Мәжелік бақылау бағдарламасы № 2

1. Наркозға арналған қандай дәрілік зат NMDA-рецепторларының антогонисттері болады?

2. Этил спирті жылу реттеуге қандай әсері бар?

3. Жедел миокард инфаркты кезінде қандай наркотикалық анальгетик қарсы көрсеткіш?

4. Қандай наркотикалық емес анальгетик пиразолон туындысына жатады?

5. Бензодиазепин қатарындағы ұйықтатқыш заттардың әсерімен хлорлы каналдармен не болады?

6. Парциальді тырысуларды қандай дәрілік зат қолданылады?

7. Қандай паркинсонға қарсы дәрілік зат дофаминнің алғызат болып табылады?

8. Глюкокортикоидтардың қабынуға қарсы әсері немен байланысты?

9. Иммуногенезді қандай дәрілік зат басады?

10. Баяу типті гиперсезімталдық реакциясына қандай дәрілік заттар тобы қолданылады?

11. Қандай наркозға арналған дәрілік зат ми ұлпасымен оттегі пайдалануын төмендетеді?

12. Қандай фактор этил спиртінің асқазан сөлінің бөлінуі мен белсенділігін анықтайды?

13. Қандай препарат наркотикалық анальгетиктердің антагонисті болып табылады?

14. Қандай наркотикалық емес анальгетик парааминофенол туындысына жатады?

15. Барбитур қышқылының туындылары әсерінен хлорлы каналдармен не болады?

16. Эпилепсиялық статусты басу үшін қолданылатын дәрілік зат?

17. Қандай паркинсонға қарсы дәрілік зат дофаминдік рецепторларды белсендіреді?

18. Преднизолонның қабынуға қарсы әсер ету механизмі немен байланысты?

19. Не циклоспорин А-ға нысана болып табылады?

20. Баяу типті реакцияда глюкокортикоидтардың аллергияға қарсы әсері немен байланысты?

21. Наркозға арналған қандай дәрілік зат газтәрізді заттарға жатады?

22. Алкоголизмді емдеу үшін қандай препарат қолданылады?

23. Морфин гидрохлоридін қабылдағанда диурездің төмендеуі немен байланысты?

24. Қандай ауруларда фенацетин қарсы көрсеткіш?

25. Қандай ұйықтатқыш дәрілік зат барбитур қышқылының туындысы болып табылады?

26. Қандай эпилепсияға қарсы дәрілік зат ГАМҚ-ергиялық жүйені белсендіреді?

27. Қандай паркинсонға қарсы дәрілік зат моноаминооксидаза В-ны тежейді?

28. Глюкокортикоидтарды қолданғанда қандай жағымсыз әсерлер пайда болады?

29. Қандай патологияда циклоспорин А эффективті?

30. Жедел типті аллергиялық реакцияларды емдеуде қандай препарат қолданыады?

31. Қандай наркозға арналған дәрілік зат ингаляциялық болып табылады?

32. Этил спирті мен тетурамды бірге қолданғанда қандай эффект пайда болады?

33. Қандай наркотикалық анальгетик каппа- және дельта-рецепторлардың агонисті және мю-рецепторының антагонисті болып табылады?

34. Қандай наркотикалық емес анальгетик ұзақ қолданғанда метгемоглобинемяны шақыруы мүмкін?

35. Қандай ұйықтатқыш заттар алифаттық қатардың туындысы болып табылады?

36. Қандай эпилепсияға қарсы дәрілік затты қолданғанда науқастардың көңіл-күйі мен әлеуметтік бейімделуінің жақсарына алып келеді?

37. Қандай паркинсонға қарсы дәрілік зат глутаматергиялық әсерді тежейді?

38. Глюкокортикоидтармен емдеуді тоқтатқанда «айыру» синдромы немен байланысты?

39. Азатиоприннің әсер ету меанизмі қандай?

40. Қандай препарат Н1-гистаминоблокатор болып табылады?

41. Қандай наркозға арналған дәрілік зат ингаляциялық мес баолып табылады?

42. Тетурамды қолданғанда қандай зат организмде жиналып қалады?

43. Фентанилдің әсерінің тез аяқталуының себебі қандай?

44. Парацетамолмен уланғанда қандай препарат қолданған дұрыс?

45. Қандай ұйықтатқыш дәрілік зат бензодиазепин рецепторларының агонисті болып табылады?

46. Қандай эпилепсияға қарсы дәрілік зат Т-типті кальций каналдарының тежегіші болып табылады?

47. Қандай паркинсонға қарсы дәрілік заттар холинергиялық әсерді тежейді?

48. Стероидтық емес қабынуға қарсы заттардың қабынуға қарсы әсер ету механизмі немен байланысты?

49. Цитостатиктерге қандай жағымсыз әсер тән?

