Taқыpыбы: МЕН ¥ҚЫПТЫ БАЛАМЫН

Мақсаты:«Ұқыптылық» ұғымының адамгершілік күндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

- ұқыптылық, жағымды әдеттер туралы түсініктерін кеңейту;

- өз-өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту;

- ұқыптылықка, жағымды әдеттерге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Ұқыпты бала - үлгілі бала. Мақал

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шенбері Педагог балаларды шеңберге жинайды. Таза бала мұнтаздай Сүйсінеді караған. Ұқыпты деп бұл қандай Жақсы көрер бар адам. Ұқыпты осындай Болайықшы, досым-ай. Педагог алдын ала ата-аналарды сабактың тақырыбымен таныстырып, ата-аналар өздерінің қалауы бойынша жазбаша немесе суретке түсіріп балалардың тазалығы, ұқыптылығы және жақсы әдеттері туралы материалдар дайындауға тапсырма береді. Сонымен катар педагогтің өзі топтағы балалардың ұқыптылығы мен жағымды әдеттері туралы фотосуреттерін дайындайды.   Амансындар ма, балалар! Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Кане, бәріміз шеңберге тұрайық». Педагог балалармен бірге төмендегі А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» атты өлең жолдарын қайталайды:  
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әнгімелесу Педагог балаларға ұқыптылықка байланысты өздері түскен суреттерді көрсетіп, мазмұны бойынша әңгімелеседі. Олар ұқыпты жиналған киімдер, баланың төсегін, ойыншығын, кітаптарын жинап жатқан сәттері, дастархан басында ұқыптылық ережелерін сактап отырған суреттер болуы мүмкін. Педагог ата-аналардың балаларының ұқыптылығы, тазалығы туралы пікірлерін оқып береді. - Балалар, қандай әдеттерімен балалар сүйкімді көрінеді екен? Неліктен? Бсиалардың жауаптары Ұқыптылық бұл адамның күнделікті орындайтын жағымды әрекеттері, жақсы әдеттері. Адам бойында жаман және жақсы әдеттер болады екен. Сол жақсы әдеттерді атайықшы. Балалардың жауаптары. - Ойыншық жинау, гүлге су кұю, ыдыс жуу, аналарына көмектесу... - Қол жуу, тіс тазалау, киімді жинап, таза ұстау... - Жаман әдеттерге нелер жатады? Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытынды жасайды. - Ойыншықтарды, кітаптарды, қағаздарды шашып, жинамау... - Киімдерді. заттарды өз орнына қоймау... - Тазалық ережелерін орындамау т.с.с. Таза, ұқыпты балалар қандай сүйкімді, жақсы болып көрінеді! Өйткені олардың әдеттері де жақсы. Ұқыпты бала қай кезде болса да таза, жинақы болып жүреді. Ол үнемі отбасы мүшелеріне көмекке келіп, оларға қамқорлық көрсетіп, қолғанат болады. Киімдерін ретке келтіреді, төсегін жинайды. Дастархан басында да асты төкпей-шашпай ішеді. Қасықты дұрыс ұстай біледі. Әрқашан таза әрі әдемі, ұқыпты болып жүреді. Ал ұқыпсыз балалар өз достарынын осындай жақсы істерін әдетке айналдырып, үлгі алу керек.   Әңгімелеу Педагог балаларды ұқыптылыққа, жағымды әдеттерге тәрбиелеу мақсатында төмендегі өлеңді оқып беріп, талдайды. Азамат өсіп келеді Е.Ашықба Ерінбей сурет салады, Жасайды қағаз кемені, Таудан да биік талабы Азамат өсіп келеді. Көрсетіп көмек кішіге, Үлкенге сәлем береді. Ұқыпты барлық ісіне Азамат өсіп келеді. Шығармашылық жұмыс Балалар түскен суреттерін үлкен ак қағазға жапсырып, «Ұқыпты бала - үлгілі бала» тақырыбында ғазет шығарады. Ғажайып сөздер • Таза болу. • Ұқыптылық-тазалық. • Ұқыпты, үлгілі болу.   Әнгімелеу Педагог далаларға ұқыптылық, жағымды әдеттер туралы тусініктерін кеңейту мақсатында «Ұқыпты қыз»әңгімесіп оқып, тағдайды. Ұқыпты қыз Анар деген кішкентай қыз өте ұқыпты болыпты. Ол даладан ойнап үйге кірген бетте, қолын сабынмен жуып, киімдерін ауыстырады екен. Бірде анасы үйді ретке келтірейін деп Анардың бөлмесіне кірсе, ол киімдерін бүктеп, кітаптарын ретке келтіріп, сөрелерге өзі әдемілеп жинап қойыпты. Ойыншықтары да өз орнында. Анасы қызының есейгенін байқап, ұқыптылығына риза болады. • Анарды қандай қыз деп айтуымызға болады? • Анасы Анарға неліктен риза болды? Балалардың жауаптары Сергіту сәті Біз ұқыпты баламыз, Айтқан тілді аламыз. Кірлесе егер киміміз, Өзіміз жуып аламыз. Едендегі шаңдарды Шаңсорғышпен сорамыз. Біздін қолда он саусак, Барлық іске жарамды. Дәйексөз Педагог «Ұқыпты бала - үлгілі бала»деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. - Ұқыпты бала үнемі таза жүреді, ойнаған ойыншықтарын жинастырып қояды, бөлмесін таза ұстайды. Ұқыпты балаларды баска балаларға үлгі түтады. Сондықтан ұқыпты баланы үлкендер үлгілі бала деп аОйын. «Жақсы мен жаман» Балалар шеңберге тұрады, педагог «жақсы» немесе «жаман» деген сөздерді кезек-кезек қолдану арқылы балаларға ретімен допты лақтырады. Допты алған бала жақсы немесе жаман әдеттерді атап, допты педагогке қайта лақтырады. Мысалы: • Жаман - ойыншықты жинамау. • Жақсы - ойыншықты жинау. тайды.
Қорытынды. Түзету жұмыстары. Балалар, біз бүгін «ұқыптылық» деген сөздің мағынасын түсіндік. Ұқыпты болу деген тазалықты сүю, жинақы жүру, өз бөлмеңді ретке келтіру екенін білдік, ұқыпты болсак үлгілі бала атанады екенбіз. Таза бала мұнтаздай Сүйсінеді караған. Ұқыпты деп бұл қандай Жақсы көрер бар адам. Ұқыпты осындай Болайықшы, досым-ай.   Жүректен жүрекке Балалар педагогпен бірге шаттық шеңберінде берілген А.Меңжанованың «Болаықшы осындай»өлеңін ұқыптылық туралы түсініктерін қорытындылау мақсатында қайталайды.  

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:Ұқыптылық» ұғымының адамгершілік күндылық ретіндегі мәнін

Tүciнiгi:Ұқыптылық, жағымды әдеттер туралы түсініктерін

Kөpceтe бiлyi: жағымды әдеттер көрсете біледі.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.

Наши рекомендации