Оқытушы туралы мәлімет
Мәдениет және өнер факультеті
Бастапқыәскери дайындық кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік
жұмыстары жөніндегі проректор
____________ Л.Қ. Еркінбаева
«_____» ______________2013 ж.
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасыпәнінің
пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандығы: 5В010100 - Мектепке дейінгі педагогика және
тәрбие әдістемесі, 5В010500 – Дефектология,
Оқыту түрі: күндізгі
Талдықорған 2013 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін оқу бағдарламасы негізінде 5В010100 - Мектепке дейінгі педагогика және тәрбие әдістемесі
мамандық үшін Кибраева З.Ю. құрастырған.
______________________
(оқытушының қолы)
Бастапқы әскери дайындық кафедрасының отырысында қарастырылды .
«_15___» _05____2013ж. №__11_____хаттама
кафедра меңгерушісі______________п.ғ.к.Прокофьева М.А.
«_15___» ___05____________2013 ж. № ___5_____ хаттама
Мәдениет және өнер факультеті әдістемелік бюросы мақұлдаған
Әдістемелік бюроның төрайымы________________Р.К.Алсаитова
| І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым | |||
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | |||||
Силлабус | Ф.4.09-42 | ||||
01.09.2012ж. |
Мәдениет және өнер факультеті
Бастапқы әскери дайындық кафедрасы
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасыпәнінің
СИЛЛАБУСЫ
Мамандық: 5В010100 - Мектепке дейінгі педагогика және тәрбие әдістемесі , 5В010500 – Дефектология,
Оқу формасы: күндізгі
Курс: 2,3
Семестр: 3,5
Кредиттің саны : 2
Барлығы: 90 оның ішінде
Аудиториялық сағаттар саны:
Лекция: 15
Іс-сабақтар: 15
СОӨЖ: 45
СӨЖ: 45
Аралық бақылаулар: 3,5
Курстық жұмыс:
Емтихан: 3,5 семестр
Талдықорған 2013ж.
Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушының аты- жөні: химия және биология кафедрасының аға оқыт. Кибраева Зауре Юсуповна
Байланыс телефоны: 25-06-29
Консультациялық сағаттар: кафедрадағы консультациясының кестесі бойынша.
Пән:«Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы»
Курстың өткізілетін орны және уақыты: сабақ бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
Пререквизиттер:Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы курсын игеру үшін студенттер келесі пәндерді игеру қажет: «Валеология», «Биология», «Медицина негіздері».
Постреквизиттер:Аталған пәнді оқыту келесі пәндерді игеру үшін қажет: «Педагогика», «Педагогика және психология», «ОМЗ», «ОБЖ».
Пәнге қысқаша мағлұмат: Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымының екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің, қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары.
ЖФМГ-ні оқыту мақсаты:балалармен жас жеткіншектердің өсіп дамуының ерекшеліктерімен таныстырып, сол мағлұматтарды оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың қажеттілігін баяндау.
ЖФМГ-ні оқыту міндеттері:
- педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалармен жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.
- өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
- Оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.
- Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сөйлеу, сана-сезім, көңіл-күй, эмоция іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.
- Болашақ мамандарды балалармен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Бұл пәнде балалардың өсу қарқыны, мүшелерінің қалыптасуы олардың
қызметін реттеуші жүйке мен эндркринді жүйелердің маңызы сипатталады. Сонымен қатар, жоғарғы жүйке әрекетінің, сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметі, жас ерекшеліктері және сыртқы орта мен мектеп ғимаратына арналған гигиеналық талаптар қамтылған.
Жас жеткіншекті, өрендерді дұрыс тәрбиелеп оқыту жанұяның, оқу - тәрбие орындарының, тіпті мемлекеттің парызы мен міндеті.