Жан-жақты дамыту міндеттері

Тарау

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ

ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ДАМЫТУ ҮШІН СУРЕТ САЛУДЫҢ,

МҮСІН ЖАСАУДЫҢ, АППЛИКАЦИЯЛАУ МЕН

КОНСТРУКЦИЯЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жан-жақты дамыту міндеттері

Сурет салу, мүсіндеу және аппликациялау — негізгі атқара-
тын міндеті болмысты образды түрде бейнелеу болып табыла-4
тын бейнелеу іс-әрекетінің түрлері. Бейнелеу іс-әрекеті — мектеп
жасына дейінгі балалар үшін ең, қызықты нәрселердің бірі: ол
баланы терең, толғанысқа түсіреді, жағымды сезім тудырады.
Н. К. Крупская былай деп жазған болатын: «Бала өзінің алған
әсерін сан түрлі жолдармен: қимыл-әрекетпен, сөзбен, бет құ-
былысымен білдіруге ұмтылудан бастайды. Оған өзінде қалып-
тасқан образдарды айта білу саласын кеңейтуге мүмкіндік бе-
ру керек. Оған материал; мүсін жасау үшін саз балшық, қарын-,
даштар мен қағаз, құрылыс үшін толып жатқан материал және
т.б беру, бұл материалды қалай пайдалануды үйрету керек.
Қалыптасқан образдардың материалдық көрінісі оларды тек-
серудің және байытудың тамаша құралы қызметін атқарады.
Қавдай формада көрінсе де балалар творчествасын барынша
көгермелеп отыру қажет»1. *

Әдетте балалар өздерін толғандыратын, өздеріне ұнайтын, кызықтыратынды беру мүмкіндігін ала отырып, сурет салуды, мүсіндеуді, қиып алуды және желімдеуді, конструкциялауды ұнатады. Бірінші кіші балдырғандық топтан бастап сурет салуға және мүсіндеуге аптасына екі рет сабақ бөлінеді. Бірте-бірте олардың саны өсе береді және ересек топтарда сурет салудан, мүсіндеуден, аппликациялаудан аптасына төрт рет сабақ өткізіледі.

Бейнелеу іс-әрекеті мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болады.

..Бейнелеу іс-әрекеті — бұл болмысты өзіне
Ақыл-ой тән бейнеде тану. Барлық танымдық іс-

әрекет сияқты, ол балаларға ақыл-ой тәрбие-сін беруде үлкен маңызға ие болады.

Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru ^ ' Крупская Н. К. О дошкольном воспитании. Сборңик статей и речей М., '97о. с. 71.

Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Көзбен көріп қабылдауды бакылауды мақсатты түрде дамы-тусыз бейнелей білу мүмкін емес. Қандайда да бір заттың суре-тін салу, мүсінін жасау үшін алдын ала онымен жақсы танысу, оның формасын, көлемін, конструкциясын түсініп бөліктерінің орналасуын есте сақтау керек.

1 Балалар сурет салғанда, мүсіндегенде, аппликацияда бұрын қабылдағандарын, өздеріне таныс жайыттарды қайта жаңғырта-ды. Балалардың көпшілігі суреттерді және басқа да жүмыстар-ды түсініктері бойынша немесе естерінде қалғаны бойынша жа-сайды.Мүндай түсініктердің болуы қиял жұмысына азық болады. Бұл түсініктер бейнелеу объектілерін ойын үстінде, се-руендерде, арнайы ұйымдастырылған бақылауларда және т.б. тікелей танып білу процесінде пайда болады. Балалар қөп нәр-селер туралы әңгімелерден, көркем әдебиеттен біледі. Өз іс-әре-кеті процесінде заттардың қасиеттері мен сапасы туралы бала-лардың түсініктері нақтылана түседі. Бүған көру, сезіну, қол қимылы қатысады.

Балалардың акыл-ойының дамуында қоршаған дүниедегі заттардың әр- түрлі формалары және кеңістіктегі жайы, әр түрлі көлемдері бояу ренктерінің сан алуандығы туралы түсініктері-нін негізінде біртіндеп ұлғайып отыратын білімдер қорының үл-кен маңызы бар. ,

Заттар мен оқиғаларды қабылдауды үйымдастыру кезінде формалардың, көлемдердің (бала және ересек адам), түстердің, (піскен, піспеген жеміс, жылдың әр мезгіліндегі өсімдіктер) зат-тар мен бөлшектердің кеңістіктегі алуан түрлі жағдайының өз-гергіштігіне (құс отыр, ұшып жүр, дән шоқып жатыр, балык әр түрлі бағытта жүзіп жүр және т. б.) назар аудару маңызды.

