ОҚыту мен тӘрбиелеудіҢ педагогикалыҚ жҮйесі 2 страница

III және IV түрдегі арнаулы мектептер - соқырларға (ІІІ) және нашар көретін балаларға (IV) білім беру мекемесі. Бұл мектептерде қылилық пен амблитопия диагнозы қойылған балаларға арналған сыныптар (топтар) қызмет жасауы да мүмкін.

ІІІ түрдегі арнаулы мектепке соқырлар мен көру қалдығы (0,04) сақталған және көру функцияларының күрделі бұзылуларымен сипатталатын (0,08) балалар қабылданады.

ІІІ түрдегі мектептің бірінші сыныбына 6 жастағы, кей жағдайларда 8-9 жастағы балалар қабылданады. Сыныптағы (топтағы) оқушылардың толымы 8 баланы құрайды. ІІ түрдегі мектепте оқу жылының ұзақтығы орта (толық) жалпы білімді игеру уақытын қосқанда 12 жыл.

IV түрдегі арнаулы мектепке көру өткірлігі 0,05-тен 0,4-ке дейін сақталған нашар көретін балалар қабылданады. Бұл мектептерге көз ауруларымен жиі ауыратын, өте жақын арақашықтықтан оқитын және жазатын балалар да қабылданады.

IV түрдегі мектептің бірінші сыныбына 6-7 жастағы балалар қабылданады Оқу жылының ұзақтығы - орта (толық) жалпы білімді игеру уақытын қосқанда 12 жыл.

V түрдегі мектеп-сөйлеу тіліндекүрделі кемшіліктері бар балаларға арналған екі бөлімнен тұратын арнаулы мектеп.

- бірінші бөлімде, күрделі тіл кемшіліктері (алалия, дизартрия, ринолалия, афа­зия) кездесетін және тұтығу тіл кемшілігі бар жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалар білім алады.

- екінші бөлімінде, тұтығу тіл кемшілігінің күрделі формасы кездесетін балалар білім алады.

Сөйлеу тіліндегі кемшіліктер жойылып, түзетілсе, психологиялық-медициналық-педагогикалық сараптаманың қорытындысына сай, ата-аналардың келісімімен жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылады.

V түрдегі мектептің бірінші сыныбына 7-9 жастан бастап, дайындық сыныбына 6-7 жастан бастап қабылданады. V түрдегі мектепте білім алған балалар 10-11 жыл ішінде негізгі жалпы білімді игереді. Арнаулы логопедиялық және педагогикалық көмек түрлері оқыту мен тәрбиелеу процесі кезінде, сыныптан тыс уақыттардаарнаулы құрылған сөйлеу режиміне сай жүргізіледі.

VI түрдегі мектеп - тірек-қимыл аппаратыбұзылған (балалар церебральды салы, тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған және жүре пайда болған деформациясы, аяқ-қолдардың парезі мен салдануы) балаларға арналған арнаулы мектеп.

VI түрдегі мектептегі білім беру процесі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша үш деңгейде ұйымдастырылады:

1-ші деңгейі – бастауыш жалпы білім беру (4-5 жыл);

2-ші деңгейі – негізгі жалпы білім беру (6 жыл);

3-ші деңгейі - орта (толық) жалпы білім беру (2 жыл).

Бірінші сыныпқа балалар 7 жастан бастап қабылданады, арнаулы білім беру мекемесінде білім алмаған балаларға дайындық сыныптары ашылады. Сыныптағы (топтағы) оқушылардың саны 10 баланы құрайды. VI түрдегі мектепте қимылдық режим құрылады. Мектептегі білім беру процесі баланың қимылдық сферасын қалыптастыруға бағытталып, баланың сөйлеу тілі, танымдық қабілеттерін арттыру жұмыстарын көздейді.

VII түрдегі мектеп - білімді игеру кезінде тұрақты түрдегі қиындықтар туғызатын психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнаулы мектептің бір түрі.

