Технологиялық карталар

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Кір қуыршақ»

Мақсаты:қуыршақ арқылы балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, мзыкалық қабілеттерін дамыту.

Мендеттері:Музыканы тыңдау, қабылдау, еске сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.

Балалардың жеңіл гимнастиқалық, бейнелі, би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыаның үйлесімдігін дамыту.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:ойыншық, бесік.

Сөздік жұмыс:қуыршақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық -қозғаушылық Балалар музыка залына көңілді әуенмен кіреді. Үстел үстінде қуыршақ отырады. Қуыршақтың үсті басы лас. Жуын жуын жуынсақ Қандай жақсы қуыршақ! Әйтпегенде, бөпешім, Кірлеп кеткен екенсің. Балалармен кір қуыршақ туралы әңгіме. Балалар музыка әуенімен залға келеді. Қуыршақты қызықтайды. Балалар өлеңді тыңдап, не туралы екенін айтуға тырысады.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік   -Балалар, қараңдаршы, қуыршақ қандай күйде? Кәне, киімін ауыстырайық. Музыка тыңдау: «Бесік жыры» (Ж Тұрсынбаев, Е.Өтетілеуов) «Бесік жыры» қай кезде айтылады? Балалар жауап бере алмаса, музыка жетекешісі өзі көмектеседі. Баланы ұйқтатар алдында, баяу дауыспен ән салып, бесікті жай тербееді. -Бала ұйқтады, енді біз ән айтайық. «Кір қуыршақ әні» (И.Нүсіпбаев, Ж.Қашқынов) Тазалыққа, әдептілікке үйрету, адамгершілік тәрбиесін беру. «Бала уату» ойыны. Балалар шеңбер жасап, тізені бүгіп отырады. Көздерін жұмады. Ортада 2-3 бала ойыншық ұстап тұрады. Әуен ойналғанда ортадағы балалар отырған балаларға білдірмей алдарына ойыншықтар қояды. Алдында ойыншық тұрған бала ойыншықты алып, ортаға шығуы қажет. Ойын қайталанады. Балаларды тазалыққа шақырып, өздерінен көбірек жауап алу.   Балалар музыканы тыңдай отырып, тыныштық сақтауға тырысады.   Балалар ән айтады. Әнді әуенмен айтуға тырысады.   Балалар түзелерін бүгіп, көздерін жұмады. Көздерін ашқанда алдында ойыншық тұрған бала ортаға шығады.    
Рефлексиялық –түзету-шілік Музыка жетекшісі іс әрекетке белсене араласқан балаларға мақтау айтады. Балалар қол бұлғап қоштасады.  

Күтілетін нәтиже:

Біледі:әнді барынша таза айтуды.

Игереді:бала уату, кір қуыршақ, бесік жыры деген түсініктерді.

Меңгереді: шеңбер жасап отыруды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Кір қуыршақ»

Мақсаты:қуыршақ арқылы балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, мзыкалық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: әнді қуанышты, екпінді орындауға үйрету.

Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.

Балалардың жеңіл гимнастиқалық, бейнелі, би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыаның үйлесімдігін дамыту.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:қуыршақ, ойыншық, бесік.

Сөздік жұмыс:бесік жыры.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық -қозғаушылық Балалар музыка залына көңілді әуенмен кіреді. Амандасады. Жуын жуын жуынсақ Қандай жақсы қуыршақ! Әйтпегенде, бөпешім, Кірлеп кеткен екенсің. Кәзір аппақ боласың, Қуанады анашың. Балалармен тазалық туралы әңгіме өткізу. Балалар музыка әуенімен залға келеді. Орындарына отырады.   Балалар өлеңді тыңдап, не туралы екенін айтуға тырысады.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік   -Балалар, қараңдаршы, қуыршақ қандай күйде? Шашын жөндейік. Қуыршақ шаршады, енді ұйықтатайық. Бесікке салып тербетеді. Музыка тыңдау: «Бесік жыры» (Ж Тұрсынбаев, Е.Өтетілеуов) «Бесік жыры» орындалғанда қалай отыру керек? Балалар жауап бере алмаса, музыка жетекешісі өзі көмектеседі. -Балалар «Кір қуыршақ әнін» қайталайық. Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіріп алайық. Әрқашанда жуынып, таза жүру керек, айтқанды тыңдап, үлкендердің мазасын алмау керек. «Күн шықты жаңбыр жауды» ойыны. Балалар музыка әуенімен «Күн шықты» сөзіне секіріп жүріп, «Жаңбыр жауды» сөзіне орындықтарнына отыра жөнеледі. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балаларды әдептілікке баулу, өздерінен көбірек жауап алу.     Балалар музыканы тыңдай отырып, тыныштық сақтауға тырысады.     Балалар ән айтады. Әнді әуенмен айтуға тырысады.   Балалар қояндарша секіруге тырысады.
Рефлексиялық –түзету-шілік Музыка жетекшісі балаларды мадақтайды, мақтайды Балалар қоштасады.  

Күтілетін нәтиже:

Біледі:әнді барынша таза айтуды.

Игереді:бала уату, кір қуыршақ, бесік жыры деген түсініктерді.

