Тараз мемлекеттік педагогикалыҚ институты
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ» ПӘНІНЕН
ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Ф.м.ғ.к., доцент С.Ш.Егембердиева
ТАРАЗ – 2012ж.
Лекция-1. Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері.
«Педагогикалық технология» түсінігі педагогикалық ғылымға ондаған жылдар бұрын жол ашты.
«Технология» сөзі (гректің -өнер, ғылым деген мағынасын білдірді) шығармашылық үрдістерді өткізу әдістері мен амалдары туралы білімнің жиынтығы.
Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық технология ұғымы терең тамыр жайды.Дегенмен де , осы ұғымды пайдалануда әртүрлілік басым.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара , инструменталдық және метадалогиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді (Кларин М.В.).
Технология –оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу,бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі (Монахов В.М.).
Технология-дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі (Чошанов М.)
Педагогикалық технология –оқыту процесін өткізудегі , ұйымдастырудағы , жоспарлаудағы мұғалім мен оқушы үшін жағдай жасап, бірлескен педагогикалық қызметінің барлық бүге-шүгесі ойластырылған үлгісі-моделі (В.М. Монахов)
Педагогикалық технология оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші ілім ретінде оқытуда қолданылатын қағидалар, реттеушілер, әдістер, жүйесі ретінде, нақты оқыту процесі ретінде қызмет етеді. Оның үш деңгейі бар:
1) Жалпы дидактикалық деңгей (мақсаттар, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістер жиынтығы т.с.с.)
2) Пәндік деңгей (белгілі бір пән, сынып, мұғалімнің оқыту мазмұнын іске асырудың әдістері мен әдістері мен құралдары жиыны ретінде түсініледі)
3) Модульдік (жергілікті) деңгей.
Педагогтік технологиялардың үш түрлі сипатының құрылым жүйесі
бар. Олар:
Ғылымилығы. Оқу жоспарындағы пәндердің ғылыми негіздерінің мұраты, мақсаты, мазмұны,әдіс-тәсіл, амал жолдары, құралы.
Үрдісті сипаттық. Әр пәннің сабақтың типіне орай блоктік жүйесінің алгоритмі, тапсырмаларды нәтижеге бағдарлайтын мақсаты, мазмұны , әдістері, амалы,т.с.с.
Үрдісті-әрекеттестік. Педагогтік әдіснаманың , құралының жеке тұлғалық белгілерді дамыту бағытындағы атқарылатын ойлау әрекеті.
Жалпы педагогктік. Белгілі бір оқыту шешімінің білім меңгеру үрдісіндегі тұтастық заңдылығын сақтауға ыңғайлануы.Бұны оқытудың жүйесі дейміз.
Жеке әдістемелік. Жекеленген пәндердің белгілі бір нысананың толық қабылдануының мақсаты, міндеті, мазмұны, әдіс-құралы т.с.с.
Бөліктік (пішін) деңгейі.
Әр технология педагогктік үрдістің түрлерін айқындайды, ұғымдар қалыптастырады, оны тереңдетуге бағыттайды. Әсіресе сабақтың жаңа типін жүзеге асрыу үшін атқарылатын жұмыстардың үлгісі, пішіні, құрылысы құрастырылады. Мұның бәрі дерлік әр оқушының қабілетіне сәйкес құрылған тапсырмалардың орындалуы нәтижесінде білік пен өзінің жиған ілімін бақылауға алып, өнімді оқу еңбегін ұйымдастыруына ықпалын тигізеді.
Негізінде , көптеген технологиялардың құрылым-жүйесінің заңдылығы ретінде педагоикалық картаны құрастыру тиімді.Бұл-білімді тұтас,тараулардың ірі блоктарға жинақталып, олардың бір-бірімен логикалық байланыста болып келуінің кепілі.
Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді , нақты жолдарын көрсетеді.Педагогикалық технология ерекшелігі оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып оқушының өз бетімен мақсатқа жетуінде.
Зер сала қарасақ, оқушының білімді меңгеру деңгейі талдаудан бастап, синтез, баға деңгейлерінде жоғарылай түседі.Оқушылардың білімді меңгеру деңгейлері В.П.Беспалько, Б.Блум тұжырымдамасында келтірілген танымдық қызмет аймағымен анықталды: (1-сурет).
Технологияның негізгі ерекшелігі – оқушының өзіндік білімге қолының жетуінде.Бала білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетелеуде проблемалық оқытудың атқарар орны ерекше.
Дидактика білім жүйесінен енеді. Дидактика –білімнің мазмұнымен, тәсілдермен және құралдармен, оқудың мақсатымен, педагог пен білім алушының іс-әрекеттерімен айналысады. Педагогикалық технология жалпыға мәлім ғылымилық, жүйелілік, оқыту мен тәрбие бірлігі , оқу үрдісінің ұжымдық сипатында оқушының дербес қабілетін есепке алу сияқты дидактикалық принциптерін пайдалана отырып жұмыстарды атқарады.
