Тергеу экспериментінің нәтижелерін тексеріп, сынау
Дайындық жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарға олардың міндеттерін, кімнің не істейтінің түсіндіріп, әрқайсысын орын – орындарына орналыстырып қояды. Тәжірибе екі жерде жүргізілсе екі топтың бір – бірімен қалай, қандай белгімен байланыс жасайтыны, тәжірибе қайталанған кезде екі жақты басқару әдістері айтылады. Эксперимент тергеушінің берген белгісі бойынша басталады. Осы белгі берілгеннен кейін тәжірибенің барысын бақылаушы топ зер салып бақылап, арнайы белгімен тәжірибе – сынақтың дұрыс жүргізілуін басқарып отырады. Егер тәжірибе барысында алдын ала қойылған шарт, міндеттер орын – далмаса, не басқаша орындалса ( мысалы, қатынасушы дублерлер тәжірибені дұрыс жасамаса ) тергеуші белгі беріп тоқтады, оны басынан бастап қайта жүргізуді талап етеді. Әр тәжірибенің қорытындысы тұжырымдалып, жазбаша түрде және суретке түсіру арқылы бекітіліп отырылады.Әр түрлі тергеу экспериментін өткізудің өзінше тактикалық ерекшеліктері бар. Сонымен қатар осылардың бәріне тән жалпы тактикалық ұсыныстар бар. Олар тәжірибе өткізуге тым көп адам қатыстырмау керек, себебі артық адамдар бір – біріне бөгет жасап, эксперименттің нәтижелі өтуіне кедергі келтіреді.
Тергеу эксперименті сол тексерілетін оқиға болған жағдайға өткізілуі тиіс. Ол үшін:
а)эксперимент тексерілетін оқиға болған уақытта, сондай көрінеу, естілу жағдайында өткізілуі;
ә)эксперимент егер мүмкіншілік болса сол оқиға болған жерде өткізілуі тиіс. Егер бұл жердің көрініс және басқа жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек.
Тәжірибе бірнеше рет қайталанып жүргізілуі қажет. Егер тергеу эксперименті үстінде әр тәжірибе бірнеше рет қайталандырылып жүргізілсе, оның барысын, қорытындысын дұрыс анықтап, түсінуге болады. Осы қайталану кезінде тәжірибелі күрделі және қарапайым түрде өзгертіліп отырылады.
Қайталап өткізу дегеніміз тек бір тәжірибені бірнеше рет қайталау деп түсінуіміз керек. Егер бір тергеу экспериментін өткізгенде екі, үш не одан да көп тәжірибе өткізу көзделсе, онда әр тәжірибе бірнеше рет қайталануы керек.
Тәжірибені қайталап өткізу деген түсінікті экспериментті қайта өткізу деген түсініктен ажырата білу керек. Егер эксперимент жүргізілмеген немесе іс жүргізу заңдылығына қайшы жүргізілген жағдайда ол қайта жүргізіледі. Мұны да тергеу әрекетінің қайта өткізілуі деп түсінуі керек. Ал, тәжірибенің қайталануы ол бір тергеу әрекетінің шеңберінде оның элементінің қайталануы. Тәжірибелер бірнеше кезеңге бөлініп өткізілуі тиіс және бірнеше бөлімге бөлініп, әр бөлім жеке – жеке талданып, қабылдануы керек. Бұл тәжірибені толық көруге мүмкіншілік береді.
