Логикалық-теориялық зерттеу әдістері
1. Формализация– білім мазмұнын белгілермен беру, нақты ойды формула, ереже, символмен беру. Кез келген формалды жүйені құру үшін: 1) әріптерді беру қажет, яғни нақты белгілеулерді енгізу қажет; 2) осы альфавиттердің белгілеулерін «сөз» және «формула» шығатын ережелерді беру қажет; 3) берілген жүйенің бір сөзінен немесе формуласынан екінші сөзді немесе формулаға көшуге болатын ережелерді беру қажет.
2. Идеализация – зерттеу мақсатына сәйкес зерттеуші нысанаға нақты бір өзгерісті ойша енгізуді айтады. Таным әдісі ретінде идеализацияның жағымды мәні теориялық құрылымды жан-жақты зерттей отырып, реалды нысаналар мен құбылыстарды тиімді зерттеуге септігін тигізеді.
3. Аксиоматикалық әдіс – ғылыми теорияның құрылу амалы, оның негізінде бастапқы аксиома болады. Логикалық жолмен дәлелденеді.
4. Гипотетикалық-дедуктивті әдіс – болжамдардың бір-бірімен дедуктивті байланысын құрайтын жүйе құру.
5. Әдебиет көздерін зерттеу – зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады.
6. Талдау әдісі – зерттеліп отырған объектіні бөлек зерттеу үшін құрамды бөліктерге бөліп қарау.
7. Жинақтау (синтез) әдісі – біріктіру, біртұтас етіп қарау үшін зерттеу объектісінің бөліктерін біріктіру. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасын формаларын анықтау; білім құрылымын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар.
8. Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Дәріптеушілік-дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады.
9. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері– бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады
10. Ұқсастыру әдісі – заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
11. Болжау әдісі – зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.
12. Математикалық және статистикалық әдіс – педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.
13. Тіркеу әдісі – педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Теориялық әдістердің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы зандылықтарды ашуға, сыртқы факторларды түсіндіруге бағытталған.
Қазір қоғамға өзінің жеке басын және іс-әрекетін ұдайы жетілдіріп отыруға ұмтылатын бастамашыл және талапты мамандар қажет. Солар ғана жоғары түйсігімен, әлеуметтік-кәсіптік ұтқырлығымен, білімін жаңартып отыруға ұмтылысымен, біліктілік пен дағдыларын ұштап отыруымен, жаңа қызмет салаларын меңгеруімен ерекшеленіп, өз қызметін жақсы атқара алады.
Осындай үздіксіз өздігінен білім алудың негізінде педагогикалық зерттеу процесі жатыр.
Әрбір зерттеуші әдебиетпен жұмыс істей бастағанда-ақ библиография құрастыруға кіріседі.
Әрбір зерттеуші өзі қолға алған жұмысқа негіз болатын басты педагогикалық тұжырымдамаларды анықтап алу қажет. Зерттеуші өз жұмысының методологиялық базасы шын мәнінде неде екенін анық білуі керек.
Педагогикалық зерттеулер үшін мыналар қажет:
1. Мәні бар ғылыми түсініктер мен ұғымдарды меңгеру.
2. Жалпы қабылданған терминологияны қолдана отырып, факторлар мен құбылыстарды дәлме-дәл сипаттау.
3. Салалас фактілерді олардың мәнді белгілері бойынша жинақтай білу.
4. Фактілерді, белгілерді жалпы ғылыми ережелерге сәйкес топтай білу.
5. Фактілер мен құбылыстарды талдай білу, олардан жалпы және бірегей, тосын және заңды белгілерді айыра білу.
6. Ұғым дегеніміз ғылымның қол жеткен деңгейін білдіретін ғылыми танымның баспалдақтары екенін ескеріп, ұғымдарға нақты анықтама беру.
7. Әр түрлі зерттеулердің ғылыми деректеріне сүйенгенде, ғылыми пікірталастарда делелдемелер мен растауларды дұрыс келтіру.
Әдетте жалпылама мәселелер теориялық педагогикалық зерттеулерде әлеуметтік және психологиялық сипатта болады, ал жеке (бірегей) нәрсе оның- нақты әдістеме (ілімге деген қызығушылықты тәрбиелеу, ұжымды, саналы тәртіпті қалыптастыру, мұғалім этикасы және т.с.с.) астарын маман ашады.
9-дәріс.Әлеуметтік педагогиканың ғылыми білімінің технологиялық деңгейдегі құрылымы (проблемалық дәріс).
Әлеуметтік педагогиканың негізгі категорияларыоның терминологиялық аппаратын анықтайды, оның көмегімен объект және танып-білу және қайта құру пәні сипатталады. Олар әлеуметтік педагогиканың өзінің дамуына сәйкес тұрақты дамуда болады.
Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық білімнің логикалық-гносеологиялық деңгейдегі әдіснамалық талдауы әлеуметтік педагогиканың, тұтас алғанда, барлық күрделілігі мен мазмұн байлығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік педагогиканың әдістемелік білімінің технологиялық деңгейі.
«Технология» ұғымын анықтауда осы сөздің құрылымының ерекшелігінен екі түрлі тәсілдеме туындайды.
