Taқыpыбы: МЕН ЖАҚСЫ БАЛАМЫН
Мақсаты:«жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
• «жақсылық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;
• бойларындағы жақсы қасиеттерді дамыту;
• жақсы, әдепті, ақылды болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: Жақсы бала жағадағы құндыз, аспандағы жұлдыз
Ic-әpeкeт бөлiмдepi | Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi | Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy | Шаттық шеңбері Педагог балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын айтып, сабақты бастайды. Өзім жақсы баламын Б. Ысқақов Өзім жақсы баламын, Апа тілін аламын, «Су әкеле ғой» десе, Су әкеле саламын. Өзім жақсы баламын, Апа тілін аламын, «Ойната ғой бөбекті» -Десе, ойната саламын. Өзім жақсы баламын Апа тілін аламын, Кетсе кешке киноға Үйде жалғыз қаламын. Өзім жақсы баламын, Апа тілін аламын, Мейлі қайда жұмсасын, Бәріне де барамын. Әңгімелесу • «Өзін-өзі тану» әлемінде нені үйренуге болады? • Жақсы бала деп кімді айтуға болады? Балалардың жауаптары. | |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy | Әңгімелеу Жақсылық пен жамандық (Үзінді) Ертегі Ерте, ерте, ертеде Жақсылық пен Жамандық атты адам-дар өмір сүріпті. Бір күні Жақсылық атыйа мініп, жолға шығыпты. Жолда оған Жамандық кездеседі. Жақсылық онымен жол-азығымен бөлісіп, әңгімелеседі. Бірақ Жамандық Жақсылықты алдап, атына мініп кетіп қалады. Жақсылық шаршап-шалдығып, жүре-жүре бір күркеге кеп тіреледі. Ол күркеге кірсе, ортада қазан толы ет асулы тұр. Жақсылық қазанға сұқ саусағын малып қана, сорпаның дәмін көреді де, төбесіне шығып, жатып қалады. Кешке қарай күркеге түлкі, қасқыр, арыстан келіп, тамақтанып, әңгімелесе бастайды. Олар үшеуі көрген-білгендерін айтысады. Түлкі тұрып: - Пәлен байдың қыстауында бір сүйем жерде тығулы жатқан бір кұмыра алтын бар. Мен күнде сол алтынды күзетіп жүрмін. - Ал мен бір ала тоқтыны карауылдап жүрмін. Пәлен жерде, пәлен байдың қызы ауырып жатыр. Оның емін ешкім білмейді. Ол қызға ала тоқтының өкпесін жегізсе ғана жазылады. Оған коса байдың емдеген адамға қызын берем деген жарлығы бар, - дейді қасқыр. - Мен де күнде бір байдың жылқысын жеймін. Мені ешкім қуып жете алмайды. Бірақ сол байдың жылқысының ішінде маған жететін бір ғана ала тайы бар, оны ешкім білмейді. Ол байдың да арыстанды ұстағанға бір үйір жылқы берем деген уәдесі бар, - деп арыстан мақтанады. Ертеңгісін Жақсылық қайтадан жолға шығады. Ол байдың үйіне жетіп, әлгі ауырып жатқан қызды ала тоқтының өкпесімен емдеп жазыпты. Ал бай оған қызын қосыпты. Жақсылық қызды алып, пәлен жердегі қыстауға барып, алтынды казып алады. Енді Жақсылық жылқысын арыстан жейтін байға келеді. Ол жылқының ішінде жүрген ала тайды алдырып, оны ерттеп мініп, арыстанды ұстайды. Ал бай уәдесінде тұрып, оған бір үйір жылқысын беріпті. Сөйтіп, Жақсылық бай болыпты. Жыл артынан жыл өтіп, бір күні Жақсылықтың үйіне Жамандық келіпті. Ол арып-шаршаған, өзі қайыршыға ұқсаған. - Жақсылық, мен саған жамандық істеп, алдап кеттім. Енді сен айт, осындай байлықка қалай қолың жетті? - дейді ол. Жақсылық керген-білгенін айтып, Жамандықты жолға шығарып салады. Жамандық күркеге кеп, шыдамай қазаннан бір тоқпан жілікті алып жеп, сорпадан бес-алты рет ұрттап, күркенің үстіне шығып, жатып қалады. Кешке қарай түлкі, қасқыр, арыстан үшеуі келіп, ет пен сорпаның ортайғанын біліп, күркенің үстінен Жамандықты тауып алып, жеп қояды. Осылай Жамандық жамандығына қарай итқұсқа жем