Жаңа педагогикалық технологиялар ерекшеліктері
Жаңа педагогикалық технологиялар ерекшеліктері
Ынтымақтастық Білім беруді Тірек сигналдары Түсіндіре басқарып Деңгейлік саралап
педагогикасы ізгілендіру арқылы оқыту оза оқыту оқыту
технологиясы технологиясы технологясы технологиясы
*Мұғалім-оқушы, *Баланы оның жеке *Материал ірі мөлшерде 1.а) Болашақ білімнің *Оқушы міндетті
Оқушы-мұғалім, қасиеттерін ашу арқылы енгізіледі алғашқы бөлігін алдын- түрде базалық білім
Оқушы-оқушы. азамат етіп тәрбиелеу *Материалды блокпен ала енгізу деңгейін меңгеру тиіс
Оқушы да субъект, *Баланың жаны мен топтау ә) жаңа ұғым ,түсінікті *Базалық деңгей
мұғалім де субъект жүрегіне жылылық *Оқу материалдарын нақтылау,,қолдану оқушының саралай
*Екеуінің бірлік ұялату тірек-схема, тірек- б) оқу әрекеті мен ойлау және жеке сұранысы-
одақта қызмет *Математикалық - конспект түрінде хаттау қисынының жылдамдығын ның негізі
істеуі,бір-біріне пайымдау,математикалық *1)Теорияны блоктау дамыту *Базалық деңгейдің
басымдық түсіну *Теориялық материалды 2.Бағдарламаның кейбір барлық оқушы үшін
көрсетпеуі *Баланың танымдық сыныпта меңгерту тақырыптарының ақиқат болуы
*Оқыту мен тәрбиенің күшін қалыптастру *Үйде өз бетімен жұмыс қиыншылығын жеңу, * Оқытуды оқушылар-
Бірлігі және дамыту істеу азайту үшін оза оқыту дың әр түрлі топта-
*Дидактикалық *Білім мен кеңейту және Бірінші қайталау әдәсін қолданады рының ерекшелігіне
белсенді кешені және тереңдетуге жағдай *Тірек конспектісін *Қиын тақырып әр сабақ сәйкес бейімдеу,
дамыту кешені жасау ауызша баяндау сайын азғантайдан өтіле ыңғайлау
*Қоршаған ортаны *Ізгілік, жеке қарым- Екінші бақылау бастайды *Мықтылар өздерінің
педагогикаландыру -қатынас шеберлігі, *Жалпылау және жүйелеу *Сабақты пысықтауға қабілеті мен икемді-
*Балаға ізгілік ата-анамен бірлесіп Үшінші бақылау әуелі озаттар,сосын лігін одан әрі бекіте
тұрғысынан қарау т.с.с. жұмыс істеу, т.с.с. *Өзара бірін-бірі бақылау орташалар,кейін нашар түседі,әлсіздер өзін-
2)Практиканы блоктау оқушылар өзі сынап қарауға
қатыстырылады т.с.с. мүмкіндік алып,
сенімсіздіктен
арылады т.с.с.
Лекция-2. В.Ф.Шаталовтың педагогикалық технологиялар жүйесі
В.Ф.Шаталов Донецк қаласындағы №5 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі және мұғалімдер білімін жетілдіру институтының қызметкері. В.Ф.Шаталовтың негізгі ұстанымы: «Барлық балалар дарынды екеніне біздің сеніміміз мол. Жаңа бағдарламалар бір қарағанда күрделі көрінгенімен , оқушылар толық меңгере алады.»
В.Ф.Шаталовтың педагогикалық жүйесі: қиын мақсат идеясы тірек идеясы оқыту процесін жеделдету жолдары.
В.Шаталовтың пікірі бойынша, ол жаңа ештеңе ашқан жоқ, ол тек педагогика мен психологияның рационалды идеяларын қару етіп алды.Оқытудың технологиясының негізі –ұжымдық оқыту жағдайында оқушылардың танымдық іскерлігін ұйымдастыру.
В.Ф.Шаталовтың негізгі қағидалары:
1.Мәліметтерді қысқа да нұсқа түсіндіру:
* Бір затты 3-4 рет түрлі сөздермен қайталай отырып баланың назарынан артық жүкті алу.
* Бір сабақта бір теорема беріп қана қоймай , тақырыпты бір-бірімен байланысқан ірі блокпен оқыту.
* Оқушыларға ең негізгісін үйрету, сонда есте сақтау көлемі азаяды.Нәтижесінде материалдың 70% жақсы түсініліп, есте жақсы сақталады.
2. Оқушыларға бір мезгілде жазу мен тыңдауға тыйым салу.
3. Теорияны алдын-ала қарап конспект түрінде жазу. Көру анализаторының заңдылықтарын қолдана отырып қызықты , ашық, ерекше етіп суреттеу.Тірек конспект өзін-өзі бақылауға , ата-аналар тарапынан бақылауға мүмкіндік береді.
4. Блок схеме бойынша білімін бағалау.
5. Оқытуды дәстүрлі оқыту шеңберінен тыс өткізу , бірақ оқушылардың ойлауын да қоса оқыту керек.
6.Әрбір оқушы өзін еркін әрі сенімді сезінетін атмосфера тудыру.