Бұл мектептегі білім беру процесі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша екі деңгейде ұйымдастырылады:

1-ші деңгейі – бастауыш білім беру (3-5 жыл);

2-ші деңгейі – негізгі жалпы білім беру (5 жыл).

VII түрдегі мектепке балалар дайындық сыныбынан бастап қабылданады. 7 жастан бастап жалпы білім алған оқушы VII түрдегі мектептің екінші сыныбына, 6 жастан бастап жалпы білім алған бала VII түрдегі мектептің бірінші сыныбына қабылданады. Мекепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар 7 жастан бастап 1-ші сыныпқа, 6 жастан бастап дайындық сыныбына қабылданады. Сыныптағы (топтағы) оқушылар саны 12 баланы құрайды.

VII түрдегі мектепте білім беру процесі кезінде баланың бойындағы кемшіліктерді түзету жұмыстарының нәтижесіне қарай бастауыш сыныпты аяқтаған соң жалпы білім беретін мектептерге ауыстыру жұмыстарының мүмкіндіктерін қарастырылады.

Балаға қойылған диагнозды нақтылаудың қажеттілігітуындаған кезде VII түрдегі мектепке қабылданған бала бір жыл бойы білім алып шығады. VII түрдегі мектептегі білім беру процесі кезінде жеке және топтық сабақ формасындағытүзету сабақтары, логопедиялық сабақтар қатар жүргізіледі.

VIII түрдегі мектеп-интеллектуалдық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектеп. Бұл мектептегі білім беру процесі цензалы емес, себебі білім берудің мазмұны оқушылардың әлеуметтік бейімделуі мен кәсіби-еңбекке дайындық жұмыстарын негізгі мақсат етіп ұстанады.

VIII түрдегі мектептерде оқыту мен тәрбиелеу жұмысы еңбекке баулу жұмыстарына емтиханнан өтумен аяқталады. Емтихан тапсырудан шартты түрде босатылу туралы ережелерге сәйкес жұмыстар Білім Министрлігімен келісілген түрде жүргізіледі.

VII түрдегі мектепке 7-8 жастан дайындық сыныбынан бастап қабылданады. Дайындық сыныбы баланың мектепке дайындығын анықтап, оны қалыптастырып қана қоймай, балаға қойылған диагнозды нақтылауға, баланы психологиялық-педагогикалық зерттеуден өткізуге үлкен мүмкіндік береді.

Дайындық сыныбындағы оқушылардың саны 6-8 баладан аспауы тиіс, ал қалған сыныптарда 12 баланы құрайды. VIIІ түрдегі мектептегі оқу жылының ұзақтығы 8-9 жылды құрайды, ал кәсіби дайындықтан өту сыныптарын қосқанда 10 жылды құрайды. Мектептің материалдық базасы толық жасақталған жағдайда тереңдетілген түрдегі еңбекке дайындық сыныптары ашылуы мүмкін. Кәсіби еңбекке дайындық сыныптарын аяқтаған оқушыларға біліктілік разрядын игергендігін растайтын құжат беріледі.

VIІI түрдегі мектепте күрделі ақыл-ой кемшілігі бар балаларға 5-6 баладан құрылған сыныптар ашылады. Бұл оқушылар дайындық сыныбынан өткен соң алдын ала қойылған диагноз расталған кезде интеллектінің күрделі формасы анықталған балаларға арналған сыныпқа немесе VIIІ түрдегі мектептің қарапайым сыныбына ауыстырылады.

Интеллектуалдық кемшіліктің күрделі формасы қойылған балаларды сыныптарға бөлу үш деңгейде құрылады:

1-ші деңгейі – 6 жастан 9 жасқа дейінгі балалар;

2-ші деңгейі – 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар;

3-ші деңгейі – 13 жастан 18 жасқа дейінгі балалар.

