Студенттің белсенділігіне жағдай жасау

Оқыту мазмұны

Қашықтықтан оқыту жүйесі, құралдары, әдістері, оқытуды ұйымдастыру

Жеке жұмыс

Студенттің өз жауабын бағалауы


Топпен жұмыс

Ұйымдастыру-ды таңдау

Формасы

Көлемі

Үй жұмысын таңдау

Оқу материалы-ның күрделілігін таңдау

Қиындық деңгейі

Жұмсалатын уақыт
Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru
Сурет 1 – Жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқытудың моделі
Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru


саралауды қамтамасыз ету, оқу іс-әрекетінің берік мотивациясын қалыптастыруды анықтайтын барлық факторлар, яғни


  • жеке тұлғаға бағытталған тәсіл негізінде қашықтықтан оқытуда кәсіби іс-әрекетті толыққанды іске асыруға бағытталған педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияны ғылыми негізделген интеграциялауды қамтамасыз ету;

  • қызметтік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қашықтықтан оқытудың аспаптық құралдарын интеграциялап қолдану;

  • қашықтықтан оқыту курстарының мазмұнын қалыптастыруда, қашықтықтан оқытуды басқаруда, қашықтықтан оқыту құралдарын жасауда ақпараттық интеграциялауды жүзеге асыру;

  • қашықтықтан оқытуды жобалау мен жүргізу барысында информатика- математикалық әдістерді орынды қолданып, пәннің ерекшеліктері мен телекоммуникациялардың ерекшеліктерін ескеру қарастырылған.


Қашықтықтан оқыту әдістемесінің болашақтағы дамуын ескеретін қашықтықтан оқытудың А.А.Андреев және т.б. ұсынған интерактивтілік ұстанымы, бастапқы білім ұстанымы, даралау ұстанымы, идентификация ұстанымы, оқытуды регламенттеу ұстанымы, жаңа ақпараттық технология құралдарын педагогикалық орынды қолдану ұстанымы, оқытудың ашықтығын және икемділігі ұстанымдары мен қатар, жұмыста ұсынылған қашықтықтан оқыту жүйесін педагогикалық жобалаудың басымдылық ұстанымы, қашықтықтан оқытудың динамикалық ұстанымы, қашықтықтан оқытудың мобильдік ұстанымы, қашықтықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясының оқытушының қолданып отырған педагогикалық технологиясына сәйкестік ұстанымы, қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұстанымы, қашықтықтан оқыту мазмұнының модульдік ұстанымы, қашықтықтан оқытуға қол жетерлік ұстанымдары қашықтықтан оқытудың негізін құрады.

Оқу ақпаратының көлеміне байланысты, білімді қабылдап, ұғынудың дидактикалық және психологиялық шарттарын қанағаттандыру және тағы басқа қашықтықтан оқытудың мәселелерін шешуде қашықтықтан оқытудың арнайы прициптері мен педагогиканың жалпы принциптерін негізге алғанда ғана толыққанды жүзеге асады. Сонымен бірге бүкіл қашықтықтан оқыту жүйесін модельдеу негізіне де қарастырлыған дидакатикалық принциптер алыну қажет.

Е.С.Полат «қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологиялары – таңдап алынған оқыту тұжырымдамасына сәйкес қашықтықтан оқу-тәрбиелік үдерісті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оқыту әдістері мен тәсілдері жиынтығы» - деп тұжырымдайды.

А.М.Пышкало анықтаған «әдістемелік жүйе» ұғымы өзара байланысты бес компоненттен, яғни оқыту мақсаты, оқыту мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдары мен ұйымдастыру формаларынан тұрады.

Білім берудің пәндік мазмұнын құрудың теориялық тәсілдері әртүрлі болады. Эмпирикалық тәсіл негізінде білім беру мазмұнының құрылымы, ең алдымен салауатты ой логикасына және берілген материалды енгізу мақсаттылығына негізделеді. Білім беруді ақпараттандыру құралдарының қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда қолдану, жаңа педагогикалық технологияларды ескеріп, сондай-ақ, қысқа мерзімде динамикалық өзгеріп отыратын желілік оқытуды жобалап, ұйымдастыруда эмпирикалық әдістерді қолдану жеткіліксіз болып табылады.Сол себепті, қашықтықтан оқытудың инновациялық бағытта даму тенденциясына сәйкес қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда дәл математикалық әдістер мен дидактикалық бірліктерді логикалық талдау әдістері сияқты информатика-математикалық әдістерді қолдану керек.

Сонымен қатар, білім беру саласында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытудың бір мәселесі – қашықтықтан оқытуды жүргізудің ақпараттық жүйесін жасау болатындықтан, интерактивтік, сенсорлық құрылғыларды және компьютерлік желілерді ендіруде алдымен компьютерлік жүйені жобалаудың сапасын арттыратын және жобалау уақытын қысқартатын талдау мен синтездеудің инженерлік әдістерін, іргелі теориясын оза дамытумен қатар жүргізу қажет.

А.В.Анисимов, Е.Дейкстра, А.П.Завада, В.Н.Касьянов, П.Холл, В.В.Гриншкун және т.б. ғалымдардың еңбектерінде анықталған философиялық, психологиялық-педагогикалық және информатика-математикалық зерттеу нәтижелері оқу материалының иерархиялық құрылымдылығын, веб-бағытталған оқу жүйелеріндегі жылжымалықты, динамикалық оқу ақпаратының модульдігін көрсетті. Осыған орай, қашықтықтан оқыту пәндері мен қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып, желілік оқу материалын іріктеу мен таңдаудың, құрылымдаудың дәстүрлі информатика-математикалық әдістерімен қатар, қазіргі модульдік ойлау теориясы негізінде оқу ақпараттық массивін веб-желіде паттерндік желі түрінде беру орынды болады. Себебі, осы тұрғыда берілетін ақпарат оқылатын пәннің ойдағы бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, ойлаудың модульдігін ескереді.

