Топ. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін стимулдау әдісі.

Оларға: а)оқушылардың танымдылық қызығушылығын қалыптастыру әдісі.

б)оқыту мазмұнына ықпалды байланысты әдістері;

в)танымдылық ойындар;

г)оқыту дискуссиясы;

д)өмір ситуацияларын талдау әдісі;

е)білім сапасын көтеру ситуацияларын жасау;

ж)білімнің қоғамдық қажеттілігін түсіндіру;

з)білімді игерудің қажеттілік әдісі;

и)оқытудағы талап қою әдісі;

к)оқытудағы мадақтау мен жазалау әдісі.

3.Топ. Оқытудағы өзіндік бақылау және бақылау әдістері:

а)оқытуда бақылау әдістері;

б)жазба жұмыстарында бақылау әдістері;

в)лабораториялық бақылау әдістері;

г)машина мен бақылау әдіс;

д)өздік бақылау әдісі.

Г.И.Шукина оқытудың төмендегідей әдістерін
көрсетеді: ақпараттық-дамыту (мұғалімінің ауызша
баяндауы, әңгіме, кітаппен жұмыс); эрвистикалық (іздену)
оқыту әдістері (эвристикалық әңгіме, диспут,
лабораториялық жұмыс, зерттеу әдісі); білімді,-білік және
дағдыны жетілдіру мен бекітуді оқыту әдістері; жаттығу
(үлгі жұмыс бойынша жаттығу, түсінік беретін жаттығулар,
вариантты жаттығулар), практикалық жұмыс (жеке дара,
топтық, ұжымдық, шығармашылықтық).

И.Т.Огородниковтың пікірі бойынша: Әдістерді классификациялауда түрлі әдістерді қолдану барысында білім көзінің берілуі мен оның қабылдануындағы мұғалім мен окушының іс- әрекетінің бірлескен жүйедегі қарым-қатынастық жағдайын көре алатындай болса деген. Оларға: сөздік оқыту әдісі (мұғалімнің білім беру мен ауызша мазмұндауы, әңгіме), кітаппен жұмыс әдісі (оқыту процесіндегі кітаптің орны мен ролі, жаңа білімді игеруде, білімді бекітуде, қайталап қортындылауда, сонымен қатар кітаптағы негізгі тараулар мен бөліктерін қайталауда, негізгі тараулардан конспекті жасауда, өтілген негізгі материалдардың сұрақтарына жауап даярлау, ерекшеліктерін салыстыру, таблица, схема, рефераттармен баяндама өздігінен даярлау); эксперименталды сабақ және бақылау әдісі (оқушылардың табиғи құбылысты бақылауы, лабораторияда, мектеп учаскілерінде, экускурсияларда, іс- тәжірибені демонстрациялау, мұғалімнің білімді ауызша баяндауы, лабороториялық сабақ, іс-тәжирбиелік жұмыс); жаттығу әдісі; графикалық және жазба жұмыстарын жүргізу әдісі, бағдарламалап оқыту (бағдарламалап оқыту негізгі, талпынысы оқытушылардың өзіндік талпыныста білімді игеруі және білім, білік, дағдыны оқушылардың игеруі, бағдарламалап оқытудың мәні мен ролін көрсету, білім мазмұнын бағдарламалау, оқушылардың өзіндік жұмысын бағдарламалау, ғылымның негізгі көзін ақпараттау, бағдарламалап оқытудың кері байланысы, бағдарламалап оқытудың басқа формалалар мен әдістік оқыту байланысы); оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдісі (мақсат пен білімді бағалау және тексеру түрлері, білімді бағалау және тексеру принципі, білімді бағалау және тексеру әдістемесі, бағдарламалап оқытудағы білімді бағалау және тексеру; емтихан, оқушылардың білімін бағалау жүйесі). Мақсатты бағытта танымдылық іс-әрекетіне байланысты, негізгі білім көзінің байланысы, оқушылардың танымдылық деңгей белсенділігі, бірлескен оқыту формасы, нақты және жалпылама білім беру жолдары әр түрлі оқыту әдістерінің классификациясында қолданады. Олар М.А. Данилов, М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.А. Сорокин, Н.Ф.Талызына, В.Ф.Паламарчук т.б. ғалымдардың еңбегінде берілген. Бұнда Совет үкіметтінің