болыпты. Жақсылық жақсылығына қарай мұратына жетіп, бақытты өмір сүріпті. • Қалай ойлайсыңдар, Жақсылықтың бойында қандай қасиеттер басым? • Жамандықтың ісін қалай бағалар едіңдер? | Ата-аналардың пікірлерін тыңдау. Педагог балаларға ата-аналардың өз балалары туралы үнтаспаға жазып немесе бетінетасініға түсіріп келген әңгімелерін тыңдатады немесе көрсетеді. Ойын «Жақсы бала қандай?» Балалар шеңберге тұрып, төмендегідей сөздерді жылдам айтып, бір-бірінін алақандарын ұрады. • Жақсы бала ұқыпты. • Жақсы бала сыпайы. • Жақсы бала мейіршді. • Жақсы бала өз отбасын жақсы көреді. • Жақсы бала достарын сыйлайды. • Жақсы бала достарын тыңдайды. • Жақсы бала тәрбиешісін сыйлайды. • Жақсы бала табиғатты көрғайды. • Жақсы бала өз Отанын сүйеді. т.с.с. Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген мазмүнды суреттер арқылы әңгіме құрастыру. Дәйексөз Педагог «Жақсы бала жағадағы құндыз, аспандағы жұлдыз» деген нақыл сөзін бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. көздеріңді ашсаңдар да болады Балалардың жауаптары. Ертегідегі кейіпкерлер сияқты әр адам жақсылығына қарай жақсы атқа ие боп, жаман қылығына қарай жамандықка тап болады. Сол себепті де, адамның жақсы, жаман болуы өзіне байланысты екен. Әр бала әрқашан жақсы болуға, жақсы істер жасауға тырысып, біреуге жамандық ойламай, өтірік айтпай, әділ болу керек. Өзіммен-өзім Педагог баяу, жағымды әуен қойып, балалардың көзін жұмғызып, «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхат барысында қандай игі істер жасауға үйренгендіктерін және үйлерінде өздері қандай жақсы істер жасағандықтарын ойларына түсіріп. айтуларын сұрайды. Балалардың жауаптары. Ал кане, енді сендер туралы ата-аналарың, жақындарың қандай жылы, жақсы сөздер айтады екен. Тыңдап көрелік. • Достарың сендерді ачдап кетсе, не істер едіңдер? • Ал, сендер өздеріңді қандаймын деп ойлайсыңдар? Өздерің туралы айтып көріңдерші. |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. | - Балалар, міне бүгін «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызда біз отбасы, балабақша, достар, туған жеріміз, табиғат туралы әңгімелестік. Сыйластық, сүйіспеншілік, достық, татулық, қамқорлық, құрмет деген ұғымдармен таныстық. «Өзін-өзі тану» әлемі бізді өзіміздің отбасымызды, балабақшамызды, достарымызды, туған жерімізді жақсы көруге, сүюге, құрметтеуге, оның табиғатын қорғауға, аялауға үйретті. Біз саяхатымызда әлі де көптеген жақсы істер жасауға, тәрбиелі, ақылды, жақсы бала болуға үйренеміз. Үлкендерді сыйлаймыз, Ойыншықтарды жинаймыз. (ойыншықты жинаған сияцтъг еңкею). Киімімізді шашпаймыз, Әдемілеп реттеп, Ілгішке іліп қоямыз. (киімді ілгішке ілген сияцты қимыл жасау). Аяқ киім шаң болса, | Жүректен жүрекке - Балалар, қол ұстасып шеңберге тұрайық. Бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй тілеп, төмендегі өлең жолдарын айтайық. Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады. Біздер жақсы баламыз, (қолдарын көтере сермеу). Айтқан тілді аламыз. Тазалап оны қоямыз. (аяқ киім тазалаған сияқты қимыл жасау). Едендегі шаңдарды Шаңсорғышпен сорамыз.(алға қарай еңкею, шаңсорғышпен шаң сору). Айтқаңдарды бұлжытпай, Орындап біз қоямыз. (орнында отырып, тұру). |
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic:«жақсылық» ұғымын түсіне білуі тиіс.
Tүciнiгi:Жақсылық жасай білуді түсінеді.
Kөpceтe бiлyi: жағымды әдеттер көрсете біледі.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.
Бiлiм бepy салаcы:Таным.