Арнаулы сыныптарға психопатиялық тәртіп, эпилепсия, психикалық аурулардың түрлері анықталған балалар қабылданбайды. Ол балалар ата-аналарымен бірге кеңес беру орталықтарынан қажетті көмек ала алады.

Ата-анасының қарауынсыз қалған ақыл-ой дамуы бұзылған жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектп-интернаттар ашылады. Баланың арнаулы мектепке барып білім алуға мүмкіндігі болмаған кезде үй жағдайында білім алады.

Соңғы уақытта үй жағдайында білім беруді жүзеге асыратын қажетті біліктілікті игерген мұғалім-дефектологтар, психологтар нақты қызмет түрлерін көрсетуде. Үй жағдайында білім беру процесі арнаулы білім беру мекемелеріндегі оқу процесінің мазмұнына сай ата-аналарға кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету жұмыстары түрінде ұйымдастырылады.

Дамуында күрделі кемшілігі бар балалар мен жасөспірімдер үшін түрлі профильдегі реабилитациялық орталықтар құрылады. Мұндай орталықтардың санын психологиялық-медициналық-педагогикалық реабилитация және түзету орталығы, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу мен кәсіби бағдар беру орталығы құрауы мүмкін. Мұндай орталықтардың негізгі міндеттері күрделі кемшілігі бар балаларға түзету-педагогикалық, психологиялық көмек көрсету, кәсіби бағдар беру, өз-өзіне қызмет етуге үйрету, әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын құру болып табылады.

Бұл орталықтардағы сабақтар жеке және топтық жұмыс бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға логопедиялық көмек көрсету жұмыстары логопедиялық кабинеттер мен орталықтарда жүргізіледі. Логопедиялық кабинеттердегі жұмыстардың негізгі міндеттері сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді жою, педагогтар мен ата-аналарды логопедиялық біліммен хабардар ету болып табылады.

Қазіргі уақыттағы арнаулы білім беру жүйесінің қарқынды дамуы ерекше білімді қажет ететін тұлғалардың білім алуын, әлеуметік бейімделуін қамтамасыз етудегі әлеуметтік-мәдени және экономикалық жағдайларға сәйкестенудің мүмкіндіктерін қарастыруда. Атап айтсақ, шалғай жерлерде орналасқан мекен-жайлардағы мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын қамтамасыз ететін арнаулы білім беру жүйесінің жаңа моделін құрастыру болып табылады. Осындай тиімділігі мол істерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының барлық облыстарында арнаулы білім беру мекемелерінің түрлері қызмет атқаруда. Нақты нормативтік құжаттар негізіндегі құрылған арнаулы білім беру мекемелері (2005 жылғы 1 қарашадағы Астана және Алматы қалалары мен облыстық білім басқармаларының (департаменттердің) деректері бойынша) арнаулы мектептердің типтері бар. Олардың саны мына кестеде көрсетілген.

