Лім жазасы түріндегі жазаны орындауды құқықтық реттеу.

1.Өлім жазасы түріндегі жазаны орындауды құқықтық реттеу.
2.Өлім жазасы түріндегі жазаны орындаудың ерекшеліктері және тәртібі.


ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы өлiм жазасын қолдану негіздерін реттейді.
Өлiм жазасы - ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористiк қылмыстар үшiн, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшiн ең ауыр жаза ретiнде белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамға кешiрiм жасау туралы өтiнiш ету құқығы берiледi.
Өлiм жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкiм шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
Қазақстан Республикасының Президентi өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзген кезде, өлiм жазасы туралы үкiмдi орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.
Өлiм жазасы туралы үкiм ерте дегенде ол күшiне енген сәттен бастап бiр жылдан кейiн, сондай-ақ өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан соң ерте дегенде бiр жыл өткеннен кейiн орындалады.
Өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен жазаны ерекше режимдегi түзеу колониясында өтеу арқылы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкiн. Өлiм жазасына кесiлген адамдардың, өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылған жағдайда, олардың мораторий енгiзiлгенге дейiн өтiнiш бергенiне немесе бермегенiне қарамастан, кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 165 бабы ҚР-да өлім жазасын атқарудың тәртібі мен шарттарын көрсетеді.Өлiм жазасына сотталған адамды ұстаудың жағдайы оны күшейтiлген күзетпен және жалғыз адамдық камерада оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Сотталушы кешiрiм жасау туралы өтiнiш берген жағдайда үкiмнiң орындалуы Қазақстан Республикасының Президентi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Сотталушы кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқан жағдайда тергеушiлiк оқшаулау орнының әкiмшiлiгi прокурордың қатысуымен тиiстi акт жасайды.
Сот үкiмiнiң заңды күшiне енуi, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қадағалау тәртiбiмен соттың үкiмiне қарсылық жасау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы және iстi қадағалау тәртiбiмен қарау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қорытындылары, сондай-ақ кешiрiм жасау туралы өтiнiштiң қабылданбағаны туралы хабарлама немесе сотталушының кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқаны туралы акт өлiм жазасы түрiндегi жазаны орындау үшiн негiз болып табылады.
Өлiм жазасы туралы үкiм ол күшiне енген кезден бастап ерте дегенде бiр жыл өткеннен кейiн, сондай-ақ өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан соң ерте дегенде бiр жыл өткеннен кейiн орындалады.
Үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн сотталушының заңда белгiленген тәртiппен кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзген жағдайда, сотталғанның мораторий енгiзiлгенге дейiн не ол қолданылған уақытта өтiнiш бергенiне немесе бермегенiне қарамастан, мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн де бiр жыл iшiнде кешiрiм жасау туралы өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар.
Ол:
заңда көзделген тәртiппен қажеттi азаматтық-құқықтық және неке-отбасылық қатынастарды ресiмдеуге;
заң көмегiн алуға және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда, ұзақтығы мен санына шек қойылмай адвокатпен кездесуге;
қажеттi медициналық көмек алуға;
хаттарды шек қойылмай алуға және жiберуге;
зайыбымен, жақын туыстарымен ай сайын бiр қысқа мерзiмдi кездесуге;
дiн қызметшiсiмен кездесуге;
күн сайын ұзақтығы отыз минут болатын сейiлдеудi пайдалануға;
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қатаң режимдегi түзеу колониясында ұсталатын сотталғандар үшiн көзделген мөлшерде ақша жұмсауға құқылы.