Сондықтан оқу материалын іріктеуде нақты, дәл әдістер қолданып және ақпараттық және математикалық модельдердің пайдалану қажеттігі ақпараттандыру қарқынына сәйкес, сапалы қашықтықтан оқу курстарын құруды талап етілуінен туындап отыр және қашықтықтан оқытуды дамытудың бір тенденциясы болып табылады. Осыған байланысты жұмыста қашықтықтан оқытудың оқу әдістемелік қамтамасын жасауда бірқатар информатика-математикалық әдістер қарастырылған. Атап айтқанда, оқыту мазмұнын құрудың реккуренттік алгоритмі, қашықтықтан оқу мазмұнын құрастырудың топологиялық сұрыптауы және оқытуды ұйымдастыруда паттерндік желілерді қолдану ұсынылады.

Жұмыстың «Қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялары» атты 2.3 тармағында қашықтықтан оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін қарастыра отырып, жеке тұлғаға бағытталған оқытуға әкелетін оқытудың жоғары деңгейде даралануы қажеттігі қарастырылады.

Қашықтықтан оқытудың әдістері, құралдары және формалары ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде оқытуды қамтамасыз ететін оқу үдерісін басқару құралдары мен әдістерімен бірге қашықтықтан оқыту технологияларын береді.

Қашықтықтан оқыту технологиясының құраушы бөліктерін қарастырайық. И.Я.Лернердің тұжырымдауы бойынша оқытудың ақпараттық-рецептивті; репродуктивті; мәселе туындату; эвристикалық; зерттеу әдістері бар. Ал, қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқыту келесі түрлерге бөлінеді: бетпе-бет оқыту (Face-to-Face); аралас оқыту (Blended learning); компьютерлік желілердегі жедел қолжетімді оқыту (On-line); мастер класс (кеңес беруші басшылығының қол астында өздігінен білім алу) (Workshops); дәрежеге ие болу үшін университеттік курстар (Degree courses); орта білім алу үшін үлкендер үшін сырттай оқыту (Adult upper-secondary school).

Қашықтықтан оқытуда жалпы дидактикалық әдістер нақты ақпараттық- коммуникациялық оқыту мазмұнын, сабақтар түрін, оқыту құралдарын және т.б. өзіндік дидактикалық оқыту жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатымен белсенді оқытудың келесі әдістері қолданылады: нақты жағдайларды талдау (кейс-кезең), мәселелік жағдайларды шешу; психологиялық тестілеу және тренингтер; топтық пікірталастар; сауалнама және сұхбат алу; іскерлік ойындар, компьютерді пайдалану; білімді бақылау және өзін-өзі бақылау; бір-бірін оқыту; көрнекілікті қолдану; оқу материалының мәселелік мазмұндамасы.

Қашықтықтан бірлесіп оқыту технологиясы (collaborative learning), кооперативті оқыту технологиясы (cooperative learring), мәселелік оқыту технологиясы, модульді оқыту технологиясы, оқытудың ойын технологияларын қолдану жұмыста ұсынылған. Осы технологияларға сәйкес оқыту әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған.

Жұмыстың «Қашықтықтан оқытудың тиімділігін бағалау және өлшеу әдістемесі» атты 2.4 тармағында қашықтықтан оқытудың және білім алушыларды тәрбиелеудің ең тиімді технологиялары мен әдістерін құру және пайдалануға байланысты «тиімділік» ұғымы қарастырылған.

Тиімділік (Е) – алынған пайдалы нәтиженің (R) осы нәтижелерге жету үшін кеткен шығындарға (М) қатынасы ретінде қарастырылатыны белгілі (1):

Е= R/M, (1)


Мұндағы R – оқыту үдерістерінің нәтижелілігі, білім сапасы, оқыту ортасының қолайлылығы, М – оқыту әдістерінің кемшілігі, оқыту ортасының қолайсыздығы, уақытша шығындар.

Қашықтықтан оқытуда білім беру тиімділігі педагогикалық, экономикалық және әлеуметтік аспектілеріне ие. Біздің зерттеуімізде қашықтықтан оқыту тиімділігі оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі тұрғысынан қарастырылады. Осы тұрғыда оқыту тиімділігін сандық анықтаудың сауалнама түріндегі сараптамалық бағалау әдістері, білімді меңгеру кезінде студенттердің үлгерім динамикасын эксперименттік анықтау, қатысушылармен жеке, сондай-ақ топтық әңгімелесу, мәліметтерді компьютерлік жинақтау, талдау, статистикалық әдістер қолданылып, қашықтықтан оқытуды жүйе ретінде бағалау қажеттігі ескерілді.

Педагогикалық тиімділіктің деңгейін анықтау мақсатында Е.С.Полат ұсынған студенттер үшін педагогикалық тиімділік көрсеткіштері, яғни оқыту деңгейі, тәрбиелеу және интелектуалдық даму, білім алушылардың оқу уақытының шығыны, жұмысқа қабілеттілігінің мотивациялық және оқу іс-әрекетінің көрсеткіштері, оқытушылар үшін педагогикалық тиімділік көрсеткіштері педагогикалық технологияларды, оқыту құралдарын тиімді пайдалану, оқу ақпаратын беруге кеткен уақыт шығынының көрсеткіштері, оқытушының жұмысқа қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер қолданылды.

Педагогикалық энциклопедия «білім сапасы» ұғымын білім беру мазмұнының элементтерімен және меңгеру деңгейімен білім түрлерін ара қатынасын белгілеуді қарастырады. Білім сапасы келесі сипаттамаларға ие: толықтық, тереңдік, жүйелілік, реттілік, жылдамдық, икемділік, жинақтылық. Бұл сипаттамалар студенттер ие болатын білім сапасын бағалау критерийі ретінде қарастырылады.

