Тапсырма: Пішіндердің бұрыштарын санаймыз

Тапсырма: Пішіндердің бұрыштарын санаймыз - student2.ru Пішіндер

Мазмұны:

Пішіндердің бұрыштарын санау.

Үшбұрышта үш бұрыш, үш кесінді бар.

Төртбұрышта төрт бұрыш, төрт кесінді бар.

- дөңгелекте бұрыш бар ма?

- дөңгелекте бұрыш жоқ.

Тапсырма: Пішіндердің бұрыштарын санаймыз - student2.ru - пішіндердің түстерін ажырату. ( сары, көк, жасыл)

Тапсырма: Таяқшалардан пішіндерді құрастыру

Тапсырма: Пішіндердің бұрыштарын санаймыз - student2.ru

Мазмұны:

Таяқшаларды түстеріне қарай санау.

Үш сары таяқшадан үшбұрыш құрастырамыз.

Жасыл дөңгелекте табу.

Бірдей пішіндерді жалға.

       
    Тапсырма: Пішіндердің бұрыштарын санаймыз - student2.ru
  Тапсырма: Пішіндердің бұрыштарын санаймыз - student2.ru
 

Пішіндердің түсін, көлемін ажырата отырып, бірдей пішіндерді жалғау.

Тапсырма: Пішіндерден күшікке үй жасап беріңіздер

Тапсырма: Пішіндердің бұрыштарын санаймыз - student2.ru

Сергіту жаттығулары

                           
   
Тік ұста бойыңды. Жоғары соз қолыңды. Соз қолыңды тағыда. Жеткіз жираф мойынына. Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Орнымызға қонайық.  
     
Бұршақ Алақанда айналар Қызыл бұршақ, көк бұршақ Сонда ғана шынығар Екі қол мен он саусақ Қыздар мен балалар, Допша қарғып орғытар.    
 
 
   
Аяқтары тыпырлап, Күлкілері сыңғырлап, Шаттанады қол бұлғап. Ұшынан басып аяқтың, Тік тұрайық жығылмай.  
     
Өкшесін баспай аяқтың, Отырайық қисаймай. Қолды жайып қанатша, Жұдырықты түйелік. Саусақтары талғанша, Ашып, жұмып көрейік. Белімізді жазайық, Демімізді алайық.  
 
 
Жаза жаза қолымыз, Талып кетті көзіміз. Бір, екі, үш, Бойға жинап күш.  
   
Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп теріп алайық, Қалтамызға салайық.    
 
   
Екі алақанды ашамыз. Жұмсақ допты алақанда ұстаймыз. Допты қатты қысып ұстаймыз, көзді жұмамыз. Допты босатамыз, көзді ашамыз.  
 
     
Аю Мен аю қорбаңдаймын, Бал арадан қорғанбаймын. Омартаны аралаймын, Аяқ қолды жаралаймын.  
 

                             
   
Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір  
     
Шар Үрлейміз біз шарларды, Бетімізді томпайтып, Секір ұшып, домала Бізбен бірге ойнада  
 
 
Қарлығашқа ұқсайық, Кәне қанат жазайық. Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып-ұшып алайық. Құстар тойын құттықтап, Қуанамыз қолдаймыз. Ұя жасап ұқыптап, Біз оларды қорғаймыз.    
 
   
Бір, екі, үш – Қарлығаш боп ұш. Төрт, бес, алты – Қарлығаш боп қалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он – Қарлығаш боп қон!  
 
 
Жалғыз саусақ тіпті де Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті Ине қолға ілікті. Үш саусағы өнерлі Қала салсақ, жол салсақ  
 
   
Қаздар қаңқылдайды, Га-га-га. Торғай шиқылдайды, Шик-ших. Қарға қарқылдайды, Қар-қар. Тырна тырулайды, Тру-тру.  
 
   
Ал, балалар, тұрайық Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып Бір тынығып алайық.  
 
     
Құстарға біз ұқсайық. Қане, қанат жазайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық.  
 
   
Добым, добым домалақ, Қайда кеттің домалап? Үстел үстін бүлдірдің, Тәрелкені сындырдың. Тентек болып кеттің деп, Тұрмын сені тепкім кеп.  
 
     
Самал сипап шашымды, Күн төгеді арайды. Құс боп ұшсам батымды, Күл қол бұлғап қарайды.  
 
   
Ақ қанатты көбелек, Көк қанатты көбелек, Қызыл қанат көбелек, Біздің үйге келе кет. Көбелек-ау, көбелек, Мені өзіңмен ала кет.    
 

Наши рекомендации