Өздерi жөнiндегi сот үкiмi заңды күшiне енген, бiрақ кешiрiм жасау мәселесi шешiлмеген не кешiрiм жасау туралы өтiнiшi қанағаттандырылған өлiм жазасына сотталғандар жазасын одан әрi өтеу үшiн түзеу мекемесiне жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 123-бабында көзделген жағдайларда ұсталады.
Өздерi жөнiндегi кешiрiм жасау туралы өтiнiш қабылданбаған өлiм жазасына сотталғандар үкiмдi орындау үшiн тиiстi мекемелерге жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 127-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда ұсталады.
Өлiм жазасы жария етпей ату жолымен орындалады. Бiрнеше адамға қатысты өлiм жазасын орындау әрбiреуiне қатысты жеке және өзгелерi жоқта орындалады.
Өлiм жазасын орындау кезiнде прокурор, өлiм жазасы атқарылатын мекеменiң өкiлi және дәрiгер болады.
Сотталушының өлгенiн дәрiгер куәландырады. Сот үкiмiнiң орындалғаны туралы хаттама жасалады, оған осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қол қояды.
Жазаны атқарған органның әкiмшiлiгi үкiм шығарған сотқа, сондай-ақ сотталған адамның зайыбына немесе жақын туыстарының бiрiне өлiм жазасының атқарылғаны туралы хабарлауға мiндеттi. Өлiктiң жерленген жерi туралы туыстарына жерленген кезден екi жыл өткен соң хабарланады.
Азаматтық хал актiлерiн жазу органына әкiмшiлiк белгiлеген үлгiде хабарлама жiбередi және туыстарына олардың өлуi туралы куәлiктi қайдан алуына болатын орынды хабарлайды.
Соңғы жылдары өлім жазасын колданатын қылмыстар бағыты азая бастады. Одан, валюта ережесін бұзғаны үшін аса көп мөлшердегі ұрлағандар, парақорлык және т.б. шығарылып тасталды.
Өлім жазасы қолданылмайтын сотталғандар тізімі кеңейтілді. Егер де бұрын өлім жазасы қылмыс істегенде 18 жаска толмаған болса, сондай-ақ қылмыс жасағанда, үкім шығарғанда және оны орындау кезінде аяғы ауыр әйелдерге колданылмайтын болса, енді Жаңа заңдар бойынша бұған кәмелетке толмағандармен қатар, әйелдердің бәріне және 65 жастан асқан ерлерге қолданылмайды.
Халықаралық Конвенция кейбір дәрежедегі сотталғандарға өлім жазасын колданбау туралы нормалар ұсынды. Мұның 18 жасқа толмағандарға қатысы бар. Ал, Оңтүстік Кореяда, Бирмада, Зимбабведе, Барбадоста, Суданда тағы кейбір елдерде бұл - 16 жас, Индияда, Иракта жас шектелмеген. АКШ-тың өлім жазасы сақталған 37 штаттарында 11-інде ең төменгісі - 18 жас, 15 штатында 12-ден 17 жас, ал 11 штат пен федералдық аймақта - ол тіпті белгіленбеген. 1989 жылдың маусымында Кентукки мен Миссури штаттарында кісі өлтіргені үшін 15 пен 17 жастағы жасөспірімдерге өлім жазасына үкім шығарылған. 1986 жылдан бері АКШ-та өлім жазасына барлығы 35 кәмелетке толмағандарға үкім шығарылған. Ал Кубада, Болгарияда және Мажарстанда бұл - 20 жас. Гватемала мен Бутанда 70 жасқа, ал Моңғолияда 60 жаска толғандарға өлім жазасы қолданылмайды. Барлық елдерде (Ираннан баска) аяғы ауыр әйелдерді азаптауға болмайды, ал кейбір елдерде босанғаннан кейін жаза тарттырады. Румынияда үш жасқа дейінгі баласы бар ананы, ал Монғолия мен Гватемалада барлық әйелдерді өлімге жазалауға болмайды.
Кәмелетке толмаған жасында қылмыс істегендерге өлім жазасын қолданбау негізді сияқты. Бұл уақытта жастар өздерінің істеген қылығына түгелдей есеп бере алмайды, өмірдегі тәжірибесі жеткіліксіз. Көптеген жас адамдар өте қызба келеді, олардың психикасы тұрақсыз, мінез-құлкын ұстай алатын әлеуметгік механизмдері әлі орнығып болмаған.
Жасы келген адамдарға өлім жазасын қолданбауы адамгершілік жағынан түсіндіруге болады. Әр түрлі себептерге, соның ішінде физиологиялық жағынан алғанда, олар өлтіруге өте сирек барады. (Ал өлім жазасы тек осындай ғана қылмысқа беріледі).
Мұндай сотгалғандарда қайталанба кылмыс көп кездеспейді. Сондықтан, бұл жастағы сотталғандарға өлім жазасын қалдырудың негізі жок.
Ал әйелдер ерлерге қарағанда ауыр кылмысты едәуір сирек жасайды. Оларға өлім жазасын колдануға тыйым салынғанша, ондай жаза оқта-текте колданылған. Әрине, мұнда заң шыға-рушылар жағынан әйелдерге деген адамгершілік көрінеді.