Жұмыстың «Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық негіздері» деп аталатын үшінші бөлімінің «Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығы ұғымы» атты 3.1 тармағында кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың мәндерін (Н.С.Розов, Е.А.Климов, Н.В.Кузьмина және т.б.), кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың жеке компонентерін қалыптастыру құралдарын зерттеу (Г.Я.Буш және т.б.), маман тұлғасының осы қасиеттерін қалыптастыруда жеке оқу пәндерінің мүмкіндіктерін (Ю.К.Бабанский, Н.А.Дмитриева және т.б.), сондай-ақ, ғалымдар кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың жеке құрамдас компоненттерін қалыптастыратын педагогикалық үдерістерді зерттеу, бұл үдерістер бір бірінен бөлек қарастырылған (Е.А.Климов, А.А.Вербицкий, Н.А.Борисов және т.б.) зерттеуге байланысты еңбектер қарастырылды. Нәтижесінде қашықтықтан оқыту бойынша оқытушының кәсіби құзырлылығының негізі кілттік, жалпы кәсіби және арнайы АКТ-құзырлылық жүйесінің толықтырушысы оқыту үдерісінде қалыптасқан және кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің барысында дамитын интегративті сапа болып табылатын, қашықтықтан оқытуда кәсіби іс-әрекетін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кәсіби мәнді қасиеттердің жиынтығы болып табылатыны анықталды.

Жұмыстың «Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығының мәні, құрылымы және мазмұны» атты 3.2 тармағында мән – материалдық жүйенің даму тенденцияларын және негізгі белгілерін анықтайтын терең байланыс, қарым-қатынас және ішкі заңдардың жиынтығы ретінде қарастырылып, «кәсіби құзырлылық» мәні оның іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылатынын көрсетілді.

Кәсіби-педагогикалық құзырлылықты мотивациялық-құнды, когнитивті, коммуникативті және рефлексивті компоненттердің бірлігі ретінде қарастырамыз.

Мотивациялық компоненттің дамуы ақпараттық-коммуникативтік, іс-әрекеттік-регулятивті және қалыптастырушы-дамытушы іс-әрекеттерді жүзеге асыруға, когнитивті компоненттің дамуы аналитикалық-конструктивті іс-әрекеттерін жүзеге асыруға, коммуникативті компонентті қалыптастыру кәсіби-педагогикалық құзырлылықтың барлық іс-әрекетін тәжірибеде жүзеге асыруға көмектеседі, рефлексивті компоненттің дамуы қалыптастырушы-дамытушы және сақтандыру-тәрбиелеу іс-әрекеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

Әрбір компоненттің пайда болуы оның сипаттамаларының және қасиеттерінің толық жүйенің бір бөлігі ретінде қалыптасуымен байланысты. Сол себепті, қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі бір жағынан ақпараттық технология дамуына байланысты өзгерістеріне инвариантты, екінші жағынан олардан алда жүретін болу қажет. Сондықтан, оқытушылардың құзырлылығын арттыруға ерекше назар аудару керек, оқытушылар оқытуға инновациялық ендірулерге дайын болу қажет.

Жұмыстың «Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру үдерісінің ерекшеліктері» атты 3.3 тармағында қашықтықтан оқытудың интерактивті және коммуникативті ерекшеліктері қарастырылған.

Қашықтықтан оқыту жүйесі қызметкерлерін дайындау туралы В.Копеланд, К.Зейчнер, Д. Листон еңбектері негізінде қашықтықтан оқытудағы рефлексияның әртүрлі деңгейлері келесідей бөліп көрсетілген: техникалық деңгей (белгілі бір мақсаттарға қалай жету керектігі), интерактивтік ұғымына сәйкес тәжірибелік деңгей; сын деңгейі (институционалдық контекст, мораль, этика). Рефлексияның тәжірибелік амалдарының ішінде журналды жүргізу; метафораларды пайдалану; «әрекеттегі зерттеу» амалдары бөліп қарастырылды.

Жұмыстың «Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың әдістемесі» атты төртінші бөлімінің «Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуға оқытушыларды даярлаудың және қайта даярлаудың құрылымы мен мазмұнының негіздемесі» атты 4.1 тармағында білім беру нарығында бәсекелестікке қабілетті болу үшін жоғары оқу орындарына профессор-оқытушылар құрамының барлық буындарында біліктілікті арттыруға баса назар аудару қажеттігі көрсетілген. Классикалық жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының тақта алдындағы немесе кафедрадағы дәстүрлі оқытуға инновациялық жаңалықтарды енгізуге көп жағдайда дайын еместігі келтірілген.

Оқытушыларды қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларына оқыту мақсаты - оқу үдерісіне тән барлық компоненттерді бейнелейтін (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары және ақпараттық-коммуникациялық технологияларының құралдарымен, соның ішінде Интернет-технологиямен оқыту әдістері мен құралдары) оқытушы мен студенттің арасындағы арақашықтықта өзара әрекеттесуіне негізделген оқыту жүйесі жұмысына дайындық, оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі ұстанымдарына және қашықтықтан оқыту жүйесі жұмысының негізгі тәсілдеріне мамандарды оқыту болып табылады.

Қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларына оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларында келесі ақпараттық-педагогикалық құзырлылықтарды қалыптастыруға бағытталды:


  • қашықтықтан оқыту сабағын, курсын және т.б. әдіснамалық жобалаудың құзырлылықтары;

  • қашықтықтан оқыту, бақылау үдерісінде электрондық оқу-әдістемелік кешенді (ЭОӘК) әзірлеу, енгізу және қолдану құзырлылықтары;

  • оқу орнында әдістемелік жұмысты сүйемелдеу құралдары мен жүйелерін жобалау құзырлылықтары;

  • біріккен, топтық кәсіби іс-әрекетті ұйымдастыру құзырлылықтары;

  • педагогикалық бақылаудың әртүрлі түрлерін ұйымдастыру құзырлылықтары;

  • бақылау материалдарының сапасын бағалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау және бақылауды жүргізу технологиялары құзырлылықтары;


сондай-ақ, коммуникативті және коммуникациялық құзырлылықтар:


  • қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологияларын тәжірибелік меңгеру (вебинарларды, ситуативтік талдауды, жобалау іс-әрекетін, рөлдік және іскерлік ойындарды және т.б. жүргізу);

  • білімдік-ұйымдастырушылық іс-әрекет саласындағы құзырлылықтар, оның ішінде оқу жағдайын талдай білу іскерлігі, қашықтықтан жұмыс істейтін оқытушылар мен студенттердің өзара қатынастарында норма мен этиканы білу, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін бағалау, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары құзырлылықтары;

  • ақпараттың әртүрлі көздерінен білімді алу тәсілдерін (оқытудың техникалық құралдарын, қашықтықтан оқыту бағдарламаларын) меңгеуге негізделген өзіндік танымдық іс-әрекеті саласындағы құзырлылықтары.


Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің моделі 2 суретте берілген. Берілген модель қашықтықтан оқыту бойынша оқытушыларды даярлаудың құрылымы мен мазмұнын анықтайды.

Жоғары оқу орнында оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі ^ Мақсаттық компонент Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру
Мазмұндық-технологиялық компонент
  • мазмұнды анықтау
  • мазмұнды құрастыру
  • жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқыту технологиясы
  • қашықтықтан оқыту құралдары мен әдістері
  • қашықтықтан оқытудың білім беру ресурстары
  • қашықтықтан оқытудың бағдарламалық қамтамасыз етуі
  • қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру формалары
Бақылаушы- коррекциялық компонент
  • қашықтықтан оқытуда бақылау және өзіндік бақылау құралдары
  • қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби құзырлылықтың қалыптасу деңгейлері


Сурет 2 – Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің моделі


Модельге сәйкес оқытушылардың біліктілігін арттыру курсының құрылымы және мазмұны төмендегідей анықталады:


  1. Ашық білім беру жүйесіне кіріспе. Қашықтықтан оқытудың дидактикалық және ұйымдастырушылық модельдері. Қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологиялары.

  2. Қашықтықтан оқытудың АКТ. Қашықтықтан оқыту жүйесінде (ҚОЖ) қашықтықтан оқыту технологиясының тезаурусы. Оқу үдерісі барысында ҚОЖ қызмет етуі, көріну аймағы және пайдаланушылар рөлі. ҚОЖ сервері, клиенттік компьютер. ҚОЖ компоненттері.

  3. Қашықтықтан оқыту жүйесінің қызметтік мүмкіндіктерін оқып-үйрену.

  4. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі. Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені құрамының нормалық талаптары.

  5. Әртүрлі пәндер бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендерді даярлау.

  6. Қашықтықтан оқу курсын жоспарлау. Дәріс оқушы, тьютор, әкімшіліктің міндеттері.

  7. «Тесттер дизайнері»-нде әртипті тесттік тапсырмаларды әзірлеу.

  8. Форумда, чатта және бейне-конференц-байланыс арқылы алғашқы электрондық семинарлар.

  9. Вебинарларды, ситуативтік талдауларды, жобалық іс-әрекеттерді, рөлдік және іскерлік ойындарын интерактивті жабдықтардың көмегімен жүргізу.

  10. ҚОЖ-інде электрондық құжаттар және есептер.

  11. «Курстар дизайнері»-нде электрондық оқу-әдістемелік құралын әзірлеу.

  12. Электрондық оқу-әдістемелік құралын Интернетте жариялау.

  13. Жарияланған электрондық оқу-әдістемелік кешендердің коммуникативті және дидактикалық қасиеттерін бағалау.

  14. Қашықтықтан оқыту қабықшаларының салыстырмалы сипаттамасы.


Жұмыстың «Қашықтықтан оқытудың кәсіби бағытталған ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру» атты 4.2 тармағында ақпараттық-білім беру орталарының мүмкіндіктерін талдау барысында нәтижелі виртуалды оқыту үшін икемділік, масштабтылық және оқытудың ашықтылығы сияқты бірқатар талаптарды орындау қажеттігі анықталған. Виртуалды оқыту платформасының сипаттамалар жүйесі 3 суретте келтірілген.


Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru

Сурет 3– Виртуалды оқыту платформасы сипаттамаларының жүйесі


Мұндай оқытуды ұйымдастыруда, студенттердің сабаққа деген нақты ішкі мотивтер мен оқу мерзімдері бойынша талаптарды орындап, пәндерге өзіндік жауапкершілік талап етіледі. Виртуалды сыныптарда өзара әрекеттестіктердің өте интенсивті болатыны, виртуалды сыныптар білім алуға өте ыңғайлы болғанымен жеңіл тәсіл емес екендігі белгілі. Сол себепті, студенттердің виртуалды сабақтарды босатпай, тапсырмаларды уақытында орындау маңызды болып табылады.

АКТ студенттер мен оқытушылардың өзара әрекеттесу формасын өзгертіп, жоғары білім берудің жаңа сапасын беретін оқыту мазмұнына ықпалын тигізеді. Сондықтан, виртуалды оқытулар электрондық оқыту бағдарламаларына, дәстүрлі кітапханадан электрондық кітапханаға, нақты оқу топтарынан әртүрлі масштабтағы виртуалды аудиторияларына көшуді жүзеге асыратын білім беру жүйесінің даму кезеңдерінің бірі болып табылады. Дәстүрлі және виртуалды оқыту формалары мен әдістерінің және қазіргі технологиялары тиімді интеграциялау нәтижесінде оқыту сапасы артып, оқыту мүмкіндіктері толық жүзеге асады.