Сурет салумен, мүсіндеумен, аппликациялаумен айналыса отырып, балалар түрлі материалдарды (қағаз, бояу, балшык, бор т. б.) біледі, олардың қасиеттерімен, әсерлеу мүмкіншілігі-мен танысады, олармен жүмыс істеу дағдыларына ие болады. Балалар сондай-ақ адамдардын іс-әрекеттеріндегі кейбір кұрал-дармен (қарындаш, қылқалам, қайшы) жүмыс істеу тәжірибесін үйренеді. Ал осы әрекеттерді меңгеру балалардың ақыл-ойының дамуына септігін тигізетіні белгілі.

Қазіргі кезде бейнелеу іс-әрекетін үйрену талдау, синтездеуі салыстыру, жалпылау сияқты ойды қажет ететін операцияларды| қалыптастырмайынша мүмкін емес. Бақылаулар процесінде| бейнелеу алдында заттарды және олардың бөлшектерін зерттеу кезінде балаларды заттардың және оның бөлшектерінің форма-сын, көлемін, заттағы бөлшектерінің орналасуын, түр-түсін бө-ліп ала білуге үйретеді. Формасы жағынан әр түрлі заттарды бейнелеу оларды салыстыруды және айырмашылығын анықтау-ды талап етеді. Сонымен қатар балалар заттарды, оқиғаларды салыстыруды және олардағы ортақ нәрсені бөліп алуды, заттар-ды ұксастығы бойынша біріктіруді үйренеді.

Сонымен қоршаған дүниедегі заттарды формасы жағынан

бірнеше топтарға біріктіруге болады (дөңгелек формалы, тік бұрышты және т.б. заттар). Формасы жағынан заттарды ұк-састығы негізінде суреттегі, мүсіндеудегі бейнелеу әдістерінің ортақтығы пайда болады. Мысалы: алманы, жемісті, жаңғақты немесе балапанды жасау үшін (дөңгелек формалы немесе бөл-щектері дөңгелек формалы заттар) балшық кесегін айналма қоз-ғалыспен илеу керек.

Тәрбиешінің басшылығымен балалар заттарды талдау қабі-.летіне бірте-бірте ие болады. Талдау қабілеттілігі неғұрлым жалпылама және қарадүрсін айырудан неғұрлым нәзік айыруға дейін дамиды.

Заттарды және олардың қасиеттерін ықпалды жолмен танып-білу сана-сезімге ұялайды. Қайсыбір форманы, көлемнің, түр-түстің сапасы жекелеген белгілі бір заттардың белгілеріне ғана айналып қоймай, сонымен бірге көптеген заттарға тән белгілер ретінде балалардың түсінігінде жинақталып қорытылады. Олар кез келген заттардан оларды таниды және атын атайды.

Сурет салу, мүсіндеу, аппликациялау және конструкциялау сабақтарында балалардың тілі дамиды: формалардың түр-түс-тердің және олардың реңктерінің, кеңістік белгілерінің аттарын үйрену сөздік қорының байуына септігін тигізеді, заттар мен құ-былыстарды бақылау процесінде құрылыстарды зерттеу кезін-де, сондай-ақ иллюстрацияларды, суретшілердің картиналарына репродукцияларды көру кезінде өз пікірін айтуы сөз бай-ланысының қалыптасуына жағымды ықпал етеді. Педагог сон-дай-ақ тапсырмаларды, оның орындалу ретін түсіндіруге бала-ларды белсендіре араластырады. Сабақтың соңында жұмысты талдау процесінде балалар өздерінің суреттерді мүсіндегендері туралы әңгімелеп, өзге балалардың жүмыстары туралы пікірле-рін айтады. Заттардың эстетикалық сипаттамасы үшін бейнелі салыстыруларды, өлең текстерін пайдалану балаларда бейнелі, мәнерлі сөйлеудің дамуына жәрдемдеседі.

Сабақ өткізу үстінде жеке адамның талаптылық, бастама кө-теру, ақыл-ой белсенділігі және дербестік сияқты қасиеттерінің

 

қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасалады. Заттармен және құбылыстармен, олардың тәрбиелік қасиеттерімен және сапаларымен тікелей сезім арқылы танысу сенсорлық тәрбие саласын құрайды. Бейнелеу іс-әрекетін ойдағыдай меңгеру сенсорлық тәрбиені жүзеге асыруды талап етеді және өзі осы тәрбиеге жәрдемдеседі.