Біріншісіне сәйкес, технология, бұл – практикалық қызметтің өнері, шеберлігі туралы ғылым. Бұл контексте әлеуметтік-педагогикалық технология – болжанған әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа жету өнері туралы ғылым. Ол әлеуметтік-педагогикалық технологияның өту заңдылықтарын, оған елеулі ықпал ететін факторларды, мақсатқа жетуді оңтайландыру жағдайларын зерттейді. Мұндай технология теориялық-з Олардың ішінде:
- теориялық әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – белгілі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық мәселені (әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды) шешу үшін қажетті неғұрлым оңтайлы әдістер, құралдар мен тәсілдер (әрекеттер, операциялар мен рәсімдер) туралы ілім. Мұндай технология қызметтің нақтылы объектісіне қатысты қалыптасқан жағдаяттың белгілі әлеуметтік-педагогикалық проблемасын шешудің нұсқасын сипаттауда, талдауда, негіздеуде пайдаланылады. Теориялық әлеуметтік-педагогикалық технологияның үлгілері: оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, технологиянын теориялық әзірлемесі түрінде ұсынылады;
- зерттеуші әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – әлеуметтік-педагогикалық құбылысты, оның құрамдас бөліктерін, танылу ерекшеліктерін, танылу динамикасын, дамуын, сапалы өзгеруін бағытталған түрде басқару мүмкіндіктерін танып-білуге (терең танып-білуге) мүмкіндік беретін арнайы құрылған, ғылыми негізделген әдіс (әдістер мен құралдардың жиынтығын пайдалану жүйесі). Ол әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың өзін, танылу динамикасын танып қана қоймай, үдерістің сапалы өзгеруін жобалауға мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар: зерттеу бағдарламалары, зерттеу қызметі әдісі; эксперименттік әзірлеме түрінде ұсынылуы мүмкін.
Технологияның екінші тәсілдемесіне сәйкес, бұл – белгілі бір орта жағдайында адаммен, топпен жұмыста болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістерді (әдістердің жиынтығын), құралдар мен тәсілдерді маманның (мамандардың) іске асыруы бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсатты түрде бағытталған және неғұрлым оңтайлы жүйелілігі (ретке келтірілген іс-әрекеттердің, операциялардың және рәсімдердің жиынтығы). Мұндай технологиялар (практикалық-бағдарланған) қолданбалы сипатта болады. Олар арнаулы теориялық әзірлемелердің немесе бұған дейінгі (іс жүзіндегі) тәжірибенің негізінде құрылады.
Жалпы тұрпатты практикалық технология – бұл маманның (мамандардың) белгілі бір ортада адаммен, топпен жұмыс істеуде болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістер, құралдар мен әдістердің жинақталуын іске асыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметінің мақсатты түрде бағытталған, жобаланған және жоспарлы түрде атқарылатын оңтайлы жүйелілігі. Технологияның мұндай тұрпаты мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызмет бағдарламалары: маманның (мамандардың) әлеуметтік-педагогиканың жалпы мәселелерін нақтылы объектімен жұмыста шешу үшің қолданылуы мүмкін. Олар әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың сатылы кезеңдерін, әдістер мен құралдарын негіздеу және оларға болжалды нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік ұсынымдар түрінде ұсынылуы мүмкін.
Мұндай тұрпатты технология мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызметтің бағдарламалары: маманның әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді (индивидуалдық даму және тәрбиелеу, түзету, педагогикалық оңалту) бойынша қолданыстағы әдістерді, жүйелілік және оларды қолданудағы ерекшелікті қамтитын жұмыс әдісі.
Жеке тұрпатты практикалық технология, бұл – ортаның белгілі бір жағдайларында адаммен, топпен жұмысында болжанған мақсатқа жетуді сипатты түрде қамтамасыз еетін, белгілі бір жоспар бойынша реттелген, жоспарланған және жүйелі түрде іске асырылатын іс-әрекеттер, операциялар мен рәсімдер. Бұл жағдайда әлеуметтік-педагогикалық технология болжанған нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін оңтайлы жүйелілік пен олардың іске асырылуын ерекшеліктерін сипаттау түрінде ұсынылуы мүмкін.
Әлеуметтік педагогикалық технологияның мұндай тұрпаты әлеуметтік педагогиканың жеке міндеттерін шешуде қолданылуы мүмкін. Мұндай технологияға мынадай мысалдарды келтіруге болады:
- жеке әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді (проблемаларды) шешу үдерісінде маман қызметінің сценарийі;
- жеке әлеуметтік-педагогикалық технологияны шешу контексінде белгілі бір әдісті іске асыру әдісі;
- Әлеуметтік-педагогикалық проблеманы шешу сценарийі және оған маман үшін әдістемелік ұсынымдар.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның барлық тұрпаты (теориялық, зерттеушілік және практикалық) өзара байланысты. Олар бір-бірін жиі толықтырып, танымдық және практикалық қызметтен қол жеткізілген нәтижелерді нақтылауға және жетілдіруге ықпал етеді.
Арнаулы әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің немесе маманның адамдардың түрлі топтарымен - әлеуметтік педагогика объектілерімен жұмысында жинақтаған практикалық жұмыс тәжірибесі негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияның тұрпатты нұсқауларының банкін құруға болады. Әрбір тұрпаттық технология теориялық, зерттеушілік немесе қолданбалы сипаттағы нақтылы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешу мүддесінде клиенттердің белгілі бір тобына бағдарланады.