Меңгереді: шеңбер жасап отыруды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Шар»

Мақсаты:әнді айта отырып, түстерді ажырата білуге үйрету.

Міндеттері: Әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару.

Музыканы мұқият тыңдауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:әртүрлі шарлар, шығыршықтар.

Сөздік жұмыс:қызыл, сары, көк.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық қозғаушылық Көңілді музыка әуенмен балаларды музыка залында қарсы алады.   Балалар санына сай түсті шарларды дайындау. Балалар музыка әуенімен залға келеді. Шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді.        
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Балалардан шар туралы сұрау: -Түсі қандай? Қалай ұшады? Ал енді осы шар туралы ән айтамыз. Ән тыңдау: «Шар» (Б.Дәлденбай, Ж.Әбдірәшов) Қызыл, сары көк шар, Қолымызда көп шар. Балалар қолдарындағы шарларды кезек кезек көтереді. «Әуеде қалқиды» деген жерде шарларын қалықтата бұлғауы керек. Әннің сөзін қайталап, әуенге қосылып қайталауы қажет. Алдымен әуенді бірнешерет қайталайды, одан кейін түгел шумақты айтуы тиіс. Екінші шумағы да осы әдіспен үйретіледі. «Өз түсіңді тап ойыны» (музыкасы Г.Омаров.) Балалар төрт топқа бөлініп, төрт түрлі шарлар ұстайды. Ортаға төрт түске боялған, төрт шығыршық қойылады. Музыка аяқталғанда әрқайсысы өздерін түстеріне сәйкес шығыршыққа жиналуы қажет. Қай топ тезірек жиналса, сол топ жеңіске жетеді. Балалар сұраққа жауап беруге тырсады. Әнді тыңдай отырып қолдарын көтереді.   Шарларын қалықтатады. Сөздің екі жолын үйренеді, әуен есте қалған кезде, келесі екі жолын үйренеді. Артынан шумақты түгел айтуға тырысады.   Балалар залға еркін қимылдар жасап, өз түстеріне лайық шығыршықты табуға тырысады. Музыканы тыңдай жүріп, музыка аяқталғанда тез жиналуға әрекеттенеді    
Рефлексиялық –түзетушілік Балаларды мадатау, мақтау, қорытындылау. Балалар қоштасып шығады.    

Күтілетін нәтиже:Біледі:әннің сөзін анық айтуды

Игереді:түстерді ажырата білуді.

Меңгереді: музыка әуенімен еркін жүгіріп, музыка тоқтағанда өз түстерін таба білу дағдыларын дамытуды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Шар»

Мақсаты:әнді айта отырып, түстерді ажырата білуге үйрету.

Міндеттері: музыканы еске сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.

әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару.

Музыканы мұқият тыңдауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:әртүрлі шарлар, шығыршықтар.

Сөздік жұмыс:қызыл, сары, көк.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды көңілді музыка үнімен музыка залында қарсы алады. Қимылға сай әртүрлі әуендер орындайды. Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Шеңбер құрып, орындарында тұрып айналады. Тізені бүгіп серіппелі қимылдар жасайды.      
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Балалардан шар туралы сұрау: -Түсі қандай? Қалай ұшады? Ал енді осы шар туралы ән айтамыз. Ән айту: -Енді өткен сабақта үйренген «Шар» әнін еске түсіреміз. Әнді алдымен әуенін еске түсіріп, содан кейін сөзін қайталату. Ән айту кезінде дауысты дұрыс шығаруы, бірін- бірі тыңдап айтуы қажет. Әуенді қимыл қозғалыс: «Жануарлар» Балалар қоян, аю, кірпі, түлкі қозғалыстарын әуенмен жасайық.   Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.     Әннің әуенін дұрыс тыңдап, таза айтуға тырысады. Әнді айғайламай айтуға тырысады. Әнді бірге айтуға тырысады.   Балалар жануарлар жүрісімен барынша қимылдар жасауға тырысады.        
Рефлексиялық –түзету-шілік Балаларды мадатау, мақтау, қорытындылау. Балалар қоштасады.    

Күтілетін нәтиже:Біледі:әнді айқайламай айтуды

Игереді:ән айтар кезінде дауыстарын дұрыс шығаруды.

Меңгереді: қоян, аю, кірпі, түлкі жануарларының қимылдарын жасауды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Сылдырмақ»

Мақсаты:сылдырмақты ырғаққа сай сылдырлатып үйрену.

Міндеттері: музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту.

музыканы еске сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.

әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару.

Музыканы мұқият тыңдауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:сылдырмақтар.

