Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері

Уранопластика операциясынан кейін логопед сабақтарға алынатын ринолалиясы бар балалар құрамы біркелкі емес. Ол операцияға дейінгі логопедиялық сабақтардағы дайындық, операция нәтижелеріне, сапасына байланысты. Операция нәтижелері әр түрлі болуы мүмкін. Жақсы дегенде уранопластикадан кейін жұмсақ таңдай толық қалпына келеді, яғни ол ұзын және қозғалғыш болады, сондықтан көтерілгенде жұтқыншақтың артқы қабырғасымен (Пассаван валигімен) түйіседі. Көп жағдайларда жұмсақ таңдай уранопластикадан кейін де, қысқа болып, жұиқыншақтың артқы қабырғасымен түйіспейді, соның нәтижесінде таңдай жұтқыншақ қақпағы толық жабылмайды. Кейбір жағдайларда операциядан кейін таңдайға терең жаралар (таңдайдың жетілмеген жерлері) қалады да, қайталап операция жасауға тура келеді.

Сабақтарға төмендегідей науқастар қабылданады:

а) операцияға дейін логопедиялық дайындықтан өтпеген;

ә) операцияға дейін біраз дайындықтан өтіп, сөйлеу тілі жақсарған;

б) басқа әдістемелер бойынша операцияға дейінгі логопедиялық сабақтар толық курсын өткен;

в) басқа әдістемелер бойынша операцияға дейін логопедиялық көмек көрсетілген.

Уранопластикадан кейін логопедиялық сабақтарға қатысу уақыты да әртүрлі болуы мүмкін. Барлық осы факторлар ескерілгенде уранопластикадан кейінгі логопедиялық жұмыстың нақты жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең бірінші – операцияның нәтижелілігінің мәні. Біздің ойымызша жаңадан жасалған таңдай хирургті, науқасты да қанағаттандырса, қайталап операция жасау қажеті жоқ. Логопедиялық жұмыстың мүмкіндіктері шамалы ақаулықтардың орнын толықтыруға және қайталап операция жасамай-ақ баланы дұрыс сөйлеуге үйретуге мүмкіндік туғызады. Хирургиялық араласу нәтижесінде баланың дұрыс сөйлеуді меңгеруіне мүмкіндігі мол болады. Логопед баланың жаңа анатомиялық жағдайда сөйлеп үйренуіне көмектесуі керек. емес) уранопластикадан кейін логопедиялық сабақтар қажет. Себебі, операциядан дейін толық түзелген күннің өзінде қате көрініс табуы мүмкін. Сабақтардың мөлшері, болғанымен өзгеріп тұрады. Операцияға дейінгі сабақтар ұсынылған әдістеме бойынша жүргізілсе, баланың операциядан кейін дұрыс сөйлеу мүмкіндігі толық туындайды. Ал, кейде жаңа жағдайларда дұрыс сөйлеуді меңгеруіне 5-6 сабақ жеткілікті болады. Ол үшін баланың дәптері бойынша барлық дауысты, дауыссыз дыбыстар артикуляциясы қайталанып; диафрагмальді тыныс алу және ауызбен дем шығаруды үнемі қадағалап отырып, күнделікті сөйлеуінде таза сөйлеу дағдысы бекітіледі. Басында сөйлеудің темпі бәсеңдейді; кейіннен біртіндеп қалыптасып, баланың назары сөйлеудің анықтылығына, мәнерлілігіне бағытталады. Басында баланың сөйлеуін үнемі логопед, кейін ата-аналар немесе мектепте және үйде баламен араласатын адамдар қадағалайды. Уақытында логопед балаға кеңес беріп отырады.

Бұл жайда ата-ананың мүмкіндіктерін бақылап, олардың жұмысына дұрыс бағыт беру қажет. Алғашқыда олар логопедтің жетекшісімен үйренген және бала жаттап алған материалды (дәптер бойынша) қадағалаулары керек, кейін біртіндеп баланың күнделікті сөйлеуін қадағалауға тартылады. Осыдан кейін мәтіндерді жаттауға немесе баламен

Әңгімелесуге арналған арнайы уақыт беріледі. Осылайша ата-аналар оның сөйлеу тілін үнемі қадағалап отыруға көшеді. Мұндай қадағалайды мектепте мұғалімдер іске нәтиже бере бермейді.