Облыс атауы Арнаулы мектептің атауы Орналасқан мекен атауы
Ақмола облысы Облыстық көмекші мектеп-интернат Атбасар қ.,Жеңіс61  
Облыстық көмекші мектеп-интернат Көкшетау қ.«Юби лейный» шағын ауданы, 75
Көмекші мектеп Степногорск қ., №4 ш/а  
Ақыл-есі төмен жетім балаларға арналған Үрпі балалар үйі (көмекші мектеп-интерат) Ақкөл ауданы, Урюпинка кенті, Мир к. 20  
Ақыл-есі төмен жетім балаларға арналған Жамбыл балалар үйі (көмекші мектеп-интернат) Шортанды Ауданы,Жолымбет кенті  
Есту қабілеті төмен балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат Көкшетау қ., Саин к., 20  
  Ақтөбе облысы № 7 Көмекші мектеп Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар № 306
Тамды көмекші мектеп-интернаты Алға ауданы,Тамды кенті  
Яйсан мектеп-интернаты Мартұқ ауданы, Яйсанкенті
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған (түзету) облыстық мектеп-интернат Ақтөбе, Гришина к., 13  
№45 Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп-балабақша Ақтөбе қ., Тургенев, 96
№17 «Шұғыла» арнаулы МДҰ Ақтөбе қ., 11 мөлтек ауданы
№10 Сөйлеу тілі бұзылған баларға арналған «Алма» балабақшасы Ақтөбе қ. Әбілхайыр хан даңғылы
№11 Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Ақбота» балабақшасы Ақтөбе қ. Гришин көшесі
  Атырау облысы Облыстық жәрдемдесу мектеп-интернаты Махамбет ауданы
Сөйлеу қабілеті төмен балаларға арналған облыстық мектеп-интернат Атырау қ., Пушкин к., 186  
Есту қабілеті төмен балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат Атырау қ., Азаттық, 147,б
  Алматы облысы     Жәрдемдік мектеп-интернаты Қарасай ауданы,Қаскелең қаласы, Ломоносов к., 17
Облыстық жәрдемдесу мектеп-интернаты Талдықорған, Пушкин к., 276,а,
Облыстық жәрдемдесу мектеп-интернаты Сарқанд қ. Октябрь
Жетім балаларға арналған облыстық жәрдемдік мектеп-интернаты Панфилов ауданы, Жаркент қ., Иванов,№1,
Есту қабілеті төмен балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Талдықорған қ. Алдабергенов к.өшесі, 202
Жәрдемдік мектеп-интернаты Талдықорған, Пушкин көшесі, 276а
Жәрдемдік мектеп-интернаты Сарқанд қ., Октябрь
№21 Жәрдемдік мектеп-интернаты Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қ., Мечников к., 39
№5 жетім балаларға арналған жәрдемдік мектеп-интернаты Панфилов ауданы, Жаркент қ.
  Шығыс-Қазақстан облысы Жетім балаларға арналған жәрдемдік мектеп-интернаты Семей қаласы, Спартак,6
Нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат Риддер қаласы Лермонтов көшесі
Нашар еститі балаларған арналған мектеп-интернат Зырян, Бұқтарма көшесі №127
Саңырау балаларға арналған мектеп-интернат Өскемен қ. Гоголь көшесі, 28
Нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат Семей қаласы, Қаржалбайұлы,249
№14 нашар еститін балаларға арналған мектеп-бақша Өскемен қ. Прибрежный к. 81, б
№62 сөйлеу қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-бақша Семей қаласы, Аманов көшесі, 127
№61 ПДТ балаларға арналған мектеп-бақша Семей қаласы Краснознаменная көшесі, 12
ПДТ жетім балаларған арналған мектеп-интернат Семей қаласы, Физкультурный көшесі, 6
Жәрдемдік мектеп-интернаты Тараз қ., 10-ш/а
  Жамбыл облысы Нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат   Тараз қ., 2-ш/а.
Нашар еститі балаларға арналған мектеп-интернат   Тараз қ.,Қарахан, 1
«Үміт» арнайы коррекциялық мектеп Талас ауданы, Қаратау қ., Алексеев көшесі 3
Жетім балаларға арналған жәрдемдік мектеп-интернат Орал қ., 4 ш/а.19, а  
Батыс-Қазақстан облысы Нашар еститін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат   Орал қ. Почиталин к., 130
Соқырлар мен нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат Орал қ.,Алматы к., 109/4
№5 Майқұдықжәрдемдік мектеп-интернаты 470029, Қарағанды, Магнитогорский к. 5  
Қарағанды облысы №1 Саран жәрдемдік мектеп-интернаты Сарань қ., Жамбыл, 112
№1 Шахтинск жәрдемдік мектеп-интернаты Шахтинск, Жеңіске 40 жыл к., 26
№1 Теміртау жәрдемдік мектеп-интернаты 472300, Теміртау қ., 32  
№1 Балқаш жәрдемдік мектеп-интернаты Балқаш қ. Мир2
Жетім балаларға арналған жәрдемдік мектеп-интернат Теміртау қ., Мичурин,41
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйі Қарағанды қ. Магнитогорская,3  