Сөздік жұмыс:сылдырмақтар, жомарт.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды көңілді музыка әуенімен музыка залында қарсы алады. Шеңбер бойымен жеңіл секіру. Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға Шақырады біздерді!(Н.Әлімқұлов) Балалар музыка әуенімен залға келіп, жүгіреді, жүреді.   Өлеңді тыңдайды.    
  Ұйымдастырушылық ізденістік     -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар жауап бере алмаса, көмектеседі. Күзде жемістер піседі, қысқа дайындық жасаймыз. Музыка тыңдау: «Күз жомарт» (Д.Ботбаев, Е.Өтетілеуов) -Балалар жомарт деген сөздің мағынасы мырза, берекелі деген сөз. Күзде жемістер піседі, егін жиналады, қысқа дайындық жасалады. Күн біртіндеп суыта бастайды. Ән үйрену: «Сылдырмақ» (Е.Хасанғалиев, А.Асылбек) Жаңа әнді музыка жетекшісі орындап береді. Не туралы айтылғанын сұрайды. Әннің сөзін үйретіп, екі жолын әнге қосады. «Сылдырмақ» ойыны (Б.Дәлденбай) Шеңбер жасап, қолдарына сылдырмақ алады. Музыка рғағына сай сылдырмақты сылдыратып, арттарына жасырып, шеңбер бойымен жүгіреді. Музыка аяқталғанда аяқ бүгіп, отыра қалады. Балалар барынша жауап беруге тырысады. Балалар музыканы тыңдайды, шумағы мен қайырмасы арасындағы айырмашылықты ажырата тыңдауға тырысады.   Балалар әннің мәтінін қайталайды. Әуеніне қосылып, бірінші шумақты айтып, келесіде екінші шумақты қосып айтады.   Балалар шеңбер бойымен жүгіреді, сылдырмақты жасырып, аяқтарын топылдатады.    
Рефлексиялық –түзету-шілік Балаларды мадатау, мақтау, қорытындылау. Балалар қоштасып шығады.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жалпы күз мезгілі туралы.

Игереді:музыкамен сылдырмақты жоғары көтеруді, артына жасыруды, отыра қалуды.

Меңгереді: әуенмен ілесе ырғақты қимылдар жасауды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Сылдырмақ»

Мақсаты:музыка әуеніне сай қимыл жасауға дағдылану.

Міндеттері: қосылып ән, би орындау шеберліктерін шындау.

Музыкаға,оны тындауға деген ықыласты,ойналған музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға және еске сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:ойыншықтар.

Сөздік жұмыс:сылдырмақ

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларды көңілді әуенмен қарсы алады. Музыка әуеніне ілесіп қимылдарды жасауға талпыну. Амандасады. Шеңбер бойымен жүгіреді. Музыка әуеніне ілесіп қимылдар жасайды.    
  Ұйымдастырушылық ізденістік   -Балалар күз мезгілін жақсы көресіңдерме? -Қандай жемістерді білесіңдер? Балалар жауап бере алмаса, көмектеседі. -Өткен сабақта қандай ән тыңдадық? Ән айту: Өткен сабақта айтылған әндерді қайталау. Музыка жетекшісі әнді балалардың естеріне түсіре отырып орындайды. Ән орындау ережелерін естен шығармау. Бірін-бірі ести отырып, үндесіп айтуға үйрету. «Сылдырмақ» әнін ортада шеңберге тұрып айту. Музыкалық ырғақты қимыл: Әнді айта отырып, «Шақ-шақ-шақ» деген жерде қолмен ұрады. Әнді түгел айтып болған соң, сылдырмақты қолдарына алады. Сылдырмақты ырғаққа үйлестіре отырып қимыл жасау. Бәсең жерінде жай ұрып, ширақ жерінде қатты қағу. Балалар таныс жемістерін атайды.     Балалар жауап береді.   Өткен сабақтағы әнді еске түсіріп, орындайды. Шеңбер бойында тұрып, әнді барынша көңілді айтуға тырысады.   Балалар музыка ырғағына сай қимылдар жасайды. Сылдырмақты жай соғып, екінші шумақтан кейін қатты соғады.    
Рефлексиялық –түзету-шілік Балаларды мадатау, мақтау, қорытындылау. Балалар қоштасып шығады.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды, әнді есте сақтауды.

Игереді:сылдырмақпен қосылып қимылдар жасауды.

Меңгереді: әуенмен ілесе ырғақты қимылдар жасауды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Доп»

Мақсаты:музыкалық есту қабілеттерін арттыру, ойыншықты ұқыпты ұстауға.

Міндеттері:Таныс музыкалық шығарманы тану.

Музыканы шаттана қабылдап, көңіл-күй сезімін ояту.

қосылып ән, би орындау шеберліктерін шындау.

Музыкаға,оны тындауға деген ықыласты,ойналған музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға және еске сақтауға тәрбиелеу.

Имровизациялау, таныс әуендерді, жекелеген музыкалық үзіндерді орындау.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:доп.