Егер бала операцияға дейін логопедтің сабақтарына қатысқан болса, бірақ сөйлеу тілі таза емес болса, операциядан кейін мұрыннан сөйлеуін қоймаса, барлық логопедиялық жұмысты операцияға дейінгі аталған жүйе бойынша бастау қажет. Бала мұрыннан сөйлесе, сүйеніш дыбыс ретінде ешбір дыбысты пайдалануға болмайды. Бұл ережені ескермеген жағдайда логопедиялық әсер тиімділігі дыбыстар артикуляциясының сапасында көрінісін табады, ал олардың акустикалық сипаттамасы ақаулы болып қала береді. Уранопластикадан кейінгі логопедиялық сабақтарда естіп қадағалауды, фонематикалық қабылдауды дамытуға үлкен назар аударылады.

Мектеп жасына дейін операцияға дейін логопедпен аталған әдістеме бойынша сабаққа қатыспаған балалар үшін сауат ашу сабақтарын енгізуге болады. Бұл дұрыс сөйлеу тілінің ұзақ уақыт бекітуге және алдағы жазу бұзылыстарының алдын алуға көмегін тигізеді. Операциядан кейінгі жұмыста үлкен назар сөйлеуде мимика бұлшық еттерінің қатысына, сөйлеу кезіндегі артық шиеленесудің, синкинезиялардың пайда болуын алдын алуға аудару қажет.

Сонымен, операцияға дейін аталған әдістеме бойынша логопедпен сабақ өткен науқастар, операциядан кейін де сөйлеу дағдылары үлкен сөйлеу материалында, барлық жағдайларда дұрыс сөйлеуге біртіндеп ауыса отырып қалыптасады. Операцияға дейін басқа әдістемелер бойынша оқылатын немесе мүлдем логопедиялық көмек алмаған ринолалиясы бар балаларды тиянақты түрде логопедиялық тексеруден өткізу қажет. Әсер ету жолдарын таңдауға сөйлеу тілінің ақаулығын ерекшеліктері және мүмкіндіктері ескеріледі. Егер, тілінде логопедиялық сабақтарға операциядан кейін келіп түскен ринолалиясы бар баланың сөйлеу тілінде мұрынмен сөйлеу, бет және мимика бұлшық еттері қатаймаса, бірақ дыбыстар қатары жоқ болса, онымен дислалиясы бар баламен өткізілетін сияқты сабақтар жүргізіледі, яғни бала дұрыс айта алмайтын дыбыстарды қою тәсілдерін қолдану. Уранопластикадан кейін, сөйлеу тілінде болымсыз мұрын арқылы сөйлеу болса, науқаспен сабақ өтуде жұмысты аталған операцияға дейінгі әдістеме бойынша жүргізу қажет.

Бұл жүйе мұрын арқылы сөйлеуді аз уақытта түзетуге және артикуляцияда мимикамен бет бұлшық еттерінің қате (дұрыс емес) қатысуын мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Алғаш рет логопедиялық көмек алып отырған балалармен сабақ өткізу барысында сөйлеуін естіп, зейінін дамытып, үйретіліп жатқан дыбыстарды кинестетикалық және тактильді сезінуін бекіту қажет. Бұрынға сөйлеу стереотипі жаңаға ауыстырылады. Сабақтарда ринолалиясы бар бала үйренген дұрыс сөйлеу дағдыларын бекіту әр балада әр қалай өтеді. Бұған бірқатар себептер бар.

Сөйлеу арқылы қатынас кезіндегі қателерді жіберуі баланың логопедиялық сабақтарда үйренген дағдыларын күнделікті өмірінде, тұрмыста ерте қолдана бастағанына байланысты. Мұндай жағдайда үйретілген дағдылардың тұрақтылығы мен бекітілуі бұзылады.

