Тақырыбы: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі.
Дәріс мақсаты: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі, И. М. Сеченов және И. П. Павлов шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі, үлкен ми сыңарларының аналитикалық-синтетикалық қызметі, бірінші және екінші сигналдық жүйелер, олардың сыртқы дүниені танып білудегі маңызын, жүйке жүйесінің типтерінің функциясын қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1. Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі іліміндегі И. И. Сеченов пен И. . Павлов еңбектерінің маңызы.
2. Шарты және шартсыз рефлекстер.
3. Шартты рефлекстегі тежелу түрлері.
4. Баланың жоғарғы ждәрежелі жүйке қызметі және типтік ерекшеліктері.
Ми сыңарларының дамуы.Үлкен ми сыңарлары мидың ең жас түзінділері болып табылады. Олар алғашында маңдай, одан соң төбе және шүйде, ақырында, самай бөлігінде үлкейе бастайды. Ми сыңарларының бұлайша әркелкі өсуі, қабықшамен және бас сүйгімен шектелуі қатпарлардың түзілуіне себепші болады. Мұндай қатпарлардың арасындағы ойыстарды сайлар деп, ал көтеріңкі бөліктерін – иірімдер деп атайды.
Ірі сайлар (орталық, самай, иіс т.б.) бала өмірге келгенге дейін-ақ пайда болады. Бұлар бірінші категориядағы сайлар (53-сурет). Орташа шамадағы сайлар кейінірек пайда болады да екінші категориядағы сайлар деп аталады. Сонымен қатар, бала өмірінің алғашқы жылында ұсақ және өте ұсақ сайлар өсіп жетіледі.
Сайлар мен иірімдердің бәрі бірігіп, ми қыртысының бетін едәуір арттырады, ми сыңарлары бетінің рельефін түрлендіріп, оны күрдделендіреді. Алайда олардың саны да, өлшемі де, оған қоса нейрондардың мөлшері мен мидың жалпы салмағы да адамның ақыл-ой дарындылығының көрсеткіштері бола алмайды.
Ми сыңарларының горизонталь және көлденең кесіндісінен (54-сурет) сұр зат – ми қыртысы, ал олардың астыңғы жағынан сұр зат араласқан ақ зат – қыртыс асты ядролары көрінеді.
Ақ заттан талшықтарды байқауға болады, олардың арасынан екі ми сыңарының қыртысын байланыстыратын комиссуралық (ми қыртысының жабысқан жері – мүйізгек дене арқылы өтеді), бір ми сыңарының әр түрлі учаскелерін байланыстыратын ассоциациялық және қыртысы ми діңімен байланыстыратын проекциялық талшықтарды ажыратады.
Қыртыс асты ядролары – мидың ежелгі пайда болған түзінділері. Олар ми қыртысына функциональды түрде тәуелді.
Нерв функцияларының жайылуы. Неғұрлымкұрделі нерв функциялары нерв системасының жоғары және кеш жетілетін бөлімін – үлкен ми сыңарлары қыртысына өтетін нерв функцияларының жайылуы (кортикализациялануы) деп атайды. Әр түрлі жануарлардың ми сыңарларын немесе олардың қыртысын алып тастау жөніндегі тәжірибелер осы айтылған фактині дәлелдейді. Мұндай жағдайда балық пен бақаның көру қызметі бұзылған жоқ, ал ит соқыр болып қалды. Ми қыртысын алып тастаған соң бақа мен тасбақада шартты рефлекстер қалыптастыруға болады, ал иттің бұрын қалыптасқан рефлекстерінің бәрі жойылып кетеді және аралық ми болғанда шартты рефлекстер қалыптасады, ал иттерде бұл мақсат үшін үлкен ми сыңарлары қыртысының функциясы бұзылмауы тиіс.
Адамның ми қыртысы зақымдануының аса ауыр зардаптары болады. (ол ми қыртысының қай учаскесі және қаншалықты зақымдануына байланысты). Мысалы, күрделі қимыл актілері ішінара немесе толығымен жойылады, жатталған өлеңдер, зартап шеккен адам қатысқан оқиғалар естен шығып қалады. Бұл адам организмі функциясының ми қыртысына тәуелді екенін дәлелдей түседі.
Ми сыңарларынсыз туған балалар (анэнцефалдар) өмірге келе салысымен немесе көп кешікпей қайтыс болатынын бақылаулар көрсетуде. 1913 жылы мұндай кемтар бала 4 жылдай өмір сүрген ерекше жағдай сипатталады. Ол үнемі дерлік ұйықтаумен болады. Аузына емізік салғанда кәдімгідей дұрыс қимыл жасаған. Дыбыс пен әдеттегі жарық әсер етпеген, ал күшті жарық түсіргенде көзін жұмған. Бала өлген соң сойып қарағанда үлкен ми сыңарларының орнынан жұқа қабырғалы екі көпіршік байқалған. Ми дінінің барлық барлық бөлімдерінде өзгеріс болмаған. Сондықтан анэцефал ему, көзді ашып – жұму сияқты шартсыз рефлекстердің шегінен шықпайтын, қарапайым әсер жасай алатын болған.
Электроэнцефалография.Ми қызметі процесінде оның электрлік потенциалдарын тіркеу электроэнцефалография деп, ал жазудың жиынтық нәтижесі фотосурет шығаратын қағазда немесе әдеттегі қағаз лентада пайда болатын қисық сызық электроэнцефаллограмма (ЭЭГ) деп аталады.
XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап адам мен жануарлардың шартты рефлекторлық қызметін зерттеуде электроэнцефафалография қолданылуда. Кейнірек бұл әдісті жоғары дәрежелі нерв жұмысын зерттеуде, неврологиялық және қияли аруруларға диагностика жасауда қолдана бастады. Электроэнцефалографияның жәрдемімен ми құрылымы қызметінің сипаты мен ондағы ауытқулар дәрежесін неғұрлым дәл әрі нақты анықтауға, өзгерістер динамикасын қадағалап, байқалатын зақымдану ошағын көрсетуге болады.