Тергеу экспериментін жүргізу туралы шешімді қабылдаудың қажеттігі тергеушінің немес қылмыстық процеске қатысушылардың біреуінде қандай да бір оқиғаның, фактінің, құбылыстық мазмұны туралы негізделген күмәндары болып және осыған байланысты әр түрлі болжамдар пайда болған кезде болады. Бұндай шешімді қабылдамастан бұрын тергеуші күмәндарды сараптама жүргізбей тәжірибелік жолмен тексерілуі мүмкін екендігіне сенімді болуы керек және іс құжаттарында тексерілетін оқиғаның, фактінің немесе құбылыстың өткен немесе себеп болған ( қандай да бір дәрежеде себін тигізген ) жағдайлар туралы әрі жеткілікті, әрі обьективтідеректер болуы керек. Егер де бұл шарттар нақты анықталмаса, онда эксперимент жұргізу мағынасыз, өйткені ол обьективті нәтиже бере алмайды. Сонымен қатар, тергеуші пайда болған сұрақты, бұдан гөрі қарапайым жолмен шешудің амалын қарастыру керек. Мұндай шарттардың бар екендігіне және тап осы кезде пайда болған күмәндарды басқа жолмен шешу мүмкін еместігіне әбден көзі жеткенде ғана тергеуші тергеу экспериментін жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Бәрінен бұрын іс құжаттармен мұқият танысу керек, әсіресе тексерілетін фактілерге қатыстысын, оның ішінде оқиға болған жеодің хаттамасы, егер де соған қатысты фактілер тексерілетін болса, тексерілетін фактілерге қатысты жауаптар т.б. Іс құжаттармен тексерілгеннен кейін, өзінде келесі мәселелерді қамтыған тергеу экспериментін жүргізудің жоспары құрылуы мүмкін:
1)Тергеу эксперименті қай жерде жүргізіледі? Оқиға болған жерде, тергеушінің қабинетінде ( егер тексерілетін факт оқиға болған жерге қатысы болмаса ) немесе басқа жерде?
2)Эксперимент шараларын барынша шынайы жағдайға жақындату үшін не істеу керек және оны қалай істеу қажет? Әсіресе, жағдайдың қандай детальдары, заттары шынайы болу керек, ал қайсылары макеттермен ауыстырылуы мүмкін?
3)Тексерілетін оқиға өткен кездегі, егер олардың қажеттігі болса, ауа – райы және басқа да мән – жайларды ескере отырып, тергеу эксперименті жүргізілетін уақытты ( күнін, тәулік мерзімін ) анықтайды.
4)Тергеу экспериментше қатысушылардың құрамын анықтайды, әсіресе жол жүру керек болғанда. Бұл күрделі тергеу әрекетіне мүше ретінде мыналар кіреді:
-тергеуші;
- оған көмек көрсететін жедел қызметкерлер;
-куәлер;
-яғни айғақтайдын адамдар (екеуден кем болмауы керек, тәжірибе өткізілетін жергілікті жердің ұзындығына байланысты саны да өзгереді) қажет болған жағдайларда маман, олардың қажеттілігі болса тәжірибелік қимылдарға қатысатын болса;
-сезікті;
-жәбірленушілер мен куәлер. Басқа да адамдар қатынастырылуы мүмкін (мысалы, адвокат).
5)Тәжірибелерді жүргізудің және қатысушылардың орналасу тәртібін ойластыру.
6)Тергеу экспериментінің нәтижесін бекітетін құралдар орналасуы және тергеу тобы жол жүру үшін қажет көлік құралы, туралы сұрақты шешу.
Тергеу экспериментін жүргізу туралы сұрақты шеше отырып, тергеуші қылмыстың өзін, яғни қылмыстық іс әрекеттерді қайталанбауы керектігін есінде ұстауы керек. Ешқашан бұлай істемеу керек, өйткені шын мәнінде басқа қылмыс істелінеді, сонымен қатар, әр түрлі адамдардың құқықтары бұзылуы мүмкін. Қоғамдық қауіпті емес және қылмысты емес, қылмыс әрекеттеріне байланысты жеке детальдар ғана қайтадан орындалуы мүмкін.