Әлеуметтік педагогиканың әдістемелік білімінің технологиялық деңгейі.
«Технология» ұғымын анықтауда осы сөздің құрылымының ерекшелігінен екі түрлі тәсілдеме туындайды.
Біріншісіне сәйкес, технология, бұл – практикалық қызметтің өнері, шеберлігі туралы ғылым. Бұл контексте әлеуметтік-педагогикалық технология – болжанған әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа жету өнері туралы ғылым. Ол әлеуметтік-педагогикалық технологияның өту заңдылықтарын, оған елеулі ықпал ететін факторларды, мақсатқа жетуді оңтайландыру жағдайларын зерттейді. Мұндай технология теориялық-з Олардың ішінде:
- теориялық әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – белгілі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық мәселені (әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды) шешу үшін қажетті неғұрлым оңтайлы әдістер, құралдар мен тәсілдер (әрекеттер, операциялар мен рәсімдер) туралы ілім. Мұндай технология қызметтің нақтылы объектісіне қатысты қалыптасқан жағдаяттың белгілі әлеуметтік-педагогикалық проблемасын шешудің нұсқасын сипаттауда, талдауда, негіздеуде пайдаланылады. Теориялық әлеуметтік-педагогикалық технологияның үлгілері: оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, технологиянын теориялық әзірлемесі түрінде ұсынылады;
- зерттеуші әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – әлеуметтік-педагогикалық құбылысты, оның құрамдас бөліктерін, танылу ерекшеліктерін, танылу динамикасын, дамуын, сапалы өзгеруін бағытталған түрде басқару мүмкіндіктерін танып-білуге (терең танып-білуге) мүмкіндік беретін арнайы құрылған, ғылыми негізделген әдіс (әдістер мен құралдардың жиынтығын пайдалану жүйесі). Ол әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың өзін, танылу динамикасын танып қана қоймай, үдерістің сапалы өзгеруін жобалауға мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар: зерттеу бағдарламалары, зерттеу қызметі әдісі; эксперименттік әзірлеме түрінде ұсынылуы мүмкін.
Технологияның екінші тәсілдемесіне сәйкес, бұл – белгілі бір орта жағдайында адаммен, топпен жұмыста болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістерді (әдістердің жиынтығын), құралдар мен тәсілдерді маманның (мамандардың) іске асыруы бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсатты түрде бағытталған және неғұрлым оңтайлы жүйелілігі (ретке келтірілген іс-әрекеттердің, операциялардың және рәсімдердің жиынтығы). Мұндай технологиялар (практикалық-бағдарланған) қолданбалы сипатта болады. Олар арнаулы теориялық әзірлемелердің немесе бұған дейінгі (іс жүзіндегі) тәжірибенің негізінде құрылады.
Жалпы тұрпатты практикалық технология – бұл маманның (мамандардың) белгілі бір ортада адаммен, топпен жұмыс істеуде болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістер, құралдар мен әдістердің жинақталуын іске асыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметінің мақсатты түрде бағытталған, жобаланған және жоспарлы түрде атқарылатын оңтайлы жүйелілігі. Технологияның мұндай тұрпаты мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызмет бағдарламалары: маманның (мамандардың) әлеуметтік-педагогиканың жалпы мәселелерін нақтылы объектімен жұмыста шешу үшің қолданылуы мүмкін. Олар әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың сатылы кезеңдерін, әдістер мен құралдарын негіздеу және оларға болжалды нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік ұсынымдар түрінде ұсынылуы мүмкін.
Мұндай тұрпатты технология мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызметтің бағдарламалары: маманның әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді (индивидуалдық даму және тәрбиелеу, түзету, педагогикалық оңалту) бойынша қолданыстағы әдістерді, жүйелілік және оларды қолданудағы ерекшелікті қамтитын жұмыс әдісі.
Жеке тұрпатты практикалық технология, бұл – ортаның белгілі бір жағдайларында адаммен, топпен жұмысында болжанған мақсатқа жетуді сипатты түрде қамтамасыз еетін, белгілі бір жоспар бойынша реттелген, жоспарланған және жүйелі түрде іске асырылатын іс-әрекеттер, операциялар мен рәсімдер. Бұл жағдайда әлеуметтік-педагогикалық технология болжанған нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін оңтайлы жүйелілік пен олардың іске асырылуын ерекшеліктерін сипаттау түрінде ұсынылуы мүмкін.
Әлеуметтік педагогикалық технологияның мұндай тұрпаты әлеуметтік педагогиканың жеке міндеттерін шешуде қолданылуы мүмкін. Мұндай технологияға мынадай мысалдарды келтіруге болады:
- жеке әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді (проблемаларды) шешу үдерісінде маман қызметінің сценарийі;
- жеке әлеуметтік-педагогикалық технологияны шешу контексінде белгілі бір әдісті іске асыру әдісі;
- Әлеуметтік-педагогикалық проблеманы шешу сценарийі және оған маман үшін әдістемелік ұсынымдар.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның барлық тұрпаты (теориялық, зерттеушілік және практикалық) өзара байланысты. Олар бір-бірін жиі толықтырып, танымдық және практикалық қызметтен қол жеткізілген нәтижелерді нақтылауға және жетілдіруге ықпал етеді.