Бірінші рет Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабында әркімнің өмір сүруге құқығы бар екендігі бекітілген және оған қоса өлім жазасы ерекше ауыр кылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім сұрау туралы арыздану құқығы беріледі делінген. Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабында көрсетілген адам өлтіру кісі өлімі жөнінде ғана емес, сонымен қатар оның басқа да объектісі адам өмірі болып есептелетін кылмыстар жөнінде болмақ.
Заңда өлім жазасын сақтау керек пе, жоқ па бұл жөнінде дүние жүзінде көп айтыс жүріп жатыр. Заңда сақтамау керек дейтіндердің айтуынша өмір - құдай немесе жаратылыс сыйлаған ең қымбатты байлық, сондықтан оны адам баласы заңмен жоюға тиісті емес. Одан басқа түзеуге болмайтын жиі көзделетін сот қателіктеріне көп сілтейді.
Өлім жазасын сақтауды жақтайтындар көптеген елдерде тек басқа біреудің өмірін жойған, аса ауыр қылмыстарға колданылатынына, сонымен олар ондай қылмыс жасап өз өмірін адамзат қоғамынан шығарып тастайтындығына, адамзат арасында тұру құқығынан айырылатынына сілтейді. Сонымен бірге өлім жазасын алып тастауға бұқара көпшілігінің өте-мөте карсы екенін де білдіреді.
Кейбір жағдайларда өлім жазасының заңда болғандығы қылмыс тоқтату рөлін атқарады, әсіресе бас бостандығынан айыру орындарында ұзақ мерзімге сотталғандардың кылмыс жасағанында; тапсырыс арқылы өлтірілулерде; полиция кызметкерлері мен әскери кызметкерлерге қару ұрлау мақсатында шабуыл жасағанда, тағы басқа жағдайларды еске алмауға да болмайды.
Дүние жүзіндегі көптеген елдерде өлім жазасы қолданылады. Оны 35 елдерде алып тастаған. Оларға кіретіндердің ішінде: Австрия, Австралия, Германия, Дания, Исландия, Колумбия, Нидерландия, Норвегия, Португалия, Финляндия, Швеция, Франция бар. Тағы 18 ел соғыс уақытында немесе төтенше жағдайларда ғана өлім жазасын қолдануды қарастырған. Бұлар - Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Израиль, Испания, Италия, Канада, Мексика, Швейцария.
26 елдер мен аумақтар карап отырған жаза шараларын сақтаған, бірақ 10 жылдан астам мерзім ішінде іске асырмаған. Ақырында, 100-ден астам елдерде өлім жазасын қолданылады.
Дүние жүзіндегі барлық елдерде өлім жазасын қолдану қысқарып отырған жок. 1965 жылдан бері 50-ден астам елдерде өлім жазасы қолданылатын қылмыстар саны кеңейтілген. 21 елде елдің кауіпсіздігіне байланысты кылмыстары үшін өлім жазасы енгізілген (тыңшылдык, сатқындық, "төнкеріске карсы" немесе төңкерісшілдік әрекеттері үшін).
13 елде өлім жазасы терроризм үшін, соның ішінде ұшақ айдап кеткендерге, егер де ол кісі өліміне әкеліп соқтырса, аманатқа алғандарды өлтіргені үшін енгізілген.
21 елде өлім жазасын заңсыз есірткі айналымын жүргізуге байланысты кылмыстар үшін колданады.
13 елде айтылған жазаны экономикалык кылмыстар үшін енгізген (сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік мүлікті талан-таражға салғаны, кеден кызметкерлеріне шабуыл жасағаны, қарумен тонағаны үшін).
Шығыстың кейбір елдерінде өлім жазасы некебұзарлар, зорлағандар, гомосексуалистер, мұсылман еместер мен мұсылман әйелдері арасындағы жыныстық қатынасы, спирт ішімдіктерін ішкені (алдымен үш рет сотталғаннан кейін) үшін белгіленген.
Кейбір елдерде бұл жаза адамды ұрлап және онын каза болғаны үшін белгіленген.
1979 жылы Қытайдың қылмыстық Кодексі өлім жазасын 15 қылмыс түрі бойынша қылмыс жасағандарға енгізді. 1982-1983 жылдары оған тағы 14 қылмыс түрі қосылды.
Өлім жазасын қолданатын мемлекеттер саны оның заңда белгілегендерінен аз.
БҰҰ-ына өлім жазасын колдану туралы мәліметтерді 60-70 мемлекеттер береді. 1969-1973 жылдары мәлімет бергендердің 40%, 1974-1978 жж. - 60%, ал 1979-1983 жж. -71% оны қолданған. Сонымен, бұл жазаны қолданушылар, негізінен адамның жеке басына қарсы істелген кылмыстар есебінен өсіп келеді.
"Халықаралық рақымшылық" ұйымының мәліметінше 1980-1987 жж. әр жыл сайын өлім жазасьша 1160-3209 адамға үкім шығарылғанымен, шынында 743-тен 3278 адамға дейін жазаланған.