Эксперимент заңға сәйкес тексерілетін оқиғаны сипаттайтын ортаны және әрекеттердіқайтадан құру және тәжірибелерді орындау арқылы жүргізілуі керек. Тәжірибе көрсеткендей, ортаны қайта құру немесе әскердің қажеттілігі барлық жағдайда бірдей емес. Бір жағдайда тек қана сыртқы шарттарды қажетті және маңызды ( мысалы, эксперимент кезінде қандай да бір жағдайларды көру мүмкіншілігін тексеруінде тәулік мерзімі, ауа – райы, жарақтылық және т.б. ). Кейде сыртқы жағдайлар әсер етпейді, ал тексерілетін оқиға ортасының өзін қайта құру немесе қолдану басты болып қала бермек, яғни көбіне материалдарды обьектілерді қайта құру немесе қолдану ( яғни, қабырға немесе басқа тосқауыл, сондағы ойықтан кіру мүмкіншілігін тексерген кезде, тексерілінуші әрекеттер істелген кезде қолданылған қандай да бір қарулар, нәрселер ( немесе олардың көшірмелері, ауыстыру мүмкін болғанда макеттері ). Тексерілетін оқиғаның өткен ортасы эксперимент өткізетін уақытта дейін сақталынған жағдайларда ( бұл көбіне оқиға болған жер), тәжірибелік әрекеттерді осы жерде жүргізу керек, яғни шын мәнінде сәйкес келетін жағдайларда жүргізу керек. Сонымен бірге куәлардан және оқиға болған жерді қарау хаттамасы бойынша орта сипатында онша өзгерістер бола қоймағаны нақтыланады. Бұл мән – жайларды тергеу әрекеттің хаттамасында көрсету ұсынылған.
Тексерілетін оқиға қандай да бір қатысы бар обьектілер ( мысалы, бұзу құралдары ), тәжірибелер жүргізу кезінде шынайы болуы керек. Олар мына жағдайда ауыстырылуы мүмкін, егер тап осы заттардың ( дәлелдемелік заттардың ) қандай да бір қасиеттерін, белгілерін тексеру керек болғанда.
Тергеу экспериментінін барысы мен нәтижесін бекіту.
Тергеу экспериментінің барысы мен оның нәтижесін бекіту үшін тергеу экспериментінің хаттамасы толтырылады, жоспарлар мен схемалар сызылады, фотосуреттер мен бейнежазба, дауысты магнитке жазу қолданылады, модельдер ( макеттер ) және басқалар даярланады.
Негізгі процессуалдық құжат болып тергеу экспериментінің хаттамасы табылады, ол өткізген тәжірибелердің жағдайлары мен тәртібі, олардың мазмұгы мен алынған нәтижелер туралы мәліметтердің басты қайнар көзі ретінде қызмет етеді.
Хаттамада тек қана тәжірибе кезінде не бақыланса сол ғана бекітіледі. Ол тергеу экспериментін жүргізген адаммен толтырылады, яғни тергеушімен не болмаса анықтама органы өкілімен , тергеу экспериментін жүргізу кезінде істелінген әрекеттер толықтай баяндалуы керек, сонымен қатар алынған нәтижелер де баяндалады. Бұл жерде тергеу экспериментінің барысын бекіту кезектегі жүргізілген эксперименталды жұмыстардың тізбектігіне сәйкес келуі керек.
Хаттаманы тікелей тергеу эксперименті жүргізілген жерде немесе оны аяқтаған бойда толтыру керек. Оның ішінде тергеу экспериментінің нәтижесінен шыққан шешімдер келтірілмейді, сонымен қатар тергеу версиялары жазылмайды. Егер тергеу экспериментін жүргізу барысында фото және киносурет, бейнежазба мен дыбысжазба қолданылса, онда хаттама қолданылатын аппаратураның техникалық мәліметтерін және қолдану жағдайлары мен тәртібін көрсету керек. Сонымен қатар, техникалық құралдарды қолданар алдында тергеу экспериментіне қатысушы барлық адамдар хабардар болғандығы атап өтілуі керек.
Хаттама құрылымы үш бөлімнен тұрады:
1) кіріспе;
2) баяндаушы;
3) қорытынды.
Кіріспе және қорытынды бөлімдер қандай да бір тергеу экспериментіне ғана тән ерекшеліктен тұрмайды. Баяндама бөліміне келсек, онда тергеу эксперименті өткізілген орын мен жағдай қандай негізде ортаның реконструкциясы жүргізілгендігін және бұл реконструкция несімен білінгендігі көрсетіледі, өткізу жағдайы экспериментке қатысушылардың тұрған орны және олардың арасындағы байланыс құралы, эксперимент өткізу барысында қандай заттар қолданылады, жүргізілетін тәжірибе шарттарын өзгерту туралы арнайы атап өту, әрбір тәжірибені және алынған нәтижені толықтай баяндаудан тұрады.
