ариткуляцияға ұшыраған болса /балаға-ихи тіркесіп айту ұсынылады, сонан соң тісті қысып қайталанады. Сонда көбінесе С дыбысына жақын дыбыс жиі естіледі. Оны балаға ерте ескертпеу керек себебі бүйірлік артикуляцияға ұшырауы мүмкін.

Жаттығуда ысқырынған дыбыс қалыптасқан соң - С және С' дыбыстарының айырмасына назар аудару керек.

Өте қиын жағдайда тілдің бүйірлері жоғарғы азуларға жабысуын тілдің ұшы төмеңгі күрек тістерге тірелуін камтамасыз ететін айна алдындағы артикуляциялық гимнастика ұсынылады. Осы мақсатта тілді «күрек», «жырашық» түрінде сыртқа шығару, тілге таңдай сорғызу және сол қалыпта төменгі жақты жоғары, төмен қозғау тіл бүйірлерін азуларға жапсыру, сол кезде тіл ұшын төменгі күрек тіске тіреу сияқты жаттығулар пайдалы.

Соңғы жаттығу әуелі ауызды ашып, кейін жақтарды біртіндеп жақындатып жасалады. Сол қалыпты сақтай отырып, дем алынып, дем арылады, сонда - X, - С аралығындағы дыбыс шығады, соның негізіндегі жаттығулар - С дыбысын беруге тиіс.

Мұрындық сигматизмнің барлық түрлерін түзету үшін баланың мұрын қуысын жұмсақ таңдайды көтеру арқылы жағдайында ауа ағымын ауызға таратуды үйренуіне, тіл артикуляциясын бұрын меңгеруіне негізделген. Ең тиімділері бүйірлік сигматизмге қолданылатын жоғарыда аталған төрт саты. Осы тәсілдер кейбір модификациялы өзгерістермен органикалық негізде пайда болатын /жұмсақ таңдай, оның пердесі, таңдай жарықшағы сияқты ақаулықтар/ мұрындық сигматизмнің жиі кездесетін ашық ринолалия түрінде де пайдаланылады.

Алайда бұл еңбекте ашық ринолалиямен байланысты айту қателіктері қарастырылмайды. Ол-тіл кемшілігінің дербес формасы. Қосып айтарымыз кейбір жағдайларда мұрындық сигматизм бүйірлік сигматизмде қолданыла-тын қарапайым тәсілдермен де /мысалы: т, -ф, -х дыбыстарына негіздеу/ түзетіледі.

Қарастырылған барлық С, 3, Ц дауыссыздардың айтылуын түзеткенде С дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеру, осы топтағы барлық дауыссыздар үшін маңызды. С дыбысы, С дыбысы артикуляциясын бекіту кезінде-ақ меңгеріледі. Кейін бұл дыбысты ся, се, сю, ась, ось буындарына теру қиын емес.

Үнді 3 және 3' дыбысы С және С ' дыбыстарын айтқанда дауысты қосу арқылы жеңіл қалыптастырылады.

Ц аффрикатына келетін болсақ, ол С дыбысының алдына Т қойылса /те, атс, тс-а, тс-а/ оңай алынады, ескертетін жай мұнда тіл ұшы төмеңгі тіске тіреліп айтылады. Бұл Ц дыбысы қопармалы фрикативті компоненттерін алуға болады.

Ц дыбысының айтылуын бекіткенде оны жабық буындардан /ац, оц, эц/ сол буындарға аяқталған сөздерден бастау керек. Себебі ашық буындарда /ца, цо, це/ және сөз басында/ мысалы: цирк /алғашқы кезде қопарма компонент қалыптасады /ца, цо орнына со, са/.

Наши рекомендации