Ылым ретінде биологияны оқыту әдістемесі

Баяндама

Тақырыбы: «Ғылым ретінде биологияны оқыту әдістемесі»

Орындаған: Алмасбескова А.

Тексерген: Көшкімбаев Қ.С.

Алматы, 2016 ж.

ылым ретінде биологияны оқыту әдістемесі

Биологияны оқыту әдістемесі оқыту процессінің мазмұны мен оқушылардың биологиялық материалдарды меңгерудің заңдылықтарын зерттейді. Әдістеме жалпылай оқыту және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерінен тұрып, барлық оқушылар оқитын пәндерге негізделген биологияны оқытудың ерекшеліктеріне негізделген, сондай-ақ биологияны оқыту барысындағы оқытудың теориясы және тәрбиелеу қарастырылған.

Биологияны оқыту әдістемесі – мектептегі пәнге негізделген оқыту және тәрбиелеу жүйелерінің ғылыми процессі.

Ғылым – пән және құбылыстардағы алынатын жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу сферасы. Ал оның басты мақсаты – оны толықтай және тереңірек тану. Басты қызметі болса – зерттеу. Биологияны зерттеу әдістемесінің пәні болып, оқытудың теориясы және практикасы, осы пәнді оқып танушылардың теориясы және практикасы, оларды тәрбиелеу және дамытуға негізделген.

Әдістеменің ғылым ретінде алдына қойылған мақсаттарының бірі биологияны оқытудың заңдылықтарын анықтау, оны анықтай отырып ары қарай оны жетілдіру, ал оқушыларды ортаның биологияны жетік меңгерген мүшелері ету.

Дидактиканың негіздеріне сүйене отырып, әдістеме оқытуды дамытудың басты мақсаттарын шешеді.

Дидактикаға қарағанда биологияны оқыту әдістемесі өзіне тән биологиялық ғылыммен және оқушы пәнмен анықталатын ерекшелікке ие. Әдістеме рациональді әдістерді жасап шығарады.

Биологияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдар секілді процестердің және құбылыстардың объективті заңдылықтарын анықтайды, оны ары қарай зерттеп таниды. Олардың жалпы заңдылықтарын анықтай отырып, болып жатқан жағдайлар жайлы алдын ала болжамдап отырып, алдыға қарай жылжуға жол ашады.

Биологияны оқыту әдістемесі оқытудың мақсаттарын, «Биология» пәнінің құрылымын және оны таңдау принциптерін анықтайды.

Оқытудың мақсаты құрылымымен, процеспен және оқытудағы нәтижелермен қатар барлық педагогиялық жүйенің басты элементі болып табылады. Оқыту әлеуметтік және жеке тұлға ретіндегі мақсаттарды ескереді. Әлеуметтік мақсаттарға дамып келе жатқан қоғамның қажеттіліктеріне негізделген болса, жеке тұлғалық мақсаттар жеке тұлғалық ерекшеліктерді, қызығушылықтарды, оқытудағы қажеттіліктерді ескеріп отырады.

Әдістемешілердің ойынша, заманауи мектептің биологияны оқытудың бағытталған компоненттерін түзу құндылықтардың жүйесіне байланысты, ал олар анықталады:

- Білімділік деңгейі, яғни, биологиялық білімді меңгеру, оны оқушылардың активті және толықтай оқу, еңбек және қоғамдық іс-әрекеттерге араластыра білу.

- Тәрбиелілік деңгейі, қоршаған ортаға, табиғатқа,қоғамға, тұлғаға деген қарым-қатынастары.

- Оқушының даму деңгейі, оның өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктері, оның қабілеттерін анықтау, оқытудағы мамандануыну бағытын анықтау, сондай-ақ физикалық және білімділік қасиеттерін ары қарай дамыту.

Биологияны оқыту әдістемесі сондай-ақ биологияны оқытудағы басты мақсаттардың бірі болып,оқушыларда табиғаттың біртұтастылығына, адам мен табиғаттың байланысына негізделе отырып ғылыми танымдылықты арттыру.

Мақсаттың бағдарлаушыларды білу оқытушыға биология оқыту процессін басқаруға мүмкіншілік береді.

