Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі.
Педшеберлік
Лекциялық кешен (лекция тезисі, иллюстративтік және таратылым материалдар; қолданылған әдебиеттердің тізімі)
1. Дәрісбаян (3 сағат)Педагогикалық біліктілік және тәрбиедегі оның мәні
1) Педагогикалық біліктілік және оның әлеуметтік мәні.
2) Педагогикалық шеберлік компоненттері: ізгілік (гуманнистік) бағыттылық; кәсіптік білім; педагогикалық қабілеттер; педагогикалық техника.
3) Кәсіптік білім-біліктіліктің фундаменті (негізгі ірге тасы). Педагогтың кәсіптік білімнің ерекшеліктері.
Дәрісбаян мазмұны
Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мектепке дейінгі тәрбие мамандарына, олардың іс-тәжірибесінің қалыптасып, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына байланысты болсақ. Мектепте баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын істердің үлгісі, бала қиялы самғайып, арманын көкке ұмсындырушы басты тұлға - ұстаз-тәрбиеші.
Бала тәрбиесінде ұстаз-тәрбиеші жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік-шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе, осы кәсіби біліктілік дағдыларын шыңдау олардың тәжірибе жинақтауының ең басты негізі болып табылады.
Педагогтің кәсіби біліктілігі өз кезегінде оның жеке педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған әрбір маманның жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, тағлым-түсінігі, тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі т.б. жатады. Олар жаңалықтың жаршысы ретінде оқытудың тәсілдерін, оның озық тәжірибелерін сараптап, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болуы талап етіледі. Тәрбиеші, әдіскер, меңгерушілердің рухани-адамгершілік қасиеттері, психологиясы, кәсіби даярлығы, қарым-қатынас мәдениеті қай кезеңде болсын білім саласының алғы шарты ретінде бағаланады. Осыған сәйкес мамандардың қайта даярлау, біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін көкейкесті мәселе. Ол үшін педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда олардың кәсіби даярлығын, шеберлігін, педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету көзделеді. Мамандардың кәсіби қалыптасуы, бағыт-бағдар алуы, мектеп өміріне бейімденуі мен машықтануы және педагогикалық интелект, қызметтің жеке өзіндік стилі, кәсіби шеберлігінің шыңдалуы мен еңбекке шығармашылық қабілеттері, ынта-ықыластарының арта түсуіне байланысты болмақ.
«Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру моделі»мұнда біліктілікті арттырудың нақты мақсатары, мазмұны, әдіс-тәсілдері мен құрамдары, әртүрлі формалары ұсынылады. Аталған моделді басшылыққа ала отырып.
Мамандардың біліктілігін арттыру моделі.
Азақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында» атты Қазақстан халқына жолдауыда.
Еліміздің өмірінің түбегейлі өзгерісіне назар аудара отырып, біздің мақтан тұтарлық істеріміз жеткілікті – деп атап көрсетті. Қазақстанның экономикалық даму жағдайының өркендеуін, саяси өмірімізді ырықтандыруда халықаралық құрметті әріптестікке, халықаралық ланкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналып отырғанын айғақтады.
Әсіресе ерекше айта көтеретін мәселе: XXI ғ. деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлауға ден қойып кадрлар қорын жақсартуымыз қажет деп атап өтті. Әлемдік стандарттар деңгейінде білім беруді, жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемге танылуы тиіс деп тапты. Студенттердің бюджеттен қаржыландырудың бірыңғай жүйесін құрып оны 50 пайызға арттыруды ұсынды. Оқытушылардың жағдайы даназардан тыс қалмады. Рухани даму мен конфессиялар аралық келісімде қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет деп шешті. Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңінде саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасын ұсынып оны жүзеге асыруда бірлесе отырып, еркін экономика мен ерікті ұлт жасақтау жолында алға жылжығандығымызда атап өтті. Сондай-ақ шағын орта бизнес туралы, аграрлық мәселелер, ана, бала, аға ұрпақтың әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған бағдарламаны қолға алуды тапсырды.
Қолданылып жүрген Конституциямыздың әлеуетінодан әрі пайдалану мүмкіндіктерін жан-жақты айта келіп: атқарушы билік реформасы, биліктің заң шығарушы тармағының саяси беделін күшейту туралы, сот жүйесі мен азаматтарды құқықтық қорғау реформасына тоқталып, азаматтық қоғам институттарын дамыту туралы, сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияларға қосылатынын бүгінгі күннің өзекжарды мәселелерін шешудің тиімді жолдары деп білеміз.
Қазақстанның қазіргі әлемдегі сыртқы саясаттағы басымдылықтары бүгінде бізді алаңдатып отырған жағдайлар саралап болашақ ұрпағымыз үшін өміріміздегі тең құқылы халықтар жүруге тиісті жаңа жолды нұсқады.
Аталған жолдаудың маңыздылығы егеменді еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолындағы нақты бағыт-бағдарлардың айқындылығымен және қадау-қадау, арналы мәселелердің түйін шешу көзделуінде. Бұл болашақ ұстаздарға жол көрсетер бағдаршыболары сөзсіз.