Логопед баланың сөйлеуін қадағалауды ата-анасына уақытының ерте тапсырған жағдайда, кейде сөйлеу кезіндегі қателер байқалады. Ата – аналар баланың сөйлеуінің дұрыс еместігін білген күннің өзінде, түзету жолдарын көрсете алмайды. Түсініспеушілік туындайды. Кейбір жағдайларда бала өз сөйлеуін тиянақты бақылай алмайды, яғни ол өзін-өзі анда-санда, ғана қадағалайды. Логопедиялық сабақтар аяқталса да, логопедпен бала арасындағы қарым-қатынас ұзақ уақытқа дейін созылады. Себебі:

Ринолалиясы бар балалар жоғарғы ерінмен мұрынның қалған ақаулықтарын түзету үшін косметикалық операциялар жасатып жатады. Әдеттегідей, мұндай операциялар 18-20 жаста жасалады. Кейде еріннің етін трансплантациялайды (орын ауыстырады). Трансплантациядан кейін жоғарғы ерін сөйлеу әрекетіне біртіндеп қатыса бастайды және уақыты ұзаққа созылады. Бұл науқастың сөйлеуі қайтадан мұрын арқылы болуы мүмкін, себебі сөйлеу аппараттарының жоғарғы бөліміндегі жағдайлар өзгереді: бұлшық еттердің бұрынға үйренген өзара байланысы бұзылады. Ерінге операция жасалғаннан кейін ауа ағыны ауыз қуысы арқылы өту үшін ауызды бұрынғыдан (операцияға дейін) сәл кеңірек ашу қажет.

Логопед кеңестері бұл жағдайда пайдалы. Сөйлеу тілі қалыпты болу үшін 3-5 әңгімелесу өткізіледі.

Мұрын мен мұрын қалқаншаларына операция жасап түзетілген соң сөйлеу тілін операциядан кейін де қадағалауды ұмытпау керек.

Логопедиялық және психотерапиялық араласу баланың жыныстық даму кезеңінде қажет: себебі даусы өзгереді.

Көмейдегі физиологиялық өзгерістер және осы даму кезеңінде тыныс алу өзгереді, соның салдарынан жасөспірімдердің сөйлеуі қайталанып мұрын арқылы шығуы мүмкін. Егер бала қалыпты сөйлеу тілінің заңдылықтарын есінде сақтаса, мұндай мұрынның сөйлеу біртіндеп кетеді.

Арине, бұл кезеңде де оған логопед көмегі қажет. Логопед оның қиындықтарын айқындап, сөйлеудің темпін өзгертіп отырады, артикуляциялауды, тыныс алуды түзетеді.

Бұл уақытта логопедиялық жұмыста көріп қабылдауын, кинестетикалық сезінуін және естіп бақылауын қолдану қажет. Әр түрлі анализаторларды кеңінен пайдалану қысқа мерзімде оңды нәтижелерге жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен уранопластикадан кейінгі логопедиялық жұмыс операцияның жасалғанына және операциядан кейінгі жұмысты ескеру бойынша құрылады. Жұмыс әдістері науқастың сөйлеу тілі ерекшеліктеріне байланысты және психикалық статусын ескертіп қолданылады.

Сұрақтар:

1. Уранопластика операциясынан кейін логопед сабақ.

2. Логопедиялық және психотерапиялық араласу

3. Логопед кеңестері.

Туа біткен таңдай ақаулықтарында сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу (сақтандыру)

Таңдай жарықшағымен туылған балада ринолалияның ауыр ақаулығы болуына қауіп туады. Алайда қазіргі кездегі медициналық және педагогикалық іс-шаралар жартылай немесе толық ақаулықтың болмауына әсер етуі мүмкін. Уақытылы жасалған медициналық іс-шараларға (операциялық емдеу немесе обдураторды пайдалану) үлкен мән беріледі. Бірақ қазіргі кездегі дәрігерлердің операция жасау мүмкіндігі туралы пікірлері әртүрлі. Сондықтан, көптеген себептер бойынша уақытылы медициналық көмек алу мүмкіндігі бола бермейді.

Сөйлеу тілі кемістігінің алдын алудың педагогикалық құралдары бар. Ерте жаста ( 1 жасқа дейін) баланы тілдің ұшы альвеолдарға жақын тұратындай қалыпты жатқызу керек. Ол үшін баланы ішпен немесе қырынан жатқызуға болады.

8-10 айда бала былдырлай бастайды: агу, и-и-и, мам-мам –дыбыс қосындыларын айтады. Бұл сәтте бала басқалардың сөйлегенін түсіне бастайды. Ол көзімен немесе дыбыстар арқылы қыздың жылағанын (а-а-а....), атасының ұйықтағынын (х-х-х...) көрсете алады.

