Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойлатын талаптар.

Оқушылар:

– жаратылыстану-ғылыми ұғымдарды, заңдарды, химия теориялары мен заңдылық қағидалары; практикалық қолданысы бар заттардың құрылымы, құрамы және қасиеттері; топтастыруды, жиынтықты, бейорганикалық және органикалық заттардың, кешенді құралымның; генетикалық байланысын; электролиттік диссоциацияның теориясын, қышқылдар және негіздер, органикалық заттардың құрылымын, ерітінділер концентрациясын анықтауы; заттардың жалпы алу жолдары; көмірсутектердің табиғи қорлары және оларды өңдеу; ерітінділер, газдар және қатты химиялық заттармен жұмыс істеу қауіпсіздік техника ережелері; қоршаған ортаны химиялық ластандырудан қорғау түрлері; қазіргі әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тануда, экологиялық қауіпсіз химиялық әдістермен қоршаған ортаны сақтау және қорғаудағы химияның рөлі мен мағынасын; заттарды және химиялық құбылыстарды танудың негізгі химиялық әдістерін, химияның эксперименталдық негіздерін; химиялық өнімдерінің өнеркәсіп өндірісі технологиясының негізгі ғылыми принциптерін; табиғатты тиімді пайдалануды, тұрмыстық химияны қолдану қауіпсіздігін; химиялық шикізаттардың табиғи ресурстарының кен орындарын, Қазақстанның өндірістік химиялық кешендерін білу тиіс;

оқушылар: атомның құрамы мен құрылысын анықтауды; заттардың құрылысын, құрылымын және қасиеттерін; заттардың формулаларын құрастыруды, органикалық қосылыстардың изомерлері мен гомологтарының құрылымдық формулаларын құрастыруды; химиялық реакциялардың теңдеулерін; заттардың құрамын және қасиеттерін анықтауды, олар қосылыстардың белгілі бір класына қатыстылығын, заттардың салыстырмалы сипаттамасын беруді; бейорганикалық және органикалық химияда химиялық реакциялардың түрлерін айыруды; жану өнімдерінің сандық талдау деректері және массалары бойынша заттардың молекулярлық формулаларын табуға арналған есептеу тапсырмаларын шешуді; құралдар және химиялық реактивтермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелеріне сәйкес химиялық эксперимент жүргізуді; химиялық зақымдану немесе улануда алғашқы көмек көрсетуді; қоршаған ортаға, өзінің және қоршаған жандардың денсаулығына ұқыпты қарауды, сабақта танысқан заттарды тұрмыста сауатты қолдана білуді меңгеруі тиіс;

– түрлі факторлардың ықпалымен тепе-теңдіктің ығысу бағытын, изомерлер және гомологтарды; заттардың органикалық қосылыстардың түрлі кластарына қатыстылығын, молекулалардағы атомдардың өзара ықпалының сипатын, бейорганикалық және органикалық химиядағы реакциялардың түрлерін анықтауы тиіс;

– химиялық s -, p - және d- элементтерді; ортақ химиялық қасиеттерді металл, бейметалл және олардың қосылыстарын; органикалық заттардың құрылымын және қасиеттерін сипаттауы тиіс;

– периодтық жүйедегі орнына байланысты элементтер мен олардан туындайтын заттардың қасиеттерін; құрамы және құрылысына байланысты бейорганикалық заттардың қасиеттерінің тәуелділігін; химиялық байланыстардың пайда болу табиғаты мен тәсілдерін; әртүрлі факторларға байланысты химиялық реакцияның жылдамдық тәуелділігін, молекулалардың құрылысына байланысты органикалық қосылыстарының реакциялық қабілеттілігін; заттардың қасиеттері мен құрылысы арасындағы себеп-салдар байланысын табуды; күш қуат көздерінің альтернативтік түрлерін; жаңа заттар мен материалдарды алудың негізгі технологияларын түсіндіруі тиіс.

«Математика» және «Информатика» білім саласы

Математикалық білім берудің математикалық, инженерлік-техникалық бейінінің «мектеп-колледж-ЖОО» жүйесінде кәсіптік-бейіндік мазмұнының сабақтастық моделі білім алушылардың математикалық мәдениеті мен математикалық құзыреттілігінің деңгейін анықтаудың мазмұны, мақсат, міндет, принциптерінен тұрады. Математикалық білім берудің кәсіптік-бейіндік мазмұнын іске асыру нәтижесінде техникалық колледждер мен ЖОО студенттерінің математикалық даярлығын педагогикалық талаптар, принциптер мен элементарлық мектеп математиканы тиянақтау механизмдерінің орындалу негізінде математикалық мәдениеті мен математикалық құзыреттіліктің құрылу критериялары анықталды.

Математикалық, инженерлік-техникалық білімнің әр сатысында білім алушылардың математикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейінің артуы мен математикалық құзыреттілікті меңгеруі «мектеп-колледж-ЖОО» жүйесінде кәсіптік-бейіндік математикалық білім беру мазмұны сабақтастығын іске асыру нәтижесі болып табылады.

«Мектеп-колледж-ЖОО» жүйесіндегі математика пәнінің сабақтастығы келесі бағытта жүзеге асы керек ( 4-кесте):

«Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесіндегі математика пәнінің сабақтастығын жүзеге асыру үшін 12 жылдық білім беру мектепте келесі бейіндік пәндер бойынша келесі құзіреттіліктер қалыптасуы керек:

І. «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты – білім білім деңгейі мен орта білім деңгейі арасындағы сабақтастықты; барлық оқушыларды бейіндік мектептерде оқуын жалғастыруға немесе еңбек қызметіне қатысуға қажетті математикалық дайындықтың базалық деңгейімен қамтамасыз ету.

Негізгі мектепте геометрияны оқыту міндеттері:

– нақты сандармен амалдар орындау біліктігін қалыптастыру;

– теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару дағдысын жетілдіру;

– элементар функциялар бойынша білімдерін қалыптастыру;

– логикалық бейнелік ойлауды дамыту;

– жазықтықтағы геометриялық фигуралардың қасиеттерін оқу, сонымен қатар осы қасиеттерді кеңістіктік геометриялық фигураларды және нақтылы объектілерді оқып білуде қолдану;

– планиметрияның теоремаларын дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;

– есептеуге, дәлелдеуге, салуға арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

– жазық және кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды орындау біліктігі мен дағдыларын дамыту;

– функционалдық және графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту.