7.Сабақта бақылау принципін қолдану, яғни әр сабақта оқушылардың әрқайсысынан сабақ сұрау. Оқушылардың түрлі бақылауы мен сұрауларын ұйымдастыруда В.Ф.Шаталовтың таланты байқалады.
8. Әр оқушыға өз балын жақсартуға мүмкіндік беру.Бұл принцип «ашық перспективалар» деп аталады.
Қазір мектеп бағдарламаларында қысқаша теориялық тұжырымдардан соң іле-шала практикалық кезең-есептер шығару, жаттығулар орындау кезеңі басталады.Ал бұл дұрыс емес, теорияны толық игеріп болғаннан соң ғана практикаға кіріскен ләзім. Сондықтан Л.В.Занков пен В.В.Давыдов ұсынған: теориялық білімнің жетекшілік рөл атқаратындығы жөніндегі принцип күллі оқушылардың жедел алға жылжуына негізделген іргетасқа айналады.В.Ф.Шаталовтың оқыту технологиясында теориялық білімді игеріп болған соң ғана басты назар практикаға аударылады.
Жаңа материалмен жұмыс төмендегідей ретпен жүргізіледі:
Бірінші кезең: сабақ өтуге қажетті іріктеліп алынған параграфтарды мұғалімнің жан-жақты әрі бейнелі эмоционалдық тұрғыда түсіндіру.
Екінші кезең: Тірек конспектісі бойынша оқу материалдарын қысқаша түсіндіру; әр қилы негізгі ұғымдар белгілерінің көмегімен кодталған материалдарды дыбыстандыру, құпия кілтін ашу және олардың арасындағы өзара логикалық байланысты анықтау.
Үінші кезең: тірек белгілерін оқып-үйрену, олар әр оқушыға үйлестіріліп беріледі, шәкірттер белгілерді өздерінің альбомдарына желімдейді.
Бесінші кезең: келесі сабақта тірек белгілерін жазба түрінде көрсету.
Алтыншы кезең:тірек белгілері бойынша жауап беру
Жетінші кезең: бұрын өтілген материалды ұдайы қайталау және тереңдете оқыту.
Лекция-3. Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиялары. Тірек конспектілерін жасалуына қойылатын талаптар.
Тірек сигноалдары арқылы оқытудың ерекшелітері:
*үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау,ірі блокпен оқыту т.б.
* жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал
*ізгілік, еркімен оқыту
*әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау
* оқыту мен тәрбиенің бірлігі
Тірек белгілері: жинақы, әдеттен тыс тірек сигналдары оқушыларды қызықтырып, оларды белсенді еңбекке, ізденіске бастайды, олардың белсенді түйсігі аясындағы күллі проблемаларға деген назарын күшейтеді. Осыған орай баланың бойында аса маңызды қасиет қалыптасады: күнделікті, сан мәрте көз алдынан өтіп жатқан құбылыстар мен заттардың өзінен әдеттегіден тыс жәйітті аңғарады, ал өзі-таланттың айрықша қасиеті. Талант дегеніміз –ізденістегі мақсаткерлік, табандылық, әр түрлі фактілерді , бақылаулар мен ойларды қорыта білу.
Тірек белгілерінде ойын элементі де , уақыт пен орын үнемдеу де , балалар психологиясын біліп отыру да ескерілген. Бірақ басты мақсат-логикалық байланыс негізінде өтілетін материалды «тақырыптар мен бөлімдері» балалар жедел ұғынатындай естерінде ұзақ сақтайтындай етіп түсіндіру.
Тірек белгілері оқу-тәрбие үрдісінде ойлау, қарым-қатынас, шығармашылық іс-әрекеттердің негізгі құралы болып табылады.Оқыту үрдісінде тірек белгілері төмендегідей функцияларды атқарады:
1) Материалды қабылдаудың алғашқы кезеңінде кері байланысты атқарады.
2) Оқушының сабаққа дайындалу іс-әрекетін жеңілдетеді.
3) Меңгерілетін материалдың көлемін бірден ұлғайтуға көмектеседі.
4) Міндетті оқу бағдарламасы мен біріңғай оқулықтың шегінен шығуға мүмкіндік береді.
5) Бағаның аз болу проблемасын болдырмайды.
6) Оқушыларды көркемдік образға және графиктік модельдеуге үйретеді.
Тірек жазбаларымен жұмыс жасағанда бағалар әр жеке жазбаға қойылады және оқушы кез келген уақытта бағасын жөндей алады. Бұл тәсілде нашар бағалар болмайды.
Адам баласы ойлағанын көз алдына келтіре алады. Тірек жазбаларында сабақтың негізгі сәттері көрсетіледі және ол әртүрлі сурет, кесте, цифрланған ақпарат ретінде жеткізіледі. Тірек жазбаларын құрастыру үш бөлімнен құралады:
- материалдарды жинақтау. Бұл кәсіби шеберлікті көрсетуге өте үлкен қызмет етеді. Бұл жерде тақырып үйрететін материалдар оқулықтармен, өмірмен, техникамен, өндіріспен байланысты болады.
- негізгі түсініктерді жеткізе білу. Бұл бөлімде дайын материалдардың «бал тамшыдай» керегі алнады, одан әрі «тамшыдан» керекті сөздер, суреттер, сызбалар өткен материалды еске түсіретіндей етіп алынады.
