Тақырып: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары

Қазақ тілін саналы және сапалы меңгерту – жаңа технологияларды тиімді әрі ұтымды қолданумен тығыз байланысты. «Технология» терминінің түсінігі әр қилы В.И.Шепельдің айтуы бойынша технология – өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды зерттеуге бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы ұғымын білдіреді.

Педагогика ғылымында «педагогикалық технология» ұғымына бір жақты анықтама беріле қойған жоқ. «Педагогикалық технология» ұғымына 1960 жылдары алғаш рет АҚШ-та енгізіліп, әр түрлі түсініктер берілген. Ресейде 1990 жылдардан, Қазақстанда 1993 жылдардан басталады. Ресейде педагогикалық технологияны алғаш зерттеп, әдебиеттерге енгізген ғалымдардың бірі – В.П.Беспалько: «Педагогикалық технологияны – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер деп қарастырады. «Педагогикалық технология» ұғымына алғаш рет жүйелі зерттеу жүргізген Т.Ильинаболды.

Технология – «шеберлік туралы ғылым» деген ұғымды білдіретін грек сөзі.

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жағдайындағы әдістемелік жүйеге қойылатын талаптар:

І. Әдістемелік жүйені жетілдірудің қажеттілігі: оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау;оқытуды ұйымдастыруды ұйымдастырудың формасын дәл анықтау.

2. Оқыту мотивациясы мен белсенділігін қалыптастыру:

– оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыра алу;

– оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығын қалыптастыру;

3. Оқу іс-әрекетін басқару үрдісін жетілдіру:оқушының өзін-өзі басқаруы;оқушының өз әрекетіне өзіндік баға беру.

Педагогикалық технологияның басты белгісі мыналар:

1. Оқушының білім алу, даму, басқа да іс-әекеттерін мақсатты түрде жүзеге асыра білу.

2. Білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәежеде тәрбиелеу.

3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

Педагогикалық технологиялардың түрлері

                         
 
Ынтымақтастық педагогикасы
 
Білім беруді ізгілендіру технологиясы
 
Ойын арқылы оқыту технологиясы
 
Проблемалық оқыту технологиясы
 
 
Модулььдік оқыту технологиясы
 
Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы
    Тақырып: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары - student2.ru
 
  Тақырып: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары - student2.ru     Тақырып: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары - student2.ru
 
 
 
Сын тұрғысынан дамыту технологиясы
 
Оқытудың компьютерлік технологиясы
 
Бағдарламалап оқыту технологиясы

Сонымен бірге, Эрдиневтің – ірі блокпен окыту технологиясы (дидактикалық бірлікті шоғырландыру технологиясы).

• Неменскийдің әсемдікке баулу жүйесі.

• Соңғы жылдары оқытудың ұжымдық технологиясы мен В.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі қолданып жүр.

• Ал Қазақстандық профессор Қараевтың тұжырымдамасы негізінде жасалған деңгейлеп саралап оқыту немесе «Мақсат қою» технологиясы.

• Профессор У.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы».

• Қ. Бітібаеваның «Эвристикалық жобалау технологиясы».

Сондай-ақ: 1. Проблемалық оқыту әдісі – негізін салушы Джон Дьюий 1894 жылы Чикаго университетінде енгізген. Бізде бұл әдісті «Махмудовтың проблемалық әдісі» деп те атайды. Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылады.

2. Дьяченконың жұптап оқыту әдісі – баланы бір-біріне үйрету, бірінін білім деңгейін біріне бағалату, нұсқа бойынша тапсырмаларды беріп, келесі нұсқаны оқушыларға тексерту, яғни оқушыны өзара байланыстыру.

3. Канаржевский әдісі – жаңа сабақ мазмұнынан бір сюжетті оқып беру, тақырыпты жасырын ұстау арқылы оқушының назарын сабаққа аудару.

4. Тағы бір жиі қолданылатын әдіс – Границскаяның көп деңгейлі тапсырма беру әдісі. Оқушының қабілетіне байланысты жалпылама да, жеке де жүргізуге болатын әдістің түрі. Бұл әдісті Қазақстанда өңдеп, зерттеуші – Ж.Қараев.

5. Шадриковтың жеке оқыту әдісі — әр оқушыға жеке келу арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру. Бұл технологиямен жұмыс жасау кезіңде оқушының жеке ерекшелігі мен туа біткен қабілеті ескеріледі.

6. Жаңа педагогикалық технологияларда өзін-өзі ақтаған жаңа әдістердің бірі - саралап оқыту. Америкада бастауыш сыныптарда, Франция мен Жапонияда жоғары сыныптарда саралап оқыту жақсы нәтижелер беріп, дүние жүзінің көптеген елдерінде қолдануда.

7. Жаңа педагогикалық технологияның XX ғасырдын 60 жылдарында пайда болған түрі — «Модульдік блокпен оқыту жүйесі». Бұның дүние жүзінде 4 түрлі жолы бар: 1. Американдық Модуль. 2. Скобиннің орыс Модулі. 3. Неміс Модулі. 4. Алвксюк пен Фурманның украиндік Модулі.

8. В.Ф.Шаталовтыңтірек-сызба нұсқа және өзара байланысты үш деңгей әдісі.

9. В.В Фирсовтыңдифференциалды оқыту түрі.

Мұндай педагогикалық технологиялардың жан-жақты тараған, оң нәтижесін танытып жатқан бірқатар түрлерін атауға болады:

Дамыта оқыту технологиясы.Бұл технология 46 елдің 700-ге жуық мектебінде қолданылып жүр. Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, талдап көмектесіп отыруды көздейді.

Деңгейлеп оқыту технологиясы.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.«Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі, ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау.

Оқытудың компьютерлік технологиясы. Білім беру жүйесінде жаңа-ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуші техниканың техникалық құралдары, оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады.

Топтастыру технологиясы.Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ ұйымы, леция-семинарлық жүйе, белл-ланкестрлік жүйе, зертханалық-топталған әдіс, сызба әдісі, трамп әдісі болып сараланады. Белл-ланкестрлік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар бірінші мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше тапсырмаларды орындайды, содан соң жақсы нәтиже алған оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді. Трамп жүйесін пайдаланған кезде мұғалім оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін сыныпты топтарға бөледі. Әр топтың басшысы сайланады. Әр топ өзіне бөлінген тапсырмаларды орындайды. Топ мүшелерінің тапсырманы орындауға қатысқандары сараланады.

Ұжымдық оқыту технологиясы.Негізін қалаған А.Н.Ривин және оның шәкірттерінің тәжирибесі біздің заманымыздың 40-жылдарына дейін белсенді түрде жүзеге асып келеді. Қазіргі кезде бұл әдісті жалғастырып, насихаттаушы В.Н.Дьяченко. Әдістің негізгі мәні – оқушыларды өз бетінше білім алуға үйрету, дербестігін қалыптастыру.

Проект технологиясы. Өз бетімен оқу жұмыстары– педагогтарда бұрыннан келе жатқан өзекті мәселе. Оны зерттеу барысында көптеген педагогтар, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы методистер мен психологтар үлкен көңіл бөлді. Олар мектеп жүйесіндегі оқытуда, оқу-тәрбие барысында жоғары нәтижелі амалдар арқылы оқушылардың өз беттерінше оқу жұмыстарының әр түрін таппақшы болды.

Наши рекомендации