Таңдай жарықшағы болғанда дәл осы уақытта сөйлеу тілі ақаулықтарының алдын алу бойынша жұмысты бастау керек. Баланың дамыған еліктеу рефлексін пайдалану қолайлы болып табылады, басында –ему кезінде, кейіннен сөйлеу кезіндегі дем шығаруды (1ж.кейін) дамытуға арналған жаттығулар арқылы. Ол үшін дыбысқа еліктеу ойындарын қолдануға болады, бұл кезде үлкен адам баланың назарын түрлі түсті мақта түйіршіктерінің көмегімен ауыз арқылы шығарған демге аударады.

Ойын кезінде бала ыстыққа иттің тыныс алуы сияқты жағдайларды еліктеп келтіреді. Бала а-а-а... дыбысын үзбей сыбырлап, тілін шығарып айтады. Қолымызды қалай жылытамыз? (қолға х-х-х деп дем шығарып үрлеу).

Баланы тілдің ұшын алға қолғалтып ауызбен дем алуға үйрету үшін басқа да жаттығулар ойлап табуға болады. Тыныс алуға бағытталған оңай ойын – жаттығулардан кейін біртіндеп дауысты, дауыссыз дыбыстар артикуляциясын дауыс қосып ауызбен тыныс шығаруға дағдыландырамыз. Мысалы: балаға қыз қалай жылағанын көрсет (а-а-а).

Бұл кезде ауа ағынының ауыз арқылы шығуын үнемі қадағалап отыру қажет. А дыбысын айтқанда тіл ұшы астыңғы тістерге тиіп тұруы керек. Бет бұлшық еттері босаңсыған. Тіл ұшының мұндай қалпы бастапқы кезде барлық дауысты дыбыстарды айтқандағыдай сақталады. Мұндай жаттығуларды мысалға келтірейік: шамды қалай өшіреміз? (ф--). Паровоз қалау гуілдейді? (у--). Кеме қалай гуілдейді? (ы--). Сен қандай үлкенсің? (о--). Жел қалай шулайды? (в--). Тістерімізбен тыныс алайық(с--). Маса қалай ызылдайды?(з--). Қаз қалай ышылдайды?(ш--) (тіл ұшы жоғары көтеріледі). Ара қалай дауыс шығарады (ж --) (тіл ұшы ш дыбысындағыдай жоғары көтеріледі). Тоңып қалған қолдарымызда қалай жылытамыз?(х--).

Дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау үшін ауызға мақта түйіршігін жақындатамыз немесе жұқа ұсақ қағаздарды үрлейміз. Дем шығарғанда олар «дірілдейді».

Ойын – жаттығуларды баланы жалықтырып алмай, біртіндеп сабақтарға үйретіп өткізу керек. Баланың назарын сөз дыбыстарды айтқан кезде ауыз ашылғанына аудару өте маңызды себебі таңдай жарықшағы бар балалар еріндері ашпай сөйлеуге құмар.

Ата – аналармен логопедтің міндеті – балаға дыбыс пен сөз артикуляциясын көруге көмектесу назарын аудару. Бұл әрекет дыбыстың анық айтылуын дамытады. Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру кезінде баланың назарын оған көрсетіп ауызбен ұзақ тыныс шығаруға аудару қажет. Егер ерте жаста сөйлеу тіліндегі бұзылыстардың алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, операция алдында сөйлеу тілінің ақаулығы қалыптасып тұрақтанып қалады да, түзету үшін ұзақ логопедиялық жұмыс қажет болады.

Сұрақтар:

1. Туа біткен таңдай ақаулықтарында сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу.

2. Ойын – жаттығулардың маңызы.

3. Ата – аналар мен логопедтің міндеті.

ГЛОССАРИЙ

АНАМНЕЗ (грек. anamnesis – еске алу) –аурудың пайда болуы мен жүруі жағдайлары жөнінде науқастың өзінен және оның жақын туыстарынан диагноз қою және нақтылау мақсатында алынатын мәліметтер жиынтығы. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың А. медициналық мәліметтермен қатар оның моторикасы, сөйлеуі, ойын және танымдық іс-әрекеттері туралы ақпараттар да кіреді.