Қашықтықтан оқытудың ақпараттық-білім беру ортасында жұмысы бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтары біріншіден, интеграция құзырлылықтары: білімдерді құрылымдау, білімнің өзектілігі, жинақталған білімнің өсуінің кеңейтілуі ретінде айқындалады. Ақпараттық-білім беру ортасында кәсіби қасиеттерінің көрінуі қоғаммен, студенттермен өзара әрекеттестігіне қатысты болғандықтан, екіншіден, әлеуметтік өзара әрекеттестік құзырлылықтары және қарым-қатынас құзырлылықтары, ақпараттық-білім беру ортасында қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру іс-әрекетпен байланысты болғандықтан, үшіншіден, оқытушылардың танымдық іс-әрекет құзырлылықтары, қызмет, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құзырлылықтарын қарастыру мүмкіндігі болу керек. Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушыларды дайындау және олардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастыру қашықтықтан оқыту моделін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуға кәсіби бағытталған ақпараттық-білім беру ортасында жүзеге асыруды қажет етеді.

Жұмыстың «Қашықтықтан оқыту кадрларын дайындауда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану» атты 4.3 тармағында қашықтықтан оқыту бұл оқыту үдерісі, яғни білім алудың бір формасы ретінде қарастырылып, дәстүрлі оқыту құралдарымен қатар, қашықтықтан оқытуды іске асыратын АКТ-ға сүйенетіндігі көрсетіліп, қашықтықтан оқыту барысында шешілетін мәселелелерге сәйкес нәтижелерге қол жеткізу қарастырылады.

АКТ-ның ішінде ақпаратпен ашық жұмыс жасау үшін, қашықтықтан оқыту жүйесіне оңтайлы қол жеткізу үшін желілік болып табылатын Интернет-технологияны пайдаланамыз. АКТ-ны талдау барысында қашықтықтан оқыту үшін әмбебап құралдың жоқтығы анықталды. АКТ құралдардың бірінде қашықтықтан оқыту бойынша тиімді кері байланысты интерактивті ұйымдастыруға мүмкіндік бермесе, ал бірі құралдарды компьютерге студент жағынан орнатуды талап етіп, бірқатар қиындықтар туғызады және т.б. Міне осы мәселелелерге байланысты АКТ аспаптың мүмкіндіктерін интеграциялауға келеміз.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген АКТ қашықтықтан оқыту кадрларын дайындауға қажеттілік жағынан іріктеу лицензиялық келісім, оқытушы-тыңдаушы интерфейсін ұйымдастыру, тест моделі және т.б. халықаралық стандарттарға сәйкес болу, әзірленген ресурстардың экспорт-импорт мүмкіндігінің болуы, білім беру үдерісінің барлық қатысушылары үшін жабдықталған интерфейс қосымша білімнің болуын және компьютерге қосымша бағдарламалық құралдарды орнатуды талап етпеуі, жоспарлау, басқару, әзірлеу және желі курстарын тестілеу құралдарының болуы, синхронды-асинхронды қатынас түрлері сияқты коммуникация құралдары, алуан түрлі конференциялар, аудио- және бейне-форматты қалыпты түрде ұстап тұру, тестілеу құралдары, студенттердің өзін-өзі тестілеуі, ағымдағы үлгерімді бақылау, оқыту мониторингі және білім беру үдерісінің статистикасын беру, сыртқы бағдарлама құралдарына жүгіну мүмкіндігі (мысалы, on-line мәліметтер базасына, мәтіндік және графикалық редакторларға, навигациялық құралдарға және т.б.) талаптарын қанағаттандыру керек.

Қашықтықтан оқытудың көптеген белгілі жүйелері (ПО Learning Spase, Prometei, MOC «ToolBook» Lotus Domino/Notes, Web CT, XDLS (extensibte Distanse Learning System «e-learning Office 3000»)) және т.б. мүмкіндіктерін зерттеу бұл бағдарламалардың ұйымдастыру бойынша тек типтік шешім ұсынатындығын көрсетті. Нақты білім беру мекемесінің ерекшелігін ескермейтін және тұтынушыларға толық білім беру үдерісін енгізу үшін бағдарламалық құралдарды өздігінен тиімді етуге мүмкіндік бермейтін Интернет-оқытудың бағдармалық пакеті екендігі анықталды.

Қашықтықтан оқытудың жаңа технологияларына бейімдеу үшін, студент мүмкіндіктерін ескеру керек. Қазіргі заманғы WAP-хаттама бойынша оқу ақпараттарына кіруді қолдау, SMS-хабарларды пайдаланудың өзара әрекеттесу мүмкіндігі, GSM/GPRS-қосылулары үшін ыңғайлы Web-интерфейс, ҚОЖ-де жүзеге асыру мүмкіндіктері мобильдік оқыту технологиясының пайда болуына әкеліп, ситуативтік оқыту → проблемалық бағытталған оқыту → контекстік үздіксіз оқыту сұлбасы бойынша оқытудың дамуын берді.

Әрине мобильдік құрылғылар даму үстінде, сол себепті оқыту мазмұнын беру технологиясы мен мобильдік оқыту әдістемесі динамикалық түрде өзгеріп, дамиды. Бағдарламалық қамтама, браузерлердің мүмкіндіктері мобильдік оқытуға бейімделіп дамуда. Сол себепті, қашықтықтан оқыту кадрларын дайындау техниканың дамуына сәйкес болу үшін, қазіргі техникалық қамтамасыз етумен, бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа түрлерінің мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Мобильдік оқытудың консорциумының құрылуы (Канада, 2002) және оның мобильдік оқыту үшін жасаған оқыту құралдары қашықтықтан оқытудың бір түрі ретінде мобильдік оқытуды қарастыруға болатынын көрсетеді.