Заттар мен қүбылыстар жөнінде түсініктерді қалыптастыру заттардың қасиеттері мен сапалары, олардың формасы, түр-түсі, кеңістіктегі жайы туралы білімді кажетті түрде талап етеді. Ба-лалар осы қасиеттерді, анықтайды және атайды, заттарды салыс-тырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады, яғни ақыл-ойына әрекет жасайды. Сонымен бейнелеу іс-әрекеті сенсорлық тәрбиеге, көрнекі-образды ойлаудың дамуына ықпал етеді.

■ . 27

Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Бейнелеу іс-әрекеті балаларды барлык жақты адамгершілік,әділдік,сүйіспеншілік деген тәрбие тәрбиелеу үшін


оларда пайда болатын игі сезімдер-

ді тереңдете түсу үшін пайдаланылуы тиіс.

Бірінші рет сурет салу — үш жастағы сәби үшін үлкен куа-ныш. Әдемі хороводты сәтті қиып алғанда мектепке дейінгі ере-сек балалардың жүздерінде қуаныш күлкісі пайда болады.

Мусіндеуді, сурет салуды, апликакацияны орындау процесінде бала білдіргісі келген күбылыстар мен оқиғаларды естеріне алады, олар арқылы пайда болған сезімдерді тағы да бастан кешіреді. Көбіне бала мүсіндеген немесе салған затына анық-тама, сипаттама береді, өз бағасын, көзқарасын білдіреді.

Балалар бейнелеу творчествасы қоғамдық бағытқа ие. Бала өзі үшін ғана емес, айналадағылар үшін де сурет салып, мусін жасайды. Ол өз суретінің әлденені әңгімелегенін, оның бейне-легендерін жұрттың танығанын қалайды. Балаларды олардың суреттеріне, жасаған мүсіндеріне үлкендердің, кұрдастарының қатынасы өте толғандырады. Олар жолдастарының ескертпеле-ріне, педагогтың бағасына қатты көңіл қояды. Мактау балаларды қуантады (өз жүмысын педагогтың атап өткенін бала жүрттың бәріне айтады), ал ұнамсыз баға ренжітеді. Сондыктан мақтау мен ұялтуды сақтықпен қолдану қажет: егер баланы барлык уақытта мақтай берсе, онда өзіне-өзі сенущілік, дан-дайсушылық қалыптасуы мүмкін, керісінше, балаға үнемі оның салған суретінің, жасаған мүсінінің немесе жапсырғанының жа-ман екенін айта берсе, бейнелеу іс-әрекетіне деген теріс көзка-рас тұракты пайда болуы мүмкін.

Балалар бейнелеу творчествосының қоғамдык бағыты мына-дан білінеді, суреттерде, мүсінде, аппликацияда және күрасты-руда балалар қоғамдық өмірдің қүбылыстарын береді. Балалар-ды космосқа ұшу да, совет адамдарының еңбегі де, біздің спорт-шыларымыздың олимпиадаларға қатысуы да, толып жаткан басқа да мәселелер толғандырады. Оларға осы әсерлерін және . осыларға өз көзқарасын білдірулеріне мүмкіндік беру керек.

Бейнелеу іс-әрекеті және құрастыру балалардың бүкіл тәр-
бие жұмысының нәтижесінде алатын білімдерімен және тусінік-
терімен тығыз байланысты болып, осы білімдеріне және түсінік-
теріне сүйенуге, олардиң бекуіне жәрдемдесуге тиіс. Әрине, ба-
лаларға сурет салуға, мүсін, аппликация жасауға ұсынылатын
тақырыптарда қоғамдық құбылыстарды таңдай отырып,бала-
лардың жас мумкіншіліктерін есте сақтау қажет. Егер өте күр-
делі міндеттер қойылса, балаларда қажетті дағдылар мен епті-
ліктердің жоқтығынан бейнелеудегі қиындықтар оларға қоғам-
дык өмір қүбылыстарына деген өз көзқарасын беруге ғана емес,
сонымен бірге ол құбылысты біршама айқын бейнелеуге кедер-
гі жасайды. . -

| Бейнелеу іс-әрекеті сабақтарының адамгершілік тәрбиеде маңызы мынада: осы сабақтардың процесінде балалар адамге-

28 •

ршілік ерік-жігер қасиеттеріне, бастаған істі аяғына дейін жет-кізе білуге, көңіл аудара және мақсаттылықпен айналысуға, олдасына көмектесуге, қиыншылықтарды жеңе білуге және т.б тәрбиеленеді.Коллективтік жүмыстарды қөру процесінде балалар жалпы жүмыстың орындалуы туралы біріге келісе білуге, бір-біріне көмек беруге ұмтылуға тәрбиеленеді.