Сөздік жұмыс:доп, секеңдеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды музыка залында көңілді әуенмен қасы алады. Амандасады. Доп Шаршамайсың, шалдықпайсың доп қалай? Секіресің, секеңдейсің тоқтамай. Асыққанда арықтан да аттайсың, Бірақ суға түссең дағы батпайсың.(Р.Тышқанбаев) Балалар бірінің соңынан бірі тізіліп, музыка залына кіреді.   Доп туралы өлеңді тыңдайды    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     -Балалар, сендер доппен ойнап көрдіңдер ме? Допты жерге ұрсаң, өзіңе қайтып келеді. Допты теуіп ойнауға болады, бір-біріңе лақтырып, қағып алып ойнауға болады. Музыка тыңдау: «Доп» (музыкасын жазған Т.Ломова) -Музыка қалай ойналды? Тез, көңілді, жеңіл. Балаларға доптың секіргенін, музыка тілінде түсіндіру, ұғындыру. Жаңа ән: «Доп» (Б.Қыдырбек, А.Асылбек) Әннің мәтінін үйретіп, әуенге қосады. Жай, қатты деген жерінде дауысты бәсеңдетіп, қаттырақ шығара айтуға дағдыландыру.Әнді үйретіп болған соң, доппен ойнау, доппен қимылдар жасап жалғастыру. Әуенді қимыл қозғалыс: «Жануарлар» Балалар қоян, аю, кірпі, түлкі қозғалыстарын әуенмен жасайық. Балалар жауап береді.   Балалар музыка жетекешісінің айтқанын тыңдайды, қайталайды.   Әнді көңіл қоя үйренеді, «жай» деген жерінде дыбысты жай шығарып, «қатты» деген жерінде дауысты көтеріп айтады.   Балалар жануарлар жүрісімен барынша қимылдар жасауға тырысады.      
Рефлексиялық –түзету-шілік Балаларды мадатау, марапаттау. Балалар қоштасып шығады.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жай, қатты деген жерінде дауысты бәсеңдетіп, қаттырақ шығара айтуды.

Игереді:доп туралы түсініктерді.

Меңгереді: допты әнге қосып қимылдар жасауды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Доп»

Мақсаты:Ойыншықты дұрыстап ұстап, оларды әнге қосып айтуға үйрету.

Міндеттері: әннің сөзін анық етіп, мәнін түсіріп орындауға дағдыландыру.

музыканы шаттана қабылдап, көңіл-күй сезімін ояту.

қосылып ән, би орындау шеберліктерін шындау.

Музыкаға,оны тындауға деген ықыласты,ойналған музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға және еске сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:доп.

Сөздік жұмыс:доп, секеңдеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды жылы шыраймен қарсы алу. Амандасу.шеңбер бойымен жеңіл әуенге ілесіп аяқтың ұшымен жүгіру, серіппелі қозғалыс жасау, айналу.     Балалар музыка үнін ести отырып, сол музыка лайық қимылдар жасау.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік   Балалармен доп туралы әңгімені еске түсіреді. -Балалар доп туралы не білесіңдер? Доппен қалай ойнауға болады? Ән айту: Өткен сабақтарда айтқан әндерді қайталау. «Шар», «Сылдырмақ» әндерін еске түсіріп айту. «Сылдырмақ» әні не туралы айтылды? Ән айтар алдындағы ережелерді естен шығармау. Денені тік ұстап, әнді еркін айту. «Допқа кім тез жетеді» ойыны. Музыка ойналғанда музыка жетекшісі допты лақтырады, балалар доптың соңынан қуады. Кім допқа тез жетсе, сол бала жеңімпаз атанады. Ойын бірнеше рет қайталанады. Қимылды-ырғақты қозғалыс: «Кішкентай би»(музыкасын жазған Н.Александрова). Ырғақты сезіне аяқтарын топылдатуға, алға артқа жүруге, қол ұстасып айналуға үйрету. Балалар барынша естеріне түсіріп, жауап беруге тырысады.   Балалар өткен әндердің мәтінін естеріне түсіріп, әнді орындайды.   Доптың соңынан қуады. Кім тез жетсе, сол бала жеңімпаз атанады. Қолдарын белдеріне ұстап, шеңбер жасап тұрады. Музыка ойналғанда екі қадам алға аттап, үш рет аяқты топылдатады. Екі қадам артқа шегініп, үш рет аяқты топылдатады. Екеуден қол ұстасып, жай айналады.    
Рефлексиялық –түзету-шілік Балаларды мадатау, мақтау, қорытындылау. Балалар қол бұлғап қоштасады.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенге қосылып қимыл жасауды.

Игереді:денені тік ұстап әнді еркін айтуды.

Меңгереді: би элементтерін жасап үйренуі.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты:әуенді сергек айту, тыңдау, ойын-қимыл арқылы ырғақты сезіндіру.

Міндеттері: музыканышаттана қабылдап, қөңіл –күй сезімін ояту. Ән мен биді мәнерлі, жеңіл қозғала орындауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:күз мезгіліне лайық суреттер, көрнекі-құрал жабдықтар.

