Мектеп психологының қиын балалармен жүргізетін түзету-дамыту жұмыстары.
Жеке тұлғаның ауытқушы мінез-құлқын əртүрлі əлеуметтік институттар реттейді. Қоғамдық əсер ету — құқықтық санкциялар, медициналық араласу, педагогикалық ықпал, əлеуметтік қолдау жəне психологиялық көмек сипатында болуы мүмкін. Мінез- құлықтық бұзылулардың күрделі сипаты, олардың алдын алу мен жою əлеуметтік ықпалдардың жақсы ұйымдастырылған жүйесін талап етеді. Психологиялық көмек — қарастырылып отырған жүйенің деңгейлерінің бірі ретінде байланыстырушы рөлін атқарады жəне айқын гуманистік бағытымен ерекшеленеді. Бұл факт психологиялық жұмыстың құпиялық, еріктілік жəне жеке мүдделілік, адамның өз өміріне жауапкершілігін өзіне алуы, өзара сенімділік, қолдау, жеке тұлға мен индивидуалдылықты құрметтеу секілді принциптерінде көрініс табады. Психологиялық көмек негізгі екі бағытта жүзеге асырылады: психологиялық превенция (ескерту, профилактика) жəне психоло- гиялық интервенция (қиындықты жеңу, түзету, реабилитация). Ереже бойынша, психо-диагностика жұмыстың дербес бағыты емес жəне психологиялық көмектің мақсаты болмауы тиіс. Бұл əрекеттің көмекші түрі, маңызды, бірақ міндетті емес, бұл аралық практикалық міндеттерді шешеді. Ауытқушы мінез-құлық профилактикасы көбінесе кəмелетке толмағандарды мысалға алу арқылы қарастырылады. Əлемдік денсаулық ұйымы профилактиканың үш түрін ұсынады: бастапқы, екінші жəне үшінші профилактика. Бастапқы профилактика белгілі бір құбылыс тудыратын жағымсыз факторларды жоюға, сонымен қатар бұл факторлардың əсеріне жеке тұлғаның төзімділігін арттыруға бағытталады. Бастапқы профилактиканы жасөспірімдер арасында кеңінен қолдануға болады. Екінші профилактиканың міндеті — жүйке-психикалық ауытқуларды ерте анықтау жəне оңалту, сонымен қатар "қауіпті топпен" жұмыс. Үшінші профилактика мінез-құлықтың ауытқуларын тудыратын жүйкелік- психикалық бұзылулар секілді арнайы міндеттерді шешеді. 83 Сонымен бірге, үшінші профилактика девиантты мінез-құлықты тұлғалардың қылмысты қайталауының алдын алуға бағытталуы мүмкін. Психопрофилактикалық жұмыс барлық үш деңгейдегі іс- шаралар кешеніне кіре алады. Психопрофилактикалық жұмыстың бірнеше формалары бар: y əлеуметтік ортаны (отбасы, əлеуметтік топ, нақты тұлға) ұйымдастыруға: салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жасалатын əлеуметтік жарнама, БАҚ, жастардың субмəдениетімен жұмыс; y мəлімет беру (дəрістер, əңгімелесулер, арнайы əдебиеттерді, видео жəне телефильмдерді тарату); y əлеуметтік тұрғыдан маңызды дағдыларды белсенді əлеумет- тік үйрету; Аталмыш үлгі көбінесе топтық тренингтер формасында жүзеге асады. Қазіргі кезде төмендегідей формалар кең тараған: 1. Резистенттілік (əлеуметтік жағымсыз əсерге тұрақтылық) тренингі. Тренинг барысында девиантты мінез-құлыққа нұсқаулар өзгереді, жарнамалық стратегияларды тани білу дағдыларын қалыптастыру, құрдастар қысым көрсеткен кезде "жоқ" деп айту қабілетін дамыту, ата-аналар мен басқа үлкендердің (мысалы, ішімдік ішетіндердің) ықтимал жағымсыз əсері туралы ақпарат беріледі. 2. Ассертивтілік тренингі, немесе аффективті — құндылыққа үйрету тренингі. Ол девиантты мінез-құлық эмоционалды ауыт- қушылықтармен тікелей байланысты деген түсінікке негізделеді. Аталмыш мəселенің алдын алу үшін жасөспірімдер эмоцияларды тани білуге, оларды қолайлы түрде көрсетуге жəне түңілуді (стрес) жеңе білуге үйретіледі. 