50. Қандай гистаминге қарсы дәрілік заттың ұйықтатқыш әсері жоғары?

51. Қандай наркозға арналған дәрілік заттар айқын брадикардияны шақырады?

52. Этил спиртіне резорбтивті әсер кезінде не тән?

53. Қандай наркотикалық анальгетик қысқа уақыттық әсерге ие?

54. Парацетамолға қандай кемшілік тән?

55. Бензодиазепиннің қандай туындысына «берілу» феномені тән?

56. Эпилепсияның кіші ұстамаларында қандай препарат қолданылады?

57. Қандай паркинсонға қарсы дәрілік заттар D2-рецепторларының агонисті болып табылады?

58. Индометацинге не тән?

59. Иммуносупрессиялық заттарды қолдануға көрсеткіштер қандай?

60. Қандай гистаминге қарсы дәрілік заттар айқын М-холиноблокаторлық белсенділікке ие?

61. Қандай наркозға арналған дәрілік зат миокардтың адреналинге сенсибилизациясын шақытады?

62. Этил спиртіне резорбтивті әсер кезінде не тән?

63. Қандай наркотикалық анальгетиктің спазмолитикалық әсері бар?

64. Парацетамолмен уланғанда қандай препарат қолданған дұрыс?

65. Барбитур қышқылының туындылары әсерінен микросомальді ферменттермен не болады?

66. Миоклонус-эпилепсия кезінде қандай препараттар қолданады?

67. Қандай паркинсонға қарсы дәрілік зат ауыз қусының шырышты қабатының құрғауын, тахикардия және аккомодация бұзылысын шақырады?

68. Пироксикамға не тән?

69. Қандай иммуностимуляциялайтын препарат пептидті құрылымға ие?

70. Қандай гистаминге қарсы дәрілік зат альфа-адреноблокаторлық және М-холиноблокаторылық белсенділікке ие?

71. Қандай наркозды затқа қозудың ұзақ сатысы тән (10-20 минут)?

72. Этил спиртіне жергіліктіқолданғанда не тән?

73. Қандай наркотикалық анальгетик опийдің жаңагаленді прапарат болып табылады?

74. Орталық әсерлі наркотикалық емес анальгетиктердің перифериялық әәәсерлі анальгетиктерден айырмашылығы?

75. Бензодиазепиндердің қандай туындысының әсері орташа ұзақтыққа ие?

76. Қандай эпилепсияға қарсы препарат ағзада кумуляцияланады?

77. Қандай паркинсонға қарсы зат спазмолитикалық әсерге ие?

78. ЦОГ-ның таңдамалы емес ингибиторы – СЕҚҚЗ – ға қандай жағымсыз әсер тән?

79. Т-активинге қандай эффект тән?

80. Анафилактикалық шок кезінде қандай препарат қолданылады?

81. Қандай наркозға арналған дәрілік зат май ұлпасында деполанады?

82. Тетурамға не тән?

83. Жылу реттелуге морфин гидрохлориді қалай әсер етеді?

84. Қандай орталық әсерлі опиоидты емес дәрілік зат анальгетикалық белсенділікке ие?

85. Бензодиазепиннің қандай туындысы ұзақ кейінгі әсерге ие?

86. Қандай эпилепсияға қарсы дәрілік затты қолданғанда гиперпластикалық гингивит дамуы мүмкін?

87. Альцгеймер ауруында қандайпаркинсонға қарсы дәрілік зат қолданылады?

88. Стероидты қабынуға қарсы дәрілік заттарды ұзақ қабылдағанда қандай асқыну болуы мүмкін?

89. Интерферондарды қолдануға көрсеткіш?

90. Н1-гистаминдік рецепторларын қолданғанда қандай жағымсыз әсерлер болуы мүмкін?

91. Қандай наркозға қарсы дәрілік зат жалпы жансыздандыруды шақырып жартылай есін жоғалтады?

92. Этил спиртіне не тән?

93. Морфин гидрофлоридімен уланғанда өлімге алып келеті себеп қандай?

94. Қандай эпилепсияға қарсы дәрілік зат анальгетикалық белсенділікке ие?

95. Қандай препарат бензодиазепин қатарындағы ұйықтатқыш заттардың антагонисті болып табылады?

96. Қандай эпилепсияға қарсы дәрілік затты қолданғанда гемералопия дамиды?

97. Мидантан қандай рецепторлық құрылымдарды тежейді?

98. Стероидты емес қабынуға қарсы заттардың көбіне қандай эффекттер тән?

99. Левамизолға қандай эффект тән?

100. Н1-гистаминдік рецепторларының блокаторларын қолдануға көрсеткіш?

Теоретические вопросы

1. Наркозға арналған дәрілік заттардың жіктемесі.