ІІ. «Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерінің базалық мазмұны.

Сандар және есептеулер. Натурал сандар, бүтін сандар, рационал сандар, иирационал сандар, нақты сандар және оларға амалдар қолдану; шамалардың (сандардың) жуық мәндері; абсолютті қателік; салыстырмалы қателік; сандардың жуық мәндерімен амалдар орындау, пайыз және пропорция; дәреже; квадрат түбір; п-ші дәрежелі түбір; санды аргументтің синусы, косинусы, тангенсы және котангенсы, санның логарифмі.

Теңдіктер, өрнектер және оларды түрлендіру. Санды және әріпті өрнектер, рационал және иррационал өрнектер, қысқаша көбейту формулалары; тепе-теңдіктер, тепе-теңдіктерді дәлелдеу, өрнектерді түрлендіруде тепе-теңдіктерді қодану; негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер, тригонометрия формулалары, тригонометриялық өрнектер; дәреженің қасиеттері; квадрат түбірдің қасиеттері; п-ші дәрежелі түбірдің қасиеттері; негізгі логарифмдік тепе-теңдік; логарифмнің негізгі қасиеттері; логарифмдік өрнек; иррационал және тригонометриялық өрнектерді, құрамында логарифмі және дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.

Теңдеулер мен теңсіздіктер. Теңдеу. Теңсіздік. Мәндес теңдеулер мен теңсіздіктер; бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктер; екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың геометриялық кескіні; бөлшек-рационал теңдеулер; бөлшек-рационал теңсіздіктер; сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері; иррационал теңдеулер; тригонометриялық, көрсеткіштік және логаримдік теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері; мәтінді есептер.

Функция. Санды функция, функцияның берілу тәсілдері, графигі және қасиеттері; функция графиктерін түрлендіру; функцияның бірсарындылығы; экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары, периодты және шектелген функциялар; сандар тізбегі, арифмеикалық және геометриялық прогрессиялар; математикалық индукция әдісі.

Геометриялық фигуралар және шамалар. Геометриялық шамаларды өлшеу. Геометриялық фигуралар (нүкте, түзу, кесінді, сәуле, бұрыш, жартыжазықтық, жазықтық, сынық, көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, дұрыс көпбұрыш, үшбұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш, параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, трапеция, теңбүйірлі трапеция, тікбұрышты трапеция, шеңбер, дөңгелек, сектор, сегмент, куб, параллелепипед, призма, пирамида) және олардың қасиеттері. Геометрия аксиомалары. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы. Фигуралардың теңдігі мен ұқсастығы. Геометриялық шамаларды өлшеу (кесінді мен шеңбер доғасының ұзындығы, бұрыштың өлшемі, фигураның ауданы, көпжақтың бетінің ауданы). Жазықтықтағы геометриялық түрлендірулер: қозғалыстар (осьтік және центрлік симметриялар, бұру, параллель көшіру); гомотетия және ұқсастық. Түрлендірулердің композициясы. Геометриялық фигуралардың симметриялары. Қиылысу әдісімен (геометриялық орындар әдісі) және алгебралық әдіспен салуға арналған есептер. Вектор ұғымы. Векторларға амалдар қолдану. Векторлардың скалярлық көбейтіндісі. Жазықтықтағы нүктелер мен векторлардың координаталары; түзу мен шеңбердің теңдеулері; геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттеуге координаталар әдісін қолдану. Кеңістіктегі екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы. Кеңістіктегі қозғалыстар туралы түсінік. Кеңістіктегі гомотетия және ұқсастық. Ұқсас кеңістіктік денелердің қасиеттері. Куб, тікбұрышты параллелепипед, призма және пирамиданың көлемдері.

Стохастика элементтері. Статистикалық сипаттамалар (арифметикалық орта, мода, медиана, ауытқу). Кездейсоқ оқиға және оның түрлері. Кездейсоқ оқиғалардың жиілігі мен ықтималдығы. Комбинаторлық есептер. Қосынды ережесі мен көбейту ережесі. Оқиға. Оқиғаға амалдар қолдану. Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері. Геометриялық ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылар:

- нақты сандарға қолданылатын амалдардың қасиеттерін; тура санды теңдіктердің қасиеттерін; тура санды теңсіздіктердің қасиеттерін; бөлшектің негізгі қасиетін; пропорцияның негізгі қасиетін; негізгі логарифмдік тепе-теңдікті;

- дәреженің, квадрат түбірдің, п-ші дәрежелі түбірдің, санның логарифмінің, функцияның қасиеттерін;

- қысқаша көбейту формулаларын, квадрат теңдеудің түбірлерін табу формулаларын, Виет теоремасын және Виет теоремасына кері теореманы, шүмүшенің анықтамасын және оның түбірлерін;

- 300, 45о, 60о, 90о бұрыштардың синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндерін; негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді, тригонометрия формулаларын;

- теңдеудің, теңсіздіктің анықтамасын,;

- теңдеулер және теңсіздіктердің жүйелерінің анықтамысын;

- санды функцияның анықтамасын және берілу тәсілдерін;

- кездейсоқ оқиға және оның ықтималдығының, геометриялық ықтималдықтың анықтамасын, ықтималдықтарды қосу мен көбейтуді;

- диаграмма түрлерін (дөңгелек, бағанды, сызықтық);

- қосынды ережесін және көбейтінді ережесін;

- геометрия аксиомаларын;

- оқылатын геометриялық фигуралардың анықтамалары мен қасиеттерін;

- оқылатын геометриялық фигуралардың орналасуының негізгі түрлерін;

- жазықтықтағы түрлендірулерді және олардың қасиеттерін: қозғалыс, гомотетия, ұқсастық;

- үшбұрыштардың, дұрыс көпбұрыштардың, шеңберлердің теңдігі мен ұқсастық белгілерін;

- жазық фигуралардың симметрияларын;

- кеңістіктік фигуралардың (призма және пирамида) симметрияларын;

- геометриялық шамаларды (фигураның ауданы, призма мен пирамиданың бүйір және толық беттерінің аудандары, призма мен пирамиданың көлемдері) табу формулаларын;

- жазықтықтағы нүктелер мен векторлардың координаталарын;

- координаталары бойынша екі нүктенің ара қашықтығын табу формуласын;

- кесінді ортасының координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу формуласын білуі тиіс;

