F2F, on-line, off-line режіміндегі кеңес беру сабақтарының күнтізбелік - тақырыптық жоспары

  №   Кеңес беру тақырыптары F2Fсағат саны on-line, off-line
Сағат саны апта
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаратылыстануды оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны 1-4
2. Жаратылыстану пәніне қойылатын талаптар және тақырып үлгілері 5-9
Жаратылыстану" пәні бойынша оқушыларға арналған жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларға түсініктеме 10-12
Жаратылыстану" пәні бойынша оқушыларға арналған жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларға түсініктеме 13-15
  Барлығы:  

“ Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаратылыстануды оқытудың арнайы әдістемесі” пәнінен

ГЛОССАРИЙ

Қатер тобындағы бала (балалар) – ерте қолға алынбағандықтан әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен , дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала (балалар).

Дене кемістігі-ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кажет ететіндей созылмалы бұзылуы.

Психикалық кемістік-адамның психикасы дамуының және (немесе) жұмыс істеуінін уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоция-еркі жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуынын бұзылыстары, соның ішінде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтар.

Күрделі кемістік – дене және психикалық кемістігінің кез-келген ұштасуы.

Ауыр кемістік – мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру стандартарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі.

Ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық - дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыта окытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа) дейінгі балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалык түзеу арқылы қолдау.

Әлеуметтік бейімдеу - нысаналы әлеуметтік және медициналық -педагогикалық қолдау арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеруі мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.

Әлеуметтік жұмыс - жекеленген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.

Скрининг - "қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.

Арнаулы білім беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру.

Мұнда оқыту мүмкіндігі қоршаған орта туралы қарапайым білім алуымен, өзіне-зі қызмет ету дағдысын менгеру мен, қарапайым еңбек дағдысын және кәсіби даярлыкты менгерумен шектеледі.

Білім алу үшін арнайы оқыту, арнайы білім беру бағдарламасы мен оқыту эдістері, оқытудың жеке-дара техникалық күрапдары педагогикалық, медициналық, элеулеуметгік және т.б. қызмет көрсету.

Түзету - акыл ойы кем және дене дамуында кемістігі бар түлғаның ақауын түзету, емдеу, азайтуға мүмкін болса жоюға бағытталған педагогикалық шаралар немесе құралдар жүйесі. Түзету адамның компенсациялық бейімделу негізінде құрылады.

Компенсация (латын сөзі - орын толтыру) сақталған функциялар арқылы бұзылған қызметінің орнын толтыру негізінде ағза қызметін қайта құру үрдісі. Компенсация (толықтыру, теңестіру) арнайы әдістер мен түрлі техникалық құралдарды қолданатын мақсатқа бағытталады және арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайында тиімді болмақ. Компенсация процестері әлеуметтік еңбеке бейімделу жағдайын қамтамасыз ету үшін және қалыпты дамыған тұлғалар ортасына кемтар балаларды біріктіру үшін қажет.

Сауықтыру - өзара тығыз байланысты бірнеше формалары бар, медициналык, психологиялық, педагогикалық, әлеуметік-экономикалық, кәсіби еңбек және тұрмыс шараларының кешенді жүйесінен тұрады. Олардың біреуінсіз толық сауықтыру мүмкін емес. Медициналық тарғыдан алғанда мүгедектердің денсаулығын толық сауықтыру, белсенді өмірге араластыру. Психологиялық тұрғыдан қарағанда сауықтыру өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың тұлғалық психокоррекциясы.

Педагогикалық тұрғыдан сауықтыру - білім алуға қажетті білім, іскерлік, дағдылы менгеруге бағытталған тәрбие шаралары.

Әлеуметтік - экономикалық сауықтыру – мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды тұрғын үймен, пенсиямен, кемістікке тәуелді қажетті арнайы техиикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Кәсіби еңбекпен сауықтыру- кәсіби еңбектің дәйекті түрін анықтап, оған оқыту, жүмысты жеңілдететен арнайы техникалық құралдарды пайдалануға үйрету, жұмыс орнына бейімдеу

Тұрмыстық сауықтыру- мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үйінде және көшеде еркін жүру үшін арнайы протездермен қамтамасыз ету және ғимаратгар мен нақты баспалдақтарын тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғалар үшін бейімдеу.

Тахилалия («tachys»-тез, «lalio»- сөйлеу тілі) - сөйлеу жылдамдығының қалыптасқан тыс тездетуі. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді.Сөйлеу тілінің темпі жеделдеген кезде сөз шапшан, екпінді шығады да, сөйлеген кезде аграмматизмдер кездеседі.Сөйлеу тілінің фонетикасы, лексикасы және грамматикалық құрылымы сақталған болады.

Брадилалия(«bradys»-баяу, «lalio»-сөйлеу тілі»)- сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Ол орталық, органикалық немесе функйионалды деп бөлінеді. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созаңқы шығады.

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысуы салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу дислалия даму барысында пайда болады.

Дислалия- есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дыбысты алмастырып, шатастырып, бұзып айтумен көрінеді. Анатомиялық ақаулықтар болса органикалық, жоқ болса- функционалды деп аталады.

Ринолалия– сөйлеу мүшелерінің анатомиялық ақаулықтарының салдарынан дауыс әуезділігінің және тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Дауыс тембрінде мұрындық ренк пайда болады.

Дизартрия– сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Дизартрияда сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тіл дыбыстарының айтылуының және просодикасының бұзылуы байқалады. Дизартрия сал ауруына шалдыққанда балалар жиі байқалады. Бірақ, нейроинфекцияның немесе басқа да мидың зақымдалуының салдарынан дизартрия баланың дамуының кез-келген кезінде пайда болуы мүмкін.

Алалия – баланың ерте жасынан бас ми қабығындағы сөйлеу зоналарының органикалық зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдықан балада сөйлеу тіл құралдарының жүйесі мүлдем қалыптаспайды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық).

Афазия– бас миының зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Афазияға келтірілетін себептер: баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін ми қорабының жарақаттануы нейроинфециялар, бас мидың ісіктері.

Дислексия– оқу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.

Дисграфия – жазу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.

Дәрістік кешен

Наши рекомендации