ПДТ балаларға арналған мектеп-интернат   Қарағанды, Мангито- горский,3
Нашар еститін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Қараганды қ., Пирогов, 1а
Нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты Қараганды, Кривогуза, 96
Тыныс жолдары қызметі нашар жұмыс істейтін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Қарағанды, Сатыбалдин к., 21 а  
Сөйлеу қабілеті төмен балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Теміртау қ., Ушинсий, 9
Жәрдемдік мектеп-интернат Қызылорда қ. Жалаңтөс Бахадүр 8а
Қызылорда облысы Нашар еститін балаларға арналған облыстық коррекциялық мектеп-интернат Қызылорда қаласы
№2 жәрдемдік мектеп-интернат Қостанай қ. Сібір50
Қостанай облысы   Жәрдемдік мектеп-интернат Лисаковск 1 ш/а, 16
Жәрдемдік мектеп Рудный қаласы Володарский 3
Жәрдемдік мектеп Қостанай қ. Қайырбеков
Жәрдемдік мектеп Арқалық қ., Ш.Жәнібек к. № 144
ПДТ балаларға арналған облыстық мектеп-интернат Рудный қ. Парковая, 43  
Саңырау балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат Маңғышлақ ст
Маңғыстау облысы №3 «мектеп-бақша» кешені   Ақтау қ., 5 ш/а, 16 үй
№2 «Мектеп-бақша» кешені   Ақтау қ., 3-ш/а
№1 «Мектеп-бақша» кешені   Ақтау қ., 11ш/а,
№4 «Мектеп-бақша» кешені Маңғышлақ ст
Жетім балаларға арналған Соколов жәрдемдік мектеп-интернаты Қызылжар ауданы, Соколовка көшесі
  Солтүстік-Қазақстан облысы Жетім балаларға арналған Шөптікөл жәрдемдік мектеп-интернаты Ғ.Мүсірепов ауданы, Шөптікөл ауылы
Жәрдемдік мектеп-интернат Ғ.Мүсірепов ауданы Ломоносовка ауылы
№1 жәрдемдік мектеп- интернат Петропавловск, Попов к.
№2 жәрдемдік мектеп- интернат Петропавловск қ. 314 атқыштар дивизиясы к. 158
Чкаловский жәрдемдік мектеп-интернаты Тайынша ауданы, с.Чкалово
Есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Петропавловск, Алтынсарин к., 223  
Жетім балаларға арналған Архангельск мектеп-интернаты Қызылжар ауданы, Архангельское ауылы
№4 Жәрдемдік мектеп-интернат Павлодар, П.Васильев к.
  Павлодар облысы №5 Шарбақты жәрдемдік мектеп-интернаты Шарбақты ауданы Хмельницкое ауылы
Жәрдемдік коррекциялық мектеп Екібастұз, Сәтпаев к.10  
№2 жәрдемдік мектеп-интернат Ақсу қ., 8 наурыз,8
Жетім балаларға арналған Песчанск жәрдемдік мектеп-интернат Кашыр ауданы, Песчаное аулы т.8
Облыстық жәрдемдік мектеп-интернат Павлодар қ.,Щедрин,58  
Есту қабілеті төмен балаларға арналған облыстық мектеп-интернат Павлодар, Қатаев к., 83
Жетісай жәрдемдік мектеп-интернат Мақтарал ауданы, Жетісай ауылы, Дулатов6
  Оңтүстік-Қазақстан облысы Ленгер жәрдемдік мектеп-интернаты Төлеби ауданы, Шахта ауылы, Тоғыз, 12
Сайрам жәрдемдік мектеп-интернаты Сайрам а., Әуезов,18  
Түркістан жәрдемдік мектеп-интернаты Түркістан қ., Рабия қ., Сұлтан Бегі, 14
Жәрдемдік мектеп-интернаты Шымкент. Маметов, 95
№1 Саңырау балаларға арналған мектеп-интернат Шымкент қ.Аманжолов 63
№2 Саңырау балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Шымкент қ. Паркетная, 26
Нашар еститін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Төлеби ауданы, Ленгер қаласы, Фурмановкөшесі
Сөйлеу қабілеті өте төмен балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Ленгер қ., .Төлеби, 350, т.62098, 61034
Нашар еститін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Шымкент қ., Уалиханов, 215
Сөйлеу қабілеті өте төмен балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Түркістан қ., Кожанов көшесі  
Жәрдемдік мектеп-интернаты Астана, Жангелдин№ 9
Астана қаласы №6 жәрдемдік мектеп-интернат Шухов к.,84
  Алматы қаласы №7 Жәрдемдік мектеп-интернет Байтұрсынов,150
№3 жәрдемдік мектеп-интернат Бегалин82
№8 ПДТ балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Алматы қ. Каблуков93а  
№1 саңырау балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Алматы қ., Торайғыров1
Нашар еститін балаларға арналған №5 арнайы мектеп-интернат Алматы қ. Пятницкий 55
Көзі нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Алматы, қ., Ладыгин 33
Тыныс алу жолдары нашар жұмыс істейтін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Алматы қ., Ладыгин, 38
Сөйлеу қабілеті өте төмен балаларға арналған арнайы мектеп-интернат Алматы қ. Каблуков95