және оқушыларда

- нақты сандармен амалдар орындау, санды, алгебралық және тригоннометриялық өрнектердің мәндерін табу, формула бойынша арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың п-ші мүшесін және алғашқы п мүшесінің қосындысын табу;

- пропорция құру, пропорцияның белгісіз мүшесін табу, санның пайызын және пайызы бойынша санды табу; сандардың пайыздық қатынастырын табу, санның модулін табу;

- тепе-теңдіктерді дәлелдеу, өрнектерді түрлендіруде тепе-теңдіктерді қолдану;

- бір айнымалысы бар, екі айнымалысы бар, айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктерді, бөлшек-рационал, тригонометриялық, көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін; иррационал теңдеулерді шығару;

- әртүрлі мәтінді есептерді алгебралық тәсілдермен және теңдеулер мен олардың жүйелері арқылы шығару; қосынды ережесі мен көбейтінді ережесін қолдану арқылы қарапайым комбинаторлық есептерді шығару;

- дөңгелек, бағанды және сызықтық диаграммаларды салу;

- сызықтық, квадраттық, дәрежелік, тригонометрияылқ, көрсеткіштік, логарифмдік функциялардың графиктерін салу; функция графигімен түрлендіруді орындау; функцияны зерттеу және оның графигін салу; графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау;

- оқиғалармен амалдар орындау; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығын табу; геометриялық ықтималдықты табу; ықтималдықтарды қосу және көбейту амалдарын орындау;

- оқылатын геометриялық фигуралардың қасиеттерін дәлелдеу;

- оқылатын жазық және кеңістіктік фигураларды кескіндеу;

- геометриялық есептерді шешуде алгебра мен тригонометрияны қолдану;

- жазықтықтағы және кеңістіктегі геометриялық түрлендірулердің қасиеттерін қолдану;

- геометриялық есептерді шешуде жазықтықтағы векторлық-координаталық әдісті қолдану;

- геометриялық шамаларды өлшеуге арналған есептерді шешу;

Салуға арналған есептерді қиылысу әдісімен (геометриялық орындар әдісі) және алгебралық әдіспен шешу біліктігі болуы тиіс.

Еліміздің алға даму ісінің табысты болуы жасөспірімдердің еңбекке, кәсіптік мамандықты саналылықпен таңдап алуға даярлау ісінің қандай дәрежеде жүргізілуіне көп байланысты. Дұрыс таңдап алынбаған мамандықтың зардабын тек қана адамның өзі көрмей, бүкіл қоғам да көреді екен. Америка ғалымдарының есептеуінше, мамандықты дұрыс таңдап алуы кадрлардың тұрақтанбауын 2-2,5 есе кемітеді, 10-15 % еңбек өнімділігін арттырады, 1,5-2 есе кадрлардың оқыту құнын кемітеді.

Сондықтан, қазіргі педагогика – психология саласында кәсіби іс- әрекетті А.Н.Леонов, Е.А.Климов зерттей отырып, еңбек, іс- әрекеттер түріне, кәсіптік бағыт беру саласына бөлген. Ол сан алуан түрлі: экономикалық, әлеуметтік, психолого-педагогикалық т.б. қатынастарды қамтиды. Кәсіптік бейімдеу ісін жүргізу – мемлекетіміздің кадрлар даярлау саясатымен астаса отырып, кәсібилендіру саласын жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Бейіндік оқытуды толыққанды жүзеге асыру үшін бейіналды деңгейінде мектепте кәсіптік бағыт беру жұмысын жүйелі жүргізу қажет. Сондықтан кәсіптік бейімдеу мәселесіне біраз тоқталайық, себебі бұл мәселе дұрыс жолға қойылмай бейіндік оқытуды мәнді шешу мүмкін емес. проблемасы.

Кәсіптік бейімдеу – оқу-тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қаралады мәселенің әдістері жөнінен-педагогикалық, мазмұны жөнінен-әлеуметтік, қорытындысы жөнінен-экономикалық, көлемі жөнінен-мемлекеттік болып табылады. Оның мынадай бағыттары бар:

- әлеуметтік-экономикалық;

- техникалық- технологиялық;

- аграрлық-техникалық;

- бейнелеу-технологиялық;

- медициналық;

- педагогикалық.

Кәсіптік бейіндеу мәселесі көп аспектілі болғанымен, ол ең алдымен педагогикалық іс. Әрине, кәсіптік бейіндеу мәселесін талдау физиология, әлеуметтану, экономика т.б. ғылымдардың мәліметтеріне сүйеніп жасалады. Кәіптік бағдар мәселелерін А.Е.Голомшюк, Ж.Р.Баширова, С.Н.Чистякова,
Г.Қ.Айқынбаева т.б. қалай қарастырғандарына тоқталайық. Кәсіптік бейіндеудің экономикалық аспектісі мына мәселелерді зерттейді:

1. Қазіргі кезбен болашақ қоғамдық еңбек саласындағы еңбек ресурстарының демографиялық құрылымы.

2. Мамандық өзгеруіне қарай кәсіптік бағдар берудің негізгі тенденциялары (жұмысшы күшіне мұқтаждықпен байланысты).

3. Жергілікті ерекшелікпен, квалификациямен, мамандықпен байланысты қазіргі және келешектегі жұмысшы күшіне мұқтаждық.

4. Кәсіптік бейіндеудің экономикалық тиімділігі. Жоғарыда көрсетілегн мәселелерді зерттеу кәсіптік бейіндеужұмыстарының мазмұны мен бағыттарын негізде үшін қажетті.

Мамандық таңдаудың әлеуметтік аспектісі төмендегі мәселелерді зерттеп, анықтауды қамтиды:

1. Жастардың мамандық бағытын қалыптастыру үрдісіндегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік үрдіс талабы.

2. Әртүрлі мамандықтардың маңызын қалыптастырып, қоғамдық пікірлердің себебі болып отырған факторлар.

3. Өндрістегі мамандықтардың орнығуына мүмкіндік жасайтын әлеуметтік және моральдық жағдайлар.

Жастар арасында кездесетін кейір жағдайлардың себебі мен кәсіпке бейіндеудің әлеуметтік тамырын бізге әлеуметтік зерттеулер ашып береді (жұмысшы мамандығын төмен бағалау, мамандық таңдауда өндіріске қажет емес мамандықтарды таңдау т.б.),

Кәсіптік бейіндеудің психологиялық аспектісі мына мәселелерді зерттеуді қажет деп біледі:

1. Жеке бастың негізін және құрылымын, оның типологиясын, жеке бастың ерекше кәсіптік бағдарын бағалау мен оны анықтаудың әдістері.