Арнаулы әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің немесе маманның адамдардың түрлі топтарымен - әлеуметтік педагогика объектілерімен жұмысында жинақтаған практикалық жұмыс тәжірибесі негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияның тұрпатты нұсқауларының банкін құруға болады. Әрбір тұрпаттық технология теориялық, зерттеушілік немесе қолданбалы сипаттағы нақтылы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешу мүддесінде клиенттердің белгілі бір тобына бағдарланады.
10-дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс, оның мәні мен мазмұны, негізгі құрамдас бөліктері
Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс және оны жетілдіру жолдары
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметі болжамды мақсатқа жетуге бағытталған белгілі үдерісті құрайтын сабақтас кезеңдер жүйесін білдіреді.
Бұл ретте, мына мәселелерді қарастыру қажет:
- әлеуметтік-педагогикалық үдеріс ұғымы, мәні мен мазмұны;
- әлеуметтік-педагогикалық үдерістің негізгі құрамдас бөліктеріне жалпы сипаттама.
Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс ұғымы, мәні және мазмұны
Педагогикалық әдебиетте «педагогикалық үдеріс» деген ұғым бар. Алайда, оны түсінуге бірыңғай көзқарас жоқ. Оның мәнін түсінуге неғұрлым типтік көзқарастар мынадай:
- даму және білім беру мәселелерін шешуге бағытталған педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнаулы ұйымдастырылған, мақсатты түрдегі өзара әрекеті (Виталий Александрович Сластенин (1930-2010));
- тәрбиеленушінің тұлғасын қалыптастыру, дамыту және білім беру мақсатындағы мұғалім мен оқушының (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің) жүйелі әрекетінің жиынтығы (Татьяна Александровна Стефановская).
«Педагогтық үдеріс» сөз тіркесін Петр Федорович Каптерев (1849-1922) енгізген. Педагогикалық үдеріс ұғымында ол «жеке тұлғаның өзін-өзі түбірлі түрде дамытуы негізінде, күші жеткенше әлеуметтік мұратқа сәйкес жан-жақты жетілуі» деп түсінді, П.Ф.Каптеревтің осылай аталатын еңбегінде педагогикалық үдерістің мәні мен мазмұны ашып көрсетілген. Ол әлеуметтік педагогикалық үдерісті ішкі және сыртқы деп бөлген..
Ішкі педагогикалық үдеріс адам организмінің қасиеттерімен және қоршаған ортасымен анықталатын адамның өзін-өзі дамыту үдерісін білдіреді. «Үдеріс қажеттілікпен іске асырылады: организм өзіне тән заңдар бойынша әсерлерді жаңғыртады және қайта өңдейді, соның әсерімен - әрекет етеді. Бүкіл үдеріс өзіндік шығармашылық сипатта өтеді, біреулердің нұсқауларымен емес, органикалық қажеттілік бойынша іске асады»2.
Ішкі педагогикалық үдеріс мыналарды көрсетеді:
- адам дамуының жалпы көрінісін. Бұл жағдайда ол (үдеріс) адамның әлеуметтік-педагогикалық дамуы қандай болуға тиіс екендігінің үлгісін сипаттайды;
- типтік топқа жататын адамның даму ерекшелігін, мысалы, адамның есту, көру, психологиялық дамудағы ауытқушылығы проблемаларымен даму және тәрбиелену ерекшелігі;
- нақтылы адамның жеке қасиеттері, қабілеттері, сапасы есебімен
дамуы,оқуы және тәрбиеленуі.
Сыртқы педагогикалық (білім беру) үдерісіП.Ф.Каптеревтің пікірінше, «аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа өз басынан кешіргендері мен көргендерін, өзінің бабаларынан, одан да бұрынғы өткен ұрпақтардан дайын алған тәжірибесін беру үдерісі. Бұрынғы өткен, қазіргі өмір сүріп жатқан адамзаттың жинақтаған неғұрлым бай құндылықтары «мәдениет» деген бір сөзге сыйғызылғандықтан, білім беру үдерісі сырттай қарағанда аға ұрпақтан - кейінгі ұрпаққа, бұрын өмір сүрген адамзаттан қазіргі өмір сүріп жатқан адамзатқа мәдениетті тапсырушы ретінде түсіндірілуі мүмкін»3.
Сыртқы педагогикалық үдерісті түсінуге деген мұндай көзқарас кең -мағынасында кез-келген қоғам дамуының жалпы үрдісін аға ұрпақтың мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізуші ретінде сипаттайды.
Сыртқы педагогикалық үдеріс адамға қатысты үдеріс ретінде:
- жалпы адамды тәрбиелеу (тәрбиені түзеу, қайта тәрбиелеу, түзету); жеке педагогикалық мәселені шешу. Бұл ретте, ол тәрбие қызметінің технологиялық жағын көрсетеді.
- адамдардың белгілі топтарымен, мысалы, психологиялық дамуында, тәрбиеленуінде т.б. ауытқушылықтар бар балалармен жұмыста жеке тәрбиелік мәселелерді шешу. Бұл ретте, ол тәрбие қызметінің арнаулы технологиялық үдерісін көрсетеді;
- нақтылы адамды тәрбиелеу, белгілі тәрбиелік мәселені шешу – тәрбие жұмысының жеке технологиясын іске асыру үдерісі.