Көрсетілген арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарының негізгі міндеті - әрбір баланы өмірде айналасындағылардың көмегіне тәуелді болмай өз бетінше өмір сүруге дайындау, өз-тұрмысын өздігінен ұйымдастыру мүмкіндігі болатындай әлеуметтік-тұрмыстық құзіреттілігін қалыптастыру. Шын мәнісінде, психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық үдерісі олардың қоғамда әлеуметтік бейімделуге қамтамасыз етуге бағытталған. Дегенмен, арнаулы білім беру саласындағы көмекші және түзету мектептерінде, мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді математика, физика, информатика, әдебиет, тарих сияқты пәндерді оқыту қаншалықты қажет болса, қоғамда өмір сүре білуге үйрету күрделірек және соншалықты қажет екенін өмір көрсетіп отыр. Арнаулы білім берудің қазіргі жүйесіне бала немесе жасөспірімнің өз өмір жолын, әлемге деген өзіндік көзқарасын таңдауға, қоршаған өмірде бағдар алуына көмектесетін «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар» курсын енгізу ішінара жүзеге асып келеді. Бұл жаңа пән негізінен есту қабілеті нашар балаларға арналған, басқа да түзету, мектептерінде, бейімдеу орталықтарында, мектеп-интернаттарында пән ретінде немесе сыныптан тыс жұмыстар, факультатив сабақтар ретінде өткізуге болады. Курсты мұғалім, әлеуметтік педагог немесе тәрбиеші оқыту мекемесінің жағдайына байланысты жүргізеді. Сабақ ұзақтығы 40 минут болуы мүмкін. Теориялық және практикалық тапсырмаларға лайықталған:тақта, парта; асхана бұрышы (газ немесе электр плитасымен); ыдыс-аяқ буфеті (шай, асханалық құралдар); тұрмыстық құралдар; жұмсақ жиһаздармен жабдықталған арнаулы кабинетте өткізілгені тиімді. Курстың негізгі мазмұны балалар үшін жекелеген, бірақ өте қажет бағыттарды қамтиды: қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау, мінез-құлық мәдениеті, тұрмыстық-қоғамдық пайдалы еңбек, жеке бас гигиенасы, денсаулық сақтау, сауда, көлік, тұрғын үй, байланыс құралдары дәрігерлік көмек, отбасы негіздері, бюджет, мекемелер мен ұйымдар.

Наши рекомендации