Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары 2 страница

Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп аталады, ал қосуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді, орталықтан тепкіш немесе эфференттік нервтер дейді.

Орталық жүйке жүйесі ми және жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан. Ересек адамдарда 0,5 метрге жуық, салмағы 38-37 г. Жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады. Төменгі ұшы шашақтарының i-ші және ii-ші бел омыртқа тұсында бітеді. Жұлын 31-32 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12-кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері.

Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып, дененің терісін , аяқ-қолдарын, дене тұлғасының беттерінің нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.

Сопақша ми– жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 см., салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары орналасқан және IX-XII ми нервтерінің ядролары орналасқан.

Вароли көпірі -сопақша мидың үстіңде орналасқан. Оның ұзындығы 2,5 см. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп атайды. Рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Көпірден V VI ми нервтері шығады және көпір сопақша мидың арасынан VII VIII ми нервтері шығады.

Мишық – сопақша мидың арт жағында орналасқан. Мишық үш бөлімнен тұрады: мишық құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады. Оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейрондардан құралған:

I – сыртқы, молекулярлық:

Ii – ортаңғы, ганглиялық;

Iii – ішкі, түйіршіктік қабаттары.

Оның негізгі қызметі – тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі, тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырушы.

Ортаңғы ми– вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар:

1) Қызыл ядролар.Оның қызметі – бұлшықеттердің тонусын реттейді.

2) Қара субстанция. Оның қызметі – саусақтардың нәзік қимылдарын реттейді.

3) Алғашқы есту, көру орталықтары.

Аралық ми–ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды.

Таламустың қызметі: таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді.

Гипоталамустың қызметі: зат алмасуды, дененің температурасын, аштық және шөлдік сезімдерін, жағымды-жағымсыз эмоцияларды, ұйқы мен сергектікті реттейді және гипоталамуста нейросекрет түзіледі. Осы нейросекрет арқылы гипоталамус ішкі секреция бездерін реттейді.

Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары) – мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейроннан тұрады:

1) Молекулярлық қабат

2) Сыртқы түйіршікті қабат

3) Пирамидалық қабат

4) Ішкі түйіршікті қабат

5) Терең орналасқан пирамидалық қабат

6) Көппішінді клеткалар қабаты

7) Жіп тәрізді клеткалар қабаты

Ми сыңарлары сұр және ақ затқа бөлінеді. Сұр зат нейронның денесі, ал ақ зат нейронның талшықтары жоғарыда айтып кеткен 7 қабат ми сыңарларының сұр заты.

Лекция № 3Жоғары жүйке әрекеті туралы түсініктің пайда болуы

Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі

жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз т.с.с ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет.Туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді, тұқым қуалайды. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалылтасады. Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде,сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады,. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады,тұрақсыз, уақытша. Шартты рефлекс пайда болуы үшін бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет. Шартты рефлекс пайда болуының негізі,- ми қыртысыныда нарв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыс пайда болады. Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар:

1) Әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы,шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек),олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс;

2) Тітіркендіргіштердің тұрақты ретпен әсер етуі;

3) Аталған жағдайлардың ұзақ уақыт көп қаайталануы;

4) Шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы;

5) Жүйке жүйесінің маңызды бөлімі-ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізі-ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы.

Шартты рефлекстердің тежелуі.Тежелу 2 түрлі болады:сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.Сыртқытежелу туа пайда болады. Ми қыртысында қосымша күшті қозу ошағы пайда болған жағдайда, қозу ошағын тежейді де ол жауап тоқтап қалады,бұл индукциялықтежелу. Шектен тыс тежелу тітіргендіргіш күшті, немесе ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда пайда болады. Шартты немесе ішкітежелу: шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпегенде біртіндеп шартты жауап жойыла бастайды да,біраздан соң мүлде тоқтайды- бұл сөңгіш тежелу. Өте ұқсастітіркендіргіштерді бір-бірінен ажыратады,бұл ажырату/дифференциалды/ шартты тежелуі. Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Талдау арқылы организм өзіне қажетті,тиімді әсерлерді бөліп алып,ажыратады.Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады,талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді. Динамикалы стереотип адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты тітіркендіргіштердің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін,яғни белгілі бір жүйеге келтіруды айтады.

Лекция 4

Тақырып:Жас эндокринологиясы

Жоспар:Ішкі секреция бездері. Гормондар.

Гипофиз және оның гормондарының бала организіміне әсері.

Қалқанша, бүйрек үсті, эпифиз, қалқан серік бездері және оның жас ерекшеліктері

Кілт сөздер:бездер, гормондар, гипофиз, окситоцин, вазопрессин

Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы түсінікте.Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі.

Сыртқы секрециялық (лат.секреция-сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады.Сондықтан оларды секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо –сыртқы, сыртқа+ген –тек, болмыс) бездер деп атайды.

Ішкі секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон-ішкі+крино-бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімдері тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді.Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.

Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін г о р м о н (грек. гормо-ішке қосамын, қозғаймын) деп атайды, ол өте белсенді,химиялық зат. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге,зат және энергияның алмасуына,мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Оған қоса ,организмнің қызметтерін реттейді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда г и п о с е к р е ц и я (грек. Гипо-аз, төмен) және күшейгенде г и п е р с е к р е ц и я (грек. гипер-артық,жоғары, шегінен тыс ) байқалады. Гормондардың қасиеттері ,

а) олар өте белсенді,тым азғантай мөлшерде әсер ете алады;

ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормон немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;

б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты,яғни қашық тұрып,алыстан әсер етеді.

Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің “түрік ері ” деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар.Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды,әрі “түрік ері” сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді.Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары 2 страница - student2.ru мм, 1 жасқа жеткенде Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары 2 страница - student2.ru мм, ал 16-18 жасқа дейін 9+11 мм болады.18 жастан кейін әр адамның организімінің ерекшеліктеріне сай өзгереді.

Құрылысы.Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен тұрады:алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктер.Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін а д е н о г и п о ф и з деп , артқы бөлігін н е й р о г и п о ф и з деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2% ортаңғы, 18-23%артқы бөлікке жатады.

Аденегипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады.Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: сомотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин(ТТГ), адренокортикотропин(АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер және ортаңғы бөлімде түзілетін меланотропин(МТГ).

СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.

Өсу гормонының мөлшері жаңа туған сәбиде өте көп (60 ммкг/мл), 3 айда біраз төмендеп (16 ммкг/мл), ересек балаларда 10,8 ммкг/мл болады да, ержеткенде не бары 0,55 ммкг/мг ғана болады. СТГ-ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп жібереді, алыптық пайда болады.Организмде байқалатын СТГ-ның гипосекрециясында баланың бойы өспей ергежейлі болып қалады.Өсу гормоны көбейген жағдайда көбіне а к р о м е г а л и я (грек. акрон-соңғы, ақырғы, мегас-үлкен) байқалады, яғни адамның бет,аяқ-қол, жақ сүйектерінің өсіп,ұзарады.

Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Химиялық құрамы жағынан бұлар нанопептидтер, яғни аминқышқылдарының 9 қалдығынан құралған.Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамсыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі. Окситоцин сүт бездерінің альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып ,сүттің сүт жолына, одан баланы емізгенде сүттің шығуын реттейді.

Эпифиз безі. Эпифиз немесе домалақ бездің пішіні домалақ, бірақ жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жас ерекшелігі. Жаңа туған нәрестеде оның ұзындығы 3мм, ені 2,5 мм, қалыңдығы 2мм. 4 жаста ұзындығы 9мм, ені 6 мм, қалыңдығы 3 мм болады.

Эпифизде 3 гормон –меланин, гломерулокортикотропин және контргипоталамус-гипофизарлық гормондар өндіріледі.

Қалқанша безі.Адамның қалқанша безі сыңар мүше. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі бөліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады.Без пішіні мен көлемі жағынан әртүрлі тұйық көпіршіктерден, яғни фолликулдан тұрады.Фолликулдар дөңгелек,сопақша немесе көп қырлы болуы мүмкін .Олар бір-бірінен дәнекер ұлпаларымен бөлінген, олар қан тамырлары мен нервтерге бай келеді.Бездің қызметі баланың ұрық кезінде басталады.

Жас ерекшелігі:Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г, 6 айда 2 г, 1 жаста 3 г, 3-4 жсата 7 г, 5-6 жаста 10 г, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек адамдарда бездің салмағы 35-37 г.

Қалқанша безінде 3 гормон түзіледі: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин. Қалқанша безінің гормондарының құрамында йод бар. Организмге йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы байқалады. Ал пайда болған ауруды эндемиялы зоб деп атайды(грек. эндемос-жергілікті) .

Қалқанша безінің г и п е р с е к р е ц и я с ы н д а Базед немесе тиреотосикоз ауруы байқалады.Ал г и п о с е к р е ц и я с ы н д а микседема, яғни шырышты ісік пайда болады. Егер бала ауруға кішкентай кезінде ұшыраса кретинизмге айналады.

Гипосекреция жағдайында байқалатын қалқанша безінің кемшілліктері –гипотиреоз екі түрлі болады: а) туа болған, яғни қалқанша безі болмай , не нашар дамыған балалар;ә) жүре болған, яғни гипофиз безінің тиреотопин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе пайда болған.