Сөздік жұмыс:сәлем, жаңбыр, жау, күн.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық - қозғаушылық «Колхоздағы той» әуеннің ырғағымен балалар залға кіреді. «Сәлем, сәлем балақай» әнін айтып қарсы алу. Айналайын балалар, Маған қарап тұрыңдар. Аяқтарды тік түзеп, Амандасып алыңдар. Сәлем, сәлем балақай! Балалар көңілдене кіреді. шеңбер бойымен жүріп келіп, бір қатарға тұрады. Әнді тыңдайды.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік   Музыка залының бір бұрышы күзге лайық көрнекі құралдармен жабдықалған. Айналаға қараңдар Бұл қай мезгіл балалар? Балалар назарын дайындаған көрнекі құралдарға аударып, қызықтырып, жайғасып отыруларын сұрайды. Үнтаспадан күркіреген найзағай мен жаңбыр дыбысы естіледі. Ілінген үлкен бұлт пен Күнге көңілін аударады. Музыка тыңдау: «Жаңбыр» (Еденге бұлттың кішкентай пішіндері мен күннің шуақтарын араластырып, алдын ала дайындап қою) Ән айту: «Бұл қай кезде болады?» Әнді айтып беру, атрибудтарды қолдарына ұстатып, қозғалтып, қимылдарды үйретеді, қайталатады. -Балалар! Қараңдаршы, Күннің көзі күліп тұр! Шуағын шашып тұр!-деп, әуенге сай қимылдарды, қозғалыстарды көрсетеді, қайталатады. «Жау жаңбыр» ойыны. Әр балаға барабан таратылады, екі таяқшасымен барабанды соғып, «қатты», «жай» дыбыстарын ажыратқызу. Жеміс-жидек пісетін, сары жапырақ түсетін «Алтын күз» мезгілі.   Балалар күркіреген дыбысты тыңдап, бұлтқа қарайды, көңілді әуенді тыңдайды. Балалар күнге қарайды, әуеннің мәтінін, әуенін тыңдап, қосылып қимыл жасауға тырысады. Балалар күн шуағын ұстап: «Күн күледі ля-ля-ля» деп айтуға талпынады. Ойынға көңілді қатысуға тырысады, қызығады.    
Рефлексиялық – түзетушілік -Жаңбыр қай мезгілде жауады, қалай жауатынын пысықтап айтып, көрсетеді. -Сендер белсене қатыстыңдар! Жарайсыңдар! – деп мақтайды. Күзде жауады.     Қол бұлғап қоштасады.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенді тыңдауды, айтуды.

Игереді:таяқшаларды ұстауды, барабанды ырғақпен соғуды.

Меңгереді: жүгіруді, ырғақпен шапалақтауды, қолдары мен саусақтарды қимылдатуды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты:әуенді сергек айту, ойын-қимыл арқылы ырғақты сезіндіру.сәйкес,көпке ілесе орындауға төселдіру.

Міндеттері: әннің сөзін таза, би қимылдарын музыкаға.

Характері әр түрлі музыкаға тұрақты ықыласты және эмоциялық үндестілікті тәрбилеу.

Музыкалық әсерді байыту

Дыбыстың жоғарлығын,ырғақты,тембрді,динамикалық естуді дамыту.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:бұлт, күн, таяқшалар.

Сөздік жұмыс:тық-тық, жаңбыр, жау, күн.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды көңілді әуенмен қарсы алады. Музыка әуеніне ілесіп қимылдарды жасауға талпыну.   Шеңбер бойымен жүгіреді. Музыка әуеніне ілесіп қимылдар жасайды.  
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     -Балалар, айтыңдаршы, күн суытады, жеміс-жидек, көкөністер піседі, жауын жауады бұл қай кезде болады? Ән айту: Өткен сабақтарда айтқан әндерді қайталау. «Бұл қай кезде болады?» әні не туралы айтылды? Ән айтар алдындағы ережелерді естен шығармау. Денені тік ұстап, әнді еркін айту. -Балалар! Қараңдаршы, Күннің көзі күліп тұр! Шуағын шашып тұр!-деп, әуенге сай қимылдарды, қозғалыстарды көрсетеді, қайталатады. Би «Вальс» (А.Аренский) «Орамалмен билейміз» , - деп, би ырғақтарын әдемілеп орындау, орамалымыздың әдемі екенін көрсету, оңға-солға бұлғау. Орамалды қолға ұстап, алға-артқа, төмен-жоғары көтеріп желпілдету. Шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. «Жау жаңбыр» ойынын жалғастыру. Күн мен жаңбыр әуенін ойнатып, жаңбыр жайлы айтылғанда таяқшамен барабанды жай соғып, «бұлттар төніп тұрады» деген жерінде барабанды таяқшамен қаттырақ ұрып көрсету. Күн жайлы айтылғанда таяқшаларды жоғары көтеріп біріне бірін ұрады. Балалар «Күз» мезгілінде деп қуанышты дауыспен, жауап береді.   Балалар өткен әндердің мәтінін естеріне түсіріп, әнді орындайды.   Орамалды қолға ұстап, алға-артқа, төмен-жоғары бұлғау қимылдарын қайталауға тырысады.     Балалар барбанды көрсетілгендей соғуға, жақсы орындауға талпынады және ырғақты дыбысты сезіне ойнауға тырысады.  
Рефлексиялық –түзету-шілік Балаларды мадатау, мақтау, қорытындылау. Балалар қол бұлғап қоштасады.  

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күз туралы жалпы мәлімет.

Игереді:әуенге сай ырғақты соғуды.

Меңгереді: вальс би элементтерін жасап үйренуді.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Жау жаңбыр»

Мақсаты:музыканы тыңдау, есте сақтау, әнді айту, дауыстың биік және төмен

ырғақтарын ажырату.

Міндеттері: Әнді асықпай, сөздерін анық айтуға үйрету.

әннің сөзін анық етіп, мәнін түсіріп орындауға дағдыландыру.

музыканы шаттана қабылдап, көңіл-күй сезімін ояту.

қосылып ән, би орындау шеберліктерін шындау.

Музыкаға,оны тындауға деген ықыласты,ойналған музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға және еске сақтауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі кұралдар:шатыр, күн, бұлт, күз, шуақтар, таяқшалар.