Стаз!
Қандай қасиетті сөз едің. Сенің аяңа бәрі де сыйып жатыр. «Анаңды Меккеге жаяу арқалап апарсаң да балалық боршыңды өтей алмайсың » дегендей, сенің бүкіл адамзат бас иіп құрмет көрсетсе де,алақанға салып, төбесіне көтерсе де,өтсе де ұстаз алдындағы шәкірт бәрібір орталанбас еді.
Ұстаз дегенде, «Алтын ұя» атты мектептің есігін айқара ашып,құшақ жая қарсы алып, ең алғаш мектеп табалдырығын аттатқан және қолыма алғаш қаламсапты ұстатып, «А» деген әріпті жазған кезім ойыма оралады. Сауатымды ашып,білім нәрімен сусындатқан қадірлі де құрметті ұстазыңды, оралмас уақытыңды қалайша ұмытасың. Ата-анадан кейінгі екінші ақылшың бар мейірімін, бар күш-жігерін төккен және болашаққа бағыт-бағдар сілтейтін,өмір сүрудің мақсатын, келешекте кім болуды үйрететін, білім, ғылым үйретуде өзінің арман мақсатынан гөрі шәкіртінің ойын, мақсатын, көзқарасын жоғары қоя отырып, жамандығыңды жасыратын, жақсылығыңды асыратын кім? Әрине, ол - ұстаз.
Әрбір ұстаздың міндеті өзінің шәкіртін болашақ оқыған, білімді, білікті, өзін-өзі алып жүре алатын, өзіне сенімді,болашаққа сеніммен қарайтын және алған білімдерін өз өміріне жарата алар, өзіндік «мені » бар, көкірегі ояу жүрегі мейірімге толы жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Кіндік қаны тамған туған жерін, Отанын сүюге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.
Ұстаздарға арнадым бұл жыр - әнді,
Ұстаз – ана адамзаттың бағбаны.
Стаз
Ұстаз – ғұмыр, мәңгілікке ұштасқан
Ұстаз – арман, тәлімменен астазқан
Ұстаз– дана, өнегесі жыр дастан
Ұстаз – жастың, таң нұрымен сырласқан
Ұстаз- өнер, ғажайып сыр бүгілген
Ұстаз – шебер, бармағынан бал төгілген
Ұстаз– кемер, кеудесіне керімсал
Байлығың да, бақытың да көмілген
Ұстаз – бейне, сағынышы сарғаймаған
Ұстаз – жүрек, сыздауы байқалмаған
Ұстаз– көңіл, пәктікпенен ортаймаған
Ұстаз – ажар, әлі де әр таймаған
Өткерер жаз бен күзін өмірінің
Себелеп сезім сырын көңілінің
Ұстаздар – парасатым ақылым да
Шеті де, шегі де жоқ төзімінің.
Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі.
Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман. Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.
Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды.
ХIX ғасырдың 2-жартысында қала мұғалімдері шыға бастады. (орыс-қазақ училищелері, жаңалыққа бет алған жеке дара оқытушылар). Олар орыс халқының ұстаздық тәжірибесіне зор көңіл аударды. Қазақ жастары түсіп оқитын бірнеше мұғалімдер семинариясы ашылды. Ел ішіндегі мұғалім правосыз және жалақысыз, көбінесе өз белсенділігімен қызмет атқарды.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін халық Мұғалімдері толық правосын алып, өзінің басты мақсатын коммунистік тәрбие мүддесіне бағыттады.
Қазақ Мұғалімдері өзінің өсу және толысу жолын мол қамтитын жас ұрпақты тәрбиелеу, мәдени революция міндеттерін өтеу жұмысына белсене кірісті. Осы биік мақсаттарға сай оның беделі барынша арта түсті. Коммунистік партияның әр кезеңде Мұғалімге деген қамқорлығы, мұғалімнің беделін өсірді, педагогикалық тәжірибесін жетілдірді. Біздің елде арнаулы “Мұғалімдер күні” белгіленген. Мұғалімдер ордендермен, медальдармен марапатталады. Арнайы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары ұйымдастырылған. Көптеген арнайы газет, журналдар бар.
Мұғалім– мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп,ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
СТАЗ ДЕГЕН...
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Л-Фараби
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Мұхтар Әуезов
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Абит Мүсірепов
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин
Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.
Жүсіп Баласағұни
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін
Серке Қожамқұлов
Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Спандияр Көбеев
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д.Ушинский
Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз
Ыбырай Жақаев
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.
Л.Н.Толстой
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.А.Сухомлинский
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин
НАҚЫЛ СӨЗДЕР
Ұстаз – ұлы есім. (М.Әуезов)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
Жақсы мұраптың атынан су ереді,
Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді.
Ұстазға қарап шәкірт өседі.
Қайратсыз ашу – тұл,
Тұрлаусыз ғашық – тұл,
Шәкіртсіз ғалым – тұл.
Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр.