3. Өмірлік дағдыларды қалыптастыру тренингі. Өмірлік дағдылар дегеніміз — тұлғаның ең маңызды əлеуметтік іскер- ліктері. Ең алдымен, бұл қарым-қатынас жасау, достық байла- ныстарды сақтау жəне тұлғааралық қарым-қатынастардағы қақты- ғыстарды шешу іскерлігі, сонымен қатар бұл өзіне жауапкершілік алу, алдына мақсат қою, өз ұстанымы мен мүддесін қорғау қабі- леті: y девиантты мінез-құлыққа альтернативті əрекет ұйымдастыру (таным, өзін-өзі сынау, қарым-қатынас, махаббат, шығармашылық, əрекетшілдік); 84 y салауатты өмір салтын ұйымдастыру (дұрыс тамақтану, таза ас, жүйелі физикалық жұмыс көлемі, еңбек жəне демалыс режимін сақтау, табиғатпен қарым-қатынас, нысапсыздықтан аулақ болу) жəне т.б.; y жеке тұлғалық ресурстарды белсендендіру (спортпен шұғыл- дану, шығармашылықпен айналысу, топтық тренингтерге қатысу, арттерапия) жəне т.б.; y девиантты мінез-құлықтың жағымсыз салдарын азайту (мəлі- мет беру, топтық пікірталас, тренингтік жаттығулар, рөлдік ойындар, əлеуметтік тиімді мінез-құлықты үлгілеу, психоте- рапевтік əдістемелер) жəне т.б. Қолданылған əдістерге байланысты, психопрофилактикалық жұмыс тренингтер, білім беру бағдарламалары (мектептік арнайы курс), психологиялық кеңес беру, дағдарыстық көмек (сенім телефоны) формасында, сонымен қатар шекаралық күйлер мен жүйкелік психикалық ауытқулардың психотерапиясы формасында жүзеге асыруға болады. Девиантты мінез-құлықтың ерекшелігіне сəйкес психопрофи- лактикалық жұмыстың мынандай принциптерін ажыратуға болады: y кешенділік (əлеуметтік кеңістіктің, отбасының жəне тұлғаның əртүрлі деңгейлеріне əсерді ұйымдастыру); y ақпараттың жағымдылығы; y жағымсыз салдарды азайту; y бағыттылық (жас ерекшелігі, жыныстық жəне əлеуметтік сипаттамаларды ескеру); y көпшілікке арнаушылық (жұмыстың топтық формасының ба- сымдылығы); y болашаққа ұмтылыс (мінез-құлық салдары, жағымды құнды- лықтар мен мақсаттарды белсендендіру, девиантты емес мінез- құлықтың болашағын жоспарлау). Мемлекеттік саясаттың нормативті құжаттары мен тұжырым- дамалық қағидаларында жалпы жəне арнайы профилактика ұғымдарын бөліп қарастырады. Жалпы профилактика (грек тілінен аударғанда — "сақтап қалу, ескерту") отбасының физикалық жəне əлеуметтік тұрғыдан дені сау балалар тəрбиелеу қызметтерін толық орындауға қажетті əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік- 85 мəдени жəне əлеуметтік-педагогикалық қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған; жалпыға білім беретін оқу мекемелерінің барлық түрлерінің тəрбиелік қызметтерін жүзеге асыруға, оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін толыққанды дамытуды, сабақтан тыс уақытта қоғамға пайдалы іс-əрекеттермен айналысуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы ретінде қарастырылады. Арнайы профилактика "қауіпті топ" балаларына, девиантты жасөспірімдерге, кəмелетке толмаған заң бұзушыларға бағыттал- ған түзету-реабилитациялық шараларды қамтиды. Ол психоло- гиялық-педагогикалық қолдау мен жасөспірімдерге əлеуметтік құқықтық көмектің əртүрлі іс-шаралары, оларды ата-аналардың көңіл қоймауынан, қатыгездіктен, зорлық-зомбылықтан жəне асоциалды ортаның теріс əсерінен қорғау болып табылады. Түзету-профилактикалық жұмыс — мектептің, отбасының, бос уақытты өткізетін ортаның жəне формальды емес топтардың, əлеуметтік институттар мен қоғамдық ұйымдардың бір-бірімен етене байланысында жүзеге асады. Осылайша профилактикалық жəне түзету-педагогикалық əрекет девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдерді анықтау, даму мен мінез-құлықтағы