2. Мамандыққа жарамдылығының псиологиялық мәнін және оны қалыптастырудың мүмкін жолдары.

3. Еңбек, кәсіптік мамандық түрлері.

Психологиялық зерттеулер «адам-мамандық» екеуінің бір-біріне үйлестігінің мәнін және мамандық бағытының қалыптасуын анықтауға қызмет етеді.

Медициналық аспекті мамандыққа жарамдылықтың медициналық – физиологиялық белгілерін және осы негізде кәсіп таңдаудың әдістемесін зерттейді. Зерттеулердің бұл бағыттағы қажеттігі жасөспірімдердің едәуір бөлігінің әртүрлі аурулармен ауыратындығынан, екіншіден-бүгінгі таңдағы кәсіптің көпшілігі адам ағзасының саулығына жоғары талап қоятындығын байқауға болады.

Кәсіптік бейіндеудің педгогикалық аспектісі – жастарды кәсіпке баулу мен олардың мамандықты саналы таңдауы мақсатындағы оқу-тәрбие ісінің тиімділігін арттыру жолдарын, оның құрамдарын зерттейді. Бұл жерде мектеп пен отбасының және өндірістің кәсіптік бейіндеу ісіндегі біртұтас жұмыс жүйесі және оның ғылыми негізделген анықтамасы туралы сөз болып отыр.

Енді педагогикалық әдебиетте кәсіптік бейімдеуге қандай анықтамалар берілетінін қарастырайық. А.Д. Сазанов, В.Д. Симоненко, В.С. Аваниев,
Б.Н. Буяловтың пікірінше: «Кәсіптік бейімдеу – бұл жастарды жеке қызығушылығын, қабілетіне, бейімділігіне және сонымен қатар әртүрлі мамандыққа деген қоғамның сұранысына сәйкес мамандықты негіздеп таңдап алуына деген мақсатты бағытталған іс-әрекет» .

Ал, К.К. Платоновтың пікірінше: «Кәсіптік бағдар беру – бұл жастардың қызығушылығын және қабілетін, қоғамдық сұранысты есепке алып, ғылыми негізде мамандық таңдауға көмектесетін псиолого-педагогикалық, медициналық және мемлекеттік шаралардың жиынтығы».

Н.Н. Захаровтың ойынша: «Кәсіптік бағдар беру жұмысы – бұл біріккен ортақ мақсаты және басқаруы бар өзара байланысты компоненттерден тұратын, кәсіптік білім беру, кәсіптік псиологиялық диагностика, кәсіптік кеңес беру, кәсіптік таңдау, кәсіптік бейімделу және кәсіптік тәрбиелеудің тұтас жүйесі».

Мектептегі кәсіптік бейімдеу жөніндегі жұмыстар мазмұнының жүйесі мыналарды қамтиды: оқушылардың аграрлық шаруашылығының және мәдениеттің түрлі салаларымен, кәсіпорындармен, шаруа қожалықтарымен, неғұрлым кең тараған кәсіптік мамандықтармен таныстыру, олардың бейімділігімен мамандыққа деген ықыласын және белгілі бағытта қалыптасуын зерттеу, мектеп оқушыларын қоғамдық мәні бар мамандықты дұрыс таңдай білуге қалптастыру, білімін одан әрі жалғастыруға, мамандық таңдауға, еңбекке орналасуға байланысты мәселелер жөнінде оқушыларға кеңес беру. Бұл жұмыстың бәрі мынадай негізгі мақсатты көздейді: жас жігіттер мен қыздарға еңбектің белгілі-бір түрлеріне өздерінің бейімділігін, қабілетін, талғамын анықтауға көмектесу, оларды қоғамға көбірек қажетті өндіріс салларында және мамандықтары бойынша еңбек етуге әзір болуға тәрбиелеу.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында еңбек ету арқылы ғана адамзат баласы жетістікке жететінін айта келе, еңбекті үнемі дәріптеп отыру керектігін баса айтқан.

Ендеше, жастарға білім беретін оқу орындарында оларға кәсіптік бейіндеу жүйесі қандай талапқа жауап беруі тиіс?

Біріншіден, оқушыларды мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттарының, кәсіптік-техникалық колледждердің мамандықты саналы таңдауға даярлаудағы педагогикалық жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері және оқу мазмұны тұтас сабақтастықта болуын және бұл жұмыстарды іске асырудың құралдары және әдістерімен қамтамасыз етуі керек.

Екіншіден, ол жүйелік сабақтастық оқушылардың оқу қызметімен ғана байланыстырылмай, ондай сабақтастықты жүйе ретінде қамтамасыз етуге тиіс.

Үшіншіден, ол мектептер мен кәсіптік білім беретін колледж, немесе жоғары оқу орындары кәсіптік бейіндеу жұмыстарын бірлікте ұйымдастыруға міндетті. Төртіншіден, кәсіптік бейіндеудегі «колледж-мектеп-ЖОО» байланыс жүйесі оқушылардың мамандықты саналы таңдауға дайындығын қалыптастыруы керек.

Бұдан колледж, ЖОО үлкен ұтыста болады: бірінші - кәсіпке үгіттеу жүргізіп, өздерін болашақ студенттермен қамтамасыз етсе; екінші - өздерін кәсіпке қызығушылығы бар, яғни мотиві бар аудиториямен қамтамасыз етеді.

Мамандықты дұрыс таңдау бір-ақ реттік іс-әрекет емес, көп қырлы, бірнеше кезеңді ұзақ процесс. Мұндаға кәсіби ынта-ықыластың қалыптасуы мен дамуы неғұрлым жауапты саты болып табылады. Оқушылардың өздерін қызықтырған мәселелер жайында көп білігісі келетіні белгілі. Бұл ретте кәсіптік оқу-ағартудың міндеті-мамандық олардың ойлаған ойына сәйкес келеме деген сұраққа жауап беру, олардың ықыласы болып жүрген саладағы білімін тереңдету, мамандыққа байланысты түсінік ұғымдарының шеңберін кеңейту ісімен байланысады.