ОРЫТЫНДЫ
Тақырып бойынша қорытынды беретін болсақ тергеу экспериментінің жүргізілгенде қолданылатын тактикалық тәсілдердің жүзеге асуы оның заңдылық принципіне негізделуі, сәт сәтімен орындалуы, жоспардың орындауы бойынша жүзеге асуының тереңірек түсініп маңызды мәліметтерді алдым. Қорыта айтсақ тергеу экспериментінің барысы мен қорытындысы, ең алдымен, хаттамалар арқылы көрсетіледі. Хаттаманың баяндау бөлігінде тәжірибені кімнің қашан, қандай мақсатта, қалай жүргізгені, тәжірибені өткізу жағдайы, оған қандай заңдардың пайдаланғаны, кімнің қатысып, жаңағы заттарды қалай пайдаланғаны басынан аяғына дейін, яғни еш нәрсе назардан тыс қалдырылмай жазылуы тиіс екенің білдім.
Тәжірибе фотосуреттермен немесе бейнежазбалармен нақтылануы мүмкін. Суретке эксперименттің жалпы барысы және оның әр кезеңі жеке – жеке түсіріледі. Бейнежазбасына түсіргенде де осы тәсіл қолданылады. Мұндай жағдайда мынандай шарттар мұқият сақталуы тиіс, ол үшін:
а)жалпы жағдайды, қалпына келтіру процесі мен оның нәтижесін тәжірибе жасағанға дейін назарға тоқып алу керек;
ә)жалпы әрекеттен оның әр бөлшегіне көшуге дейінгі іс үшін мәні бар әр тәжірибені есте ұстау қажет;
б)бейнежазбаны шығарғаннан кейін оны тергеу эксперименті хаттамасының мазмұнына сәйкес құрастырған жөн.
Бейнежазбалар, әрине экспериментті хаттамалаумен алмастыра алмайды, тек оны толықтыра түсуге ғана қызмет етеді.
Қажеттілігіне байланысты тергеуші, эксперимент өткізілетін жердің схемалық жоспарын жасайды, онда жекелеген заттардың, экспериментке қатысушылардың орналасу жағдайын, олардың қозғалу бағытын, басқа да сәттерді көрсетеді.
Міне, осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін ғана тергеу экспериментінің қорытындысын, осы бойынша алынған дәлелдемелер бағаланады. Тергеу экспериментінің нәтижесін бағалағанда, біріншіден, ең маңызды да шебер жүргізілген әрекеттерге, ол әрекеттердің анықтығына, екіншіден тексерілетін фактілерге қатысты жүргізілетін эксперимент, басқа да заттай дәлелдемелер негізінде жасалған тұжырымдарға, тергеушінің болжауына айрықша назар аудару керек.
Эксперименттің жағдайы мен оның қалпына келтірілуі ақиқатқа сәйкес, тәжірибе бірнеше рет қайталанғанда оның нәтижелері бірдей болған, әрекет кезінде ешқандай кездейсоқтықта жол берілмегеніне көз жеткізілген жағдайда ғана шебер әрекет ақиқат оқиға ретінде бағаланады.
Бірнеше рет қайталанғанда бір – біріне сәйкес келмесе, ондай тәжірибені ақиқат оқиға ретінде бағалауға болмайды.
Егер тәжірибе қылмыстың қалай жасалғанына көз жеткізгендей нәтиже көрсетсе, оны бұлтарпайтын ақиқат ретінде емес, тек тексерілген фактінің шындығын анықтауға ықпал ететін, ақиқаттығы мүмкін болжау ретінде ғана қабылдау керек.
Тақырыбымның негізгі міндеттерін толықтай орындап қылмысты дұрыс ашуға заңды негізде, қылмыстарды алдын алуға тергеу тактикасының жүзеге асуын талдадым.