Осылайша, өз мәніне қарай, сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдеріс, бұл – әлеуметтік педагогтың (субъектінің) объектінің ішкі әлеуметтік- педагогикалық үдерісінің дамуын қамтамасыз етудің қажеттігімен байланысты әрекетінің мақсатты сабақтастығы, маманның кәсіби қызметінің белгілі мақсатына қол жеткізу.
Нақтылы адамға қатысты ішкі және сыртқы үдерістердің арасында педагогикалық үдерістің тұтас сипатын көрсететін тығыз байланыс пен өзара келісім болады.
______
1 П.Ф.Каптерев. Педагогический процесс ( «Русская школа» журналы басп.) СПб. : Б.М.Вольфтің Тип-Литографиясы, 1905. 51-б.
2 Сонда. 33-б.
3 Сонда. 1-б
Бұл айтылғандар әлеуметтік-педагогкалық үдерісті тиісті әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың жүйелі түрде заңды әлеуметтік дамуы (сапалы өзгеріс) ретінде: адамның әлеуметтенуі, жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттері (үдерістің ішкі жағы) және олармен байланысты әлеуметтік педагог әрекетінің мақсатқа сәйкес дәйектілігі, оның тәрбиеленушімен белгілі әлеуметтік- педагогикалық мақсатқа (үдерістің сыртқы жағы) жетуді қамтамасыз ететін өзара әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. .
Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс, бұл - әлеуметтік педагогтың және тәрбиеленушінің әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды ортаның арнаулы немесе табиғи жағдайында педагогикалық құралдармен шешуге бағытталған өзара әрекеті. Оның жеке адам жөніндегі мақсаты - проблеманы шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өзара әрекеттестікке бағытталған қолдау көрсетіп, қозғау жасау, жәрдем беру болып табылады.
Біртұтас әлеуметтік-педагогикалық үдеріс ішкі және сыртқы үдерістердің бірлігі мен өзара байланыстылығы болып табылады. Бұл ретте, сыртқы үдеріс ішкі үдеріспен қатаң түрде (оның талаптарымен, мүмкіндіктерімен, өзгеру динамикасымен) келіседі және оның неғұрлым мақсатқа сай дамуын қамтамасыз етеді, әлеуеттің неғұрлым толық іске асырылуына мүмкіндік туғызады.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің жүйе құрушы факторы – оның мақсаты (әлеуметтік мұрат) және онымен байланысты тиісті әлеуметтік-педагогикалық қызмет болып табылады.
Әлеуметтік – педагогикалық үдерістің негізгі құрамдас бөліктеріне жалпы сипаттама
Кез-келген үдерістің даму кезеңдері (сатылары) болады. Сапалы өзгеруі оның сатылары ретінде жиі сипатталады (уакытша кезеңдер). Кезең мен саты синоним ретінде жиі қолданылады.
Кезеңдер (сатылар) тәрбие, даму үдерісінде қандай жағдайда, қанша уақыт ішінде нелердің іске асатындығына тәуелді түрде анықталады. Олардың белгілері тиісті әлеуметтік-педагогикалық құбылыста тұлғаның жас мөлшерінің өзгеруі болуы мүмкін. Олардың әрқайсысындағы неғұрлым сипатты (типтік) сапалық өзгерістер (танылуы) бір кезеңнің басқа кезеңнен өзгешелігін ажыратуға мүмкіндік береді.
Егер адамның бүкіл өміріндегі әлеуметтік даму үдерісін қарасақ, даму кезеңдері адамның әлеуметтік мәртебесінің өзгешеліктерімен: бала, оқушы, студент, сондай-ақ, оның әлеуметтік даму және танылу ерекшеліктерімен анықталады.
Осы заманғы жасқа байланысты психология және педагогика жас ерекшеліктеріне қарай дамудың нақтылы кезеңдері мен сапалық және сандық сипаттарын, сондай-ақ, олардың әрқайсысындағы адамның даму ерекшеліктерін анықтап берді. Бұл білімдер әлеуметтік педагогқа адамның әрбір даму кезеңдеріндегі әлеуметтік дамуы барысын бағалауға және соған сәйкес әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсаты мен сипатын анықтауды бағдарлауға көмек береді.
Ішкі мазмұнның мүмкіндіктерін іске асыру пәрменділігі көбіне сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдеріспен анықталады. Ол қандай деңгейде қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді, мақсатқа сай ынталандырады немесе жағымсыз жағдайды тежейді, сондай мөлшерде ішкі үдерістің әлеуетін іске асырады. Әлеуметтік педагог үшін сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мәнісін білу және оны өзінің кәсіби қызметінде іске асыра білу маңызды фактор болып табылады.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мазмұнын қарауда екі түрлі тәсілдеме негізге алынады, олар: функционалдық және құрылымдық.
Функционалдық тәсілдеменақтылы маманның кәсіби қызметінің әрбір кезеңіндегі (кезең бөліктеріндегі) ерекшелігін анықтайды. Ол әлеуметтік педагогтың белгілі тұлғамен (топпен) кәсіби қызметінде неғұрлым мақсатқа сай нұсқасын іздеу, сондай-ақ, оның ұтымдылығын бағалау үшін маңызды.