құрылу кезеңдерінде және жалпы білім беретін мектептерде даму процесімен айналысқан және дидактикалық жүйені жетілдіру мен айналысқаңдықтары туралы мәліметтер берілген. Дегенмен қандайда болмасын оқыту әдісінің классификациясы өзінің жетістіктері мен қоса кемшілік жақтарынан да көрініс береді. Әдістерді белсенді және белсенді емес деп бөліп қарауға болмайды. Оқыту әдісіне нейтралды қарауға болады. Бәрі де мұғалімнің танымдық оқу іс-әрекетінің оқыту әдістерін қолданылып, іске асыру даярлығына байланысты. Білікті мұғалімнің қолданылған оқыту әдісі "белсенді" болады, ал біліксіз мұғалімнің қолында "белсенсіз" болуы мүмкін. Сонымен қатар, оқыту әдістері мектептегі танымдылық оқу іс-әрекеті практикасында түрлі когнитивтік функция атқарады, сондай-ақ білім материалын игеруде, оны бекітуде, білім, білік және дағдысын жетілдіруде, жеке тұлғаны дамытуға бағыттау, жаңа қоғамның қалыптасуы барысындағы және болашақ әлеуметтік кәсиби іс-әрекет жағдайына оларды даярлау.

2.Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны. Оқыту әдісінің мәндік ерекшелігі оның ішкі мазмұнында, копобраздық біліктіліктің негізінде көрініп, өзара байланысты және танымдық оқу іс-әрекетін іске асыру жолында жағдайда қарама-қайшылықта көрініс беруі мүмкін. Түрлі оқыту әдістерінің мазмүнын талдауда оқушыларға білім беру анықтамасын нақгылап алу керек.

Практикада мектептің танымдықоку іс-әрекетін "білім беру" оқыту процесінің негізгі бөлігін құрап, оқушылардың жеке дара психолгиялық жағдайда пәндік-оқу ақпартын сапада игеруін қарастырады, оны есте сақтау, айту және шығармашылықта игеру, түрлі формада мұғалімнің танымдылық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау іске асырады.

Оқушылардың жеке дара психологиялық қаблеттіліктерінде барлық пәндерді жоғары сапада игеру күрделі мазмұнды және танымдык оқу іс-әрекетті формадағы жалпы және арнайы пәндерге сүйеніп сапалы игеру жағдайларын байқау. Оқу-танымдық процестеріне зейініне, ойлауына, қиялдауына есіне, тіліне сонымен қатар оқу мотивінің ерекшелігіне, өзінің эмоционалды жағдайына, оқушылар арасында және мектептегі

әлеуметтік-білім беру процесінің мазмұны мен ұйымдастыру формасына көзқарасына байланысты. Оқу материалдарын сапалы игерту мұғалімнің жеке басы мен оқушымен карым-қатынасына. сонымен қатар эрудициясына, кәсіпке қызығушылығына, педогогикалық тактикасына, оқушылар мен жеке дара қарым-қатынасына, өзін қоршаған құбылыс және пәннің мазмұнын оқу танымдық іс-әрекетке қызығушылық пен жас ерекшеліктерінің игеру деңгейіне байланысты.

Оқушыларды қажеттілікте-оқу күшін жұмылдырып танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, терендігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістемесінің мазмұны спецификалық интеллектуалды құрал болып табылады. И.П. Подласыйдың интерпретациялық оқыту әдістемелік нақты қарастырамыз.

1.Баяндау. Мақсатқа байланысты бірнеше әңгіме түрлері: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп-бекіту. Бірінші жаңа материалды игеру оқушыны дайындау, екінші берілген мазмұнды баяндау, үшінші оқытуды аяқтау бөлімі.

Берілген әдістің сапасы мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогпен қанша сөз айтып және мазмұндап баяндалғанын, оқушыларлың жас ерекшелігіне байланысты, оның жеткілікті денгейде ұғым болуы.

Демек оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтау жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді.

Баяндау кысқа (10 мин), эмоционалды тұрғыда болуы керек. Баяндаудың тиімділігі басқада оқыту әдісі мен -иллюстраииямеи (бастауыш сыныпта), сонымен қатар мұғалімнің таңдап алған фактілері, жағдайлар, адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты болуы керек.

2. Әңгіме. Әңгіме мәиі бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп жаңа білімді игертілуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды

белсендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы болып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттайды, таным процесін оперативті басқаруға жағдай туғызады. Әңгіме сонымен қатар тәрбие міндеттерін де шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі қалыптастыратын басқа да әдістер мен қатар қолдану керек. Әңгіме оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды қалыптастыруға мүмкіндік бере алмайтындығын ескеру керек.

Әңгімені классификациялау тәсілдерін анықтауға болады.

Кіріспе өңгіме немесе ұйымдастыру; жаңа білім беру (сократтық, эвристикалықт.б.); синтездеуші немесе бекіту; коррекциялық-бақылау.