Бейнелеу іс-әрекетінің жалпы топтық сабағы көпшілдік және достық өзара қатынастарды тәрбиелеуге септігін тигізеді (әдетте, екі сәби бір бояулар жиынтығын, бір банкідегі суды пайдаланады т. б.).

Жүмыстарды коллективті түрде қарап шығу балаларды жол-

дастарының суреттеріне, жасаған мүсіндеріне көңіл аудара бі-

луге, оларды әділ және тілектес көңілмен бағалауға, тек өзінің

ғана емес, сонымен бірге жалпы жетістікке де қуана білуге уй-

ретеді. .

• Бейнелеу іс-әрекетінде ақыл-ой мен бұлшық

ет белсенділігі үйлестіріледі. Сурет салу-

. ды, мүсіндеуді, аппликацияны құру үшін ең-бек қимылын жүзеге асыру, заттың қандай да бір пішіні мен құрылысының суретін салу, қағаздан қиып алу, мүсін жасау іскерліктерін меңгеру, сондай-ақ қайшымен, қарындашпен және қылқаламмен, саз балшықпен және пластилинмен жұмыс істей білу дағдыларын меңгеру қажет. Осы материалдарды және қү-ралдарды дұрыс пайдалана білу белгілі бір бүлшық ет күштерін жұмсауды, еңбек дағдыларын талап етеді. Іскерліктер мен дағ-дыларды меңгеру жеке бастың көңіл қою, табандылық, төзімділік сияқты ерік-жігер қасиеттерін дамытумен байланысты. Балалар еңбек ете білуге, қалаған нәтижесіне қол жеткізе білуге тәрбиеленеді./

Еңбек сүйгіштіктің, еңбек дағдыларының қалыптасуына ба-лалардың сабаққа дайындыққа және соңынан жиыстыруға ка-тысуы да жәрдемдеседі.

Жүмыс практикасында көбіне сабаққа дейінгі жүргізілетін барлық дайындық кезекшілерге жүктеледі. Бүл дұрыс емес. Мектепте әрбір бала өзінің жүмыс орнын өзі дайыйдауы тиіс әрі оның бүған дағдылануы өте маңызды. Балалар бақшасында әр баланың еңбек дағдыларын дамыту қажет, жүмысты әркашан дайындаған соң ғана бастауға үйрету керек.

Бейнелеу іс-әрекетінің негізгі маңызы мы- нада: ол эстетикалық тәрбиенің қүралы болып табылады.

Бейнелеу іс-әрекеті процесінде эстетикалық қабылдау мен эмоциялардың дамуына қолайлы жағдай жасалады, олар бол-мысқа эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруға жәрдемдесетін эстетикалық сезімдерге біртіндеп ауысады. Заттардың қасиетін (формалары, қүрылысы, көлемі, түрлері, кеңістіктегі орналасуы) ажырату балаларда эстетикалық сезім компоненттерін, форманы, түрді, ырғақты сезуді дамытуға жәрдемдеседі.

'. 29

Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Эстетикалық қабылдау бірінші кезекте тұтасымен затқа, оның эстетикалық бейнесіне — формасынын сымбаттылығына, түрінің әдемілігіне, бөлшектерінің пропорциялылығына және т. б. бағытталады. Балалардың дамуының түрлі дәрежесінде эстети-калық қабылдау әр түрлі мазмұнға ие болады. Бірақ әсемдікті эстетикалық сезінуге қаныққан біртұтас эстетикалық қабылдау кескін жасауға әлі жеткіліксіз. Соңынан бейнеленетін затпен танысу ерекше сипатқа ие болуға тиіс. Тұтас қабылдаудан кейін балаларды бейнелеу іс-әрекетінде кескінделетін жекелей қа-сиеттерді бөліп қарауға алып келген жөн. Дегенмен қабылдауды заттың барлық маңызды қасиеттерін жиынтық түрде түтас қам-тумен аяқтап, оның бейнесіне, әсерлі сапаларына баға беру өте маңызды. Мысалы, қайыңның діңінің жуандығын, бұтақтарының бағытын, олардың түр-түсін зер салып қарап отырып, оның сым-баттылығын, бұтақтарынық жіңішкелігін, олардың бірқалыпты иілісін тағы да атап көрсеткен дұрыс. Мұндай кезде қайтадан эстетикалық сезім пайда болады.