Кәсіптік оқу-ағарту ісі кәсіптік бағдар берудің көпшілік міндеттерін өздігінен шеше алмайды, өйткені, белгілі - бір еңбектің түріне жарамдығы жөнінде дұрыс қорытынды жасау үшін, мамандық жайындағы тек бір ғана білім беру әзірге жеткіліксіз. Бұл істі оқушының жеке басының ерекшеліктерін ұдайы зерттеу арқылы көмектесу керек. Оқушыларды зерттеудің тағы бір маңызы сол, бұл олардың ынта-ықыласын, арнаулы қабілеттерін ғылыми негізін басқарға, мектепте бүкіл бейіндік жұмысының мазмұнын және тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Қызметтің белгілі-бір саласына адамның кәсіптік жағынан жарамдылығы негізінен үш бағыт бойынша: денсаулығына, психофизиологиялық деректеріне, бейіндік даярлық дәрежесіне қарай анықталады.

Сонымен, кәсіптік жағынан жарамдылықты анықтау мәселелері кәсіптік бейіндеу міндеттеріне кіреді.

Мамандықты таңдап алу мәселелері жөнінде мұғалімнің оқушылармен жеке-жеке әңгімелесуінің өте-мөте маңызы бар. Әңгіме кезінде мұғалім оқушының кім болғысы келетінін, өз мақсатына жетуге оның қалай тырысып жүргенін жақсы біледі. Оқушылардың кәсіптік бағытын білу - мұның өзі мұғалімге олармен жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысының пәрменділігін күшейтуге, олардың ынта-ықыласы мен бейімділігін дамытуда жақсы басқаруға көмек көрсетеді. Сонымен бірге мұғалім оқушының мамандықты таңдап алуына белсене ықпал жасауға, оған өзінің кәсіптік болашағын неғұрлым дұрыс белгілеуіне көмектесуге мүмкіндік береді.

Оқушылармен жұмыс істеу – кәсіптік бейімдеу бағыттарының бірі, ал, екіншісі ата-аналармен жұмыс істеу болып есептеледі: ата-аналар арасында түсінік жұмысын жүргізу, оларды балаларың еңбекке орналастыру және оқуға түсіру мүмкіндіктерімен таныстыру, ата-аналарды оқушыларға кәсіптік бағыт беру ісіне белсене қатысуға тарту. Балаларының мамандықты таңдап алуына ата-аналардың өте үлкен ықпал жасауына орай, олармен жұмыс істеудің зор маңызы бар.

Кәсіптік бағыт беру ісін-анда-санда жүргізілетін бейіндік оқытумен ғана шектелетін іс емес, кешенді жүргізілетін іс. Бейіналды білім деңгейінде бірнеше шаралармен немесе оқушылардың талап тілектерін ескеріп, мектепті бітіріп шығу кезіндегі түсінік жұмысымен ғана шектеуге болмайды. Оқушыларды мамандықты таңдап алуға әзірлеу, әсіресе, бейіналды білім деңгейінде, бейіндік оқыту деңгейінде, яғни мектептегі оқудың бүкіл өн бойында жүргізіледі, ал оның мазмұны, формалар мен әдістері оқушының жасына байланысты өзгеріп отырады.

Денсаулық және мамандық таңдап алу арасында тығыз байланыс бар. Педагогикалық әдебиетте көрсетілгендей, мамандық таңдау кезінде жасөспірім, әдетте, өз денсаулығының жайын және таңдап отырған еңбекке өз денесі дамуының сәйкестігін ескермейді. Бұл мәселеге ата-аналар да кейде дұрыс қарамайды. Ал ғалымдардың зерттеулері мамандық жөнінде дәрігерлік кеңестердің зор маңызы бар екенін көрсетеді. Кейбір жағайларда тексерілген оқушылардың жартысынан көбіне мамандықты таңдау жөнінде түрліше шек қойылады. Олардың ең жиі кездесетін себебі реакцияның ауытқуы, тірек-қимыл аппараты жағынан өзгеріске ұшырауы, жалпақ табандылық, аяқ-қол сүйектерінің өзгеруі және басқа да кемшіліктері, ішкі мүшелерінде болған ауытқушылық салдары.

Біздің елімізде қолданылып жүрген Заңға сәйкес жалпы білім беретін мектеп бітіргендердің және жұмысқа түсушілердің немесе кәсіптік оқуда бастаушылардың бәрі міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтеді, оның міндеті таңдап алған мамандыққа денсаулығының жарамдылығын анықтау және жұртты еңбекке дұрыс орналастыру болып табылады.

Ал ол қорғаныс саласындағы мамандықтардан басқа мамандықтарды таңдау кезінде формалды түрде жүзеге асады. Сондықтан оқу орнында тіл немесе басқа кемістігі бар, немесе кәсіпке сәйкес келмейтін студенттердің оқып жату картинасы бар. Кәсіпке білім ғана емес, денсаулықтың сәйкестігін қарастыратын арнайы жұмыстың болуы керек-ақ.

Кәсіптік бағыт және қабілеттілік арасында тығыз байланыс бар. Мамандық таңдау проблемасын шешу адамның қабілетін, оның денсаулығын, психо-физиологиялық ерекшеліктерін зерттеп талдауда қажет етеді. Кәсіптік бағыт беру практикасы әрқашанда қабілеттілік теориясының қандай да болмасын бір саласына және соған сәйкес адамның жеке басының қалыптасу теориясына сүйенеді.

Оқушылардың мамандық таңдауға даярлығын үйреуге және кәсіптік қабілеттің қалыптасуына, оларға қоса мамандық алуға бағытталған бір-біріне сабақтас жүйе ретінде қара қажет. Кәсіптік кеңес кәсіптік бағыт берудің орталық кезеңі бола тұра әрбір болашақ маман игеруге үміткерге бұл мәселені өзінің қабілеті мен мүмкіндігіне қарай шешуіне көмек көрсететін жүйе керек.

Егер 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқыту – кәсіптік бейіндеумен бірлікте, колледж, ЖОО-ның оқу, кәсіптік бейімдеу жұмыстарымен сабақтастықта, оқушы тұлғасының кәсіпке сәйкестігі мен денсаулық сәйкестігі, психологиялық- физиологиялық ахуалы, жеке қабілеті мен қызығушылығын зерттей отырып кешенді тұтастықта жүзеге асса, онда Еліміздің алға даму ісінің табысты болуын қамтамасыз ете аламыз.

11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептің жоғарғы сатысында оқыту мазмұнын таңдауға
9-10 сыныптың оқушыларын даярлау үшін мақсатқа бағытталған педагогикалық жұмысты ұйымдастыру қарастырылады.

