Педагогикалық сараптау технологиясы
Педагогикалық сарап мақсаты – бұл мұғалімдердің оқу-тəрбие қызметінің тиімділігін шынайы анықтап (диагностикалап), оның нақты бағасын шығару. Ал мұғалімнің педагогикалық деңгейіне берілетін баға ол оқытып, тəрбиелеп жатқан шəкірттердің оқу іс-əрекеттерінің нəтижелілігіне байланысты болатыны əбден түсінікті. Осыдан мұғалім бағасы мен шəкірт тəлім-тəрбиесіндегі нəтижелілік көрсеткіштері ажыралмас бір процестің екі тарапы. Біріншісі –негізі сабақ болған білім беру, оқыту процесінің тиімділік деңгей бағасы, ал екіншісі – нəтиже, яғни оқушының оқудағы үлгерімі (дамуы) мен тəртіптілік дəрежесіне берілетін баға.
Мұғалім еңбегін бағалауға қойылатын жалпы талаптар екі өлшем-шекке (критерийге) негізделеді: нəтижелілік өлшем жəне процестік өлшем.
Нəтижелілік өлшем-шек (педагогикалық қызмет нəтижесі). Оқушының пəн бойынша үлгерімін жəне олардың тəртіптілік деңгейін анықтауда ескрілетін жəйттер:
- пəндік нақты білім қоры;
- игерілген білімдерді пайдалана білу (сауатты жазу, есептеу жəне т.б.);
- табиғат жəне қоғамда жүріп жатқан оқиғалар мен құбылыстардың мəнін түсіну;
- оқушының дербестігі, өз бетінше іс-əрекет жасау дəрежесі;
- оқуға, білім жинақтауға байланысты ізденіс, ептілік мүмкіндігі;
- тапсырылған іске жауапкершілігі, мектептегі тəртіп ұстанымы, қоғамдық пайдалы еңбектегі белсенділігі, эстетикалық жəне тəн-дене мəдениетіне орай талғамы.
Əрине, оқу-тəрбие жұмыстарының оқушы арқылы көрінетін нəтижелері мұғалім қызметін бағалауда қажет-ақ, дегенмен, олармен шектелу шынайылыққа нұқсан.
Сондықтан, мұғалімнің өз педагогикалық қызметін белгілі дəрежеде орындап баруы үшін үнемі, тынымсыз жүргізетін іс-əрекет процесін ескерген де жөн. Бұл тұрғыдан назар аударарлық ұстаз əрекеттері; яғни процестік өлшем- шектері:
- мұғалімнің өз біліктілігін көтеру жұмыстары;
- өткізетін сабақтарының сапасы, оқу жəне тəрбие жұмыстары;
- оқыту жəне тəрбиелеу барысында əр оқушыға жекелей қатынас жасаудағы мұғалім ептілігі;
- ата-аналармен жұмыс, бала тəрбиесіне байланысты отбасыға педагогикалық жəрдем ұйымдастыра білу.
Мұғалімдерді сараптау үш кезеңмен жүргізіледі:
Алғашқы кезеңде білім мекемесінде Педагогикалық кеңес қаулысымен сараптау комиссиясы түзіліп, оны сол мекеме басшысы бекітеді.
Сараптау жөніндегі Ережеге сəйкес мұғалімнің (педагогикалық қызметкердің) сараптан өтуіне қажет жеке құжаттары дайындалады: сарапқа түсу жөніндегі арызы, біліктілік көтергені жөніндегі құжаттар көшірмесі, бақылау- қадағалау не басқа біліктілік жұмыстарын орындағаны туралы эксперттік комиссия шешімі, сараптау парағы, білім беру мекемесі басшысының бұйрығынан көшірме.
Екінші біліктілік категориясын алу үшін мұғалім мектеп сараптау комиссиясына , бірінші категория үшін – аудандық комиссияға, жоғары категория үшін – аймақтық, облыстық комиссияға арыз береді.
Екінші кезең - мұғалімнің біліктілік деңгейін, оның кəсіби қызметінің нəтижелілігін бағалауды ұйымдастыру;
Үшінші кезең – сараптау комиссияларының шешім қабылдауы жəне сол шешімдердің нəтижесі бойынша бұйрық жариялау.
Сараптау комиссияларының шешімдерінің негізінде білім басқару органдары мен білім беру мекемелерінің басшылары педагогикалық қызметкерлерге біліктілік категорияларын беру жөнінде бұйрық шығарады, белгіленген разрядтар бойынша еңбек ақы деңгейін тағайындайды.
Жоғарыда əңгіме тиегі болған біліктілік көтеру жүйесінің тиімділігі көптеген жағдайды ескеруден іске асатынын байқауға болады, атап айтсақ, ол – басқару сапасы, мұғалімдер мен тəрбиешілердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге деген басшылар мен мектеп ісін ұйымдастырушылардың көзқарас – қатынасына байланысты, яғни, біліктілік көтеру мектеп директорларының тұлғалық сапасына , аудан, облыс, жалпы елдегі оқу ісін басқарушы, ұйымдастырушылардың мұғалімге болған ықылас – ниет сипатына тəуелді.
Дәріс
Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау
Жоспары
1. Оқу сапасын диагностикалау
2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері
3. Оқу іс-əрекеттерінің нəтижелерін бағалау
4. Бағалаудағы қателіктер