Алайда білімді басқару жүйелері ақпараттың қандай бөлігін мобильдік түрде жасау қажет, сонымен қатар, ақпаратты мобильдік конвертациялау үшін Autnoring Tool, мобильдік оқу материалын жасау үшін мобильдік LMS және оны алу үшін LMS құраушыларынан тұратын жүйені қолдануды оқытушыларға үйрету керек. Бұл жерде қашықтықтан (мобильдік) оқытудың интегративтік аспаптары ретінде CRM және HRIS жүйемен өзара байланысу құралдарын меңгеру мақсатында қолдану қажет. Сонымен, мобильдік оқыту белсенділігімен айрықшаланатындықтан, курстар жүйесінен амал немесе іс-әрекеттер жүйесіне, контекстік оқытудан іс-әрекетке шығатын оқыту моделін құруды қажет етеді.

Осы зерттеуде қашықтықтан оқыту жүйесі ретінде қашықтықтан оқыту жүйесінің интерфейсі интеграцияланған С.Торайғыров атындағы ПМУ білім беру порталы (www.psu.kz) қарастырылды.

Жұмыстың «Оқытушылардың жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуға дайындығының критериальдық моделі» атты 4.4 тармағында монографиялар, сауалнамалар және қарым-қатынас деңгейін бағалау әдістемесін (В.Ф.Ряковский), табыстылыққа мотивтік деңгейін бағалау тесті (Т.Эмра әдістемесі), ұйымдастырушылық қабілеттіктерін анықтау тесті (Т.Мотвеева тесті), жетістіктерді тұтынуды анықтау әдістемесі (Ю.М.Орлов) және т.б. талдау негізінде қашықтықтан оқытуда кәсіби іс-әрекет аймағының деңгейлері: І-деңгей – төмен (интуитивті), ІІ-деңгей – нормативті (орташа), ІІІ-деңгей – белсенді (жоғары), IV-деңгей – креативті (өте жоғары) болып, әр деңгейдің қасиеттері анықталды.

Н.А.Банькоға сәйкес қашықтықтан оқытатын оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру деңгейлерін қарастырайық. Интуитивті деңгей (I) – кәсіби іс-әрекет туралы оқытушылардың жалпы және қашықтықтан оқыту жағдайында қарым-қатынас түсінігі болуын талап етеді. Қашықтықтан оқыту жүйесінде педагогикалық іс-әрекеттің негіздері туралы білім үстіртін сипатқа ие. Бұл деңгейдің өкілдері белсенді емес, яғни бәсең: сұхбат жүргізбейді, виртуалды топ алдында баяндама жасаудан тартынады, сабақтарда бәсең, пікірталасқа қатыспайды, рефлексивті қасиеттерін нашар көрсетеді. Нормативті деңгей (II) – қашықтықтан оқыту жүйесінде кәсіби іс-әрекет үшін кәсіби дайындықтың маңыздылығын қашықтықтан оқыту оқытушыларының саналы түрде түсінгенін талап етеді. Педагогика саласы бойынша, қашықтықтан оқыту жағдайында педагогикалық білімдерді қолдану туралы базалық дайындық бар. Дегенмен, өнімді желілік қарым-қатынас үшін қабілеттері толық қалыптаспаған. Қашықтықтан өткізілетін сабақтардың нәтижеге жету мотивтілігі жеткілікті орнықты сипатта. Белсенді деңгей (III) – қашықтықтан оқыту саласы бойынша педагогикалық білімдерінің қалыптасқанын және орнықты қызығушылығының бар екендігін және олардың оқытушыларда толықтырылғанын көрсетеді. Оқытушылар қашықтықтан оқыту барысында табысты кәсіби іс-әрекет шарттары ретінде кәсіби білімдер мен іскерліктерді меңгеру қажеттігін саналы түрде түсінеді. Олар желілік сұхбатқа жеңіл араласып кетеді, бірлескен іс-әрекетті, пікірталасты атқара алады, желілік режимде қарым-қатынасты белсенді қолдайды. Сондай-ақ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда жағдайлық міндеттерді шешуде педагогикалық білімдерді қолдануға бағытталған. Бұл деңгейдің оқытушыларында оқыту үдерісінде қашықтықтан оқытуда өзара әрекеттестікті өздігінен жүзеге асыруға және өзін өзекті етуге ұмтылыс байқалады. Креативті деңгей (IV) – бұл деңгейдің оқытушысы қарым-қатынасқа ешқандай қиындықсыз кіріп кетеді және оны қолдайды, пікірталастарда белсенді түрде қатысады, қашықтықтан оқытудың коммуникативті жағдайлық міндеттерін шешуде педагогика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білімдерін қолдана біледі. Қашықтықтан оқытуда өзінің кәсіби іс-әрекетін өзгертуге байланысты әрекеттер жасауға мүмкіндігі бар.

Педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік стандарттарына және қашықтықтан оқыту бойынша мамандар мен оқытушыларды дайындау бойынша еңбектерге талдау, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша шарттар мен талаптарды оқып-үйрену іс-әрекеттердің ішінен ойлау іс-әрекетін ерекшелеуге мүмкіндік берді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда мультимедиалық технологияларды қолдануға, яғни ақпаратты алу, ақпаратты сақтау, презентацияларды жобалау және жасау, мультимедиялық ақпаратты жіктеу, мультимедиялық ақпаратпен алмасуға баса назар аударылады.

Қашықтықтан оқытудың кәсіби міндеттерін тиімді шешуде қашықтықтан оқыту бойынша білімдерді, іскерліктерді, жұмыс тәжірибесін біріктіру, педагогикалық, сондай-ақ, ақпаратты-коммуникациялық технологиялардың құралдарын жүйелі түрде қолдану қашықтықтан оқытатын оқытушының кәсіби құзырлылығының интегративтік сапасы болып табылады.

Жұмыстың «Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту бойынша оқушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс» атты бесінші бөлімінің «ЖОО-да қашықтықтан оқыту бойынша даярлаудың мазмұнын қалыптастырудың негізгі бағыттары» атты 5.1 тармағында қашықтықтан оқытудың оқытушыларын даярлаудың бағыттарының бірі болып қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологияларын қолдану, екінші бағыты - қашықтықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану болып табылады.