Құрауыштарының құрамы бойынша бұл тәсілдеме құрылымдық тәсілдемеден субъекті мен объектісінің болуымен, сондай-ақ, функционалдық мақсаты бойынша әрбір кезеңге (кезең бөліктеріне) және оның маңызды құрауыштары ретінде кезең бөліктеріне (мысалы, диагностикалық-бағдарлаушы кезең: бағалаушы-жағдаяттық; диагностикалық; болжамдаушы кезең бөліктерін қамтиды) бөлінуімен ерекшеленеді.
Әлеуметтік педагогикалық үдеріс субъектісі–бұл әлеуметтік педагог. Оның ұстанымы көбінесе уәждемемен, әзірлікпен, әлеуметтік тәжірибемен, жеке кәсіби қызметінің стилімен анықталады.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістіңмазмұны мен бағыты әлеуметтік-педагогикалық қызметтің белгілі объектісіне (адамдардың түрлі топтары – нормаға сәйкес келетін, сонымен бірге, қайсыбір ауытқушылықтары бар, түрлі жастағы, әлеуметтік қорғалмаған адамдар), оның жеке ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, әлеуметтік проблемаларына деген көзқарасына, оны шешу мүмкіндіктеріне бағдарланды.
Субъект пен объект әлеуметтік-педагогикалық үдерістің өзгешелігін анықтайды.
Субъектінің әлеуметтік-педагогикалық қызметі оның кәсіби мақсатына сәйкес іске асырылады, бұл маман қызметінің негізгі мақсатымен байланысты және нәтижесінің идеалдық көрінісі болып табылады. Бұл ретте, оның ақиқатқа сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін.
Функционалдық тәсілдеме бойынша әрбір кезеңнің функционалдық мақсаты болады, ал әдебиетте педагогикалық үдеріске функционалдық тәсілдеменің мынадай кезеңдері көрсетіледі:
-диагностикалық-болжалдық;
-технологияны таңдау;
-тікелей дайындық;
-іске асырушы;
- бағалаушы – нәтижелік
Құрылымдық тәсілдеме белгілі мақсатқа жету бойынша қызметтің сипатын зерттеу және талдау үшін маңызды. Оның құраушы құрам шартты белгілері бойынша мынадай кезеңдерді қамтиды:
- дайындық;
- тікелей қызмет (таңдап алынған педагогикалық технологияны іске асыру үдерісі)
- нәтижелік;
Оларға толығырақ тоқталайық.
Дайындық кезеңі оның мазмұнын анықтайтын мынадай кезең бөліктерін құрайды;
1. Ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін айқындау
және әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсатын анықтау. Негізінен, мәселе функционалдық тәсілдеме мағынасындағы қызметтің диагностикалық-болжамдау кезеңі туралы айтылып отыр.
Аталмыш кезең бөлігі мынадай құрауыштарды қамтиды.
Объектінің диагностикалық және жеке дара қасиеттерін анықтау. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет нақтылы жеке тұлғаға бағдарланады. Объектінің (баланың, жасөспірімнің) әлеуметтік проблемаларына, оның жеке дара мүмкіндіктеріне, соның ішінде, өтемдеуіштік (компенсаторлық) және шектеуліктеріне (дене, физиологиялық, психологиялық), күнделікті әлеуметтік танылу өзгешеліктеріне байланысты, қызметке нысаналы түрде болжамдау жүргізуге болады.
Диагностика мыналарды анықтауды қарастырады:
- адамның жеке дара ауытқушылықтары мен онымен байланысты туындаған әлеуметтік проблемалары;
- клиенттің жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, оның өзінің қабілеттерін іске асыру үшін мүмкіндік беретін оңды әлеуеттері;
- адам ұстанымының ерекшеліктері, оның өзінің қабілеттерін іске асыруға көзқарасы, мақсатқа жетудегі (жеке тұлғалық) мүмкіндіктері, өзін-өзі жетілдіру жұмысындағы белсенділігі, әлеуметтік педагогқа қарым-қатынасы;
- клиент өмір сүретін орта және онымен байланысты өзінің қабілеттілігін іске асыру мүмкіндіктері.
Әлеуметтік педагогтың түрлі ауытқушылықтары, ерекше мұқтаждықтары бар адаммен жұмыс істейтіндігін ескере отырып, диагностика түрлі медициналық, психолог мамандардың қатысуын жиі қажет етеді. Мұндай тәсілдеме тәрбиелеушіге, клиентке неғұрлым толық диагностиканы мынадай негізде жүргізуге мүмкіндік береді:
- әлеуметтік-педагогикалық сипаттама;
- тәрбиеленушіге (клиентке);
- оның негізгі әлеуметтік- педагогикалық проблемаларын тұжырымдау;
- әлеуметтік педагогқа тәрбиеленушімен (клиентпен) жұмыста ұсынымдар әзірлеу; айғақ; күні бұрын сақтандыру (оның басты мақсаты – «зиян келтірме»); клиентпен және оның маңайындағылармен өзара неғұрлым оңтайлы әрекеттесуін орнату үшін кеңестер.
Диагностикалық факторлардың адамның жеке дара қасиеттерін (жеке дара ерекшеліктерін, мүмкіндіктері) айқындауға мүмкіндік беруі келесі кезең бөліктеріне өтуге жол ашады.
Әлеуметтік- педагогикалық болжамдау.Негізінде, мәселе ішкі әлеуметтік -педагогикалық үдеріс білімі және оның байқалу динамикасын бағдарлай білу туралы.