- тірек жазбасын құрастыру. Мұғалім әр түрлі суреттер , рәсімдер, графика түрінде дайындалған материалды жеткізеді.
Тірек жазбалары қабылдау жағынан да, есте қалу жағынан да қарапайым болуы тиіс.
Тірек конспектілерін жасауға қойлатын педагогикалық талаптары:
1) Ықшамдылық (300-400 баспа таңбасы)
2) Құрылымдылық (4-5 логикалық блоктық байланыс)
3) Мәтіндік (таңбалар мен белгілердің қонымды орналасуы,реттілік)
4) Баспа таңбаларының жекелігі
5) Әрбір 4-5 блоктан жеке болуы шарт
6) Жүйелілік
7) Түсініктілік
8) Қарапайымдылық
9) Түрлі-түсті безендірілу
Жалпы білімдік пәндер бойынша В.Ф.Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде
тірек-конспект, диаграмма, график,логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға , шығармашылық пен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.
Лекция-4. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану.
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға.
Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі –методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру.Демек сапалы, тиімді нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ-ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.
Жалпы физика сабақтарын мынадай төрт топқа бөлуге болады:
1.Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
2. Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
3. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білуге үйрететін сабақтар
4.Тақырыпты қайталау-пысықтау сабағы.
Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.
Әрбір жаңа тақырыпты бергенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін шығару керек.Сондай-ақ физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін де құрастыру керек.Мысалы, 8-ші сыныпта ішкі энергия тақырыбын өткенде , ішкі энергияның физикалық мағынасын толық ашуүшін төмендегідей тірек белгісін пайдалануға болады.
Еішкі=N(Епот+Екин)
дене молекула
Мұндағы, Еішкі – дененің ішкі энергиясы,
Епот –молекулалардың потенциалдық энергиясы,
Екин–молекулалардың кинетикалық энергиясы,
N-молекулалардың саны.
Яғни, бұл –тірек сигналы «Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің молекулалық өзара әсер күштерінен пайда болатын потенциалдық энергияларының жиынтығынан тұрады» дегенді білдіреді.
Негізгі заңдылықты тірек белгілері арқылы беру оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады.
Жаңа сабақты бекіту сабағы.
Жаңа сабақты меңгеру сабақтарында көбіне сандық және сапалық есептер шығаруға , әр түрлі қызықты тәжірибелер мен магиялық физикалық фокустарды көрсетіп, балалардың ой-өрісінің дамуына, олардың шығармашылығының өсуіне бағыт береміз.
Әсіресе сапалық есептерді шығарғанда халық даналығының қанатты нақыл сөздерінің, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнін физика тұрғысынан түсіндіруге тырысамыз. Көбіне сабақта
1. «Кім жүйрік?»
2. «Кім тапқыр?»
3. «Физика үйде»
4. «Суретті физика»,т.с.с. аттарменбалалрды сапалық есептердің
мағынасын дұрыс түсініп, табиғаттағы құбылыстардың мән-мағынасын дұрыс аша білуге үйретеміз.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын
өмірмен байланыстыра қызықты етіп беруді ойластырамыз. Мұндай тапсырмалар балалардың пәнге деген қызығушылғын арттырып қана қоймай, оларға физиканың заңдылықтарының өмірде кеңінен қолданылатынын тағы ұғындырады.
Лекция-5. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білугеүйрету сабақтары.
Мұндай сабақтарға
1.Зертханалық жұмыс
2. Сарамандық жұмыстар негізінде құрылған сабақтар жатады.
Жоғарғы сыныптарда жыл аяғында физикалық практикумды оқушылардың қабілеті мен мүмкіндіктеріне қарап өткізген қолайлы.
Зертханалық және практикалық сабақтарды дұрыс ұйымдастырғанда олар оқушының шығармашылығына жол ашып, олардың өз бетінше ізденісіне жол ашады.
Мектепте оқылатын толық физика курсына арналған барлық зертханалық және сарамандық жұмыстардың қосымшаларын жасау керек. Бұл қосымшаларда тек қана жұмысқа нұсқау ғана берілмей, негізгі теориялық материалдар мен сол тақырыпты ашатын сұрақтар да беріледі.
Тақырыпты қайталау-пысықтау сабақтары.
Қайталау-пысықтау сабағының қай түрін таңдап алсақ та мына төмендегідей мәселелерге көңіл бөлеміз:
1) Тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін бір жүйеге келтіру
2) Тақырып бойынша негізгі заңдылықтар мен құбылыстардың қолданбалы мағынасын ашу.
3) Сандық және сапалық есептерді шеше білуге дағдыландыру
4) Оқушылардың шығармашылығына жол ашу
5) Тақырып бойынша өтілген физикалық формулаларды бір жүйеге келтіру
6) Табиғат құбылыстарының сырын ашу.
Кейде қайталау-пысықтау сабақтарында физикалық құбылыстардың
бір-бірінен айқын ажыратуға көмек беретіндей салыстырмалы кестелерді пайдалану керек.
