Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала-тілазарбала,шабанат-жүрдекат,іскерадам-олақадам, жақсымінез-жаманмінез, қисықағаш-түзуағаш,татукөрші- аразкөрші, т.б.Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы ментұщынытатқан білер, алыспенжақындыжортқан білер. Азсөз – алтын, көпсөз – көмір,т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.

Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омонимболудың негізгі белгісі сөздердің арасындамағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әр түрлі мағынада қолданылады,ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бассөзі омоним, себебі бірінші бассөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатынетістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бассөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.

Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әр түрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады.Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден, сын есімдерден, етістіктерденжәнеүстеулерден кездеседі.

Зат есімнен болған синонимдер Сын есімнен болған синонимдер Етістіктен болған синонимдер Үстеуден болған синонимдер
Ел Халық Жұрт Көпшілік Жамағат Сұлу Әдемі Келбетті Ажарлы Көрікті Кездесу Дидарласу Ұшырасу Жолығу Алыс Қашық Шалғай Қиян

Кейбір сөздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі. Мысалы, сұлу, әдемі, көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі үріп ауызға салғандай, қыздың жиған жүгіндейболса, алыс, қашық сөзінің тұрақты тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит өлген жер.

Табу. Эвфемизм. Дисфемизм

Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер. Табу сөздер төмендегідей негізде қалыптасқан:

1) Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, жай түсті десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен жай сөзін жасыл сөзімен алмастырып қолданған;

2) Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан қасқыр сөзін ит-құс, ұлыма деген сөздермен алмастырып қолданған;

3) Адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешек ауруының атын атамай, оны қорасан деген сөзбен ауыстырып айтқан;

4) Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкөз, т.б. десе, ер балаларға, ер адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, т.б.

Тіл білімінде құлаққа түрпідей тиіп, жағымсыз, тұрпайы естілетін сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. Эвфемизм ойды көркем түрде бейнелеп жеткізу үшін қолданылатын, мәдениеттілікті, сыпайылықты білдіретін сөздер болып табылады.

Дисфемизм– мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы әдеби тілге жатпайтын, тұрпайы, дөрекі түрде айтылатын, біреуді қорлау, кеміту мақсатында пайдаланылатын сөздер.

Наши рекомендации