Ұстаз мәртебесі – ел мерейі
Ұстаздан шәкірт озар
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла
Ұстазы талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
Ұстаз – ұрпақ мақтанышы.
Ұстаз болу – жүректің асылдығы.
Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,
Білімді жан тас қамалды күйретеді.
Бұйырмас білім тоқымай,
Ұстаздық қылма оқымай.
Жарасады сыпайылық балаға,
Ұстазыңа одырайып қарама.
Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан.
ЖҰМБАҚТАР
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. ( Ұстаз)
Білімнің - жолбасшысы,
Шәкірттің - қолбасшысы. ( Мұғалім)
Оқу - білім бағдары,
Заманының бағбаны. ( Ұстаз)
Сіз өте қиын, бірақ маңызды, жауапты және қызықты кәсіпті таңдағансыз. Оқуыңызды аяқтағаннан соң сіздің қолыңызға ата-аналар өзінің ең ардақтыларын - перзенттерін тапсырып, оларды кайырымды және ақылды адам етіп өсіріп шығарады деп, сізге сенім білдіреді. Педагог ретінде сіз жай, сонымен бірге ғажайып іс жасайсыз: кешегі ұстағаны қолынан түскен, аттаса сүрінген, ебедейсіз, сенімі жоқ сәбиден келелі тұлға қалыптастырасыз, әлбетте, бұл жұмысты іске асыру үшін сіз нені, қалай және қашан орындау қажеттігін білуіңіз міндетті.
Қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қьізметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкерлі педагог-мамандарды қатыстыру қажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Егер бала-бақша тәрбиешісі, мектеп мұғалімі қателесіп, балаға қажетті назар аудармаса, онда бұдан келер кемшілікті ересек дәуірде түзеу оңай емес.
Студенттік қабырғаның өзінде болашақ педагог оқушы мен мұғалімнің қарым-катынасын, олардың бірлікті еңбегінің мектептегі басты құндылықтар екенін түсініп, оны есінде мықты сақтауы қажет. Бала тәрбиенің құралы емес, мақсаты, сондықтан баланы мектепке икемдестірмей, керісінше, мектеп, мұғалімдер бала табиғатын өзгеріске түсіру ықпалын жасамай тұрып, оны өз мүмкіндігінше даму деңгейіне жеткізу үшін оқушы болмысына икемдесуі тиіс.
Өз ісіңіздің шебері болуы үшін сіз педагогиканы білуіңіз, кәсіби ой толғастыруға үйренуіңіз, содан кейін іс-әрекет жасауыңыз қажет. Педагогика оқу тәрбие қызметінің жағдайлары мен нәтижелері арасындағы жалпы тәуелділік байланыстарды ашып береді. Ол оқу мен тәрбиенің көзделген нәтижесі қалай орыңдалатынын, неліктен анау не мынау проблемалардың туындайтынын көрсете отырып, күнделікті кезігетін қиыншылықтарды жеңудің жолдарын көрсетеді.
Педагогика - күрделі ғылым. Басқа ғылымдар сияқты ол нақты жағдайлар және ережелерді өрнектеумен шұғылданбайды. Бұл ғылым педагогикалық қатынастардағы басты құбылыстарды айқындап, педагогикалык процесс себептері мен салдарын нақтылайды. Шәкірттің көптүрлі өмірлік жағдайларын ол жалпыланған түсініктерге, теориялық тұжырымдарға келтіреді.
Ғылыми топшылаулар артында тұрған мектеп өмірі шындығын кейде байқай бермейміз. Дегенмен, педагогиканың бір ғана жалпы қорытындысы мыңдаған нақты ситуацияларды түсіндірудің көзіне айналады. Теорияны жақсы меңгерген маман орасан көп санды нақты деректер мен мысалдарды жаттап, есінде сақтаудан құтылады. Ал, қабылдаған теориясын гәрбиеге байланысты болып жатқан оқиғалардың бәрін байыппен гүсіндіруге қолданады.
Сіздің оқу жылдарыңыз педагогика дамуындағы күрделі де қайшылықты кезеңге тура келіп тұр. Педагогикалық екі бағыт текетіресі, яғни әміршіл-әкімшіл және гуманистік оқу-тәрбие бағыттарының тайталасы белең алуда. Бірінші бағыт мұғалім үстемдігіне негізделген, ал екіншісі - мұғалім мен оқушыны педагогикалық процестің тең құқықты қатынасшылары ретінде таниды. Әміршіл-әкімшіл педагогиканың тамырлары қаншама тереңге бойлағанымен, әлемдік педагогика гуманистік тәрбие бағытын қалап алды.
2. Дәрісбаян (3 сағат)
1) Педагогикалық біліктілік және педагогикалық іс-әрекет. Педагог-психологтың кәсіптік педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері.
2) Біліктілік-педагогикалық іс-әрекеттің жоғарғы деңгейі.
3) Педагогикалық іс-әрекеттің деңгейлері: репродуктивті, адаптивті, локальді-моделдік іс-әрекет және мінез құлық..