АНАЛИЗАТОР– ағзаның ішкі және сыртқы ортасынан шығатын қоздырғыштарды талдау мен біріктіруді, қабылдауды қамтамасыз ететін күрделі анатомо-физиологиялық жүйе. А. ұғымын 1909 ж. Павлов И.П енгізді. А. қызметі қалыпты жағдайда ағзаның қоршаған ортаның өзгерістеріне мақсатты ұйымдасқан әсерін қамтамасыз етеді. Ол ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі мен ішкі ортаның тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Қабылдаушы және талдаушы стимулдердің модальдылығына байланысты көру, есту, дәм сезу, сипап сезу, қозғалыс анализаторларын ажыратады. Әрбір А. үш бөлімнен тұрады – перифериялық қабылдаушы құрал (рецептор), келуші жолдар мен қабықты орталық. Тітіркендіргіштер талдауы перифериядан басталады: әрбір рецептор белгілі бір қуат көзіне әсер етеді; талдау келуші жолдардың қойылушы нейрондарында жалғасады (осылайша, аралық мида орналасқан көру нейрондары деңгейінде А. заттардың түстері мен орналасу орнын ажыратуы мүмкін). А. жоғарғы ортасында – бас миының үлкен жарты шарлары қабығында – қоздырғыштардың нәзік ажыратылған талдауы жүзеге асады. Әр түрлі зақымдаушы факторлар әсері салдарынан А. кез келген бөлігінің зардап шегуі жоғарғы жүйке жүйесі процестерінің бұзылуына алып келеді және психо-дене дамуының бұзылысына жол береді.

ДИСГРАФИЯ (грек. dis – бұзылысты білдіретін қосымша, ал grapһo – жазамын) - жазу процесінің жартылай спецификалық бұзылысы. Әріптің оптикалық-кеңістіктік бейнесінің түрақсыздығынан, сөйлем құрылысының және сөздің дыбыстық буындық құрамының бұрмалануынан байқалады. Д.негізіне баланың ауызша сөйлеуінің дамымауы жатады, балада фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіздігі және сөздің фонетикалық (дыбыстық) құрамын меңгеруге кедергі жасайтын дыбыс айтудың жетіспеушілігі байқалады. Бұзылыстың ең ауыр денгейі – аграфия - жазу дағдысын толық меңгеруге деген қабілетсіздік.

ДИСЛЕКСИЯ (грек. dis – бұзылысты білдіретін жалғау, ал lеgo - оқимын) - ОЖЖ сөйлеу бөліктерінің дамымауымен немесе зақымдануымен шартталған оқудың бұзылуы. Д. зардап шегетін балалар мәтінді қабылдап, түсінуде қиналады. Ол олардың мәтінді баяу оқуынан, оқылған мәтіннің кітаппен сәйкес келмеуінен байқалады. Д. түзету жұмыстарының (Түзету-тәрбиелеу жұмысы қараңыз) жүйелік сипатта болуымен шартталған сөйлеу тілінің дамуының жалпы бұзылыстарымен байланысты. Д. айқын формасы – алексия

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР -белгілі бір көрсеткіштер негізінде орта статистикалық қалыпқа сәйкес келмейтін шетелдердегі ғылыми әдебиеттердегі (көбінесе ағылшын тілінде) балалар категориясын белгілейтін термин. Отандық дефектологияда мүмкіндігі шектеулі балалар ретінде белгіленетін балалар категориясына дарынды балаларды да жатқызылған.

Компенсация қызметі-жоғалған немесе дамымаған, бұзылған қызметтің орнына орын толтыратын басқа қызметтің қолданылуы болып табылады.

К. әрекетіндегі жай физиологиялық қызмет қайта оқытуды талап етпейді, ол автоматты түрде пайда бола береді, оған маңызды әсер ететін ОЖЖ болып табылады. Арнайы оқытуды ұйымдастыру үшін үлкен психикалық қызмет қажет. Дамуында туа және жүре пайда болған анализатор бұзылысы болған жағдайда белсенді оқыту маңызды орын алады. Мысалы, соқыр балаларда жоғалған көру қызметін түйсініп қабылдау арнайы педагогикалық әсері арқылы орнын толтырады. Қазіргі тандағы дефектологияда қолданылатын К. әдістері бас миы қыртысының жүйке байланысындағы бұзылған шексіз мүмкіндіктердің құрылым қызметтерінің орнын толтыруға қалданылады.

