В.А.Сухомлинскиймұғалімсөзінеқойылатынталаптар мен оныңтиімділігініңшартытуралы
В. А. Сухомлинский: ‘’Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...”- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын жалпы талаптар жүйесі.Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Негізінен педагог пен оқушы арасындағы қатынаста бірнеше талаптар ескеріледі:яғни белгілі дистанцияның болуы,сыйластық,түсіністік,тыңдай білу мен пікір айту қабәлеті секілді шарттық ұғымдар пайдаланылады.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде бала мен ұстаздың өзіндік ролі мен орны айқындалады.
60. Сөйлеу техникасын жетілдіружаттығулары (мысалкелтіру)
Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:
1. Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына, ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет.
2. Оқушылардың тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш, тұтықпа, кей дыбыстарды дұрыс айтпау және т.б.) жою мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс жасау қажет.
3. Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.
4. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу – оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі.Өйткені сөйлеу мәдениеті– мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мысалы, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі.
61. Кәсібишеберлікқұрылымындағыпедагогикалыққарым-қатынас.Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.
62. Педагогикалық еңбектегі этика мен эстетика. Этика – мораль туралы ғылым. “Этика” терминін б.з.б. ІV ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті.
Этика – мораль туралы түсінік береді, оны түсіндіреді және моральға үйретеді.
Этика - педагогтың бір ерекше қасиеті. Этиканың орысшасы «такт», латынша «тактус». Ол арабтың сыпайлылық, ізеттілік деген сөзіне келеді. Біз мұны этика деп алып жүрміз.
Сонымен, «Этика - белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің бойына сіңсе, олар адамдардың этикалық қасиеті, не этикалық сезімі болып саналады. Этика - өте қажетті қасиет, сезім мүшелерінің негізгі белгісі».
Синица И. Е. «Педагогтік этика және педагогтік шебрлік» деген еңбегінде: «Педагогтік этика - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болатынын өздеріңізде білесіздер.
Педагогикалық әрекет этикасы жай ғана сыпайлық білдіру ғана емес, ол шығармашылық, ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әрекеттің, білімділікпен іскерліктің жиынтығы. Педагогтың әрбір қадамында, баламен арақатынасында сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстамдылық, ілтипаттық, кешірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы ықыласты болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол таба білу, оны тыңдай білу, түсіне білу ұстаздық этика белгілеріне жатады.
Бүгінгі күні педагогтарға қойылатын талаптардың бірі - оның өзі тарапынан оқушымен, ата-аналармен, әріптестерімен демакратиялық, гуманитарлық тұрғыда қарым-қатынас жасау арқылы педагогтық ынтымақтастықты жүзеге асыра білу. Мұның бәрі педагогикалық этиканы сақтауды талап етеді.
Сонымен, этика - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай жасау.
Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауынада болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
Кәсіби этика – еңбектің моральдың бір түрі, ол әр түрлі мамандық иелеріне тән моральдық нормалар, мінез-құлық ережелері және моральдық бет-бейнесі туралы бағалау түрінде көрініс табады.
Кәсіби этиканың мәні мен маңызы – кәсіби міндеттерді сәтті орындауға әсер етеді, кәсіби мақсаттар мен міндеттерге жету әдістерін, құраладарын таңдауға мүмкіндік береді.
Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі:
- Еңбек объектісі – адам;
- Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік жауакершілікте;
- Педагог еңбегі психологиялық және ұйымдастырушылық жағынан күрделі;
- Педагог адамды адамгершілікке тәрбиелеу үлгісі, ол жоғары адамгершілік идеалы.151
Кәсіби этика – ұжымда моральдық микроклимат орнатады, тұлғаның моральдық денсаулығын қамтамасыз етеді, қоғамда моральдық атмосфераның қалыптасуына әсер етеді.
Педагогикалық этика кәсіби этика түрінде көрініс табады.
Кәсіби этиканың зерттеу пәні – кәсіби мораль, оның ерекшеліктері, қалыптастыру жағдайлары, нақты тарихи жағдайлардағы даму заңдылықтары.
Кәсіби мораль белгілі бір кәсіби іс-әрекет түріне тән жалпы адагершілік принциптерді нақтылайды.
Кәсіби этканың міндеттері:
Теориялық міндеттер тұлғаның адамгершілік қажеттіліктерін, моральдық құндылықтары және бағдарлануын қалыптастыру процесі туралы зерттейді, оны қалыптастыру механизмдерін, педагогтың бұл механизмге әсерін қарастырады.
Практикалық міндеттер – моральдық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді тәсілдері мен жолдарын таңдауға көмектеседі.
Педагогикалық этика мұғалімге педагогикалық ұжымдағы конфликтерді шешуге көмектеседі, моральдық конфликтерді шешу тәсілдерін үйретеді, олардың алдын алу