ауытқулардың себептері мен жағдайларына диагностикаға бағытталған əлеуметтік-педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі болып табылады. Ауруды жою жəне алдын алу үшін оның бастау көздері мен түп тамырын жою қажет. Ауытқыған мінез-құлықты жеңу немесе алдын алу үшін, ең алдымен, əлеуметтік ортаның теріс ықпалын зарарсыздандыру, əлеуметтік факторлардың теріс əсерін шектеу (жағдайы нашар отбасы, асоциалды топ, құқыққа қарсы тұл- ғааралық қарым-қатынас). Сонымен бірге ғылыми зерттеулер жəне педагогикалық тəжірибе ата-ана құқынан айыру, асоциалды топтарды тарату, жасөспірімдерді интернатты типті мекемелерге немесе девиантты жасөспірімдерге арналған арнайы оқу-тəрбиелік мекемелерге жіберу сияқты терең батыл шаралар қолдану үнемі тиімді емес. Олар үнемі қажетті нəтиже бермейді, мəселені жоймайды, керісінше, оны тереңдете түседі немесе қандай да бір уақытқа тоқтатады, оның дамуын бəсеңдетеді. Сондықтан девиантты мінез- құлықты жасөспірімдермен түзету — педагогикалық жұмыс 86 ұйымдастыру жəне олардың ауытқушы мінез-құлықтарының се- бептерін ескерту барысында тұлғаның дамуына орта фактор- ларының ықпал күшін, топтағы құрдастарымен тұлғааралық қарым-қатынасының референтті маңызын ескеру қажет. Ауытқушы мінез-құлықтың алдын алу мен жеңуде ата- аналарға, отбасылық микроклиматқа, тəрбиелеу потенциалына, отбасылық ішкі қарым-қатынасқа психологиялық жəне педаго- гикалық əсер етудің əртүрлі жолдары мен тəсілдері бар. Бұл ықпалдар тура, тікелей сипатта, сонымен қатар жанама сипатта болуы мүмкін. Жасөспірімдер мен ата-аналардың қарым-қатынастарын жəне отбасылық қарым-қатынастарын түзету Əр отбасында индивидуалдық ерекшеліктер бар жəне сыртқы араласу оларға əртүрлі əсер тигізетін болғандықтан, педагог əсер етудің тура жолын да, жанама жолын да қолданғаны жөн. Екі жағдайда да, біріншіден, отбасыға ішкіотбасылық атмосфераны бағалау, отбасылық қарым-қатынаста орын алған жағдайға талдау жасау; екіншіден, орын алған өзара қарым-қатынасты өзгерту ниетін тудыру, отбасындағы қарым-қатынасты өзгерту жолдары мен тəсілдерін көрсету; үшіншіден, отбасы мүшелерімен біріге отырып, жағымды, қоғамдық маңызды отбасылық қарым- қатынастың болашақ бағыт-бағдарын анықтау секілді бірнеше міндеттер шешіледі. Отбасы түріне байланысты, жұмыстың əр- түрлі формалары мен əдістері қолданылады, мектеп пен қоғамның ата-аналарға кешенді ықпалы жүзеге асырылады. Отбасылық қарым-қатынастары мазмұнсыз, тиянақсыз сипатты, салыстырмалы тұрғыда жалпы жəне өнегелі мəдени деңгейі төмен, педагогикалық тұрғыда шамасыз отбасыларының əдетте тəрбие мəселелерінде біліктіліктері аз болады. Бұндай отбасылары түзету мақсатында жалпыға міндетті педагогикалық оқудың жалпы жүйесіне кіреді. Бұндай отбасылары үшін мектеп педагогтері, мектеп психологтары жүргізетін педагогикалық кеңес беру формасын қолданған жөн. Бұл жағдайда өздерінің білімсіздіктерін мұғалімдер дұрыс түсінбейді жəне оны өздеріне жəне балаларына қарсы қолданады деген ата-аналардың сенімсіздіктері мен наным- сенімдерін жою қажет. Кеңес беру кезінде ата-аналарға тек балаларды тəрбиелеуде кездестіретін қиындықтарды ғана əңгі- мелеу мүмкіндігі берілмейді, сонымен қатар, жағдаятқа бірге 87 талдау жасауға, кеңес алуға, нақты ұсыныстар алуға, мəселенің əртүрлі шешімдерін талқылауға мүмкіндік беріледі. Педагогикалық кеңес — педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдердің отбасылармен жүргізілетін жұмыстың қызықты жəне тиімді формасы. Алайда