Логотерапия(грек. logos – сөз, сөйлеу және therapeia – күтім және қамқорлық, емдеу) - 1) сөздің көмегімен емдік спектрге әсер етуін білдіру үшін Ковалев В.В ұсынған термин. Яғни бұл мағынада бір ғана гректің logos - сөз деген тар түсінігі қолданылған, осылайша логотерапия «сөзбен емдеу» дегенді білдіреді; бұл дәрі-дәрмекпен және хирургиялық емдеуге қарама-қарсы. Логотерапия психотерапия сөзіне синонимі ретінде қолданады. Қазіргі таңдағы әдебиеттеде «психотерапия» термині қолданылады. «Логотерапия» түсінігі көрсетілген мағынада кең қолданылмайды; 2) Жалпы психологиялық оқу және соған сүйене отырып жасалған психотерапия әдісін В.Франкл құрастырған logos бұл жағдайда мағына ретінде қолданылады. Франкл бойынша жеке тұлғаның қалыптасуындағы негізгі көзі-өмірдің мәні болып табылады. Франкл бойынша осы мағынаның қалыптаспауы немесе жоқ болуы түрлі жүйке жүйесі немесе психиканың бұзылысына алып келеді. Осылайша психотерапия адамның құндылық және мағыналық үйлесімділігі. Осы концепция Россияда 1980 жж. орта шенінде белгілі бола бастаған. Қазіргі кезде мұны тәжірибеде қолданылуы шектеулі; 3) сөйлеу тілі бұзылысын жөндеуге бағытталған психотерапевтикалық әдістер және тәсілдердің қасиеті.

РЕАБИЛИТАЦИЯ (лат. rehabilitas - қабілеттіліктер, жарамдылықты қайта қалпына келтіру) – мүмкіндігі шектеулі баланы психофизикалық мүмкіншілік деңгейіне байланысты еңбекке және қоғамдық өмірге, әлеуметтік ортаға бейімдеуге, қосуға бағытталған медико-педагогикалық іс-шаралар жүйесі. Р. (оңалту) даму бұзылыстарын жою немесе жұмсартуға бағытталған медициналық құралдар, сондай-ақ кәсіби дайындау, арнайы оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Реабилитацияның міндеттері – мүмкіндігі шектеулі балалардың әр түрлі категорияларына арналған арнайы түзету-тәрбиелеу мекемелері жүйесінде шешіледі. Бұл жерде оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері аномальды дамудың спецификасымен анықталады.

РЕЛАКСАЦИЯ (лат. relaxation - жеңілдену, босаңсу) - тыныштық, босаңсу, ұйқының алдындағы, сонымен қатар күшті қайғырулардан немесе денелік күштенуден кейін пайда болатын жағдай. Релаксация: деп арнайы жаттығулар (Р. жетудің ең кең тараған әдісі - аутогенді жаттығу) есебінен ерікті түрде қол жеткізуге болатын бұлшықеттердің толық немесе біртіндеп босаңсуын айтуға болады. Логопедияда сөйлеу бұзылыстарын түзетуге арналған жаттығуларды өткізуге қажетті сөйлеу аппаратының бұлшықеттерін релаксациялауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер өңделген. Невротикалық табиғатқа ие тұтығуды жою үшін Релаксация толығымен ену-психотерапияның құралы және түзету жұмысының ең тиімді жағдайларының бірі болып табылады. Бұл жүйке-психикалық күштенулерді жеңілдетеді.