Сөздік жұмыс:күледі, қалады, домалау.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды «Сәлем, сәлем, балақай» әуенімен қарсы алу. Шеңбер бойымен жүріп, қатарласып тұруды, әуенге қосылып, қайталап айтуды үйрету. Балаларға сәлемдесу әні екенін айтып түсіндіру. Балалар әуендә тыңдай жүріп залға кіреді, жүреді, қатарға тұрады. Әуеннің сәлем, келеміз, алақай сөздерін айтуға тырысады.    
  Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Балалар назарын дайындаған көрнекі құралдарға аударып, қызықтырып, жайғасып отыруларын сұрайды. Үнтаспадан күркіреген найзағай мен жаңбыр дыбысы естіледі. Ілінген үлкен бұлт пен Күнге көңілін аударады. -Балалар жауын қай кезде жауады? Ән айту: «Жау жаңбыр» Әннің сөзін қайталап, әуенге қосылып қайталауы қажет. Алдымен әуенді бірнешерет қайталайды, одан кейін түгел шумақты айтуы тиіс. Екінші шумағы да осы әдіспен үйретіледі. «Күн шықты жаңбыр жауды» ойыны. Балалар музыка әуенімен «Күн шықты» сөзіне секіріп жүріп, «Жаңбыр жауды» сөзіне орындықтарнына отыра жөнеледі. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалар оындарына жайғасып отырады. Сұраққа жауап беруге тырысады.     Сөздің екі жолын үйренеді, әуен есте қалған кезде, келесі екі жолын үйренеді. Артынан шумақты түгел айтуға тырысады.     Музыканы тыңдай жүріп, музыка аяқталғанда тез жиналуға әрекеттенеді.    
Рефлексиялы қ –түзету шілік -Балалар сендер қандай әуен естідіңдер? -Сендер сабаққа белсенді қатыстыңдар-деп мақтайды. Қоштасады. Балалар қоштасады.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды, есте сақтауды.

Игереді:саусақтарын тықылдатып соғуды, ырғақпен шапалақтауды.

Меңгереді:шапалақ соғуды, шуақтарды ұстап сермеуге дағдыланады.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Жау жаңбыр»

Мақсаты:музыканы тыңдау, есте сақтау, әнді айту, дауыстың биік және төмен ырғақтарын ажырату.

Міндеттері: Қосылып ән, би орындау шеберліктерін шындау.

Музыкаға,оны тындауға деген ықыласты,ойналған музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға және еске сақтауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі кұралдар:шатыр, күн, бұлт, күз, шуақтар, таяқшалар.

Сөздік жұмыс:тырс-тырс.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды көңілді музыка әуенімен музыка залында қарсы алады. Шеңбер бойымен жеңіл секіру. Қане достар тұрмайық, Тездеп қимыл жасайық!   Балалар музыка әуенімен залға келіп, секіреді.     Өлеңді тыңдап, қимылдар жасауға тырысады.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік   Балаларға «Жау жаңбыр» әнін қайталату. Зал іші күз мезгілі бейнеленген, жаңбырдың себелеп жауып тұрған суреттерімен безендірілген. Жаңбыр жайлы айтылғанда, шапалақ соғуды сұрау. Келесіде, жаңбыр жайлы айтылғанда «тырс-тырс» деп айта отырып, оғ қол саусақтарын сол қол алақанына тырсылдатуды елестеріне түсіреді, үйретеді қайталатады. Әнді еркін айтуды сұрайды. «Күн мен жаңбыр» ойыны («Ақжелкен» СД) Үнтаспадан жаңбыр үні естілгенде қолшатыр астына тығылу. Әннің қайырмасына жеңіл секіріп, би қимылдарын жасау. Ойын екі-үш рет қайталанады.     Балалар әуенді есіне түсіреді. Күз, Жаңбыр, су бейнеленген суреттерген қарап, дұрыс айтуға талпынады. Ырғақтарды шапалақпен соғуды қайталайды. «Тырс-тырс» дыбысын, сөздерін анық айтып, саусақтарын тырсылдатуды қайталайды.     Күн күркірегенде қолшатыр астына тығылады. Әуене ілесіп, өкшесін қоюға, секіруге, бір орында айналуға машықтанады.    
Рефлексиялық –түзету-шілік Балаларды мадатау, мақтау, қорытындылау. Балалар қол бұлғап қоштасады.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әнді сүйемелдеуімен ілесе айтуды.

Игереді:әуеннің ыңғайына сай жасырынуды.

Меңгереді:шапалақ соғуды, тез жүгіруді, қолшатырдың астына жасырынуды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Күн мен жаңбыр»

Мақсаты:ойын арқылы көңілсіз, көңілді әуендерді сезіндіру

Міндеттері: қосылып ән, би орындау шеберліктерін шындау.

Музыкаға,оны тындауға деген ықыласты,ойналған музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға және еске сақтауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі кұралдар:үлкен Күн, үлкен бұлт, бала санына қарай шуақтар.