Бейіналды даярлығы 9-10 сыныптың оқушыларын орта білім беру деңгейінде білім беруді жалғастыру жолын қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық ұжымның психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметінің жүйесі ретінде ұсынылады. Білім берудің екі жолы: не жалпы білім беретін оқу орнының 11-12 сыныптарында, немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастырылып, келесі міндеттерді анықтайды:

1. Құзыреттер жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын айқындай білу.

2. Оқушының болашақ кәсіптік қызметін жетістікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, танымдық және кәсіптік қызығушылығы кең спектрын дамыту.

3. Кәсіптік қалыптасуына байланысты, соның ішінде өмірлік, әлеуметтік құндылықтар туралы ұғымдарды меңгеруге психологиялық-педагогикалық көмек беру.

4. Мамандық алу жолында, білім алу бағытын жалғастыруды таңдау туралы саналы шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру.

Бейіналды даярлығы құрылымы педагогикалық қызметтің бірқатар бағыттарын өзіне кірістіреді: ағартушылық, насихат, диагностика, кеңес беру. Бейіналды даярлығының мақсаты мен міндеттеріне жетуде 9-10 сыныпты оқушылары оқытудың институционалдық, мазмұнды бағалау жайымен қамтамасыз етіледі.

Бейіналды даярлығын институционализациялау білім беру желісін құру мүмкіндігі ретінде қарастырылып, нағыз түрлі типтегі оқу мекемелерін: мектептер, бейіналды даярлығы мен бейіндік оқытуды өткізу үшін қорлары бар қосымша білім беру мекемелерін, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарын өзіне қосатын болады.

Бейіналды даярлығының мазмұнды жайы 9-10 сыныптарда вариативті компоненттегі таңдау бойынша курстардың мазмұны мен оқушы компонентімен анықталған оқу жоспарлары арқылы іске асырылады.

Бейіналды даярлығын бағалау жайы негізгі ора білім беру деңгейіндегі түлектердің аралық және қортынды аттестациясының жаңа түрін әзірлей, негізгі мектептің курсы үшін мектеп бітіру емтихандарын «сыртқы» өткізу тәртібіне көшіру:

Аралық - Портфолио жүйесі яғни негізгі мектеп оқушыларының сабақтағы және сабақтан тыс қызметіндегі (жеке «Портфель оқу жетістігі») жеке білім беру жетістіктерінің жиынтығы.

Қорытынды - Бірыңғай Ұлттық Тестілеу, негізгі орта білім беру туралы аттестат беріледі және 10 сыныптың түлектерінің білім алуды жалғастыру мазмұны мен мүмкіндігі анықталады.

Осы бағытта оқушыларды 11,12 сыныптар бейіндік сыныптарда оқыту, немесе білімін техникалық және кәсіптік оқу орнында жалғастырудың таңдауы тұрады.

Қазіргі күні 2013-14 оқу жылында бейіні немесе қалауы бойынша таңдау жасауға республика мектептерінде 700- ден аса 10 сыныптың оқушысы бар.

Осы мәселені анықтауда 9-10 сынып оқушыларының кәсіпке бейін анықтау экспериментік жұмыстар ұйымдастырылды.

Жалпы 11,12 сыныптардағы бейіндік білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Сондықтан, бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарын сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады.

Тек кәсіпке қызығушылық – бұл мамандықты таңдаудың басты себептерінің бірі. Сондықтан кәсіпке қызығушылығы мен жеке икемін анықтау кәсіптік бағыт беру, кәсіпке бейіндеу экспериментік жұмыстағы негізгі бағыттардың бірі болып саналады. Себебі бейіналды даярлықта психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің маңыздылығы ерекше себебі оқушы өзіне келесі бағдар алады:

– жеке білім алу траекториясын сауатты түрде құра білуге;

– бейіналды бағытын таңдай алуға (өз қызығушылығы мен қабілеттілігіне сәйкес бейіндік оқуды таңда);

– өзінің алдағы мақсаты мен іс-әрекеттерін айқындай алуға;

– өзінің қабілеттерін объективті түрде бағалай алуға;

Оқушылардың кәсіби жағынан өзін тану бағдарына әсер ететін ең маңызды факторларды анықтау керек:

– тұлғалық типін анықтау;

– мамандық және оның қажеттілігі туралы ақпарат алу;

– қабілеттері мен денсаулығының кәсіпке сәйкестігін білу ;

– ықылас деңгейі мен өзін -өзі бағалауы;

– ата-аналар және педагогтер көзқарасын ескеру;

– құрбы –құрдастарының пікірі мен көзқарасын білу;

– жеке жоспарын құру.

Оқушыларды бейіналды даярлау бойынша жүргізілетін жұмыстың негізгі мақсаттары келесідей:

– оқушының кәсіби ой-ниетін анықтау;

– оқушының мамандық туралы хабардарлығын білу;

– кәсіби -тұлғалық типтін бағалау;

– оқушының кәсіби қызығушылығы мен бейімділігін анықтау;

– оқушының тұлғалық сапаларын анықтау;

– кәсіби білім алуға дайындығын анықтау.

Оқушыларды бейіналды даярлау бойынша жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттары келесі:

кәсіби ағартушылық жұмыс – әр түрлі мамандықтар туралы мәлімдемелермен хабардар ету, олардың психологиялық тұрғыдан мамандық сипаттамасы мен тұлғаға қойылатын талаптары туралы түсінік беру.

кәсіби насихат – қоғамға аса қажетті мамандықтарға деген оқушының жағымды мотивациясын қалыптастыру.

кәсіби диагностика – оқушының жеке-дара ерекшеліктерін, кәсіби жарамдылығын кәсіби сұрыптау, оқу мен тәрбиенің тиімділігін арттыру мақсатында тұлғаны зерттеу іс-шаралары.

кәсіби кеңес – өз қалауындағы іс - әрекет түрі мен мамандығына қатысты жоспар құруға, нақты іс-әрекетке қатысты өзінің қасиеттері мен қабілеттерін бағалауда кеңесші мен оқушының бірлескен әрекеттері.

коррекциялық жұмыстар - оқушылардың кәсіби бағыттылығы туралы білімдерін, қызығушылығын, байқалмаған қабілеттерін анықтап, жоспарлы түрде түзету жұмыстарын жүргізу.