Эстетикалық қабылдауды дамыту үшін затпен, кұбылыспен, танысу кезінде оның әсемдігін баса көрсету, образды салыстыру-ды пайдалану өте маңызды.

Эстетикалық сезімдерді дамыту.Қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстарды бақылау кезінде мектепке дейінгі балаларда толқу тез пайда болады, оның ішінде әлі жете сезінбеген, жаңа басталған эстетикалық сезім де болады. Кішкентай балаларды ашық түсті заттардың жарқыраған жылтыр бетін қабылдау толқытады, ересек балаларды элементтердің қайталануы, бөліктерінің орналасу симметриясы, заттың конструкциялық сымбаттылығы, силуэтінің айқындылығы тартады. Балалардың түсінігі мен қабылдауы дамып байи түскен сайын, эстетикалық сезім неғүрлым терең және саналы бола түседі. Балалар құбылыстың аса күрделі қасиеттерін: формасының әр түрлілігін, түрлерінің байлығын, бояу түстерінің үйлесімін.қабылдай отырып, оларды бастан кешіреді.

Әдемі заттарды қабылдауда пайда болатын тікелей эстети-■ калык құрамдас түрлі элементтерді қамтиды. Мәселен, қаран,-ғы түнде аспандағы жарқыраған жұлдыздар, жасыл шөптер ішіндегі бақбақтардың сары алтын түстес гүлдері; қара пальто мен ашық түсті бас киім сияқты әдемі түрлі-түстердің үйлесімін қабылдаудан эстетикалық сезім пайда болған кездегі т ү с т і сезінуді бөліп көрсетуге болады.

Ең алдымен заттың ырғақтық бітімі, оның бөліктерінің ыр-ғақтық орналасуы (мысалы ағаштардың, бөлме өсімдіктерінін бұтақтары) қабылданған жағдайда ырғақты сезіну пай-да болады. Эстетикалық сезім заттың, мысалы, сазбалшық және ' керамика бүйымдарының формасьшын тұтастығымен, үйлесім-ділігімен тууы мүмкін. Пропорцияны, конструкциял ы к т ұ т а с т ы қ т ы сезіну әр түрлі құбылыстарды қабылдауда пайда болады. 30

Эстетикалық сезімде оның жақтарының бірі — түсті немесе форманы сезіну — неғұрлым айқын көрінуі мүмкін. Бұл сезім-дердің дамуы түйсіну (түсті, кеңістікті, қозғалысты) нәзіктігімен тікелей байланысты. Балалар түсті және түс реңктерін неғүрлым нәзік ажырата білсе, олар әдемі бояу түстерінің үйлесімділігін кабылдаудан солғұрлым тереңірек қуаныш сезінеді. Сабақтарда түсті, форманы сезінуді дамыту тек балалар түстерді

формаларды жақсы білгенде ғана мүмкін. Бала айналадағыны неғұрлым терең үғынып қабылдай алса эстетикалық сезімдері соғүрлым тұрақты және мазмұнды бола түседі. Балалар бірте-бірте элементарлық эстетикалық пайымдау (өмір құбылыстары туралы, адамдардың жасаған заттары туралы, өнер шығармалары туралы айту) қабілетіне ие болады.

Балаларда эстетикалық сезімдерді дамыту оларды затқа және оның әр түрлі анықтамамен белгілеуге болатын: орасан зор нақышты, жеңіл, қуанышты мерекелік, жанды және басқа жеке қасиеттеріне эстетикалық баға беруге алып келуге мүмкіндік береді.

Балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін бейнелеу өнері шы-ғармаларымен танысудың үлкен маңызы бар. Картиналардағы скульптурадағы, архитектурадағы және қолданбалы өнер шы-ғармаларындағы образдардың ашықтығы, мәнерлілігі эстетика-лық толғаныстарды туғызып,. балаларға өмір кұбылысын тереңі-рек және толығырақ қабылдауға, өз әсерлерінін образдағы бей-нелерін суреттерден, мүсіндерден, аппликациядан таба білуге көмектеседі.