Қайталау-пысықтау сабағында кейде аукцион өткізу керек.Мысалыға ортасына физикалық шаманы белгілейтін әріптері жаөылған гүлдерді сатып, тақтаға ілінген әдемі гүлді сатып алу деген сияқты.
Кейде қайталау-пысықтау сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін физикалық сөзжұмбақтар шешкізу керек.
Қайталау-пысықтау сабақтарында физикалық, табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтарды шешкізу , балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оларды шығармашылыққа баулиды.
Лекция-6. Дәстүрлі емес сабақтар және олардың түрлері. Дәстүрлі емес сабақтардың дидактикалық құрылымы.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда.Ондағы мақсат-әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра , оны жаңа сапалық сатыға көтеру.
Дәстүрлі емес сабақтар – қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.
Қазір педагогика ғылымында дәстүрлі емес сабақтардың 70-тен астам түрлері белгілі болды. Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу формасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары.
Дәстүрлі емес сабақтар
Ой қорыту сабақтары Ойын сабақтары Жарыс сабақтары
*Лекция *Саяхат * Сайыс
*Семинар *Театр *Не? Қайда? Қашан?
*Конференция *Концерт * КТК (көңілді
*Баспасөз *Тренинг тапқырлар клубы)
конференциясы *Ойлан,тап!
*Телекөпір *Аукцион
*Интегралды сабақ *Бақытты сәт т.б.
*Бинарлық сабақ
*Модульдік сабақ т.б.
Лекция-ой қорыту сабағының өзегіЛекция негізінен ауызша баяндаудан ғана емес, сонымен қатар басқа да оқыту әдістерінен тұрады. Лекция міндетті түрде бір немесе екі сағаттық қана болып қоймай, минилекция түрінде 7-8 сынып оқушыларына өтуге болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Конференция сабағы.Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді.
Баспасөз конференциясы-конференциялық сабақтың өзгертілген түрі.Ерекшелігі-бұл сабаққа әр түрлі баспасөз –ақпарат құралдары өкілдері мен атақты ғалымдар мен мамандардың шақырылуымен өткізіледі.
Телекөпір-дәстүрлі емес сабақтың ең көп тараған түрлерінің бірі. Телекөпір-2 немесе одан да көп мектеп оқушыларының телебайланыс арқылы сабақ өткізуі.
Интегралды сабақ –бір сабақта өтілетін тақырыптың басқа пәндермен өзара байланысы қарастырылып екі немесе одан да көп пәндердің бір тақырыпта өзара байланыста ашып беруін айтады.
Бинарлық сабақ – интегралды сабақтың бір түрі, мұнда бір тақырыпты өзара байланысына қарай 2 мұғалім береді.
Модульдік сабақ. Сабақтың тиімділігін арттырудың көптеген әдіс тәсілдері бар. Стандартты емес сабақтың бір түрі модульдік сабақ.
Ойын сабақтары. Ойын сабақтары-дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлерінің бірі.Ойын сабақтарының ерекшеліктері оқу-тәрбие үрдісінде балаларға таныс ойын элементтерін білім алуға пайдалану.
Қорыта айтқанда осындай дәстүрлі емес сабақтарды оқушылардың танымдық қызығушылығы мен іскерлік шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға маңызы ерекше.
Дәстүрлі емес сабақтардың негізгі мақсаты-оқушылардың даму қабілетін дамыту, белсенділіктерін арттыру, ізденімпаздық пен шығармашылыққа баулу. Дәстүрлі емес сабақтардың міндеті-оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту.
Дәстүрлі емес сабақтар
Мақсаты Міндеті
Білімділік Тәрбиелік Дамытушылық
*Ойлау қабілетін *Адамгершілік *Танымдық *Оқушының
дамыту *Еңбек сүйгіштік белсенділігін қызығушылығын
*Шығармашылық *Ұйымшылдық арттыру ояту
*Сөздік қорын *Жолдастық *Өз бетінше *Тақырыпты толық
байыту көмек беру және жұмыс жүргізу меңгерту
қарым- және ой қорытуға *Алған білімдерін
қатынасқа үйрету дағдыландыру өмірде қолдана
*Ізденімпаздыққа алуға үйрету
үйрету *Сөйлеу
мәдениетіне
төселдіру
Сабақ сапасын арттыру-барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе.
Дәстүрлі емес сабақтарды өткізу мұғалім мен оқушылар тарапынан мынадай іс-қимылдарды талап етеді.
1.Сабақтың алдын-ала өте ұқыпты дайындалуы: арнайы тапсырмалар беріледі,сабақтың мақсаты, құрылымы, әр оқушының міндеті мен ролі түсіндіріледі.
2.Сынып және әр оқушы ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне сәйкес сабақтың жүру барысы тыңғылықты ойластырылады, нақты жоспарланады.
3.Нашар үлгеретін және білімге немқұрайлық танытқан оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Дәстүрлі емес сабақтардың өткізілуі де алуан түрлі, мұғалім қиялына шек болмайды, тек түпкі мақсат-сабақты жандандыру, оқушының білімге қызығушылығын арттыру еш өзгеріссіз сақталуы тиіс.