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары. - student2.ru Оқушыларды кәсіпке бейіндеуде келесі бағытта жұмыстар жүргізуге кеңестер мен ұсыныстар берілді:

− оқушылардың ақпарат алу кеңістігін кеңейту;

− таңдауына сәйкес қажетті материалдармен қамтамасыз ету;

− оқушылардың мүмкіндіктері мен сенімділіктерін арттыру мақсатында тренингтік топ ұйымдастыру;

− оқушылардың кәсіби бағыттылығы туралы түсініктері мен білімдерінің көріну деңгейі іс-шаралар ұйымдастыру;

Бейіндік бағытын психологиялық зерттеуде қолданылатын әдістемелер:

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары. - student2.ru сауалнамалар;

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары. - student2.ru «кәсіби – тұлғалық типті бағалау» (Д. Голланд);

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары. - student2.ru «дифференциальды диагностикалық сауалнама» (Е.А. Климов);

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары. - student2.ru «икемділікті анықтау» (А.А. Овайши);

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары. - student2.ru «кәсіби қызығушылығын анықтау картасы» (А. Голомшток);

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары. - student2.ru «тұлғаның бағыттылығын анықтау» (Б. Басса);

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары. - student2.ru «темперементті анықтау» (Айзенк тестісі);

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік шаралары. - student2.ru «мектептік қобалжуды анықтау» (Филлипс тестісі).

Кәсіптік бейіндеуде тренингтер, ойындары мен жаттығулар қолданылды.

Кәсіпке бейінін айқындау үшін мақсатында мектеп психологтары көмегімен Астана қаласы бойынша 12 жылдық білім беретін №38 лицей - мектебі мен «Голубой парус» мектебінің 9-10 сынып оқушыларының кәсіпке бейін анықтау эксперименттік жұмыстар жүргізілді.

Бақылау тобына «Голубой парус» мектептебінің ІХ-шы, Х-шы сыныптары алынды. Оған ІХ-шы сыныптардың -32 оқушысы, Х-шының-40 қамтылды.

Экспермиент тобына №38 мектеп- лицейінің ІХ-шы, Х-шы сыныптары алынды. Оған ІХ-шы сыныптардың -36 оқушысы, Х-шының-42 қамтылды.

Зерттеу жұмысының бастапқы кезеңінде әрбір оқушыға белгіленген үлгіде жасалынған анкеталарды толтыру ұсынылды, одан соң сабақ үлгерімі зерттелді, сабақтарда және сыныптан тыс жұмыста бақылаулар, «қызығушылық картасы» қолданылуымен жекелеген әңгімелер және мамандық таңдау жөнінде бүкіл сыныппен арнайы әңгіме жұмыстары өткізілді.

Алынған мағлұматтар мұғалімдердің және ата-аналардың хабарламаларымен толықтырылды. Әңгімелесу барысында төмендегі мәселелер айқындалды:

- оқушы қандай мамандықты қалайды?

- таңдауы оның бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келе ме?

- таңдаған бейіндік бағытына мұғалімдер мен ата-аналардың пікірі қандай?

Пән мұғалімдерінен әрбір оқушыға оның сабақ үлгірімі, бағалары, мінез– құлқы, ынта – ықыласы, қабілеттіліктері, жолдастарымен өзара қарым- қатысына байланысты және т.б мінездемелер алынды.

Мектеп дәрігері оқушылардың денсаулығына мінездеме берді.

Оқушыларды зерттеуде алынған мәліметтерді салыстыру, оқушылардың кәсіптік қызығушылықтары мен жеке бейінін анықтау келесі жағдайлар анықталды. Соның негізінде ІХ-шы кластар оқушылары төрт топқа бөлінді: І топқа білімнің немесе қызметтің бір саласында орнықты ынталары мен бейімділіктері бар оқушылар жатқызылады. Олар – 22 адам (14%). ІІ топқа білімнің немесе қызметтің бірнеше саласында орнықты ынтасы барлар – 48 адам (32%). ІІІ топқа орнықты ынталары жоқтар – 47 (31%) және ІҮ топқа ынталарын айқындау мүмкін болмағандар – 33 адам (23%) жатқызылды.

Оқушылардың орнықты ынта-ықыластары мен бейімділіктері деген- де біз оларды үйірмелердегі және үйдегі, тиісті оқу пәндеріндегі сабақтарда белсене шұғылдануы, бір салада мамандық таңдауға алаңсыз талап білдіруі, таңдаған мамандығы жөніндегі еңбек мазмұнымен жақын танысуға қызығуы дәлелденгеннен кейін ғана осындай қорытындыға кел-дік.

І топқа ынта-ықыластары төрт топтың талаптарына жауап берген оқушылар жатқызылды. Олар таңдаған мамандығын жақсы білуге талап – танды, үйірмелерде қатысады, кез келген пәнді жақсы меңгерді, сол сияқты өздерін қызықтыратын мамандықтар жайында көп оқыды.

Мысалы, Руслан С. физикамен айналысады. Ол физикамен байланысты мамандықтар туралы көп білуге талпынды, физика үйірмесіне қатысты. Класс жетекшісімен ата-анасы оның таңдауын толық мақұлдады. Мектепті бітірген соң физика бөліміне оқуға түспек.

Тағы бір мысал: Ару Н. өзіне педагогтың мамандықты таңдап педколледжге түсуге даярланды. Таңдау оның қызығушылығымен барынша сәйкес келді: ол әдебиетті, тарихты, ән-күйді жақсы көрді. Класс жетекшісі оқушының таңдауын толық мақұлдады. Оған педколледжге түсу ұсыныс берілді.

ІІ топқа ынта-ықыластарының орнықтылығы үйірмелердегі жұмыстарымен, жақсы көретін оқу пәндерімен қуатталған оқушылар жатқызылды. Бірақ І топтағыдан айырмашылығы олар бірнеше мамандықты таңдайды. Сөйтіп олар өздерін қайсысы көбірек қызықтыратынын, өздерінің неге көбірек бейім екенін белгілей алмайды. Олардың кәсіптік ынта-ықыластары әлі сараланбаған. Мысалы, Сәуле Т. анкетаға археология мен геология қызықтырады деп жазған. Жақсы көретін пәндері – тарих, химия, география, сурет. Сәуле спорттық секцияда шұғылданды. Класс жетекшісі оны қабілетті оқушы деп келіп, Сәулені дәл ғылымдарға бейімі бар деп санайды. Әңгімелесу негізінде оны археология мен геология қы- зықтыратынын, бірақ, кім болғысы келетінін – геолог па, әлде археолог па айқындауға шамасы келмейтінін айтты.