Бірте-бірте балаларда көркемдік талғам дамиды.
Суреттер, мүсіндер, аппликациялар арқы-

балалар айналасындағылар туралы өздерінің

әсерлерін береді және оларға өздерінің көзқарасын білдіреді. Балаларды көркемөнерге баулу заттар мен құбылыстарды жай ғана көшіруге емес, балаларды көркем іс-әрекетке, заттар мен құбылыстарды әсерлі бейнелеуге үйретуге бағытталуы тиіс.

Балаларда эстетикалық қабылдау дамығанда және олар бей-нелеуге қажетті дағдылар мен шеберліктерді меңгерген кезде ғана бейнелеу "іс-әрекеті творчествалық сипатқа ие болады.

Эстетикалық қабылдау тиісті түсініктердің пайда болуына әсер етеді. Оларда заттар мен құбылыстардың эстетикалық са-палары бейнеленген. іс-әрекеттің творчествалық сипаты ой ту-дыруды және оны дамытуды көздейді. Сурет салғанда, мүсін мен аппликация жасағанда бала есінде сақтағанын тек көшіріп қа-на қоймайды, онда осы затқа деген қандай да бір толғаныс, оған белгілі бір қатынас пайда болады. Бір ұғымға әр түрлі уақытта әр түрлі жағдайда қабылданғандар енеді. Баланың бүкіл осы қиялынан образ жасалады, оны бала бейнелеу құралдарының көмегімен береді; тәрбиеші балаларға сурет салу, мү-

Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru -сіндеу, аппликация жасау үшін еске түсіруді, ойлап табу-ды, елестетуді қажет ететіндей мазмүнды ұсынады. Оның бала үшін қызықты болуы, оны толқытуы, бүл мазмұнды қалайда жақсы бейнелеуді қалауы өте маңызды: мысалы, балаларда өзі-не ғана тән белгілерімен өз үйін қиялдап, ойластыру тілегін тудыру үшін үйдің суретін салуды ұсыну керек. Бүл балалар бақшасына арналған дача немесе жаңа мектептің үйі, қоянға немесе ақшақарға арналған үйшік және т. б. болуы мүмкін. Үй өзінін, сипаттамасын, жеке-дара бейнесін алады.

Сабақтың балаларға эстетикалық әсері бейнелеу үшін қан-дай заттар және құбылыстар тандап алынғанына байланысты (бұл балаларға таныс заттар, ойыншықтар, табиғаттык және ■қоғамдық өмірдің құбылыстары ғана емес, сонымен бірге бала-нын қуанышын, таңдануын, масаттануын тудыратын әсем нәрсе-лер). Сондай-ақ тәрбиешінің тапсырманы түсіндіре білуі, бала--лармен затты қарап шығуы, онын, бейнелеуге ынта-ықыласын тудыра білуі маңызды. Бұл үшін ең алдымен заттың немесе құ-былыстың әсемдігіне көңіл аудару, бұл үшін бейнелі, әсерлі сөз табу қажет. Ән, өлең, текстерін қолдану әрдайым зстетикалық әсерді күшейтеді.

Көркем бейнелеу творчествасының ерекше белгісі әсерлі бейнелер жасаудан тұрады. Алайда бала суретте, мүсінде, ап-лликацияда заттың өзіне тән қасиеттерін: формасын, құрылы-сын, түрін беру қабілетін ең болмағанда қандай да бір дәреже-де меңгермейінше, образ жасай алмайды.

Суреттің әсемдігі мен әсерлілігі балалардын, формаға келтіру қозғалысын қалай игеруімен және суретте, мүсінде, аппликация-да заттардың формасын қалай бере білуімен байланысты. Ай-кын бейнеленген форма балаларда қанағаттану сезімін, жағым-ды көңіл-күйін тудырады.

Жұмыстардын сәтті композициясы да эстетикалық эмоция-лар тудырады. Егер суретті апликацияны тым үлкен (бейненің кей бөліктері парақтың шетіне шығып кетпеуі үшін) және тым ұсақ етпей (жөнсіз бос жерлер болмауы, сурет бір шетке ауып кетпеуі үшін) бейнеленген заттын. формасы мен пропорциялары ескеріле' отырып парақ бетіне жақсы орналасса, бұл да баланы қуантады.