2. Барбитураттармен жедел уланғанда көрсетілетін көмек шаралары.

3. Ұйықтатқыш заттардың жіктемесі.

4. Тактивиннің әсер ету механизмі.

5. Анальгетиктердің жіктемесі.

6. Дипразиннің фармакологиялық эффектісі.

7. Наркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:

· әсер ету механизмі бойынша,

· химиялық құрылымы бойынша,

· пайда болуы бойынша.

8. Феназепамның ұйықтатқыш әсерінің механизмі.

9. Эпилепсияның белгілі бір түрлерінде қолданылуына байланысты эпилепсияға қарсы дәрілік заттардың жіктелуі.

10. Преднизолонның қабынуқа қарсы әсерінің механизмі.

11. Әсер ету механизмі бойынша эпилепсияға қарсы дәрілік заттардың жіктелуі.

12. Морфин гидрохлоридінің перифериялық әсері.

13. Әсер ету мехнизмі бойынша паркинсонға қарсы дәрілік заттардың жіктелуі.

14. Парацетамолдың анальгетикалық және дене қызуын басушы әсерінің механизмі.

15. Қабынуға қарсы заттардың жіктелуі.

16. Натрий вальпроатының әсер ету механизмі.

17. Стероидтық емес қабынуға қарсы заттардың жіктелуі:

· әсер ету механизмі бойынша,

· химиялық құрылымы бойынша,

18. Морфин гидрохлоридінің орталық әсері

19. Аллергияға қарсы дәрілік заттардың жіктелуі.

20. Фенобарбиталдың ұйықтатқыш әсерінің механизмі.

3. Жағдайлық есептер:

1. ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП: БІРІКТІРУ:

Препараттар: Әсер ету механизмі:

1. Селегилин А. МАО-В-ні тежейді

2. Леводопа B. Орталық холинергиялық рецепторларды тежейді

3. Циклодол С. ОЖЖ-де алғызаты болып дофамин синтезін жоғарылатады

2. ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП: БІРІКТІРУ:

Препараттар: Қолдануға көрсеткіштер:

1. Карбамазепин А. Нейролептанальгезия

2. Азота закись B. Үшкіл жүйкесінің невралгиясындағы ауырсыну

3. Фентанил C. Жедел миокард инфаркты кезіндегі ауырсыну

3. ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП: БІРІКТІРУ:

Препараттар: Жағымсыз әсері:

1. Фенобарбитал А. Қызыл иектің гиперплазиясы (гингивит)

2. Дифенин B. Дәрілік тәуелділік

3. Карбамезепин C. Тромбоцитопения

4. ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП: БІРІКТІРУ:

Препараттар: Жағымсыз әсерлері:

1. Триметин A. Атаксия, диплопия

2. Ламотриджин B. Бас айналу

3. Этосуксимид C. Гемералопия

5. ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП:

Препаратты анақтаңыз: циклопиррол тобына жатады, бензодиазепин рецепторларын белсендіре отырып, медиаторға ГАМҚА-рецепторының сезімталдығын жоғарылатады, ұйқының құрылымын өзгертпейді, кейінгі әсер өте сирек кездеседі, оянғаннан кейін жиі ауызда ащы және металл дәмі шығып тұрады.

6. ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП: БІРІКТІРУ:

Препараттар: Әсер ету механизмі:

1. Мидантан A. Дофаминді рецепторларды тежейді

2. Бромокриптин B. D2- и D3-дофаминді рецепторларды белсендіреді

3. Ропинирол C. NMDA-рецепторларды тежейді

7. ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП: БІРІКТІРУ:

Препараттар: Жанама әсерлері:

1. Азатиоприн A. Нефротоксикалық

2. Преднизолон B. Миелоидты қан жасауды тежеу

3. Циклоспорин C. Иценко-Кушинг синдромы

8. ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП:

Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік затты анықтау: NMDA-рецепторларының антогонисті, айқын ауырсыну басушы әсері бар, «диссоциациялық анестезия» шақырады, 5-10 минут әсер етеді, Галлюцинация шақыруы мүмкін.

9. ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП: БІРІКТІРУ:

Препараттар: Әсер ету механизмі:

1. Левамизол A. Макрофагтар мен Т-лимфоциттердің белсінділігін жоғарылатады

2. Диазолин B. Лейкотриенді рецепторды тежейді

3. Зафирлукаст C. Гистаминді Н1-рецепторларды тежейді

10. ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП: БІРІКТІРУ:

Препараттар: Қолдануға көрсеткіштер:

1. Амитриптилин A. Қызбамен байланысты бас ауыру

2. Парацетамол B. Нейропатиялық (постгерпестік) және фантомды ауырсынулар

3. Целекоксиб C. Тірек-қимыл аппаратының қабыну ауруымен байланысты ауырсыну

Наши рекомендации