Сол топта ынта-ықыластары мұндай қосарланған емес, әр салада жатқан оқушылар бар. Мысалы, АсқарМ. анкетаға оны бәрінен де спорт қызықтыратынын жазыпты. Ол күрес секциясында шұғылданады және сонымен қатар радиотехникаға құмартады, сонымен шұғылданады. Жақсы көретін оқу пәндері – физика, тарих, дене шынықтыру. Класс жетекшісінің пікіріне қарағанда оған радиотехникадан гөрі спорттық мамандық барын- ша оңтайлы келеді. Алайда Асқар әзірше бұл екі жұмыстың қайсысын таңдауы керектігін шешпеген.

ІІ топтағы оқушылардың кәсіптік ынта-ықыластары оларға ұнайтын мамандықтардың еңбек мазмұнымен практикалық таныстыру процесінде тереңдеуі және дамуы мүмкін.

ІІІ топтағы оқушылар үшін еңбек мазмұны жөнінде кәсіптік ынта-ықыластары білімдерімен бекітілмеген немесе олар бүтіндей анықталмаған, үстірт. Олар кейбір оқу пәндеріне ынта білдіргенімен оларды нақты мамандық таңдаумен байланыстырмайды. Әдетте, бұл топтағы оқушылар мамандық таңдау жайында шын мәнісінде ойланбаған. Мысалы, К.Гүлнардың анкетасынан оның ынтасынан оның жақсы көретін пәндері – орыс тілі, әдебиет және тарих дегеннен басқа ештеңе білуге болмайды. Класс жетекшісі оны жақсы оқушылардың бірі деп санайды, өз білімін көтеруде жұмысты көп істейді. Оның гуманитарлық және физика-математикалық пәндерден үлгірімі бірыңғай жақсы. Ауызша әңгімелесу кезінде белгілі дәрежеде Гүлнарды медицина, тарих, әдебиет, химия қызықтыратыны айқындалды. «Ынта-ықылас» картасы мамандықтар тізбегінен ол археология, геология, журналистика, медицина және өнер саласындағы мамандықтарды белгіледі. Солай бола тұрса да оқушы өзін бәрінен қайсысы қызықтыратынын білмейді. Ал Берік Ж. спортпен, киномен, алгебрамен және географиямен, бірақ әрқайсысымен аз-аздан айналысуға құмартады. Оны біресе дәрігерлік, біресе әртістік, біресе спорт мектебінің жаттықтырушылық мамандығы қызықтырады. Ең ақырында ол кенеттен авиотехник болып шығуды шешім қабылдады.

IV топтағы оқушылардан қолданған әдістеріміз арқылы олардың ынта-ықыластарын табуға арналағн әрекеттерімізден ештеңе шықпады. Олардың кейбір бөлігі шашар үлгереді және жұмысқа араласқысы келеді, тағы басқалары орта оқушылар қатарында, бірақ өздерінің ынта-ықыластары мен бейімділіктері жайында ештеңе де айта алмайды. Бұл жөнінде сынып жетекшілері де мардымды ештеңе айта алмады. Бұл топтағы оқушылардың көпшілігі осы уақытқа дейін мамандық таңдау жөнінде ойланбаған.

ІХ сынып оқушыларының кәсіптік ынта-ықыластары мен бейімділіктерін зерттеу олардың ішінде жартысынан көбінің әлі орнықты кәсіптік ынтасы жоқ деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Тіпті аз ба, көп пе, әйтеуір белгілі дәрежеде кәсіптік ниеті барлардың өзі таңдаған мамандығын жақсы білмейді. Олардың таңдауы барынша жалпылама: «ұнайды», «қызық» деген дәлелдерге негізделген, еңбектің мазмұны жайындағы ұғымдары мүлдем таяз, сондықтан олар мамандық таңдау жайында айқын нәрселер айтуға әбден қиналады.

Әңгімелер ІХ сыныптың көптеген оқушыларының еңбектің қай түрі оларды қызықтыратынын өздігінен айқындай білмейтінін, мамандықтың қандайына болмасын өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалай білмейтіндігін көрсетті.

Оқушыларды зерттеу материалдарын талдау (оқушылардың өздерінің ынта-ықыласы мен бейімділіктері жайлы түсініктерін сынып жетекшілерінің пікірлерімен, дәрігерлер мен ата-аналарынан алған мәліметтермен салыстыру), оқушылар арасында кәсіптік бейіндеу жұмысының одан арғы жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді. Көрсетілген топтарға сәйкес бұл жұмыстың мазмұны негізгі үш бағыттан құрылды. Қызметтің белгілі бір саласына деген тұрақты ынта-ықыласы байқалғандар үшін кәсіп түрлерімен және оқу орындарымен таныстыру жөнінде қосымша жұмыс жүргізілді. Іс-әрекеттің бірнеше саласына ынта-ықыласы мен бейімділігі байқалғандармен білім немесе іс-әрекеттің белгілі бір саласына деген тұрақты ынта-ықыласты қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізілді. ІІІ және IV топтың оқушыларымен алдымен оқу пәндеріне қызығуды, содан соң кәсіби қызығуды қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілді.

Біз оқушыларды зерттеу жөнінде жүргізілген жұмыс нәтижелерін сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарын және кәсіптік бағыт беру жөніндегі жалпы мектептік жұмыс жоспарын пайдаландық жалпы мектептік жоспарда бірқатар іс-шаралары қамтылды.

Жоспарға сәйкес оқушылардың барлық топтарымен жұмыс жүргізілді. Әр түрлі кәсіптерге қалыптастыру және дамыту, үйірме жұмыстары жүйесін кеңінен өрістету арқылы жүргізілді. ІХ-Х сынып оқушылары үшін математикалық, биологиялық, химиялық, физикалық, әдеби, тарихи, бейнелеу өнері үйірмелері, спорт әуесқойлары клубтары ұйымдастырылды. Үйірмелердің кең профилі оқушылардың сан алуан мамандықтарға қызығуын дамытуға мүмкіндік береді. Олармен таныстыру оқу бағдарламаларында міндетті түрде қарастырылған.

Үйірме жұмысынан басқа жеке жұмыс жүргізуге көп көңіл аударылды, ол әңгіме-кеңес беру түрінде жүргізілді.

Наши рекомендации