Сөздік жұмыс:күн, шуақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық- қозғаушылық Балалармен амандасу. Күн шуағын көрсетіп әндетеді: «Күннің көзі күлімдеп, Бізге қарай ашылды. Жылуымен жылытып, Шуақтары шашылды». Балалар қатармен келіп тұрады.     Күнге қарап, әуенді көңілдене тыңдайды.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     - Балалар, сендер не көріп тұрсындар? Кәне бәріміз Күнге жақындап тұрайық. (Жетекші бұлт суретін шығарады.) Үнтаспадан күннің күркірегені, жаңбыр тырсылы естіледі. Музыка тыңдау:«Күн мен жаңбыр» әні (Г. Абдрахманова) Балалар әнді тыңдап, соған лайық қимылдар жасайық. Әннің сөзін қайталап, әуенге қосылып қайталауы қажет. Алдымен әуенді бірнешерет қайталайды, одан кейін түгел шумақты айтуы тиіс. «Күн»(М.Т. Потапенко)(Көңілді шығарма). «Жаңбыр» (музыкасы Ә. Телғозиев) әуенін тыңдай жүріп ойнауға үйретеді. Ойынды бірнеше рет қайталауды ұсынады.   Балалар жауап береді.     Балалар тыңдауға тырысады.     Балалар шеңьерге тұрады. Мәтінге қарай қимылдар- қозғалыстар жасауға тырысады.      
Рефлексиялық – түзету шілік Балалар, Күн шуағы сендерге қуанып, келесі жолы тағы да келіңдер деп шақырып жатыр. Кәне, Күнмен қоштасайық. Сендер бүгін көңілді әуен тыңдап, өте жақсы ойын ойнадыңдар,- деп мақтайды.   Балалар күге басын иеді.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі:көңілді әуенді сезінуге үйренеді.

Игереді:музыка әуенімен күннің шуақтарын ұстауды.

Меңгереді: музыка ыпғағымен би қимылдарын жасауды.

Технологиялық карталар

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Музыка

Тақырыбы:«Күн мен жаңбыр»

Мақсаты:Ойын арқылы көңілді, көңілсіз әуендерді тыңдау, сезінуге баулу.

Міндеттері: музыканы мұқият тындап отырып ести білуге шығарманы соңына дейін тындауға үйрету.

қосылып ән, би орындау шеберліктерін шындау.

Музыкаға,оны тындауға деген ықыласты,ойналған музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға және еске сақтауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар:Күн, бұлт суреттері, қолшатыр.

Сөздік жұмыс:Күн, бұлт, қолшатыр.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық - қозғаушылық Музыка жетекшісі балалармен сәлемдесіп, «Шеңбермен жүреміз»қимылды қозғалысымен жүруді ұсынады. Тәрбиеші күн шуағын көрсетеді. Жетекші әндетеді: «Күннің көзі күлімдеп, Бізге қарай ашылды. Жылуымен жылытып, Шуақтары шашылды». Балалар қатармен келіп тұрады.     Күнге қарап, әуенді көңілдене тыңдайды.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     -Балалар, сендерге Күн қуанып, бірге ойнауға шақырып тұр. Көңілді әуен ойналғанда, секіріп ойнауды, ал күн тығылып, бұлт шыққанда отырып қалуды ұсынады. (Екі қолын жоғары көтеріп түйістіріп шатыр жасауға немесе қолшатырды пайдалануға болады). Ән айту: «Күн мен жаңбыр» әнін қайталатады, өткен сабақтағы әндерді шеңберге тұрып естеріне түсіреді «Орамалмен билейміз» (Е.Брусиловский) Ырғақты сезіне аяқтарын топылдатуға, алға артқа жүруге, қол ұстасып айналуға үйрету. Балалар барынша қимыл қозғалыстарды     Балалар әнді естеріне түсіреді, шеңберге тұрып, әнді қайталап айтады.    
Рефлексиялқ –түзету-шілік Балалар Күн шуағы сендерге рахмет айтып, келесі жолы тағы да келіңдер деп шақырып жатыр. Күнмен қоштасайық. Балалар күнге басын иеді.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдау, көңілді, көңілсіз әуенді сезіне ажырата білуі керек.

Игереді: музыканы тыңдап, ойын шартын бұзбай, мәтінге сай қимыл жасап, ілесе айтуды игереді.

Меңгереді: көңілді әуенге секіруді, жүгіруді, музыка өзгерген кезде жасырынуды меңгереді, дағдыланады.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Жемістер бағында»

Мақсаты:музыкаға деген сезімін ояту, қарапайым ырғақтармен би билеуді үйрету.

Міндеттері:әнді көңілді, ширақ, ән ырғағын сақтай орындау. Аспапта дыбысты құрауды үйрету.