2. Өлім жазасы - заңға белгілі жазалардың ішіндегі ең қатал шарасы. Сонымен катар мұндай істер женіндегі соттың қатесі үкім орындалып болғаннан кейін түзетілуі мүмкін емес. Сондықтан, адамның дұрыс сотталғандығының өте ұқыпты тексеру процедурасы көзделген және өлім жазасын басқа жазамен сот тәртібімен үкімді өзгерту жолымен, әлде кешірім жасау арқылы ауыстыру мүмкіндіктері көзделген.
Өлім жазасына сотталған адам шығарылған үкімге шағым арыз беруге кұкы бар. Тіпті арыз түспеген жағдайда да соттаудың дұрыстығын бақылау ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас Прокуратурасы тексереді. Олар өлім жазасының дұрыс қолданылғаны туралы өздерінің қорытындысын береді немесе үкімге қарсылық білдіреді. Сотталғанның және сонымен қатар бақылау тәртібімен арыз берілуі, үкімді орындауды тиісті жоғарғы сатыдан жауап алынғанша тоқтатады.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған Қазақстан Республикасы Президентіне кешірім жасау туралы өтініш жібереді. Егер де ол кешірім сұраудан бас тартса, ол жөнінде тиісті акт жасалып, үкімнің көшірмесін, ұйғарымды және баска керекті кұжаттарды қосып сотталғанның кешірім сұрау мәселесін карау үшін Президент Аппаратына жіберіледі.
Сотталғанға тиісті кұқықтың ішінде (олар, яғни, түсіндірілген болуы тиіс) атайтыны, ол заңда көзделген тәртіппен кажетті азаматтык-құқықтық және неке-отбасылык қатынастарды рәсімдеу мүмкіндігі. Заң көмегін алуға және уакыт ұзақтығы мен санына шек койылмай адвокатпен оңаша кездесуге кұқылы. Кешірім жасау туралы барлық арыздар мен өтініштер қанағаттандырылмай, үкім күшінде қалдырылғаны туралы хабарлама түскеннен соң жаза бір жыл өткеннен кейін ғана орындалады. Өлім жазасына сотталған адам күшейтілген күзетпен және бір кісілік камерада ұсталуы тиіс. Сонымен катар қызметкерлердің де қауіпсіздігі сақталуы тиіс.
Сотталғандар сейілдеуге камера сайын бөлек-бөлек, басқа сотталғандардан аулақ, оңаша шығарылады. Камера күн сайын тексеріледі, әлсін-әлсін ұқыпты тінтіледі. Сотталғандарды камерадан шығарудың туысқандарымен, діни қызметкермен кездестірудің арнайы ережесі болады, ол сенімді күзетпен және қызмет істеп жүргендермен, кездесуші адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өлім жазасына сотталғанға керекті тұрмыстық жағдай жасалады, тиісті төсек-орын беріледі. Үш рет тамақтандырылады.
Керек жағдайда медициналық көмек көрсетіледі. Егер де онда көмек көрсетуге мүмкіндік болмаса, жағдайы бар жерге апарылады.
Үкім занды күшіне енгеннен кейін өлім жазасына сотталғандарға арнайы үлгідегі киім кигізіледі.
Сотгалғандарға бас бостаңдығынан айыру орны кітапханасының газет, кітаптарымен пайдалануға рұқсат етіледі; хат алып және жіберуге шек қойылмайды; тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті нәрселерді сатып алуға қатаң режимдегі түзеу колониясында ұсталатын сотталғандарға белгіленген мөлшерде акша жұмсай алады. Өлім жазасына сотталғандар еңбекке тартылмайды.
Сот үкімінің заңды күшіне енуі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қадағалау тәртібімен соттың өкіміне қарсылык білдірудің негізі жоқтығы туралы және істі қадағалау тәртібімен карау үшін негіздердің жоқтығы туралы Казақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қорытындылары, сондай-ак кешірім жасау туралы өтініштің канағаттандырыл-мағаны туралы хабарлама немесе сотталғанның кешірім жасау туралы өтініш беруден бас тартқаны туралы акт - өлім жазасын орындау үшін негіз болып есептеледі.
Өлім жазасы жария етілмей ату жолымен орындалады. Бірнеше адамға өлім жазасы орындалатын болса онда әрбіреуіне жеке-жеке және басқалардың жоғында орындалады.
Өлім жазасын орындау кезінде прокурор, өлім жазасы атқарылатын мекеменің уәкілі және дәрігер болады. Сотталғанның өлгенін дәрігер куәландырады, ол жөнінде хаттама жасалып, оған көрсетілген адамдар қол қояды.
Жазаны аткарған органның әкімшілігі үкім шығарған сотка, сондай-ақ, сотталғанның жақын туыстарының біреуіне өлім жазасының орындалғаны туралы хабарлауға міндетті. Өліктің жерленген жері туралы туыстарына жерленген кезден екі жыл өткен соң хабарланады.
Азаматтық хал актілерін жүргізу органына әкімшілік белгіленген үлгіде хабар жібереді және туыстарына оның өлгені туралы куәлікті алатын жерін хабарлайды.