Әлеуметтік-педагогогикалық болжамдау. Негізінде, мәселе ішкі әлеументтік-педагогогикалық үдеріс білімі және оның байқалу динамикасын бағдарлай білу туралы Әлеуметтік педагог адамды және оның даму зандылықтарын (жеке тұлғаның маманды қызықтыратын сапалық қасиеттері) түсіну есебімен педагогикалық болжамдау мүмкіндіктеріне ие болады.
Әлеуметтік-педагогикалық болжамдаудың нысанасы ретінде:
- ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдеріспен байланысты құбылыстардың бағыттылығы, динамикасы және қарқындылығы; клиенттің өз проблемаларын өзі шешуі бойынша ішкі ұстанымының бағыттылығы мен мүмкін болатын динамикасы; клиенттің ішкі ұстанымының тұтастай (жалпы) немесе жекелеген өзгеру мүмкіндігі анықталады;
- сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдеріспен байланысты проблемалар; әлеуметтік педагогтың клиенттің өз проблемаларын дербес шешу жөніндегі ұстанымы мен белсенділігінің оңтайлы және бағытталған түрде өзгеруін қамтамасыз етуге және болжанған мақсатқа жетуге қабілеттілігі; әлеуметтік педагогтың және клиенттің болжанған мақсатқа жету мүмкіндіктеріне жағдайдың сәйкестігі анықталады.
Болжамдау, біріншіден, клиенттің жеке тұлғасы туралы жеткілікті түрде толық мәліметтің болуына, екіншіден, әлеуметтік-педагогикалық қызмет субьектісінің жеке тәжірибесі мен ішкі түйсігіне негізделеді.
Кәсіби қызметінің басында маман (әлеуметтік педагог) оқу құралдарының деректерін, клиенттің әлеуметтік проблемаларын оның жеке бас ерекшелігіне қарай шешу мүмкіндігін арнаулы зерттеуді пайдаланады және қандай жағдайда жұмыстың қандай нұсқасын қолданған жөн, оның мүмкіндіктері қандай екендігі туралы ұсынымдарға сәйкес жұмыс істейді. Уақыт өте келе түрлі технологияларды қолдана отырып, жұмыс тәжірибесін жинақтайды, педагогикалық түйсігін дамытады, клиенттің болашағын және өзінің әлеуметтік педагогикалық қызметінің болашағын неғұрлым сенімді болжауға мүмкіндік алады.
Әлеуметтік педагог өзінің әлеуметтік мақсаттарын жеке басының түсінуіне және тәрбиеленушімен (клиентпен) жұмыс мүмкіндіктеріне сәйкес, оның жеке дара ерекшеліктерін және қызмет жағдайларын біле отырып, өз қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Мақсатты анықтау деп атауға болатын әлеуметтік-педагогикалық үдерістің келесі кезең бөлігінің мәні осында.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мақсаты әлеуметтік педагогтың клиентпен өзара әрекетінде неге ұмтылу керектігін анықтайды. Өз мәніне қарай, бұл - әлеуметтік педагогтың осы тәрбиеленушімен (клиентпен) жұмысында ұмтылатын әлеуметтік мұраты болып табылады. Мақсатқа сәйкес, оған қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін шешілуге тиіс міндеттер анықталады.
2. Сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерісті іске асырудың мазмұны мен тәсілін айқындау - технологияны таңдау және оны іске асыру тәсілі.
Бұл кезең бөлігі мынадай құрауыштарды қамтиды:
Әлеуметтік-педагогикалық модельдеу.Оның мағынасы - әлеуметтік педагогтың жеке тәжірибесі мен ортаның мүмкіндігі есебімен болжамды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін нақтылы технологияны іске асыру бойынша, мақсатты қызметтің бейнесін эмпирикалық түрде жасау болып табылады. Ол жалпы немесе жеке сипатта болуы мүмкін: жалпы мақсатқа жету немесе жеке міндетті шешу. Модельдеудің басты мақсаты - әлеуметтік педагогқа тиісті жағдаятта болжамды нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретін неғұрлым қонымды педагогикалық технологияны таңдауға көмек беру.
Технологияны таңдау.Технология бұған дейін жинақталған тәжірибенің немесе субъектінің нақтылы жағдаятта қолдану үшін айқындаған және негіздеген мақсатқа жету жолдарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік педагогқа технологияны таңдау (жасау) үшін мыналарды білу қажет:
- клиенттің әлеуметтік проблемалары;
- клиенттің әлеуметтік проблемалары мен оның туындау себептері;
- клиенттің жеке дара қасиеттері: ауытқушылықтар, ұстанымы мен мүмкіндіктері;
- мақсаты (неге ұмытылады, нені күтуге болады) және оған жету үдерісінде шешілуге тиіс негізгі міндеттер;
- технологияларды іске асыру жағдайлары (мамандандырылған орталықта, үйде);
- технологияны іске асырудың мүмкін нысандары (стационар жағдайында; үй жағдайында; әлеуметтік қызмет көрсету орталығында);
- технологияның қайсыбір түрлерін қолданудағы өз мүмкіндіктері;
- технологияны іске асыру уақыты бойынша шектеулер.