Кіріспе әңгіме оқыту жұмысының басында өтіледі, мақсаты-оқушылардың берілетін жұмыстың мәні мен оның өтілуін дұрыс түсіндіргенін анықтау.

Кіріспе әңгіме саяхат, лабораториялық және практикалық сабақ алдында өтіледі. Жаңа матреиалды оқушыға игерту кіріспе әңгіменің мәні ерекше.

Жаңа білім игертуді хабарлау әңіме катехизикалық (сұрақты-жауап, қарсы шықпау, жауаптарды есте сақтау), Сократтық (ыңғайлы, оқушының ыңғайына қарай, қысқа тұжырымды пікір білдіру), эвристикалық (оқушыға талап жүктеп, мұғалімнің берген сұрағына нақты жауап алу). Бүгінгі мектепте эврестикалық әңгіме қолданылады. Жаңалық ашуда, оқушылардың ойлау қабілетін жандандыратын, ол мұғалімнің білікті сұрақ қоя білуі. Сонымен эвристикалық әңгімеде оқушылар өздігінше ойлап, өз танымы бойынша білімді игереді.

Синтездейтін әңгіме оқушылардың білімін жүйелеп және қортындылауда қолданады.

Коррекциялық бақылау-әңгіме диагностикалық мақсатта және оқушының білімін жетілдіріп, нақтылап, дамытуда пайдаланады.

Әңгіме барысында, барлық оқушылар белсендікпен қатысып, сұрақгы зерс алып тыңдау, сұраққа дұрыс жауап іздеу, өзінің достарының жауаптарын талдау, өзінің көз қарасын айта білуін қадағалау. Дұрыс жауаптарды-мадақтау, қатені түзеу, толық емес жауаптарды толықтыру,

оқытушылардың жіберген қатесін өздері табу. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы.

3.Лекция. Ауызша әдістен айырмашылығы; оқу материалының логикалық мазмұндалуы; ақпарат ағымының көптігімен, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігі мен айқындалады.

Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, құбылысты, объектіні, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы теориялық материалдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті денгейде қалыптасқан, лекция бір нмесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі. Лекциялық әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.

4. Дискуссиялық оідыту. Бұл әдіс батыс елдерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нәтижесін көрсеткен.

Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, көз қарасын дәлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы-бақылау. Оқушылардың алдын ала немесе нақты мазмұнда және формаларды дайындығынан бүрын, лекцияның сапалығы басты роль атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмұнды дайындықты қажет етеді. Білімді баяндау жолдарын анықтауға бағытталады.

Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмұнсыз және нақты болмай, қарама-қайшылықты және шашыраңқы, алдымен оппоненттерді сендіру.

Демек мұғалім оқушылардың ойын дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етуі.

Дискуссия тек ғана гуманитарлық пәндерді тарихты, қоғамтануды этика, эстетиканы, өнерді, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берілген әдіс физика, химия, биология тағы басқада пәндерді игеруде де нәтижесін көрсетеді. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мзмұнын толықтырып, оны

тиянақтап және бекітуге көмектеседі. Мұғалім білімнің жүйесі терең ақпарат алуда, оқушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай дамытуға бағыт береді.

Дискуссия элементтері мектепте екінші бағытта практикаланып, әдіс толық мағнада жоғары мектептерде пайдаланып келеді. Оқушылар дискуссия арқылы өнермен танысады.

5. Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу негізгі әдістердің біріне айналады. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектеледі.

Оқулық кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады: білім алу, даму; тәрбие, ойлау, коррекциялық - бақылау.

Кітаппен өздік жұмыста, оқып шығу жеке тараулармен танысу, жеке сұрақтарға жауап іздеу, кітапты немесе текстерды рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тестерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау.

Әдістің сапасы: еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну; қарастырылатын сұрақтарға әдебиеттер таңдай білу.

Берілген біліктердің бәрі оқушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсаттын біртіндеп қалыптастырылады.

Бағдарламадағы оқу кітаптары сапасымен ерекшеленеді. Оқушылар жұмыс жүргізу барысында берілген тапсырманы орындауға керекті ықпалды іс-әрекет қарастырып, дұрыс орындалғандығы туралы мағлұмат алады.

Жаңа оқу кітаптары қортынды таблицияларда, диаграмада графиктерде көрнекті модельдерде, классификасияларда, коммуникативті түрді жинақталған материалдарда берілген.

Демек мұғалімдерге берілген ақпараттарды талдауға көңіл бөліп, оқушылардың білім білігін қалыптастыру керек.

Кітаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзіндік бақылау білігін қалыптастыру керек. Оқушы кітаптағы текісті қанша рет оқып шыққанын санамау керек. ол оқығанын мазмұндап толық түсіндіріп бере білу біліктілігін меңгеруі дұрыс. Сондықтан уақытты белсенді түрде зейінді қалыптастыруды талап етеді.

6. Демонстрация. Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіспен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.

Берілген әдіс оқушылардың заттарды, құбылыстар мен процестерді, керекті өлшемдер жасап, өзара байланысын, танымдық белсенді іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін сапа анықтайды.

Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациалау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егерде бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда натуралды заттарды көлемді моделдеу танып білуде негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы қол құрылысы, двигательдің ішкі күйі, гометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.

Демонстрация әдіс сапасын көтеру үшін, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білуінде.

7.Иллюстрация. Демонстрация әдісі иллюетрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі және құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. екеуі де кеңінен қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т. б.

Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар анықтамаларды түсіндіру процесін жеңілдетеді.

Географиялық карта, диаграмма, графиктер, таблицлар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі.

Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісінеде көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойылған мәселеі иллюстрациялық материалдық оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін (фотография, диаграммалар, таблицалар) мақсатты қолданады.

Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылады. .

8.Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайы, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.

Берілген әдіс ақпаратты көрнектілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды. қарастырады.

Бұнда әдіспен гөрі комплексті дидактикалық технологиясы берілген бейне. Оқыту процесінде әдісті пайдалану; оқушыларға толық оқытылатын кұбылыстардың көрнекілікке ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету,босаған уақыт білімді бақылайтын жөне коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйеде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алу.

Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді. Бұл әдіс:

-жаңа білім беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді (өсімдікті өсіру, сүйық заттың диффузиясы, заттың кристалдануы, тау жыныстарының қыртысын), яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам процестерді бақылау,

-күрделі машинамен механизмдердің ықпалын динамикалық принципте түсіндіру;

-түрлі іс-әрекет түрлерін алгоритмде орындалуын оқыту;

-шет тіл сабақтарында спецификалық орта құру;

-тарих, этика, қоғамтану, әдебиет өмір мен білімді байланысатынын бекіту, сабақтарда бейне құжатты қолдану;

-текісті өткізуді ұйымдастыру;

-алдын-ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу, қажетті өлшемді жасау;

-жаттықтыру жөне зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай туғызу;

-сыныптағы әр оқушының үлгерімін, білім берудің дифференциялық жағын ұйымдастыруды компютерлік есепке алу;

-оқыту процесін рационалазациялау, педогогикалық басқару сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткізу көлемін қамтамасыз ету.

Берілген әдістің сапасын видео пособиялар мен техникалық құралдарды қолдану мен тікелей байланысты. Видео оқыту әдісін ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленеді. Мұғалім оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы дамыған білігімен, олардың іс-әрекетін бағыттай отырып, жалпы қортындылар жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету.

9. Жаттығу.Жаттығу-ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білікпен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.

Жаттығулар коментарияланған, арнаулы, еркін болып бөлінеді.

Арнаулы бірнеше рет қайталанатын, оқыту және еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығу. Егер арнаулы жаттығуларды ендірсе, онда олар еркін жаттығулар деп аталады.

Еркін жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен бекітуде қолданылады.

Еркін жаттығусыз дағды ұмытылады. Коментарияланған жаттығулар оқытуды белсендендіруге, оқу тапсырмаларын

орындауға бағытталған. Бұл жаттығулардың мәнділігі мұғалім мен оқушылардың орындалатын іс-әрекетті негізінде материалдар жақсы қабылданады.

Ауызша жаттығулар, тіл мәдениетін дамытуда және логикалық ойлауда, оқушылардыц танымдық жағдайларында кеңінен қолданылады. Ауызша жаттығулар оқу мәдениеті техникасын игеруде. Ауызша санауда, әңгімелеуде, білімді логикалық түрде мазмұндау. Ауызша жаттығулар тіл, әсіресе шет тілдерін игертуде үлкен роль атқарады. Ауызша жаттығу оқушылардың даму деңгейі мен жас ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп отырады. Жазба жаттығулар (стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктант, мазмұндама, конспекті, есеп шығару, іс-тәжірибені жазу т.б.) білік пен дағдыны дамытуда қолданылады. Жазба жаттығулар графмкалық жаттығулар мен математика, физика, сызу, география, сурет, сонымен қатар өнеркәсіптік білім беру қатар жүреді.