Ақпараттық-педагогикалық құзырлылықтарды қалыптастыру қашықтықтан оқыту сабақтарын, қашықтықтан оқыту курстарын және т.б. әдістемелік жобалау; қашықтықтан оқыту үдерісінде электрондық оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу, ендіру және қолдау; оқу орындарында әдістемелік жұмысты сүйемелдеудің жүйесін және құралдарын жобалау; бірлескен топтық кәсіби іс-әрекетті ұйымдастыру; педагогикалық бақылаудың әртүрін ұйымдастыру; бақылау материалдарының сапасын бағалау; бағдарламалық қамтамасыздандыруды таңдау; бақылауды жүргізудің технологияларын меңгеруді қарастырады.

Коммуникативтік және коммуникациялық құзырлылықтар қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологияларын меңгеру (вебинарларды, ситуативтік талдауларды, жобалау қызметін жүргізу); оқу жағдайын талдаудың іскерлігін қалыптастыру; желіде қызмет ету нормасы мен этикасын білу; өзіндік танымдық іс-әрекет; оқытудың техникалық құралдарын меңгеру; қашықтықтан оқытудың бағдарламалық қамтамасы мен оқытудың тиімділігін анықтауды меңгеруді қарастырады.

Жұмыстың «Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың эксперименттік тәжірибе нәтижелері» атты 5.2 тармағында қашықтықтан оқыту тәжірибесі қарастырылды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ құрамында қашықтықтан оқыту факультеті IQ Net сертификациясы бойынша «Русский регистр» Халықаралық Ассоциациясы-ның сертификаттауы (2007) мен ресертификаттаудан(2009), институтционалдық аккредитациядан (2010), Мемлекеттік аттестатциядан (2010) өтіп, нәтижесінде ақпараттандыру және қашықтықтан оқыту бойынша университеттің тәжірибесін Республикамыздың басқа жоғары оқу орындарына кеңінен тарату туралы комиссиялар шешім қабылдаған. Университеттің Тараз Хартиясы (Ақтау, 2008) мен Университеттердің Ұлы Хартиясына (Великая Хартия университетов) (Болонья (Италия), 2009) енуі осы университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануын көрсетеді. Сонымен қатар, университеттің Республикалық КазРЕНА ассоциациясының мүшесі және ғылыми білім беру желісінің Павлодар аймағындағы операционалдық орталығы болып табылуы, құрамына 43 оқу орындары (Қазақстан Республикасы бойынша 4 оқу орнын қамтитын) кіретін «Сибирский открытый университет» ассоциациясының белсенді мүшесі болуы осы университеттің білім беруді ақпараттандыру саласындағы жетістіктерін көрсетіп, қашықтықтан оқитын студенттердің саны соңғы жылы 7 есеге артуы қашықтықтан оқыту бойынша тәжірибенің оң нәтижесінің айғағы болып табылады (4 сурет).

Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru

Сурет 4 – Қашықтықтан оқитын студенттер санының өсу динамикасы


Қашықтықтан оқыту деңгейін анықтау мақсатында маркетингттік сауалнамалар, кіру сауалнамасы және емтиханнан кейін қорытынды сауалнамалар толтырылды.

Эксперимент барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің бағдарламасы мен университеттің білім беру порталы қашықтықтан оқытудың негізгі платформасы ретінде таңдалып алынды. Оқыту үдерісіне ендіру барысында университеттің Білім беру серверіне кіретін Microsoft SQL CAL English Academic OPEN No Level Device CAL, Microsoft SQL Server Standard Edition 2000 English Academic OPEN No Level, Microsoft Windows Server Standard 2003 Win 32 Russian Academic OPEN No Level бағдарламалық өнімдері, «Прометей 4.3» қашықтықтан оқыту жүйесімен бірге «Курстар дизайнері», «MOODLE» бағдарламаларын және Интернет-ресурстар, оқу жоспары мен жұмыс бағдарламалары, электрондық оқулықтар, оқытушылардың жасаған электрондық оқу-әдістемелік материалдары қолданылды.

Қашықтықтан оқыту технологиясын оқу үдерісіне ендіру барысында ақпараттық мәліметтер берумен қатар, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оқу үдерісін басқаруда тірек болатын бағдарламалық модульдерден тұратын біркелкі ақпараттық білім беру ортасын, яғни білім беру порталын құруға көп көңіл бөлінді. Эксперимент барысында қашықтықтан оқыту технологиясы Интернет арқылы ақпаратты берудің және қабылдаудың заманауи тәсілі екені анықталды. Сонымен қатар, қашықтықтан оқытудың желілік технологиясы оқыту сапасын арттырудың бір жолы болып табылатыны, интерактивті оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігі бейне-сабақтар ұйымдастыру барысында, бейне-кеңес беру сияқты жұмыстарда анықталды. Зертханалық, тәжірибе жұмыстарын жүргізуде оқытудың нақты ақпараттық моделіне негізделген автоматтандырылған зертханалық практикумдардың, компьютерлік бақылау жүйелерінің болуы тиімді қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретіні де анықталды.

Эксперимент барысында қашықтықтан оқыту технологиясын ендірудің бірқатар өзекті мәселелері анықталды. Білім беруді ақпараттандыру құжаттарында қашықтықтан оқыту технологиясының толық анықталмауы, қашықтықтан оқыту технологиясын ендіру жоғары оқу орындарының өз қаражаттарына жүргізілуі, қашықтықтан білім беру әдіснамасының жасалмауы, стандарттау және унификациялау мәселелерінің шешілмеуі еліміздің жоғары оқу орындарында қолданылып отырған қашықтықтан білім беру мазмұны мен ұйымдастыру түрлерінің, басқа Интернет желісінде орын алған, халықаралық стандарттар негізінде жұмыс жасап отырған виртуалдық жоғары оқу орындарының тиімді жүргізіп отырған қашықтықтан оқыту үдерісінен көп өзгешіліктердің болуына әсерін берді. Шетелдік ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың жоғары деңгейі шетелдік қашықтықтан оқыту технологиясының бас артықшылығын береді және халықаралық білім беру кеңістігінде еліміздің студенттері шетелдік қашықтықтан білім беру орындарын жаппай таңдауларына әкелу қаупін көрсетеді. Электрондық желілік технологиялармен (Интернет, жерсеріктік қатынас, жерсеріктік теледидар) қатар, білім беру технологиялары мен өнімдерінің арасында бәсекелестік бар екенін көрсетеді. Бұл елімізде қашықтықтан білім беруді халықаралық дәрежеде қарастыруды талап етеді.

