Шора шамҒалиҰлы сарыбаев кім?
Шора Шамғалиұлы Сарыбаев кім?
Азақ тіл біліміне қосқан үлесі
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: «Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде–ақ көркем шығарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады», - деп жаза отырып, мынадай қорытындыға келеді: «Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, «кітаби» тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады». Тіл білімінің дамуына үдере үлес қосқан . Филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Сарыбаевтың еңбегінің зор екенін айта кеткен жөн.
20-жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының ғылым тілін ана тілінде қалыптастыру жөніндегі бастамалары ғалымдарымыздың айрықша назарын аударатындығы ілгеріде де айтылды.
Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды
ШОРА ШАМҒАЛИҰЛЫ САРЫБАЕВ КІМ?
Шора Шамғалиұлы Сарыбаев (2 наурыз 1925 жылы, Ташкентте туған) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академия-сының академигі. Филология ғылымдарының докторы, профессор.Қазақ КСРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1985). Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері.[1]
ҚазМУ-ды (1950), оның аспирантурасын (1953) бітірген. 1954 — 95 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі ин-ты қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімінің меңгерушісі (1954 — 60, 1967 — 95), ин-т директорыныңорынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы ин-ттың бас ғыл. қызметкері. Ғыл.-зерттеу еңбектерідиалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма, есімнама,алтаистика мәселелеріне арналған. 250-ден астам ғыл. мақалалар мен оқулықтары, монографиялары жарық көрген. Сарыбаев проф. С.Аманжоловтың тілдегі диалектілерді топтау теориясын әрі қарай дамытты,диалектология саласындағы терминдердің қалыптасуына атсалысты. “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялықсөздігін” (1966), “Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” (1969), “Жаңа атаулар сөздігін” (1992) құрастырушылардың бірі. “Қазақтың аймақтық лексикографиясы” (1976) монографиясы — түркітануғылымында аймақтық лексикография теориясына арналған алғашқы еңбек. Сарыбаев “Қазақ тіл білімініңбиблиографиялық көрсеткіші” атты 6 томдық (1-т. 1965; 2-т. 1971; 3-т. 1977; 4-т. 1982; 5-т. 1987; 6-т. 1994) еңбегі арқылы қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол “Түркітану әдебиетінің библиографиясын” (1989) бастырып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 канд., докт. дисс-ның библиогр. көрсеткішін құрастырды (2000). Ол 1965 ж. АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халықар. конгресс, конференцияларда баяндамаларжасаған.[2]
1954 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының диалектология бөлімінің меңгерушісі, 1956 жылы аға ғылыми қызметкер, 1959 жылы қайта бөлім меңгерушісі болды. 1974 жылы «Қазақтың аймақтық лексикография проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1974-1987 жылдары осы институттың директорының орынбасары. 1983 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. 1995 жылдан бастап институттың бас ғылыми қызметкері.
1965 АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған. 1975 жылы Германияда, 1994 жылы Түркияда өткен халықаралық конгресс, конференцияларда баяндамалар жасады.
Ғылыми-зерттеу еңбектерінің көпшілігі диалектология, морфология, тіл тарихы, лексика және алтаистика мәселелеріне арналған. «Қазақ тілі тарихы грамматикасы», «Қазақ диалектологиясының практикумы» атты оқу құралының авторы. Ш.Сарыбаев қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол 1989 жылы «Түркітану әдебиетінің библиографиясын» бастырып шығарды.
ӘДЕБИЕТТЕРІ:
1. Сарыбаев Ш.Ш. Еліктеуіш сөздер. Методикалық кеңес және бақылау-пысықтау жаттығулары. Педагогикалық институттардың филология факультеттеріне арналған /Ш.Ш.Сарыбаев. – Алматы, 1982. – 55 б.
2. Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тілі білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші /Ш.Ш.Сарыбаев; Қ.Ш.Сарыбаев. – Алматы: Ғалым, 1994. – 237 б. (қазақша, орысша).
3. Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші. 5-ші бөлім /жауапты редактор Кенесбаев /Қазақ ССР Тіл білімі институты /Ш.Ш.Сарыбаев. – Алматы: Ғылым, 1967. – 165 б.
4. Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тілі білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші /ҚазССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты /Ш.Ш.Сарыбаев. – Алматы: Ғылым
5. 2 бөлім. – 1971. – 240 б.
6. 3 бөлім. – 1977. – 170 б.
7. 4 бөлім. – 1982. – 164 б.
8. Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тілі білімінің библиографиялық көрсеткіші /Ш.Ш.Сарыбаев. –Алматы, 1956. – 88 б. (Қазақ КСР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институты)
9. Сарыбаев Ш.Ш. Көкшетау облысы Щучинск, Еңбекшілдер аудандарында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір лексикалық ерекшеліктер / Ш.Ш.Сарыбаев // Қазақ тілі мен диалектологиясының мәселелері. 3 шығуы. – Алматы, 1960. – 54-57 б.
10. Сарыбаев Ш.Ш Тіл мәдениеті және жергілікті тіл ерекшеліктері /Ш.Ш.Сарыбаев //Тіл мәдениеті және баспасөз. Баспасөз тілінің мәдениеті жөніндегі ғылыми-практикалық конференцияға арнап дайындалған материалдар тезистері. – Алматы, 1968. – 38-41 б.
11. Досқараев Ж., Сарыбаев Ш.Ш. Октябрь революциясынан бұрын басылып шыққан кейбір нұсқаулардың тілі жайында /Ж.Досқараев, Ш.Ш.Сарыбаев //Қазақ тілі мен диалектологиясының мәселелері. 3 шығуы. – Алматы, 1960. – 244-252 б.
12. Қалиев С.,Сарыбаев Ш.Ш Қазақ диалектологиясы: Педагогикалық институттар мен университеттердің филология факультеттері студенттеріне арналған. 3 басылым /С.Қалиев, Ш.Ш.Сарыбаев. – Алматы: Ана тілі, 1991. -200 б.
13. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар /құрастырғандар: Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев, И.Ұйықбаев т.б. – Алматы: Ғылым, 1965. – 68 б.
14. Сарыбаев Ш. Аймақтық сөздерді кәдеге жарата білсек /Ш.Ш.Сарыбаев //Егемен қазақстан. – 2004. – 12 маусым.
15. Сарыбаев Ш. Әйелдер туралы айту үшін әбден ойлану керек /Ш.Сарыбаев //Алматы ақшамы. – 2005. – 3 наурыз.
16. Ол туралы:
17. Сарыбаев Шора Шамғалиұлы (2.03.1925) //Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия. Т.3. – Алматы, 1988. – 461 б.
18. Сарыбаев Шора Шамғалиұлы //Қазақ тілі: Энциклопедия. – Алматы, 1998. – 337 б.
19. Сарыбаев Шора Шамғалиұлы //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.7. – Алматы, 2005. – 567 б.
20. Сарыбаев Шора Шамғалиұлы //Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.2. – Адматы: Қазақ энциклопедиясы, 2010. – 298 б.
21. Есқайыров М. Ірі ғалым, іскер басшы, ұлағатты ұстаз: [қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым Төлеген Тәжібаев туралы] / М. Есқайыров
// Мектептегі психология=Психология в школе. - 2010. - № 2. - 14-16 б.
22. Жұмағұлов Б. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер: [ғалым, ректор, министр Төлеген Тәжібаев туралы] / Б. Жұмағұлов // Егемен Қазақстан. - 2010. - 9 маусым.Қазақ тіл білімі мәселелері, А., 2000;
ЫЛЫМИ АТАҚТАРЫ
1977 жылы Филология ғылымдарының докторы құрметті ғылыми атағы;
1979 жылы профессор құрметті ғылыми атағы;
2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТТАРЫ
· Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы;
· 1985 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы берілді;
· 1985 жылы КСРОның «Еңбек ардагері» құрметті медалі;
· 2001 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталды.
· 2005 жылы «Ұлы Отан соғысына 60 жыл» медалі;
· 2005 жылы «Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері» құрметті атағы;
· 2007 жылы жоғарғы президент жарлығы бойынша мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапаттады.
· Көптеген медалдармен марапатталған.