№1 аралық бақылау сұрақтары:

ҚР қылмыстық-атқару заңдары:түсінігі, мазмұны, мақсаты мен міндеті.

Қылмыстық-атқару құқығының өзге пәндермен арақатынасы.

Қылмыстық-атқару заңдарының кеңістік пен уақыттағы күші.

Қылмыстық-атқару заңдарының нормалары: түрлері мен құрылымы.

Мемлекеттің қылмыстық-атқару саясаты және оның қылмыстылықпен күрестегі орны.

ҚР қылмыстық-атқару құқығының қағидалары.

Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі: түсінігі мен құрылымы.

Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымы.

Жазаның орындалу негіздері.

Сотталған әскери қызметшілерге қатысты ҚР қылмыстық-атқару заңдарының әсері.

Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары.

Жазаны өтеуді орындау негіздерін құқықтық реттеу және түзеу түріндегі шараны қолдану.

Жазаны өтеуші адамдардың құқықтық жағдайларының түсінігі.

Сотталғандардың негізгі міндеттері және құқықтары.

Жазаны орындаушы мекемелер мен органдар, олардың мақсаттары мен қызметіне бақылау жасау.

Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауына байланысты жазалардың орындалуы, олардың түрлері, мақсаты, орындалу тәртібі.

Айыппұл түріндегі жазаны орындау.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындау.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау.

Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау.

№2 аралық бақылау сұрақтары:

Жазаны өтеген адамдардың құқықтық жағдайлары.

Түзеу мекемелері: олардың түрлері мен мақсаттары.

Түзеу колонияларының түрлері ме мақсаттары.

Түзеу мекемелерінде сотталғандарды бөлек ұстау.

Түзеу мекемелерінің, түзеу колонияларының түрлерін сотпен белгілеу.

Режим: түсінігі, қамтамасыз ету құралдары, негізгі талаптары.

Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау.

Арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру жазасын орындау.

Мүлікті тәркілеу жазасын орындау.

Қамауға алу түріндегі жазаны орындаудың тәртібі және жағдайы.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау орындары.

Бас бостандығынан айырудағы сотталғандарды топтастыру және оның жаза мақсаттарына жетудегі маңызы. Түзеу мекемелерінде сотталғандарды топтастырудың критерийлері.

Сотталғандарды жазаны орындау уақытында түзеу мекемелерін ауыстыру түрлері.

Сотталғандардың түзеу мекемелерінен қысқа мерзімге тысқары шығуы.

Сотталғандардың еңбектерін және кәсіби дайындықтарын құқықтық реттеу.

Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандарға қолданылатын мадақтау және жазалау шаралары. Тәртіпті қасақана бұзудың түсінігі. Жазаны өтеу, сотталған адамның тәртіпті қасақана бұзуын мойындаған жағдайда жазаны өтеу.

Сотталғандардың еңбектерін және кәсіби дайындықтарын құқықтық реттеу.

Бас бостандығынан айырылғандарды дәрігерлік-санитарлық және тұрмыстық-материалдық заттармен қамтамасыз ету.

Әр түрлі түзеу мекемелеріндегі жазаның орындалуының ерекшеліктері.

Қоныс-колонияларында, түрмелерде жазаны орындаудың ерекшеліктері.

Түрмедегі жазаның орындалуының шарттары және тәртібі.

Тәрбиелік колониялар, олардың міндеттері, ондағы режимнің түрлері және жазаның орындалу ерекшеліктері.

Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаның орындалуы, сотталған әскери қызметкерлерді тәртіптік әскери бөлімде ұстау және қамау.

Өлім жазасы түріндегі жазаның орындалуы.

Жазаны өтеуден босатылудың негіздері.

Жазаны уақытынан ерте өтеуден әскери қызметкерлерді, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарды, кешірімге ұсынылған сотталғандарды, шартты түрде сотталғандарды, рақымшылық актісі бойынша босатылғандарды жазасын жеңіл жазамен ауыстырудың тәртіптері.

Науқасына байланысты ерте босатуға ұсынудың тәртібі.

Жүкті әйелдерге және жас балалары бар әйелдерге жазаны орындауды кейінге қалдыру.

Жазасын өтеуден босатылған сотталғандарға көмек беру және оларды бақылау.

Шартты түрде сотталғандарға бақылау жасаушы органдар және оны жүзеге асыру тәртібі.

Сотталғандармен айналысу жөніндегі халықаралық актілер және халықаралық ынтымақтастық.

ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нормативтік актілер:

1) ҚР Конституцясы 1995 ж.

2) ҚР Қылмыстық Кодексі.

3) ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексі.

4) ҚР Қылмыстық-атқару Кодексі.

5) «Бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғандарды әкімшілік бақылауға алу» ҚР заңы.

6) «Атқару өндірісі және сот орындаушылардың мәртебесі» туралы ҚР заңы.

7) «Күдіктілерді және қылмыс жасаған қылмыскерлерді қамауда ұстау тәртібі мен жағдайы» туралы ҚР заңы.

8) «Бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғандарды әкімшілік бақылауға алу» туралы ҚР заңы.

9) «Бас бостандығынан айыру туралы жазаны тағайындаудың кейбір мәселелері» туралы ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулысы.

Оқу әдебиеттері:

1) Назарбаев Н.Ә. 2003 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы. // Заң газеті. 2001. 1 мамыр.

2) Чукмаитов Д.С. ҚР қылмыстық-атқару құқығы. Қарағанды. 2011

3) Рогов И.И. Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының кейбір аспектілері. «Қазақстандағы түрмеге қамаудың альтернативалары» атты халықаралық конференцияның материалдары. Penal Reform International, 2000.

4) Филимонова А.А. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңы: Оқу құралы (кесте). Алматы: ЖҚМ «Әділет», 2001.

5) Селиверстов В.И. Қылмыстық-түзеу құқығы: комментарийлер мен кестелер. М.Заңтану. 2000.

6) Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы. Алматы: Баспа.1997.

7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне комментарийлер. Алматы. Баспа.1999.

8) Чукмаитов Д.С. Қазақстан Республикасының заңы бойынша жазаны орындаудың теоретикалық негізгі жүйелері. Алматы.Баспа.1999.

9) Балтабаев Қ.Ж. Жазаның орындалуы: ҚР заңы және халықаралық нормалар. Алматы.Атамұра.1999.

10) Чукмаитов Д.С. Рецидивтік қылмысты ескерту жөніндегі қылмыстық жазаны қолдану. Алматы.Баспа. 1997.

11) Пенитенциарлық мәселелер бойынша халықаралық құжаттардың жинағы. Құрастырушы: Самалдықов М.К. Алматы. ҚР АЖМ IIМ.1993

12) Қайыржанов Е.І., Накипов Б. Рецидивтік қылмыстар: алдын-алу және жағдайы, Алматы ҚР АВСШ ГСК,1996.

Наши рекомендации