бұндай ата-аналарды мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру қажет. Отбасының екінші түрі — педагогикалық енжарлар: объективті себептерге байланысты балаларға тура тəрбиелік əсер етуде енжар отбасылар. Бірақ отбасының өнегелі микроклиматы, қарым- қатынас стилі жəне қарым-қатынас сипаты — жасөспірімдерге белсенді ықпал ету факторлары болып табылады. Осыған байла- нысты, бұл отбасыларымен жұмыс барысында олардың тəрбиелі ықпал жүйесіне талдау жасаумен бірге, отбасындағы қарым- қатынас сипатын өзгерту жəне түзету қажет. Объективті себептерге (жұмысбастылық, ата-аналардың жиі болмауы жəне т.б) қарай педагогикалық тұрғыдан енжар отба- сыларымен мектептің көмегімен мəселелерді сындарлы (конструк- тивті) шешу мүмкін болады. Субъективті себептерге байланысты педагогикалық тұрғыдан енжар, балалармен қақтығыстық қаты- настағы жəне оларды тəрбиелеумен айналыспайтын отбасыла- рымен тек мектеп қана емес, басқа да əлеуметтік институттар жұмыс істеуі қажет. Отбасының бұндай түрлері отбасылық қарым- қатынастың антипедагогикалық түріне жақын, бірақ олардан жүйелі антипедагогикалық ықпалдың болмауымен айрықша- ланады. Бұл отбасыларында қарым-қатынас стилінің айрықша қасиеті ата-аналармен балалардың арасындағы өзара қарым- қатынастың үзілуі болып табылады. Қарым-қатынас деструктивті сипатта болады, оның бағыттылығы, құндылық бағыттары жағымсыз жаққа ауысқан. Əрине, мəселені шешудің ең оңай жəне тез жолы — жағымсыз қарым-қатынастың бастау көздерін жою, жасөспірім мен отбасы арасындағы өзара байланысты тоқтату, яғни ана мен əкені ата-аналық құқықтан айыру. Бірақ бұл қадам дұрыс па, ол жас өспірімнің жанына жара салмай ма? Отбасылық қарым-қатынасты түзету мəселесін отбасылардың антипедагогикалық түрімен шешу өте қиын. Бұл отбасылар өзінің алдамшы жақсы жағдайы жəне жалған белсенділігімен өзінің антипедагогикалық болмысын жасырады. Сондықтан да бұндай отбасылары қайта бағыт-бағдар беру жұмыстарын ғана емес, 88 сонымен қатар отбасылық қарым-қатынас жағдайларын өзгертуді қажет етеді. Педагогикалық кеңестер мен ұсыныстарға қатысты теріс пікір, көбінесе оларды жоққа шығару немесе қабылдамау мектеп пен тұтас ата-аналар қоғамының күш салуын талап етеді. Бұл отбасыларындағы қарым-қатынас пен өзара əрекеттестікке əсер етудің негізгі жолын мектеп, педагогикалық ұжым жүзеге асырады, бұл іс-шарада олар ата-аналар комитетіне жəне мек- тептің қамқорлық кеңесіне арқа сүйейді, дербес жəне топтық жұмыс формаларын қолданады. Қамқорлық кеңесі, сыныптардың ата-аналар комитеттері жағ- дайы нашар əр отбасымен мақсатты түрде жұмыс жүргізуі қажет; белсенді ата-аналар — педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдердің ата-аналарын мектептің қоғамдық пайдалы жұмыстарына тартуға байланысты еңбекті көп керек ететін жеке- дара жұмыстар жүргізеді; балалармен бірлесіп, іс-шаралар ұйымдастырып, өткізу қажет. Бұл оларға өз балаларын іс жүзінде көруге, оларды сыныптастарымен салыстыруға, əр баланың ықтимал мүмкіндіктерін көруге, бала ең жақсы жəне көнгіш болуы үшін қандай шара қолдану қажеттігін ойлануға мүмкіндік береді. Ата-аналардың бұл санатымен тиімді жұмыс формаларының бірі балалар мен жасөспірімдерді отбасында тəрбиелеу мəселелері бойынша пікірталастар, диалог-конференциялар үйымдастыру бо- лып табылады. Девиантты мінез-құлықты кəмелетке толмағандардың отбасын- дағы қарым-қатынасты түзету нəтижесі бүкіл отбасына тура жəне жанама əсер етудің үндесуіне байланысты болады.