Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары

Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Заң факультеті

Ылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасы

Педагогикалық тәжірибеден өту туралы

ЕСЕП

Магистрант: Ұлтанбаев А.Б.

ТАРАЗ-2013

Мазмұны

Педагогикалық тәжірибе күнделігі

Педагогикалық тәжірибеден өту туралы есеп

Ашық сабақ сценариі

Лекциялар жинағы

Ашық тәрбие сағатының сценариі

Тақырыпқа сәйкес жарияланған мақалалар

Педагогикалық тәжірибеден өту туралы

ЕСЕП

Мен Ұлтанбаев Арнат Бегдалыұлы 2016 жылдың қараша айының 11 – 30 аралығында Тараз Мемлекеттік Университетінің «Заң» факультеттіндегі «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасынан педагогикалық тәжірибеден өттім. Тәжірибеден өту барысында аталған кафедраның меңгеушісі Ернишев Қайрат Асылбекұлы маған кафедраның аға оқытушысы Еркебаева Айнұр Қуатбекқызын жетекші ретінде бекітті. Тәжірибенің бірінші күнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңымен таныстым. Сонымен қатар, кафедра жұмысының жұмыс жоспарымен, сабақтардың өту барысымен, сабақ кестесімен және оқу аудиторияларымен, кафедраның ішкі еңбек тәртібімен таныстым.

«Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасына қатысты пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылысы және құрамымен таныстым. Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің ішінде оқу жұмыс бағдарламасы, студенттерге және магистранттарға арналған оқу жұмыс бағдарламасы, студенттер мен магистранттардың өзіндік жұмыстарды орындауларына арналған әдістемелік нұсқаулары, тәжірибе сабағының әдістемелік нұсқауы, пән бойынша лекциялар жинағы, қорытынды бақылауға арналған тест және емтихан билеттері болды. Сонымен қатар, кафедраның тәрбие жұмыстарының жоспарымен, «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасы жанынан құрылған «Фемида» жастар клубының жылдық жоспарымен толық таныстырылдым.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) пәні бойынша аға оқытушы А.Б. Бауберикованың сабағына қатыстым. Оқытушы сабақты тақырыпқа, лекцияға байланысты терминологиялық диктант ретінде жүргізді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) пәні бойынша аға оқытушы Б.П. Жұмағұлованың сабағына қатыстым. Дәріс белсенді жүргізу әдістерін қолдану арқылы өткізілді. Дәріс барысында лектор көрнекі құралдармен қатар тақырыпқа байланысты заң тәжірибесіндегі материалдарды қолданды. Сонымен қатар, лекция барысында студенттердің тәжірибесіне де уақыт бөлді және аудиторияның лекцияға белсенді түрде көңіл бөлуін өте жоғары деңгейде ұйымдастарды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) пәні бойынша аға оқытушы А.Қ. Еркебаеваның сабағына да қатыстым. Оқытушы сабақта слайдтарды қолдана отырып тақырыптың мазмұны мен мәнін толық ашты. Көрнекілік құралдардың сабақтарды өтудегі маңыздылығын атап көрсетті.

Криминалистикадан жаттықтыру пәні бойынша аға оқытушы Б.П. Жұмағұлованың сабағына қатыстым. Оқытушы сабақта өткізілген тақырып бойынша әртүрлі флипчарттар мен слайттарды, сонымен қатар тақырыпқа байланысты бейне өнімдерді көрсетті. Оқытушы тапсырманы студенттерге тест түрінде беріп, олардың есте сақтау және білімін тексеру мақсатында жүргізді.

Криминалистикадан жаттықтыру пәні бойынша аға оқытушы Б.П. Жұмағұлованың сабағына қатыстым. Оқытушы дәріс сабағына қазіргі заманау инновациялық технологияны қолдану арқылы өткізді. Дәріс сабағына интерактивті тақтаны қолданып жаңа үлгідегі микроскоппен із алу «дактилоскопия» әдістерін студенттерге үйретті. Дәріс жоспарындағы сұрақтар толығымен ашылып, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырды.