Әрбір әлеуметтік-педагогикалық проблеманы шешу үшін бір не бірнеше технология қолданылуы мүмкін. Олардың әрқайсысы клиенттердің белгілі топтарына және шешілетін проблемаға бағдарланған. Ол: оның шешімі бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің нұсқасын суреттеу; іске асыруға арналған ұсынымдар, жеке тұлғаға, әлеуметтік педагогтің кәсіби даярлығына және қызметіне қойылатын негізгі талаптарды қамтиды. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мамандандырылған орталығында түрлі әлеуметтік проблемалар бойынша технологиялар банкі құрылуы мүмкін.
Бұдан әрі оның технологияны іске асыру тәсілін – жобалауды анықтау қажет.
Әлеуметтік-педагогикалық жобалау таңдап алынған технологияны іске асырудың неғұрлым мақсатқа сай тәсілді таңдауға және жоба құруға мүмкіндік береді. Бұдан кейін келесі құрауышқа өту іске асырылады.
Қызметті жоспарлау жұмыстың түрлері, орны мен уақытын іске асырудың кестесін әзірлеуді қарастырады (қызмет сипаты). Ол қызметтің кешенділігі мен қарқындылығын қамтамасыз ете отырып, түпкі ойды іске асыруға көмектеседі.
Материалдық дайындық. Технологияны іске асыру белгілі әдістемелік қамтамасыз етуді қарастырады. Мәселе – мақсатқа жету бойынша мақсатқа сай қызмет үшін қажетті әдістемелік және дидактикалық материалды әзірлеу туралы.
Технологияны сынамалау әлеуметтік-педагогикалық қызмет технологияны индивидуализациялауды талап ететін жеке тұлғамен немесе топпен жұмыс істейтіндігімен байланысты қажет. Ол технологияның жеке дара түзетілуін анықтап, соның негізінде оны айқындауға көмектеседі. Мұнда әлеуметтік-педагогикалық үдерістің субъектісі мен клиенті бірлескен қызметке бейімделеді және бұл технологияны іске асыру тиімділігінің аса маңызды факторы болып табылады.
Осымен бірінші кезең аяқталып, екінші кезеңге өту басталады.
Таңдалған технологияны іске асыру бойынша тікелей қызмет кезеңі әдістердің, құралдардың, амалдардың жиынтығын пайдалану.Оның аясында жоспарланған нәтижелері және белгілі сапалық-сандық көрсеткіштермен ерекшеленетін өз кезеңдерінің бөліктері болады.Бұл кезеңде технологияның одан әрі жекеленуі жүреді. Кезең алға қойған мақсатқа белгілі бір дәрежеде қол жеткізумен аяқталады.
Нәтижелік кезең алынған нәтижелерге талдау жасау және қызметке баға беруді, сондай-ақ, перспективаны анықтауды көздейді.
Ол мынадай кезең бөліктерін қамтиды:
- қызмет үдерісінің нәтижелілігін алдын ала бағалау. Әлеуметтік- педагогикалық үдерістің пәрменділігі жөнінде ақырғы қорытындыны жасау үшін, адамның табиғи тіршілік қарекеті ортасында өзінің қабілеттерінің қандай деңгейде іске асырылатын көре білу маңызды.
Мұндай баға беру үшін адамға жаңа ортаға бейімделу және өзін-өзі танытуға мүмкіндік беру қажет;
- табиғи жағдайда өз қабілеттерін іске асыруға бейімделу. Мамандандырылған білім беру мекемелерінде немесе құрдастарымен араласу ортасынсыз үй жағдайында құқықтарын қалпына келтіру, қайта тәрбиелеу, түзету нәтижелері бойынша іске асады. Ойластырылған, жақсы ұйымдастырылған бейімдеу қызметтің қол жеткен нәтижелерін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге, бүкіл үдерістің нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік беретіндіктен, оны аяқталған операция ретінде санауға болады:
- сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерісті және оның нәтижелілігін жалпы бағалау;
- әлеуметтік-педагогикалық үдерісті іске асыру бойынша жалпы (қорытынды) тұжырымдар.
Әлеуметтік педагогтің қызметі үдерісінің пәрменділігін көтеру жолдары қандай?
Ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдеріс оны жетілдірудің жолдарын анықтаушы факторлармен байланысты:
- клиенттің тиісті бейімделуге, құқықтарын қалпына келтіруге ішкі (жеке дара) мүмкіндіктері;
- өз проблемаларын өзі шешу бойынша қызметін ынталандыратын клиенттің белсенділігі. Бұл фактор клиенттің өзінің айрықша рөлін көрсетеді: Ол өзін енжар өнім емес, белсенді жасампаз ретінде көрсетед;
- оңтайлы технологияны таңдау үшін қажетті қызмет үдерісіне әлеуметтік-педагогикалық модельдеуді іске асыра білу;
- неғұрлым оңтайлы технологияны және оны іске асырудың тәсілін таңдау;
- сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерісті іске асыру сапасын көрсеткен динамикасы мен оны жетілдіру мүмкіндігі есебімен қамтамасыз ету;
- клиенттің іске асыру қызметі аяқталған соң бейімделуін қамтамасыз ету, оның өз қабілеттерін іске асыруына көмек беріп, қолдау.
Осылайша ішкі және сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерістердің неғұрлым оңтайлы өзара әрекеттесуі және олардың мүмкіндікерінің толық іске асырылуын қамтамасыз етіледі.