Технологиялық карта. Білім беру саласы: Шығармашылық.

Наурыз.Тобы: ересек

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Қайырлы таң».

Мақсаты:жаңалықты,жақсылықты музыка тілімен сезінуді үйрену.Әнді орындағанда үндесіп,бірін бірі тыңдап айтуға үйрету.

Көрнекілігі:музыкалық аспаптар:асатаяқ,сылдырмақ,тұяқтас,Д.Нұрпейісова портреті.

Сөздік жұмыс: тұяқтас,қыран,шапақ,рауан.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшінің іс -әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Балалар музыка әуенімен залда қарсы алады. Әрбір атқан таңымыз арайлы,бәріміздің жүзіміз жарқын, көңілді,құстарымыз сайрап,гүлдеріміз жайнап тұрса,көктем күні қандай керемет. Балалар музыка залына нақты қадаммен келеді. Шеңбер бойымен жүріп,жеңіл музыка әуеніне жүгіреді. Шаттық шеңберде бір біріне тілек айтады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Құстардың ішінде де әнші құстар болады.Бұлбұл әнші құс.Халқымыз әсем әншіні бұлбұлға теңейді. Музыка тыңдау: «Бұлбұл» Д.Нұрпейсова күйші,компози тор.Ол Құрманғазыдан күй үй ренген,өзі күй шығарған. Ән айту: өткен әндерді еске түсіріп,мәнеріне келтіріп орын дау,қайталау.Дауысты қалыпқа келтіріп,дауыс жаттығуын жасау. Ән үйрену: «Қайырлы таң». Е.Өміров.суретін көрсетіп, қысқаша мағлұмат беру.Ән сабырлы,шырқай салынады. Музыка жетекшісі әнді орындап,балалардан ән туралы сұрайды. «Шапақ», «рауан» деген сөздерге тоқталып, түсін діру.Әнді бөліп бөліп үйретіп, соңынан қосып айқызу. Музыкалық аспапта ойнау: «Тұяқтас» аспабымен таныстыру.Ұрмалы аспапта ойналу техникасын көрсету. «Сәулем ай» әуеніне ырғақпен ұрып көрсету.Бірнеше балаларды шығарып,асатаяқ, тұяқтас,сылдырмақтармен әуенге ілесіп ойнау. Балаларды қалауы бойынша үйренген билерді қайталау.     Балалар күйшімен танысып, күй тыңдайды. Күйден алған әсерлерін жеткізугк тырысады.   Балалар өткен әндерді қайталайды.   Композитормен таныстыру,жаңа әнді үйрену.     Балалар жаңа музыкалық аспаппен танысып,аспап ты қызықтап,бір біріне соғуды,дыбыс шығаруды үйренеді.     Әуенге қосылып,аспапта ойнайды.
Рекфлексиялық –түзетушілік -Бүгін қандай композитормен таныстық? -Қандай күй тыңдадық? -Әнде не туралы шырқалды? -Қандай музыкалық аспаппен таныстық? -Сендерге бүгінгі қай іс әрекет ұнады? Балалар сұрақтарға жауап беріп,топтарына тарқайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:түрлі табиғат құбылыстары, аспаптың күй түрінде сайрайтынын білуі керек.

Меңгереді:жаңа музыкалық аспапта ойнау дағдыларын.

Игереді:тұяқтас,шапақ,рауан деген түсініктерді.

Технологиялық карта.

Сәуір. Тобы: ересек

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат».

Мақсаты:шығармашылық қабілеттерін арттыру.Қимылмен түрлі сипаттағы әуендерді көрсету.Ән айту,есту қабілеттерін әрі қарай дамыту.Классикалық музыкаға қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі:скафандр атрибуты,құрсаулар.

Сөздік жұмыс: ғарыш,ғарышкер,зымыран,Байқоңыр,скафандр.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшінің іс -әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Балаларға « Марш» екпінімен,тұлғаларын түзеу ұстап,аяқтарын көтере жүру ұсынылады. Әуенді ырғақты қимылдар көр сетіледі. «Кел,билейік» ойнақы көңілді әуен ырғағына жеңіл секіртпелі қимыл жасайды. Ғарышкер күні,ғарышкелер туралы әңгімелеу,балаларды ғарышқа саяхатқа шақыру. Ғарышқа мықты,шымыр бала ұша алатынын айтып,жаттығу лар жасау ұсынылады. Ғарышкер күні туралы біліп,түсінік алады.   Дене жаттығуларын бірдей жасауға талпыну.
Ұйымдастырушылық -ізденістік -Міне,енді шынығып,ұшуға дайынбыз. Скафандраларын киіп,ұшуға дайындық жасалады.Үнтаспадан «Ғарыш кемесінде» әуені ойналып,бала лар көздерін жұмып,ұшу қимылдарын жасайды. -Міне,белгісіз планетаға тап болдық. «Фантастикалық би» ойналып,балалар робот қимыл дарын білгенінше көрсетеді. -Балалар,сендер қандай плане таға сапар шеккілерің келеді? -Айға ұшатын бала туралы ән айтып берейін. Музыка тыңдау: «Айды әперші,апатай» әнін орындап береді.Әннің мәтінін,сипатын түсәне әңгімелеуиұсынылады. -Ғарыш деген не? -Қандай ғарышкерлерді білесің? -Ғарыш айлағы қай жерде орна ласқан? Сұрақтар қойылып, толық мәлімет береді. Ән үйрену: «Ғарышкер боламын» әнін үйрету.Ән айт қанда дыбыстарды таза айтуға назар аударылады. Әуенді қимылды ойын: «Робот тар кемесінде».Үнтаспада ойналған әуен ырғағына робот қимылын көрсетеді.Ғарыш кемесі ретінде құрсауды қолда нуға болады.Балалар көздерін жұмып,әуенді сезіне қабылдай ды. «Айгөлек» әуеніне оркестр де ойнауды жалғастыру. Әуенді тыңдап,ерекше үндерді естіп,сезінеді.   Көздерін жұмып, өздерін ғарыш кемесінде отырғандай сезінеді.   Қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысады.     Ғарышкерлер туралы мағлұмат алып,Байқоңыр туралы біледі.   Жаңа әнді үйреніп,мәтінін түсінеді.     Робот қимылын өз ерікте рінше көрсетіп,билейді. Қолды,аяқты тез,шалт қозғау.Тізені бүкпей адымдап жүру. Балалар кемеге отырып, «ұшады». Оркестрде ойнауды жал ғастырады.
Рекфлексиялық –түзетушілік «Кел,билейік» әуеніне көңілді би билеуді ұсынады.Таныс әуенге би қимылдарын өздері ойлап табу ұсынылады. -Ғарыш айлағы қай жерде орналасқан? Қандай ғарышкер лерді білесің? Белсене қатысқан балаларды атап өтіп,мадақтау. Көңілді биді өз қалауын ша би қимылдарымен мәнерлеп билейді. Ырғақты сезіне қимылдайды.   Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:әр сипаттағы шығармаларды тыңдауды,классикалық музыканы ажырата білу, тыңдаған әуенді әңгімелей білуді.

Меңгереді:әнді көңіл күйіне сәйкес орындауды,шығарманы тыңдап,мағынасын түсіндіре алуды.

Игереді:ғарыш,ғарышкерлер,ғарыш айлағы туралы түсінік,түрлі сипаттағы әндерді анықтауды.

Наши рекомендации