Ғылым ретінде биологияны оқыту әдістемесінің басты мақсаттарының бірі ретінде ерекшелеп келесілерді айтсақ болады:

1) Биология пәнінің оқушыларды тәрбиелеудегі және оқытудағы алатын орнын анықтау;

2) Мектептік бағдарламаларды құрастыру және оларды ары қарай мектептерде практика жүзінде тексеру.

3) Оқу материалдарының құрылымын зерттеу, оқушының жас ерекшеліктеріне және түрлі сыныптардағы программаларға байланысты оны оқыта білу.

4) Әдістемелерді жасап шығару биология ғылымының спецификалық жағын ескере отырып оқушыларды топтастыра білудің әдістемелерін жасау.

5) Оқыту процессінің барысында жабдықталуын тексеру: сыныптың безендірілуі, табиғат бұрышы, тәжірибе жасайтын бұрыш, тірі табиғат объектілерінің болуы,еңбек құрал-жабдықтарының болуы.

Зерттеу объектісі және пәні – барлық ғылымдағы басты ұғымдардың бірі. Олар философиялық категорияларды ұсынады. Объект шынайылықты тудырады.

Ғылыми танымдық пәні тәжірибеде бекітілген болады және практикалық іс-әрекетке қатыстырылған болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу объектісі болып – осы пәнмен байланысты оқыту-тәрбиелілік процестер жатады. Ал әдістеменің зерттеу пәні болып танымдық процестің мақсаты мен міндеттері, әдістемесі, оқыту формалары, сондай-ақ оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту жатады.

Ғылымды дамытудағы, оның практикалық жағдайында және оның жеткен жетістіктерін бағалауда ғылыми зерттеу әдістемелерінің алатын рөлі зор. Биологияны оқытудағы алдыңғы қатардағы әдістемелер келесідей: бақылау, педагогикалық тәжірибе, модельдеу, болжамдау, тестілеу, педагогикалық жетістіктердің қатыстық және сандық сараптамалары. Айтылған әдістемелер тәжірибеге негізделген. Дегенімен де эмпирикалық танымдылық толықтай білімді бере алады деген сөз емес. Пәннің ішкі құрылымын және ішкі байланыстарын анықтаудағы теориялық әдістері систематиказациялауға, интеграциялауға, дифференсациялауға көмектеседі.

Қазіргі таңда биологияны оқыту әдістемесінің ғылыми жүгінде бірқатар маңызды терияларға ие болып келеді, олар: «биологиялық түсінікті дамыту», «биология курсында экологиялық танымдылықты арттыру», «биологияны оқытудың әдістемелерін арттыру», «биологияны оқытудағы материалдық негіздің жүйесі», «биологияны ашық информациялық қоғамда оқыту жүйесі» және т.б. Осылардың барлығы биологияны оқытудағы құндытеориялық негіз болады және олардың барлығы студенттерді мектептегі жұмысқа әдістемелік дайындық жасауға септігін тигізеді.

Биологияны оқыту әдістемесі ғылыми құрылымдылыққа негізделген. Ол жалпы және жеке, немесе арнайы оқыту әдістемесіне негізделеді: табиғат тану курс бойынша, «Өсімдік. Бактерия. Саңырауқұлақтар және лишайниктер», «Жануарлар» курсы бойынша, «Адам», «Жалпы биология» курстары бойынша.

Биологияны оқытудағы жалпы әдістеме барлық мектептегі биологиялық курстардың басты сұрақтарын қарастырады: биологиялық оқыту концепциялары, мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістемелері, формалары, реализациялау модельдері, құрылымдары, тарихы және биологияның әлемде және мемлекетіміздегі оқытылуы; қоршаған ортаны танымдылық, оқыту барысында экокультуралық тәрбиелеу; оқыту жұмыстарының формалары арасындағы қарым-қатынас.

Жеке әдістемелер әрбір курс үшін арнайы сұрақтарды зерттейді, ол оқу материялына және оқушының жасына негізделген болады. Онда сабақтардың әдістемелері, экскурсиялар, сабақтан тыс жұмыстар, сабақтан тыс сабақтар және т.б. сынды арнайы биология курсы бойынша оқыту әдістемелерінің жүйесі кірістірілген.

Жалпы биологияны оқыту әдістемесі жекелей оқыту әдістемесімен тығыз байланысты. Оның териялық қорытындылары жеке әдістемелік зерттеулерге негізделген болады.

Наши рекомендации