музыканы мұқият тындап отырып ести білуге шығарманы соңына дейін тындауға үйрету. қосылып ән, би орындау шеберліктерін шындау. Музыкаға,оны тындауға деген ықыласты, ойналған музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға және еске сақтауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі кұралдар:алма ағашы, алма, аю, қоян, кірпі, қарға

Сөздік жұмыс:шырқату, алма ағашы, жомарт күз.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық - қозғаушылық Балалармен көңілді амандасу. Балалар, келіңдер, Ертегі тыңдап көріңдер! («Алма» В.Сутеева) Күз мезгілінде баубақшадағы піскен жемістер жиналады. -Күздің соңында ағаштардың бәрі босаған, ал мына ағаштың басында жалғыз алма қалып қойыпты. Қоян секіріп, алмаға жете алмайды. Содан кейін ұшып бара жатқан қарғаға: «Маған алманы алып бер!»- деп бұйырыпты. Қарға алманы үзіп жатқанда жерге түсіріп алады. Алма жорғалап бара жатқан Кірпінің үстіне түсіп оны Кірпі алып кетеді. Балалар залға бірінің соңынан бірі кіріп, қатарға тұрады. Амандасады. Суретке мұқият қарап, ертегіні тыңдайды. Көргендерін айтады. Қоян келеді. Қарға ұшып келе жатыр. Кірпі алманы алып кетті.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Ал, балалар, жүріңдер, Әнді тыңдап көріңдер,- Деп Г.Абдрахманованың ертегіге арнап жазылған «Алма, саған ризамыз, дөңгелене қоршаймыз» әнін орындау. Балаларды шеңбермен алып жүру, қимылын көрсетіп, әнді айтуға үйрету. -Балалар алманы алуға не келеді? -Онда қоян болып секірейік. -Одан кейін не келеді? -Кәне, кәне ұшайық, қанатымызды қағайық. -Тағы да не келеді? -Алманы қайсы алып кетеді? Музыка тыңдау: «Қоңыр аю қорбаңбай» (Музыкасын жазған Б.Дәлденбай). Аю сәл ойланып барып, алманы бәріне бөліп беріп барлығын татуластырады. Балалар шеңбермен жүріп, музыканы тыңдайды. Ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын қайталайды.   Қоян келді. Қоян болып секіреді. Қарға келді. Қарға болып қанат қағады. Кірпі келді. Алма кірпінің үстіне түсті. Балалар Аюға алманың оқиғасын айтып береді.      
Рефлексиялқ –түзетушілік Балалар ойынға өте жақсы қатыстыңдар, келесі келгенде жемістердің бәрін естеріңе түсіріңдер. Жарайсыңдар!   Балалар қатарға тұрып қоштасады.    

Күтілетін нәтиже: Біледі: музыканы тыңдауды, әңгімелеп айтуды.

Игереді:музыка әуенімен Аю, Қоян, Қарға қимылдарын жасауды, жемістерді ұстауды.

Меңгереді: музыка ырғағымен шеңбермен жүру, шеңберді кішірейту, үлкейту қимылдарын біледі.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Жемістер бағында»

Мақсаты:музыкаға деген сезімін ояту, қарапайым ырғақтармен би билеуді үйрету.

Міндеттері: музыканы тыңдау, қабылдау, еске сақтау дағдыларын қалыптастыру. Әнді қуанышты, екпінді орындауға үйрету.

Әннің сөздерін,ондағы жалғаулықтар мен дауысты, дауыссыз дыбыстарды таза айту.

Ойдан қарапайым дыбыстарды салу

Қолданылатын көрнекі кұралдар:алма ағашы, алма, аю, қоян, кірпі, қарға, жылжымалы суреттер, жемістер.

Сөздік жұмыс:баяу, созыңқы.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды көңілді әуенмен қарсы алады. Музыка әуеніне ілесіп қимылдарды жасауға талпыну.     Амандасады. Шеңбер бойымен жүгіреді. Музыка әуеніне ілесіп қимылдар жасайды.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     -Балалар сендер қандай жемістерді білесіңдер? Жемістердің суреттерін көрсетіп, атап шығу. Музыка тыңдау: «Күз» (С.Кибирова) балалар өткен сабақтағы ертегіні музыка әуенімен тыңдап, неболатынын білейік. Бұл шығарма өте баяу, созыңқы, нәзік екен. (Фланелеграфпен суретті көрсетіп, ертегінің соңы не болғанын сұрап, балаларды қызықтыру). Сөйтіп, Кірпі алманы алып бара жатса, Қоян мен Қарға жібермей: «Менікі, менікі»-деп таласыпты. Осы кезде алыданан Аю шыға келіпті: -Мені оятып жіберген кім, а-а-а-а-а-а? -Балалар қане бәріміз орнымыздан тұрып, Аюмен бірге қорбаңдап ән айтайық. Балалар барынша жауап беруге тырысады. Жемістерді атайды.   «Алмаға таласып жүр» деп айтуға тырысады.     Балалар «Аюдың келуі» жаттығуын жасайды.   Ән айтуға тырысады.    
Рефлексиялық –түзету-шілік Музыкаға ілесіп қимыл жасап, көзге ерекшеленген балаларда атап өту, мадақтау. Балалар жауап беруге талпынады.   Балалар қуана топтарына кетеді.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды, еске түсіруді, еске сақтауды.

Игереді:музыка әуенімен Аю, Қоян, Қарға қимылдарын жасауды, жемістерді ұстауды.

Меңгереді: музыкаға ілесе отырып, қимыл-қозғалыстарын бірге жасау дағдыларын меңгереді.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы:«Күзгі қойма»

Мақсаты:музыканы тыңдата отырып, ішкі сезімін ояту.

әнді көңілді, ширақ, ән ырғағын сақтай орындау.

Міндеттері:Аспапта дыбысты құрауды үйрету.

музыканы мұқият тындап отырып ести білуге шығарманы соңына дейін тындауға үйрету.

Наши рекомендации