Сот экспертологиясы пәні бойынша аға оқытушы Б.П. Жұмағұлованың сабағына қатыстым. Оқытушы сабағында «одрология» ұғымын студенттерге ашты, Тақырыпқа байланысты бейне өнімді студенттерге көрсетті, яғни заттар мен материалдардан із алудың әдіс-тәсілдерін сарапшыларымыз қалай алатындығын іс жүзінде көрсетті.

Криминалистикадан жаттықтыру пәні бойынша аға оқытушы Б.П. Жұмағұлованың сабағына қатыстым. Оқытушы сабағына криминалистика-лық чемоданды алып келіп студенттерге көрсетті. Көрсетіп қана қоймай криминалистикалық чемоданның ішіндегі әрбір заттардың қажеттілігін жеке-жеке студенттерге түсіндіріп өтті және іс жүзінде студенттер қолданып көрді. Айта кетсек саусақтан іс алу, аяқ киімнің ізін алу, терезе, есіктерден із алу жағдайлары. Бұл жағдай студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыра түсті деп айтуға болады. Студенттер бұл сабақта белсенділігімен, сабаққа деген ерекше қызығушылығымен көзге түсті. Сонымен қатар оқытушы өткен тақырыптарды ауызша сұрау арқылы жүргізді. Оқытушы студенттерден берілген тапсырмаларды ауызша сұрау арқылы сөйлеу қабылеттіліктерін арттыруға жол ашатыны көрінді. Аудиториядағы сабақта студенттер өз ойын еркін білдірді.

Тәжірибелі оқытушылардын қатысқан сабақтары дәріс беру және семинар үйымдастыру нысанында өтті, сабақтын басында білімгерлер тақырыптын ғылыми өзектілігімен, маңыздылығымен таныс болды. Дәріс беру кезінде оқытушы практиқалық материалдар және өмірлік оқиғалар білімгерлердің назарларына ұсынылды.

Кафедраның оқытушыларымен жүргізген ашық сабақтарға, кафедраның кезекті мәжілістеріне және қоғамдық іс-шараларына қатыстым.

«Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасы жанынан құрылған «Фемида» жастар клубының өткізген іс-шараларына белсене қатыстым. «Тәуелсіздік–ел тірегі» атты «ТарМУ Көшбасшысы» V дәстүрлі интеллектуалды ойынын ұйымдастыруға және жоғары деңгейде өтуіне ықпалдастым.

«Отбасы-мәңгілік ел тірегі» атты кездесуіне қатыстым. Жастар саясатын университет көлемінде насихаттау мақсатында «Жастар-ел болашағы» атты дөңгелек үстелді ұйымдастырып, модератор қызметін атқардым. Факультет студенттеріне «Еркін ойлар алаңы» пікірсайыс клубының жұмысымен таныстырып, пікірсайыс тренингін өткіздім.

Криминалистикадан жаттықтыру пәнінен «Трасология және оның жүйелері» тақырыбындағы тәжірибелік сабақты сұрақ-жауап және пікір-талас түрінде жүргіздім. Сабаққа байланысты слайдтар және басқада көрнекілік материалдарды қолдандым. Студенттердің өз ойын еркін айтуға бағыттадым.

Мен педагогикалық тәжірибеден өту барысында сабақты жүргізудің белсенді әдістерін сонымен қатар, студенттермен қарым-қатынас орнату, оқытушының сабақ барысында өзін-өзі ұстау, жоспарға сәйкес әрбір сұрақтың мазмұнын толық ашу тәжірибесін, оқытушының студенттердің көз-қарасын жан-жақты етіп дамыту, студенттердің белсенділігін қалай арттыру керектігін және олармен жұмыс жасау әдістерін үйрендім.

Магистрант: Ұлтанбаев А.Б.

Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары

Наши рекомендации