Лекция-7. Электромагниттік тақырыбы бойынша қайталау-пысықтау сабақтары
Сабақтың тақырыбы: «Жылулық құбылыстар» тарауы бойынша қайталау-пысықтау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды табиғаттағы болып жататын жылулық құбылыстарды физика тұрғысынан түсіндіре білуге, олардың негізгі қасиеттері мен заңдылықтарын айыра білуге , алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, іскерлікке баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, өз бетінше жұмыс істей алуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Қайталау-пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Не? Қайда? Қашан? Ойын-жарыс сабағы.
Көрнекіліктер: Физикалық құралдар
1.Барометр
2.Манометр
3.Психрометр
4.Гигрометр
5.Термометр
6.Мензурка
7.Броун тәжірибесіне арналған құралдардың моделі
8.Қол насосы
9.Қалың қабырғалы шыны ыдыс (колба)
10.Жұқа қағаздан жасалған қорапша
11.Суы бар ыдыс
12.Шұңғыл табақша
13.Спиртшам, сіріңке, сабын
Тәжірибелер: 1.Шұңғыл табақшаның сабынмен бірге көтерілуі
2.Судың қағаз қорапшада қайнауы
3.Судың төмен қысымда қайнауы
4.Ішіндле суы бар шыны ыдысты төңкергенде судың
ақпауы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қымбатты балалар мен бүгінгі сабаққа қатысушы арнайы шақырылған қонақтар!
Бүгін біз сіздермен «Табиғаттағы жылулық құбылыстар» тарауы бойынша қайталау –пысықтау сабағын өткізбекшіміз. Сабақ-дәстүрлі емес сабақ. Бүгін сабақта сіздер табиғаттағы жылулық құбыдлыстардың қыры мен сырын физика тұрғысынан түсіндіріп, олардың негізгі қасиеттері мен заңдылықтарын тағы да еске түсіріп,осы таруда алған білімдеріңізді күнделікті өмірде қолдана алуға үйренесіздер. Бүгінгі сабақта «Физика-табиғат жайындағы ғылым» екендігіне көздеріңіз жетеді.
Бүгінгі сабақта 2 топ жарысқалы келіп отыр.
1топ-«Жылу» тобы
2 топ-«Бу» тобы
Әр топтың өздерінң жанкүйерлері бар.
Сіздердің жауаптарыңызды бағалау үшін мұнда әділ-қазылар алқасы отыр. Жарыс 7 бөлімнен тұрады, әр бөлімдегі ең жоғары балл-5 ұпай.Сондықтан сіздерге тек табыс тілеймін.Іске сәт, Жас достар!
І-бөлім: Топтың бір-бірімен танысуы
ІІ-бөлім:Тапқырлар сайысы
ІІІ-бөлім: Құралдар жарысы
IV-бөлім: «Сөзжұмбақ сайысы»
V-бөлім: Қатесін тап!
VI-бөлім: «Алдар Көсе ата бізде қонақта»
VII-бөлім: «Кім жылдам?»
Сергіту сәті: «Квант күледі»
1. Тәжірибе-бұл кезде адам қолымен, басымен жұмыс істейді, бірақ көрмейді, қарамайды.Ал бақылау-бұл кезде адам көреді, қарайды, бірақ қолымен, басымен ештеңе істемейді.
2. Қатты аязда жайған кірлердің қатып қалуы-ондағы молекулалар да қатып қалады.
Сабақтың қорытындысы:
1.Әділ-қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты анықтайды.
2.Мұғалім сабақты жалпы қорытындылап, оқушылар білімін бағалайды.Пайда болады,ал жел тұрғанда температура төмендейді де осы сынап бағанасы төмен түседі.
Лекция-8. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. Шығармашылық сабақтар.
Физика оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ең қолайлы шарттарды беретін оқыту пәні болып табылады. Қазіргі ғылыми-техникалық жоғары дәрежеге жетуі физика ғылымының жетістіктерінің нәтижесін көрсетеді.Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылықты дамыту көптеген ғылымдарды еңбектерінде қарастырылған.Онда проблемалық оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту талданып, проблемалық оқытуға индуктивтік-гипотизалық-дедуктивтік тәсілді ұсынған. Дегенмен де оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту көптеген еңбетерде зерттелмеген де, бұл мәселені толықтай шешілген деп есептеуге болмайды.
Осы орайда ең алдымен шығармашылық түсінігіне тоқталып өтейік. Әдебиетте шығармашылық түсінігі-жаңа өздік нәрсенің жасалуымен байланысты, сонымен қатар көшірмелік іс-әрекетке қарсы қойылады. Кейбір деректерде шығармашылық қоғамдық құбылыс деп қарастырылған.
Ал пеагогикалық ғылымда шығармашылық түсінігі, оқушылардың өзі үшін жаңаны , яғни субьективті жаңаны жасау қызметі немесе адамның іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестілігінің ең бжоғары түрі деп түсіндіріледі.