Лабораториялық - практикалық жаттығулар еңбек құралдарын игеру дағдыларына, лабораториялық (приборлар, өлшеу аппаратурасы), конструкторлық- техникалық білігін дамытуға бағытталған. Өндірістік-еңбек жаттығулары, ол оқыту немесе өндірістік ерекшеліктегі жүйеде арнайы дайындалған еңбек іс-әрекеті. Олар жәй және күрделі болып бөлінеді. Жәй жаттығулар олар жеке еңбек тәсілдерін орындау, ал күрделі жаттығуда өндірістік істерін немесе олардың бөліктері (станокты қосу,
деталдарды) жасауда қолданылады.

10. Лабораториялық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игерту, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру.

Проблемалы лабораториялық (зерттеу) әдіс. Зерттеу гипотезасы ұсынылады, оны дәлелдеу жолдары қарастырылады. Оқушылар қажетті приборлар мен материалдарды өздері таңдап алады. Лабораториялық әдіс арнайы құралдарды талап етеді, сонымен қатар мұғалім мен оқушының дайындықта болғанын қажет етеді. Оны қолдануда уақыт пен педагогикалық күш-қуатты көп қажет етпейді.

11.Практикалық әдіс. Бес этапқа бөлінеді. Бұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексерілсді.

а)мұғалімнің үсіндіруі жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;

ә)көрсету (инструктаж):

б)жұмысты жасап көру (екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жіберілсе қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзеуі;

в)жұмысты әркімнің өзі орындауы;

в)бақылау оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады. Орындалу сапасы ескертіледі, уақытты,. материалдарды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы (Е.Я. Голант);

Практикалық әдіс оқушылардың тапсырманы жауапкершілікпен орындауын, экономикалық ойлау шаруаға бейімделу. Оқушылардың еңбекке процесін жан-жақты дағдылары қалыптастырылады. Орындалатын жұмыстың мақсатын, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың жоспары және кестесін құру, материалдар мен инструменттерді дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қорытындыны талдау.

12.Танымдық ойындар. Танымдық (дидактикалық) ойындар-оқушылардың өздері шешімін табатын, модельдейтін, арнайы ситуациялар құру. Негізгі мәні танымдық қызметті стимуляциялау. Оқушылар ойынға белсенді түрде қатысады. Ойындарға тоқталсақ болсақ математикалық, лингвистикалық ойындар, саяхат-ойыны, электронды викторина түрінде, тақырыптық наборлармен ойындар "Конструктор", "Шеберлер", Жас маман" т.б.

Кейінгі кезде стимуляциялаыатын ойындарға түрлі әдістерді, идеяны күрделендіру. Ойындар арқылы оқушылар мәселені жан-жақты талқылауға кіріседі. Мысалы, оқушылар парламентінің отырысынан көріністе, өздерінің ісі мен депутаттың корытынды ісін салыстыру.

Инсцензация әдісі түрлі формада. мысалы, алдылала дайындалған диалог нақты тақырыпқа арналған дискуссия, театрланған көрініс формасы.

Генерациялау идея әдісі" ми кызметі арқылы (мозговая атака) қатысушылар қиын мәселеге көңіл аударып, өздерінің идеяларын

айтып, оның шешілу жолын қарастырады.

13.Программалық оқыту әдісі. Программалап оқытуда ақпарат машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу матералы программаланған оқулық кітаптарында беріледі, екіншіде дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын программалап оқытудың үш жүйесі бар; бір бағытты материал кішкене порцияларға бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игертуге бағытталады. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда тармақталған бағдарламаларға қосымша түсініктемелер беріледі. Аралас бағдарламада тармақталған комбинацияда құрылған.

Программаланған оқытуда тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы өзіндік ерекшелікте берілген. Бұндай тапсырмалар оқыту материалдарының әр порциясынан игергеннен кейін беріледі. Үш мақсатта тренажды берген білімді қабылдау және бақылау жаттығулар мен тапсырмалардың ұйымдастырылу тәсілі машинамен және машинасыз орындалады. Машиналы тәсілде жаттығулар мен бақылау тапсырмалары дисплей экранында орындалады. Оқушылар өздерінің жауаптарының дұрыстығын бірден көреді. Сондықтан да программалап оқыту тиімді.

Ең кең тараған бақылауды ұйымдастыру әдісі. Программалап оқытуда ұқсас жауаптардан дұрыс жауапты табу. Қазіргі компьютерлер құрылған жауаптарды өздігінен талдап, ұсыныс түрінде, сөз, формула, түрлі бірлікте ендіре алады.

Наши рекомендации