Заттар мен болмыс құбылыстарын балалардың бейнелеуі сонымең бірге олардың осы заттарға таныстанастарының көрінісі де болып табылады: балалар олар несімен әдемі, оларда не қызықты, несімен жақсы, пайдалы екенін, өзіне несімен тартатынын/ қуаныш немесе кірбің туғызатынын және т. б. атап көрсетеді. Осы жақтардын, бәрі өзара тығыз байланыста болуы мүмкін, бірақ олардың ішінде қайсыбірі (таза танымдық, эсте-тикалық, адамгершілік) басымырақ түсіп жатуы мүмкін.

Адамдар жасаған заттардың эстетикалық қасиеттерінің, си-паттамасы олардың идеялық-адамгершілік бағасына жақын. Заттардың сыртында адамдардың еңбегі, олардың өзара қарым-

-32

қатынастары тұр. Адамдардын. игілігі үшін, олардын. бақыты жасалынып жатқандардың бәрі әсемдік ретінде қабылданады. Сыртқы сүлулық заттың атқаратын игілікті қызметімен сәйкес келген жағдайларда эстетикалық және адамгершілік жағынан былай үйлестіру балаларға түсініктірек болады.

Балаларды табиғат құбылыстарымен, советтік өмірдің оқи-ғаларымен таныстыра отырып, тәрбиеші осы оқиғалар мен кұ-былыстардың әсемдігі мен маңыздылығына балалардың түсіні-гіне сай көңіл аударады. Әдемілікті сезінуді бастан кешу арқы-лы балаларды айналасындағыға өз түсінігіне сай баға беруге жеткізуді тәрбиеші өзінің міндеті етіп қояды, олардың бойында жоғары гуманистік сезімді, Отанды сүю, еңбекті құрметтеу сезі-мін дамытады.

Тек суреттің, мүсіндеудің, аппликацияның мазмұнына қызы-ғушылық қана балаларға оларды жақсы орындауға, образдың әсерлілігіне қол жеткізуге ұмтылуына түрткі болып қоймайды — оларда жүмысты басқалар үшін түсінікті және қызықты істеу-ге тырысуға тәрбиелеудің үлкен маңызы бар. Төрт жастан бас-тап балалар өздерінің суреттеріне және басқа да жұмыстарына баға алуға тырысады, олардың мүсіндері, суреттері үнаса, бала-лар өз құптауларын білдірсе, олардың жүмыстары атап өтілсе, олар қанағат сезімін бастан кешіреді. Жұмысқа жақсы -баға ең-бегіне қарай, яғни шын мәнінде қол жеткен жақсы сапа, әсерлі-лік, көркемдік үшін берілуі тиіс. Әрине, бүл жоғары сапа сол жастағы балалардың мүмкіншіліктерімен сәйкес болады.

. Жұмысты жақсы орындауға, оған басқалар шаттанатындай етіп, оны әсем жасауға үмтылуға тәрбиелеу — көркемдік және адамгершілік тәрбие, балаларда іс-әрекетті қоғамдық бағытта дамыту міндеті.

Педагог- әсерлі образды жасаумен: заттың өзін эстетикалық қабылдаумен, заттың қасиеттері және жалпы бейнесі туралы түсініктерді қалыптастырумен, бар түсініктердің негізінде қиял-дау қабілетін тәрбиелеумен, бояулардың, сызықтардың, форма-лардың әсерлілік қасиеттерін игерумен, суретте, мүсінде, аппли-кацияда балалардың ойлағандарын нақтылы түрде көрсетумен және т. б. байланысты бүкіл процестерді басқаруға тиіс.

; § 2. Мектепке даярлық

Сурет салу, мүсіндеу, аппликация және конструкциялаудың жемісті іс-әрекет ретінде балаларды мектепке даярлауда баға жетпес маңызы бар.. Іс-әрекеттің бұл түрлерінде балаларда жан-жақты дамыған жеке адамның мектепте бүдан кейін оқыту үшін қажетті сапалары қалыптасады. Бірақ мектепке даярлық үшін бейнелеу іс-әрекеті мен конструкциялаудын, маңызы мұны-мен шектелмейді. Балабақшадағы сабақтарда балаларды мек-тепке арнайы даярлау да жүзеге асырылады. Сурет салу, мүсіндеу, аппликациялау және конструкциялау саласындағы білім-

Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru Жан-жақты дамыту міндеттері - student2.ru дерді, дағдылар мен іскерлікті меңгере отырып, балалар мектептегі бейнелеу енері және еңбек сабақтарында материал-дарды ойдағыдай игеру мүмкіншілігіне қол жеткізеді.