Осыған байланысты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда оқытудың жаңа инновациялық технологиясын пайдаланған жөн.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқыту құралы-компьютерлер қолданбай оқушының өзі бдайындаған әр тақырыпқа байланысты әр түрлі деңгейлік тапсырмалардан құралған өзіндік және бақылау жұмыстары мен оқушының болашақ іс-әрекетіне негіз болатын информациялық блоктар арқылы да іске асыруға болады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін деңгейлік өзіндік жұмыстарға төмендегідей талаптар қойылады.
Бірінші деңгей-үйренушілік:
Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп,қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады.Мұнда заңдылықтардан, ережелерден, анықтамалардан, формулалардан хабардар болу қажет.
Екінші деңгей-алгоритмдік:
Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріктелген материалды жүйеге келтіруге , реттеуге арналған мазмұны өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгей:
Оқушыларға берілген тапсырмалар танымдық ізденіс түрінде, игерген білімді тереңдету үшін әр түрлі логикалық операцияларды керек етеді.
Төртінші деңгей-шығармашылық:
Әрбір тапсырманы өз бетімен түсініп талдай отырып орындау ғылыми шығармашылық тұрғыдан шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «кішкентай» жаңалық ашқанмен барабар.
Шығармашылық оқып үйрену, үздіксіз ізденіс, мақсатты еңбек шыңдалу арқылы қалыптастырылады.
Әрбір сабаққа мұқият даярлану , тыңғылықты жоспарлау, шығармашылықпен жүзеге асыру-мұғалім шеберлігінің маңызды белгісі. Оның көмегімен педагогикалық тәсілдер қоры , педагогикалық техника жиынтығы жаңалықты туындатады, шығармашылықпен еңбек етуге негіз болады.
Кванттық физика
(11 сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Кванттық физика» тарауы
бойынша қайталау-пысықтау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Кванттық физика» тарауындағы негізгі
физикалық құбылыстар мен фотоэфект
заңдарын қайталап, бір жүйеге келтіру.
Тәрбиелік: Оқушыларда үлкен адамгершілік көзқарас
пен Отанға деген шынайы сүйіспеншілік қалыптастыру үшін ұлы физиктердің: М.Планк, А.Эйнштейннің өмірбаяндарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше іздену,
шығармашылыққа ұмтылу қабілеттерін
дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: 1) Оқушыларды шығармашылық
жұмыстары
2) Альберт Эйнштейн, Макс Планктың
Портреттері
Сабақтың типі: қайталау-пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қымбатты, балалар!
Бүгін сіздермен «Кванттық физика» тақырыбына қайталау-пысықтау сабағын өткіземіз. Сабақтың мақсаты-сіздердің осы таруда алған білімдеріңізді бір жүйеге келтіру, сіздерді шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың барысы:
І бөлім: «Фотоэффект» сөзжұмбағын шешу.
ІІ бөлім: «Фотоэффект», «Кванттық физика» шыршасын
безендіру.
Бұл бөлімнің мақсаты-оқушылардың «Кванттық физика» тарауындағы негізгі физикалық формулаларды қалай меңгергендіктерін айқындау.
ІІІ бөлім: «Рефераттар» тобы.
Оқушылар өздерінің дайындаған рефераттарынан қысқаша мағлұматтар береді.
1.Бұл ғалым кім?
2.Өмір сүрген жылдары
3.Қандай жаңалық ашты?
4. Ол жаңалық қайда, не үшін қолданылады?
Мысалы, рефераттардың тақырыбы төмендегідей болулары мүмкін:
1. «Макс Планк»
2. «Альберт Эйнштейн»
IV бөлім: Жұмбақтар шешу
V бөлім: «Гүл», «m» - гүлін безендіру
Тақтаға үлкен қылып «т»-гүлінің жапырақшалары салынады да , қалған оқушыларға қанша жапырақша болса, сонша массаның формуласын табу тапсырылады.Біріншісі болып барлық формуланы дұрыс тапқан оқушыға ескерткіш ретінде «т»-гүлі сыйға беріледі.
VI бөлім: «Нобель сыйлығы» туралы білесіз бе?
Нобель сыйлығы- дүние жүзі ғалымдарының ең үлкен наградасы. Бұл сыйлық бірнеше зауыттар мен фабриканың иегері, динамитті ойлап тапқан Шведтің атақты ғалымы, өнертапқышы Альфред Нобельің құрметіне аталған.
Өлер алдында , 1895 жылдың 27 қарашасында өзінің 31 миллион долларын дүние жүзіндегі жас талапкер ғалымдарды қолдау үшін өсиет етіп қалдырды. Бұл сыйлық жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет пен өнер, бейбітшілікті нығайту саласында еңбек етіп, жаңалық ашқан ғалымдарға беріледі.
Бұрынғы Кеңес Одағында физикадан 8 орыс физиктері Нобель сыйлығын иеленді.Олар И.Е.Тамм, И.М.Франк, И.Г.Басов және т.б.
VІI бөлім: «Ұлы ғалісдар өмірінен» немесе
«Ғалымдар сөйлейді» викторина-сұрақ
1.Альберт Эйнштейн «Өмірі құнды өнер туындыларына толы» деп қай физикті айтты?
Жауабы: Классикалық электрондық теорияны құрушы Г.Лоренц.
2.С.И.Вавилов қай академикті физикалық эксперименттің асқан шебері және сиқыршысы деп атады?