РИНОЛАЛИЯ (грек. rhinos - мұрын және лат. Lalia - сөйлеу деген сөзінен шыққан), палатолалия - сөйлеу аппаратының анатомо-физиологиялық бұзылысымен шартталған дауыс тембрінің және дыбысты айтудың бұзылуы. Ол дыбысты тудыру кезінде мұрын қуысының қалыпты жұмысының бұзылуы салдарынан дауыс тембрі мен дыбысты айтудың бұзылуынан көрінеді. Дыбысты шығару кезінде жұмсақ және қатты таңдайдың қуысынан шыққан ауа тек ауыз арқылы ғана емес, сонымен қатар мұрын қуысы арқылы да шығады. Сондықтан, сөйлеу дыбыстары мұрыннан шығып, сөйлеу түсініксіз, монотонды (Р. бұрынғы атауы - мыңқылдау) болып келеді. Ринолалия мұндай түрі ашық деп аталады. Жабықтан айырмашылығы аденойд, мұрынның сынуы, ісік және мұрын қуысының тұрақты қабынуы кезіндегі мұрын қуысының қалыпты өткізгіштігінің бұзылуы. Жабық Ринолалия кезінде мұрын резонаторы дыбыстың пайда болу үрдісінде толығымен немесе бөлшектеп сөнеді, дауыс абертондар қатарынан айырылады, мұрын арқылы айтылатын [м], [н] дыбыстар бұзылып, міңгірлеп шығады.

Түзету-тәрбилеу жұмысы –мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы жетіспеушілікті жоюға немесе әлсіретуге бағытталған арнайы педагогикалық іс-шаралар жүйесі. Бұл термин алғаш рет XIX ғ. соңында қолданылды, алғашында – ақыл-есі кем балаларға ғана қатысты қолданылды; қазіргі отандық дефектологияда кең мағынада қолданылады: Т-т.ж. тек қана жеке бұзылыстарды түзетуге ғана бағытталмайды, сонымен қатар тұлғаның толық қалыптасуын, кеміс балалардың барлық категорияларын қамтиды және дәрігер, педагог-дефектологтармен бірігіп жүргізіледі.

Түзету бағыты мүмкіндігі шектеулі балалармен барлық оқу-тәрбие жұмысына қатысты, ол баланың бұзылысына және жеке ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылады. Жалпы міндеттер қатарына: қимыл-қозғалысты, сезімталдықты және ойлауды дамытуға, баланы пайдалы еңбекке үйрету, дағдыландыруға арналған іс-шаралар жатады.

Егер де Т-т. ж. ерте бастайтын болса, онда бұзылысты жеңу сәтті өтеді.

ДЕБИЕТТЕР

1.Соломатина Г.Н., Водолацкий В.М. Устранение открытой ринолалии у детей // Методы обследования и коррекции. – М.,2005.

2.Вансовская Л.И. Устранение нарушений речи при врожденных расщелинах неба. – М., 2000.

3.Логопедия. Под ред. Волковой Л.С. – М., 1989.

4.Понятийно-терминологический словарь логопеда. Под ред. Селиверстова В.И. – М., 1997.

5.Водолацкий В.М., Мельникова М.М., Бабанина Б.Г. и др. Диспанцеризация больных с врожденной патологией лица в условиях межобластного центра: Метод. рек. Для врачей интернов и субординаторов. – Ставрополь.,1985.

6. Волосовец Т.В. Некоторые методы и приемы логопедической работы с детьми (от1,5 до 3 лет), страдающих ринолалией // Актуальные проблемы дефектологии: тез.докл. межвуз. Научн. конференции. – М., 1991.

7.Воронцова Т.Н. Принципы дооперационной профилактической работы с детьми с врожденными расщелинами губы и неба // Речевые расстройства удетей и методы их устранения: Сб. научнютр. – М., 1978.

8.Ипполитова А.Г. Открытая ринолалия/ Под ред. О.Н.Усановой . – М., 1983.

9. Мамедов А.А. Врожденная расщелина неба и пути ее устранения. – Екатеринбург, 1998.

10.Селиверстов В.И. Речевые игры с детьми. – М., 1994г.

11.Хрестоматия по логопедии. Под ред. Волковой Л.С. и Селиверстова В.И. В 2-х т. – М., 1997

12.Салахова А.Д., Кочегарова Н.В. Спонтанный период доречевого и речевого развития у детей раннего и дошкольного возраста с нарушенным слухом. Дефектология. – 2010. - № 3.

13.Коржова Г.М., Оразаева Г.С. Учебно-методические, материалы в помощь студентам к изучению курса «Основы логопедии с историей логопедии». Алматы, 2006г.

14.Коржова Г.М., Оразаева Г.С. Основы логопедии с историей логопедии. Краткий курс лекции. Алматы, 2005г.

15.Мовкебаева З.А. Дошкольная педагогика. Алматы, САТР, 2006г.

Наши рекомендации