Мектептегі оқытуға дайындық үшін оқу қызметінін, элемент-терін: педагогтын, нұсқауларын тыңдай және орындай ,білуді, берілген тапсырманы түсініп орындауды қалыптастырудың ма-ңызды мәні бар. Құрылысты салу, бейне жасау үшін бала осы бейнелеу міндеттерін шешуге қажетті белгілі бір іс-қи-мылды қолдануы қажет. Демек сәби өзі игерген барлық қимыл-дардын, ішінен бейне жасауына мүмкіндік беретіндерін таңдап алуы қажет. Мысалы, әлде бір ойыншықты салу үшін балалар қабылдау әрекетін, содан сон. талдау, заттың формаларын, қүры-лысын, онын, бөлшектерінін, көлемін жіктеу әрекетін жүргізуі, осыдан кейін ойыншықтың суретін салуға мүмкіндік беретін бейнелеу қимылдарын қолдануы тиіс. Тапсырманы талдай білу және оны шешу үшін қажетті қимыл әдістерін таңдау — оқу қыз-метіндегі маңызды компонент.

Бейне жасау үшін өз әрекетін үйымдастыра отырып, бала оларға бақылау жасауға, оларды түзету қажет болған жағдайда қандай әрекетті пайдалану керектігін бар түсініктермен салыс-тырып отыруға тиіс. Іс-әрекеттін. дүрыс әдістерін сақтауды ба-қылау—оқу қызметінің маңызды элементі. Әуелде бақылау әрекетін қалай жүзеге асыруға болатынын балаларға көрсетіп, ал содан кейін бейнелеу процесін бақылау қажеттігіне олардың көңілін аудара отырып, оны бірте-бірте қалыптастыруға болады.

Оқу қызметінің тағы бір компоненті (мұны калыптастыру үшін бейнелеу іс-әрекетінде барлық жағдайлар бар) нәтижеге баға беру болып табылады. Балалар суретте, мүсін жасауда, ап-пликацияда, конструкциялауда алға қойылған бейнелеу міндеті түрғысынан бағалануы мүмкін кескін алады.

Оқу кызметінің жоғарыда аталған компоненттерін сурет са-луға, мүсіндеуге, конструкциялауға үйрету кезінде қалыптасты-рудың балаларды мектепке даярлау үшін үлкен маңызы бар.

Сондай-ақ баланың мектепке психологиялық даярлығын: оқуға талаптануын, жаңаны білуге, іскерлікті меңгеруге, іспен мақсатты да ұйымшылдықпен айналысуға, педагогтьщ нүсқауын мүқият тыңдауға және орындауға ұмтылуын қалыптастыру ма-ңызды.

Балаларды мектепке психологиялық даярлықты қамтамасыз етудегі елеулі нәрсе өз мінез-кұлқын өз еркімен реттей білуге, өз талап-тілектерін басқаруға, оларды іс мүдделеріне бағындыру-ға, ойына келгенін істеуден (ойнау, қыдыру) бас тарта білуге және өзін қажетті істі атқаруға (оқумен айналысуды, үй тапсыр-маларын орындау) мәжбүр ете б.ілуге тәрбиелеу болып табы-лады.

Мектептегі оқытуға белсенділік және дербестік қажет. Осы қажеттіктерді қалыптастыру үшін бейнелеу іс-әрекеті сабақта-рында көп мүмкіншіліктер бар.

34 :

Балабақшадағы сурет салу балаларды бейнеле>арДа өткізі-бактарына мектепте арнайы даярлауды да жүзеге асыгамен оқы-кіндік береді: балабакшада өткізілетін сурет салудыңялаларға түрлерін мектеп программасы қамтиды. Ал еңбек сабақтарында орын-балалар мүсін жасайды, конструкциялайды, аппликацик ЖӘНе сайды.

Сонымен, бейнелеу іс-әрекеті процесінде тәрбиенің сенсорлық
ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік және еңбек сияқты
алуан түрлі жақтары жүзеге асырылады. Бүл іс-әрекеттін эсте-
тикалық тәрбие үшін негізгі мәні бар: ол балаларды мектепке
даярлау үшін де маңызды. <

Мектепке дейінгі баланың жеке басының жан-жақты дамуын, егер педагогтың назары осы міндетті шешуге бағытталса, бей-нелеу іс-әрекетін оқытудағы программа орындалып, дұрыс және әр алуан методика пайдаланылса ғана қамтамасыз ету-ге болатынын атап көрсеткен жөн.

Наши рекомендации