Жауабы: Физикалық оптикадағы жұмысымен әлемдік атақты жеңіп алған американ физигі Роберт Вуд.
VIII бөлім: «Нобель сыйлығының лауреаттары» викториналық
сұрақтар
1. Қай физик 2 рет: бірінші рет физика, екінші рет химия саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты болды?
Жауабы:Мария Сладовская-Кюри физика бойынша Нобель сыйлығын 1903 жылы, химия бойынша Нобель сыйлығын 1911 жылы.
2. Физиктердің ішінде химия саласы бойынша Нобель сыйлығын алған кімдер және қандай ғылыми еңбектері үшін?
Жауабы: 1) Сладовская-Кюри- радий, полоний элементтерін ашқаны және радийдің қасиеттерін , оның қоспаларын зерттегені үшін;
2) Фрэнис Уильям Астон-ағылшын ғалымы, тұрақты изотоптарды ашқаны және олардың қасиеттерін зерттегені үшін.
Сабақтың қорытындысы:
Мұғалім әр топтың шығармашылық жұмыстарын қарап бағалайды. Топ басшылары өз топтарындағы әр жұмысқа баға береді.
Мұндай шығармашылық сабағының төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1) оқушыларды өз бетінше ізденуге үйретеді;
2) оқушылар әр түрлі ақпарат құралдарымен: ғылыми-көпшілік кітаптармен, анықтама материалдармен және т.б. жұмыс істеуге үйренеді.
3) Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері жетіліп,шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Лекция-9. Сөзжұмбақ-қайталау-пысықтау сабақтарында негізгі көмекші құрал.
Физика –қызықты ғылым. Физика сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда сөзжұмбақтың алатын орны ерекше. Әсіресе сөзжұмбақты қайталау-пысықтау сабақтарында қолдану тиімді. Қайталау сабақтарында мұғалімдердің алдына көптеген міндеттер қойылады:
1. оқушыларға физикалық құралдардың қайда және не үшін пайдаланылатынын білдірту.
2. физикалық шамалар мен бірліктердің , заңдылықтардың мағынасын аштыра білдірту.
3. физикалық жаңалықтар мен заңдылықтардың кім, қашан және қалай ашқандарын білдірту.
Осы ретте оқушылардың логикалық ой-жүйесін, сана-сезімін
дамытуда,олардың әртүрлі физикалық шамалар мен бірліктердің , терминдер мен заңдылықтардың , құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауда сөзжұмбақты пайдалануға болады.
Сөзжұмбақты сабақ үстінде де шешуге болады. Бұл үшін алдын ала жылжымалы тақтаға сөзжұмбақтың торы сызылып қойылады.
Сөзжұмбақты физикалық диктант ретінде қолдануға болады. Бұл үшін сабақ басталғанға дейін тақтаға сөзжұмбақтың торы сызылып, әрбір торкөз сәйкесінше толтырылады. Ал сабақта оқушыларға 6-8 минут уақыт ішіндеәрбір көрсетілген физикалық шамалардың , бірліктердің немесе заңдылықтардың мағынасын ашу тапсырылады.
Сонымен , қайталау-пысықтау сабақтарында сөзжұмбақты оқушылардың білімін бағалау үшін де пайдалануға болады.
Сөзжұмбақ үй тапсырмасы қызметін де атқара алады. Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы тақырып немесе тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып келуін тапсыруға болады.
Қорыта айтқанда, сөзжұмбақпен жұмыс жасау оқушыларды ынталандырып, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра түседі.Сондықтан да әрбір тақырыпты ,тарауды қайталаған сайын сөзжұмбақпен жұмыс жасауды дағдыға айналдырған жөн.
Сөзжұмбақ «Атомдық физика»
Ф | И | З | И | К | А | ||||
Т | |||||||||
О | |||||||||
М | |||||||||
Д | |||||||||
Ы | |||||||||
Қ |
Сұрақтар:
1-2-атом ядросын құраушы бөлшектер
3-электронды ашқан ағылшын физигі
4-атомның негізгі ортаңғы бөлігі
5-элементар бөлшектерді зерттеу үшін қалың қабатты фотоэмульсия әдісін ұсынған орыс ғалымы
6-табиғатта болатын өзгеріс
Жауаптар:
1-протон
2-нейтрон
3-Томсон
4-ядро
5-Мысовский
6-құбылыс
Лекция-10. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 10-сынып физикасы тақырыптарына инновациялық технологияларды қолдану.
Электродинамика негіздері
(Х сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Электродинамика негіздері
бойынша немесе «Табиғаттағы электромагеиттік құбылыстар» тақырыбы бойынша қайталау-пысықтау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
«Электродинамика» тарауы бойынша негізгі физикалық заңдылықтарды: Кулон заңын, Ампер заңын, Джоуль-Ленц заңдарын, тізбектей және параллель қосудың заңдылықтарын қайталап,бір жүйеге келтіру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұлы физиктердің : Фарадейдің, Максвельдің өмірбаяндарымен таныстыра отырып, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық көзқарастарды оята отырып, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеуге ат салысу.
Дамытушылық:
Оқ