Қашықтықтан оқытудың өзіне тән жағдайларының құқықтық және нормативтік қамтамасыз етілмеуі міндетті білім беру сапасын қамтамасыз етуді, қашықтықтан оқытудың вариативті де кең даму мақсатына жетуді тежейді. Ал, заң жобаларын жасау барысында оларды барлық жоғары оқу орындарының қатысуымен барынша кең талқылау қажет. Себебі, әрбір жоғары оқу орындарының қашықтықтан оқытудың өз моделі мен технологиясы болуы ықтимал.

Зерттеу барысында қашықтықтан оқытудың нормативті-құқықтық негіздері, халықаралық стандарттау параметрлері, қашықтықтан білім беру технологиялары мен ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды заңды қолдану, қашықтықтан оқыту бойынша ғылыми-әдістемелік және дидактикалық материалдар, білім беру модельдері зерттеу, оқытудың дәстүрлі түрімен қашықтықтан оқытудың қандай нақты айырмашылықтары мен оларды үйлестірудің қандай жолдары бар екені зерттелді.

Сонымен қатар ақпараттық ресурстарды жасаудың күрделілігі, ақпараттық ресурстар және технологиялармен алмасу мақсатында телекоммуникациялық құралдарын унификациялау мен ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастыру бағытында орталықтанған басқарумен зерттеулер жүргізу қажет екендігін көрсетеді.

Қашықтықтан оқыту жүйесінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын жасауда білім беру жүйесінің білім беру деңгейлері, сатылары мен оқыту түрлеріне бөлінулері бірқатар мәселелер туғызатыны анықталды. Осы тұрғыда оқу материалын беруде сабақтастық ұстанымы әрдайым орындалмайтыны, білім беру стандарттарының мемлекет аралық студенттердің академиялық алмасуына кедергі болатыны да анықталды.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда аудиториялық сабақтардың аз көлемде өткізілетінін ескеріп, аудиториялық қорға стандарттық талаптарды қайта қарастыруды қажет етеді. Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту барысында студенттердің электрондық түрде алатын оқу-әдістемелік материалдарының көбі жоғары оқу орындарының есебінде бола бермеуі кітапханалық қор мен ақпараттық қорды қамтамасыз ету талаптарын қашықтықтан оқитын студенттер үшін қайта қарастыру қажеттігін көрсетеді.

Білім беруде студенттердің оқу жетістіктерін анықтау мақсатымен бақылау жұмыстарын өткізуді саралап жүргізу қажеттігі анықталды. Яғни деңгейлік саралау мен қатар, компьютерлік тесттердің сапасын арттыра отырып, бейне-коммуникациялық құрылығыларды кеңінен қолданып, аралық бақылауды қашықтықтан жүргізу мүмкіндігі анықталды.

Қашықтықтан оқытуда оқытушының кәсіби қызметі бойынша диссертацияның 4.4 тармағында анықталған деңгейлері (І-деңгей – төмен (интуитивті), ІІ-деңгей – нормативті (орташа), ІІІ-деңгей – белсенді (жоғары), IV-деңгей – креативті (өте жоғары)) және әр деңгейдің қасиеттерінің қалыптасуы эксперимент барысында анықталды.

Эксперимент барысында педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде, соның ішінде қашықтықтан оқыту үдерісінде қолдану бойынша барлығы 800 оқытушының біліктілігі арттырылды.

Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру бойынша оқыту экспериментін жүргізу үшін оқыту мен қызмет етудің нақты жағдайында барлығы 235 оқытушы қамтылды. Оқыту экспериментіне қатысушы оқытушылар бақылау және эксперименттік топтарға бөлініп, дайындық деңгейін салыстыру үшін Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru - критерийі ықтималдық әдісін қолдандық.

Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін тексеру мақсатында оқыту эксперименті вариативтік түрде жүргізілді. Бұл эксперимент жеке циклдардан тұрып, әрбір циклда бірқатар факультеттерді қамтып және біртіндеп жаңаларын қосуға, сонымен қатар, оқытушыларды дайындаудың оқу-әдістемелік кешенінің жаңа мазмұнының анықталуына байланысты және оқу орнының ақпараттық білім беру инфрақұрылымына жаңа модульдердің ендірілуіне байланысты, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша біліктіліктерін арттыру курстарының жаңаруы себепті жүргізілді. Оқыту эксперименттің қорытынды циклы жеке эксперименттер сериясынан тұрып, 2008-2010 жылдары жүргізілді.

Бақылау және эксперименттік топтардағы тестілеу нәтижелері 5 суретте берілген.

Студенттің белсенділігіне жағдай жасау - student2.ru

Сурет 5 – Қорытынды бақылаудың нәтижесі


Оқытушы эспериментінің соңында жасалынған статистикалық талдау ұсынылып отырған ақпараттық-коммуникациялық технологиялары мен пәндік саланың ерекшеліктерін ескеретін қашықтықтан оқыту әдістемесінің, қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық коммуникациялық технологияларын оқытудың арнайы курстарының әдістемелік және практикалық құндылығының күмәнсыз екенін көрсетті. Сонымен педагогикалық зерттеу ұсынылған ғылыми болжамды растады.

Наши рекомендации