Қалқан серік бездері.Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі),кей адамдарда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм, қалыңдығы 1,5-2 мм . Жас өспірім балалардың қалқан серік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығы арқылы бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде орналасуы тұрақсыз,әртүрлі болады. Олардың пішіні дөңгелекше, сопақша, ұзынша, бұршақ іспеттес болады. Қалқан серік безінде паратгормон немесе паратироекрин деп аталатын гормон өнеді .Паратиреокрин кальцийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Кальцийдің негізгі қоры сүйек болғандықтан бұл гормон организмдегі фосфордың алмасуына да әсерін тигізеді. Паратгормон сүйек ұлпасының ыдырап, кальцийдің қанға шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл гормонның жеткіліксіз болуы қандағы кальцийдің мөлшері кемігендіктен, сіңірдің тартылуын тудырады. Паратиреоидтік гормонның гиперсекрециясында сүйектің құрамындағы фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көп жиналады да, гиперкальйиемиясы көбінесе қалқанша безіне операция жасағанда,оған қоса қалқан серік байқамай алып тастағанда, кей кезде инфекцияға байланысты пайда болады.

Бүйрек үсті бездері. Бүйрек үсті бездері –қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 г., әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады.

Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабаты 10-нан астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Химиялық тұрғыдан олардың бәрі холестериннің туындысына жатады

Физиологиялық қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді:

а)глюкокортикоидтар;

ә)минералкортикоидтар;

б) адренокортикоидтар.

Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гормондары негізінен екеу: адреналин және норадреналин. Адреналин бүйрек үсті безінде ғана, ал норадреналин басқа мүшелерде де пайда болады.

Жас ерекшеліктері:Жаңа туған нәрестенің қыртысты қабаты милықабатынан көбірек болады.

1 жастағы баланың безінің қыртысты қабаты милы қабатынан 2 есе қалың. Тек 10 жасқ а жақындағанда милы қабатың без ұлпасы тез өсе бастайды да, қыртысты қабаттан асып түседі.

Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының өсуі 11-12 жасқа дейін аяқталады, ал милы қабатының өсуі 6-20 жасқа дейін созылады.Жалпы алғанда бала туғаннан кейін оның безінің қыртысты қабатының ұрықтық кезде пайда болған ұлпаларының орнына жаңа клеткалар өніп, ескілері солып, жойылады. Бездің салмағы 2-3 аптаның ішінде 2 есе азаяды.6 айға толғанда ұрықтық қыртысты заттар 3 есе кеміп, жаңа клеткалары көбейеді де, 7 жасқа дейін жетіледі. Милы қабаттың хромаффиндік клеткалары 3 - 4 жсата дифференциацияланады да тез өсе бастайды. Осы мерзімнің ішінде милы қабаттың жалпы салмағының 28 - 29 % қалыптасады. Содан соң 8жасқа дейін өспейді де қалған мөлшері 8-10 жас аралығында тез өсіп, одан әрі ақырындап, жалпы өсуі 16-20 жасқа дейін созылады.

Бір жастағы балалардың хормаффин ұлпалары адренелинді жақсы өндіреді. 6-7 жаста норадреналин мен дофаминнің қанға шығуы күшейеді. Ал қыз балаларда 9 жаста, ер балаларда 10-11 жаста адреналиннің мөлшері екінші рет үстем болады.

Қыртысты қабаттың без клеткалары 9-11 жаста қайтадан күшті өсе бастайды да , 11-12 жаста толық өсіп жетіледі.

Лекция 5

Тақырып:Тірек – қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері

Жоспар:Омыртқа жотасы

Көкірек қуысының, иық және жамбас белдеулерінің, жамбас белдеуінің, бас сүйектері

Тірек – қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы

Баланың қимыл-қозғалысы.

Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі.

Кілт сөздер:омыртқа, сүйек, жамбас, иық, қабырға, гигиена

Омыртқа жотасы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір – бірімен буын арқылы жалғасқан 33 – 34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын бөксе бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуду, 5 бел, 5 сегізкөз, 4 – 5 құйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір – бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке – жеке болады.

Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның тығыз жері – денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының каналын құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жұп бүйір өсінділері болады. Омырқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.

Көкірек қуысының сүйектері.Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек

қуысын құратын қабырға және төс сүйектері жатады.

Қабырға. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір – бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның басы, мойыны, денесі болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да басқа қалғаг жері мен басының арасындағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады.

Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы ҮІІ қос қабырғалар шеміршек арқылы тікелей төс сүйегіне жалғасса, ҮІІ – ІХ – Х – қабырғалар ұзын шеміршек қабырғалар арқылы алдыңғылармен жалғасады, ал ХІ – ХІІ – жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Алғашқы І – ҮІІ жұп қабырғаларды ш ы н , олардан кейінгі ҮІІ – Х – жұп қабырғаларды ж а л ғ а н , ал соңғы ХІ – ХІІ – жұп қабырғаларды б о с қабырғалар деп атайды.

Төс сүйегі – жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады. Т ө с сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында мойындырық, екі жағында бұғана, және жеті – жетіден қабырға ойындылары бар.

Омыртқа сүйектері мен ХІІ қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын құрайды. Адамның көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12 -13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері.

Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері.Аяқ – қолдарының сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және төс сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.

Наши рекомендации