Азақ ертегілерінің қалыптасу тарихы
Улиекөл балабақшасы» МКҚК
Жұмыс тақырыбы:
Ертегілерді сахналау арқылы
балалардың
шығармашылық
қабілетін дамыту»
Жыл
Жұмыстың авторы:
Жұмабаева Гүлбаршын Көжекқызы
Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Айгөлек»
Улиекөл балабақша әдіскері.
Ертегілерді сахналау арқылы балалалдың шығармашылық қабілетін дамыту» атты еңбегіне
ПІКІР
Аталған еңбектер мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертегілердің түрлері ұсынылып оны сабақта және бос уақыттарында пайдалану әдістері қамтылған. Көркемәдебиет сабақтарында ертегілерді сахналауға және ертегіні рөлдерге бөліп ойлау арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру міндеттері нақты көрсетілген. Балабақшада даярлық тобында сахналық қойылымдардың тиімді жолдарын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін және сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет етуге баулу мәселесіне баса назар аударған. Театрландырылған көріністер арқылы бала өзін жан –жақты ашады, іс –әрекетке деген қызығушылығы арта түседі. Материалдың мазмұнында әдіс –тәсілдері түрлі -түсті суреттермен және балалардың іс -әрекет барысындағы фото суреттерінің берілуді еңбектің құндылығын қуаттай түседі. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаудың маңыздылығы тәжірибелік сабақтардың жан –жақты талданып ұсынылуында. Ең бастысы ертегіні сахналау -балалардың кейіптендіру дағдыларын қалыптастыруға, танымдық белсенділігі мен іс –әрекетке қызығушылғын арттыруға ықпал ететіндігімен маңызды.
Аталған еңбекті балабақша тәжірибесінде тәрбиешілер пайдалану үшін басылымнан жариялауға ұсынуға болады.
МАЗМҰНЫ:
1. Кіріспе:.................................................................................................5
1.1 Қазақ ертегілерінің қалыптасу тарихы......................................8
1.2. Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы......................................................................................12
1.3. Қазақ халық ертегілері арқылы мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары...................19
2. Қорытынды...............................................................................................24
3. Қолданылған әдебиеттер ........................................................................25
Кіріспе. Көкейтестілігі:Қазіргі ғаламтану заманында еліміздің әлеуметтік –экологиялық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі ,әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруды кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойыне сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз»- деп атап көрсеткен. Қазақстан халқының іргері дамуын қамтамасыз ететін –білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртура ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл,әрине, балалардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы балалардың шығармашылық әрекеті ғылыми –педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Балалар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары –ақ И.Я. Лернер жазған болатын.
Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог –ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р. Рахымбаев, С. Қ. Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
«Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын ,әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді.» Ж.Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс –әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз.
Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, бала шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар » үлкен рөл атқарады. «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады:
-біріншіден, бала дербес ,өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады;
-екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.
Баланың шығармашылығын дамытуда педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты. Шығармашылықты қалыптастыру жолдарын зерттеу тапсырмаларды күрделендірудің үш кезеңін аңықтауға мүмкіндік туғызады.
Ә. Әмірова, Г. Метербаева, А. Меңжанова, Ғ. Таубаева және басқа ғылымдар өз еңбектерінде халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін қарастырып, көркем бейнені қабылдау проблемасына немесе этикалық түсініктер мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың әдістерін анықтау жағына көңіл бөлген. Аталған мәселелерді қарастыруда бірталай қарама – қайшылықтар туындады.
- балалардың ойлау қабілетінің қазақша қалыптаспағандығына сәйкес сөйлеу дағдылары дан жеткіліксіз деңгейде ;
- ертегілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеліп жинақталмағаны ;
- ауыз әдебиеті үлгілерін балаға жеткізуге арналған аудиовизуальді құралдардың тапшылығы;
- оқу –әдістемелік көмекші құралдармен қамтамасыз ету мәселесінің нақты шешілмей келе жатқандығы анықталып, осы олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында біз іс –тәжірибеміздің тақырыбын төмендегідей деп таңдап алуға негіз болады.
Іс –тәжірибенің тақырыбы: «Ертегілерді сахналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ».
Іс – тәжірибенің мақсаты: ертегілерді сахыналау арқылы балалардың сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілетін дамыту;
Іс –тәжірибенің міндеті :
- іс –тәжірибені педагогикалық –әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасау;
- ертегілерді жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеу;
- ертегілерді сахыналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;
- балабақшада ертегілерді сабақта және бос уақыттарында пайдалануға арналған көмекші құрал дайындау;
Іс –тәжірибенің болжамы: Егер : іс –тәжірибені педагогикалық –әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасалса, ертегілер бағдарлама мазмұнына сәйкес жас ерекшеліктеріне қарай арнайы іріктелсе, ертегілерді көркем әдебиет сабақтарында пайдаланудың әдіс –тәсіллері нақтыланса, балабақшада ертегілерді пайдалануға арналған көмекші құрал дайындалса онда біздің жүргізген іс –тәжірибеміз оң нәтиже береді.
Күтілетін нәтиже:
- ертегілерді сахналау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптасады, шығармашылық қабілеттері артады;
- сахналау арқылы таңғажайып ертегі, кейіпкер әрекетінің сиқырлығын түсінеді;
- ертегіні сахналай отырып, балалардың шығармашылық тебіренісі, рөлдерді орындау шеберлігі арта түседі және тәрбиешілерге арналған әдістемелік көмекші құрал дайындалады.
Іс –тәжірибенің жаңалығы:
- іс -тәжірибені педагогикалық- әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасалды;
- ертегілер балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеледі;
- ертегілерді сахналау барысында балалардың ертегіні айтуға, тыңдауға қызығушылығы оянды;
- тәрбиешілердің білім беру үдерісінде бағдарламаның мазмұнына сәйкес балаларға арналған ертегілер жинақталып, әдістемелік көмекші құрал дайындалды;
азақ ертегілерінің қалыптасу тарихы
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Қазқ ертегілерінің қалыптасуы мақсаты. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Құрылымы Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Түрлері Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: 1) жануарлар туралы ертегілер; 2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады. Қалыптасу тарихы Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. Қазaқ ертегілерінің қалыптасуы Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.В. Радлов, И.Н.Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғыл.- зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «[[Дала уәлаятының газеті]]нде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев,Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40–50-жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.О.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 ж. басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы – Әуезов). Ертегі жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы – Е.Костюхин). ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.А.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Д.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972–1973 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы – Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды.