Осы заңдарды басшылыққа ала отырып әлеуметтік педагог мындай қызметтік бағыттарда жұмыс жүргізеді.

Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:

• балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін

психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;

• социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау

арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;

• баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен

тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.

7.Рефлексивті немесе рефлексивті емес тыңдау тәсілін сипаттап, мысал келтіріңіз

Рефлексия - латын тілінен аударғанда «кейінге оралу» дегенді білдіреді.Шетелдік сөздікте рефлексия ішкі жай күйін толғау, өзін-өзі тану дегенді білдіреді,ал орыс тілінің сөздігінде рефлексияға «өзін-өзі тексеру»деген аударма береді.Педагогикада рефлексия іс-әрекет нәтижесін тексеру, байқау деген ұғыммен берілген.

Сөйлеу қарым-қатынасы арқылы психологиялық ақпарат алу әдістері вербалды-коммуникативті әдістерге жатады. Вербалды-коммуникативті әдістер қарым-қатынас арқылы жасалады. Осындай әдістің бірі -әңгімелесу. Өздік әдіс ретінде кеңес беру, сот, саяси психологияда қолданылады. Практик-психолог психотерапияны қолданған кезде кең пайдаланылады.

Әңгімелесу байланыс жасаудан басталады. Ол ішкі және сыртқы бақылау әдістерімен тығыз байланысты. Бақылау нәтижесінде экспресс-диагностика жасалып, арнайы таңдалған әңгімеге байланысты стратегия қолданылып, қажет жағдайда түзету еңгізіледі. Байланыс жасау кезеңінің негізгі мақсаты респондентте диалогты жалғастыруға деген қызығушылықты ояту.

Психологиялық әңгімелесудің тұрмыстық әңгімелесуден айырмашылығы пікірлесушілердің тәуелсіздігі. Психолог әңгімені бағыттап, сұрақ қояды. Респондент бұл сұрақтарға жауап береді. Осындай теңсіздіктер әңгіменің желісін бұзуы мүмкін, сондықтан әңгімелесуді тергеуге айналдырмау керек. Психолог әңгіме барысында психологиялық хал-ахуалды орнату керек. Респонденттің үздіксіз көңіл-күйін анықтау, оны реттеп отыру керек.

Белсенді тыңдау кезінде екі жағдайға назар аудару керек. Біріншісі, респонденттің ойының мағынасын түсіну. Бұл мақсат дұрыс ұйымдасқан әңгіме арқылы жүзеге асады. Екіншісі, психологтың эмпатиялық аяушылық білдіре алуы. Осы екі жағдай «тыңдау» және «есту» деген түсініктерге әкеледі. В.В.Никандровтың айтуынша «тыңдау» - интеллектуалды мақсатты шешу, ал «есту» - эмоционалды байланысты орнату. Кез-келген әңгіме сөз тіркестерінен тұрады. Алайда кейбір тіркестер респонденттің қорғаныш реакциясын тудырып қарым-қатынастың жатылуын тудыруы мүмкін. В.В.Никандров мынандай тіркестерді атайды:

1. Жауап беруде бұйрық рай («анық айтыңыз!», «қайталаңыз»)

2. Қорқыту, қауіп төндіру («Сіз әлі өкінесіз»)

3. Уәде беру, саудаласу (тыңдаыңыз, мен сізді тыңдаймын)

4. Үйрету, ақыл айту («Бұл дұрыс емес»)

5. Кеңес беру, сипаттау («Мен сізге мынаны ұсынамын»)

6. Келіспеу, кінә арту (сіз ақымақтық жасадыңыз)

7. Келісу, мақтау (сіз дұрыс айтасыз)

8. Шек қою, қысым жасау (а, сіздер барлықтарыңыз бірдейсіздер)

9. Ұрсу, жеку (сұмырай, бәрін бүлдірдің)

10. Интерпретация (а, сіздер айтқандарыңызға өздеріңіз де сенбейсіздер)

11. Тынышталу, жұбату (бәрі де, қателеседі)

12. Тергеу (сіз енді не істейсіз?)

13. Проблемадан қашықтау, қалжыңдау (есіңнен шығарып таста)

Әңгіменің барысын сөзбен де, үнсіз де басқаруға болады. Үнсіз басқару – рефлексивті емес тыңдау деп аталады. Рефлексивті емес тыңдау зейінді үнсіздік іскерлігі. Адам әңгіме барысында өзі көп сөйлеп, аз тыңдағанды ұнатуы. Сондықтан, рефлексивті емес тыңдау әңгіменің нәтижелілігін арттырады. Рефлексивті емес тыңдау келесі жағдайяттарда тиімді:

1. Әңгімелесуші адам өз ойын толық жеткізгісі келеді.

2. Әңгімелесуші адам басқа адамдардың ойын есепке алмай, «ішіндегісін» сыртқа шығарғысы келеді.

3. Әңгімелесуші өз ойын еркін жеткізе алмайды, сондықтан оның әңгімесіне араласпау, оның өзін-өзі тыңдауын жеңілдетеді.

4. Серіктестігінің өзінен жоғары болуы әңгімелесуші адамның эмоционалды тарығуын тудырады.

Алайда рефлексивті емес тыңдаудың тиімсіз жақтары да бар. Біріншіден, байланыс қарым-қатынасы жоғалуы мүмкін. Себебі, психологтың үнсіздігін респондент мақұлдау деп қабылдауы мүмкін. Екіншіден, сөздік әдістерді мүлдем қолданбау байланыс қарым-қатынасының жоғалып, басшылық респонденттің белсенділігіне өтуі мүмкін.

Рефлексивті тыңдау хабарламаның дұрыс қабылдауын бақылауға жағдай жасайды. Бақылауды бағалау себептері:

1. Сөздің көп мағыналылығы. Сөздің қолдану мағынасын анық білу.

2. Ашық өзін-өзі білдірудің қиындығы. Ол белгілі бір ұлттың дәстүрі, шарттарына байланысты.

3. Респонденттің жеке бас қасиетіне байланысты. Мысалы, өз ойын толық жеткізе алмау, өз өзіне сенімінің болмауы т.б.

Әңгімені қолдану үшін рефлексивті тыңдау техникасының төрт негізгі әдістері бар:

1. Анықтау. Әңгімелесуші адамға белгілі бір сұрақтармен нақтылау.

2. Қайтадан сөз тіркесін өңдеу. Әңгімелесушінің өз сөзімен сөйлеуін қадағалау.

3. Сезімдерді бейнелеу.

4. Резюме жасау. Алынған хабарламаның нәтижесін қорытындылау.

Әңгімелесудің түрлері:

1. Терапиялық әңгіме.

2. «Экспериментке еңгізу» - бірлесуге шақыру.

3. Эксперименталды болжаудың мақсатын анықтау үшін эксперименталды әңгіме.

4. Автобиографиялық әңгіме.

5. Субъективті анамнезді жинақтау (сыналушының жеке бас ерекшелігі туралы дерек).

6. Объективті анамнезді жинақтау (респонденттің таныстары туралы дерек).

7. Телефон арқылы әңгімелесу.

8. Сұхбат алу.

Осы жіктемелерді әңгімелесу әдісі арқылы жүзеге асыруға болады.

2) Пікіртерім – берілген сұрақтарға жауап беруді тіркеу арқылы мақсатты ұйымдасқан алғашқы хабарлама алуға арналған арнайы әдіс.

Пікіртерім белгілі бірр жоспар бойынша жүрілуі керек. Ол эксперименталды зерттеуге негізгі әдіс болып енуі мүмкін. Пікіртерім стандартты немесе стандартты емес сауалнамалар арқылы жүреді. Стандартты емес сауалнамаларда респонденттердің индивидуалды реакциясына орай экспериментатор өзгеріс ендіре алады. Стандартты сауалнамалар жалпы зерттелетін проблемалар туралы жалпы түсінік береді. Сауалнаманың ерекшелігі оны жанама және көпшілікке бірден өткізе алуында.

В.В.Никандров сауалнама әдістерін үшке бөледі:

- «бетпе-бет сауалнамасы» - сұхбаттасу

- «жанама сауалнама» - сауалнама жүргізу.

- жеке бастың тестік сауалнамасы.

Сауалнамалардың беріктігін қамтамасыз ету үшін мынандай шарттарды орындау қажет:

1. Әрбір сұрақ логикалық және даралық сипатта болуы тиіс.

2. Арнайы терминдерді, түсініксіз немесе аз қолданылатын сөздерді қолданбаған жөн.

3. Сұрақтар қысқа болуы тиіс.

4. Қажет болған жағдайда сұрақты сілтеме жасап, қайталауға болады.

5. Сұрақ абстрактілі емес нақты болуы тиіс.

6. Сұрақтың шешімі болмауы тиіс.

7. Сұрақ респонденттерді жауап беруге мәжбүр еткізбеуі тиіс.

8. Жауаптардың шаблонды болуынан аулақ болу керек.

9. Респонденттің жағымсыз сезімдерін тудыратын сұрақтардан аулақ болу керек.

10. Сіз осы пікірмен келіспейсіз бе? Деген сұрақтарды қоюға болмайды.

Шешетін мақсаттарына байланысты сұрақтар мынандай түрлерге бөлінеді:

Ашық – жабық. Ашық (құрастырылмаған) сұрақтар ешқандай жауаптың алдын алмайды. Респондент еркін жауап береді. Жабық (құрастырылған) сұрақтар бірнеше жауап нұсқаларын таңдаудан жасалады. Дихотимиялық сұрақтарда «иә-жоқ» деген екі жауап қарастырылған. Егер бірнеше жауаптарды қажет ететін болса, онда сұрақ «бірнеше жауапты таңдау құқығы бар» болып саналады.

Ашық сұрақтардың ерекшелігі:

- табиғи жағдай орнайды

- ойланған жауаптар алуға мүмкіндік болады

- жауаптағы басымдылық көрсететін мотив, сезім, қызығушылықты бейнелеудің жоғары мүмкіндігі.

Ең негізгі кемшілігі - өңдеудің қиындығы. Жабық сұрақтардың жауабын өңдеу жеңіл, алайда ол ойланбаған, автоматты немесе кездейсоқ жауаптардан тұруы мүмкін.

Тікелей-жанама. Тікелей жауап респонденттің де, кореспонденттің де түсінікті жауабынан тұрады. Жанама сұрақта респонденттің ойы жасырын болады.

Жеке-жалпы. Жеке сұрақ тікелей респондентке арналады. Жалпы сұрақ баршаға арналған.

Субъективті-проективті. Субъективті сұрақта респонденттен белгілі бір жағдаятқа байланысты қарым-қатынасты анықтауға арналған. Проективті сұрақта үшінші адам туралы айтылады.

Негізгі-бақылаушы. Негізгі сұрақ зерттеушіге қажет хабарламаны алу үшін қажет. Бақылаушы – алынған хабарламаның беріктігін анықтау үшін қажет.

Қиын-жеңіл. Қиын сұрақтар респонденттердің жауабын қиындатады. Жеңіл сұрақтар тым қарапайым.

Тенденциозды – тендензиозды емес. Тенденциозды сұрақта респондент зерттеушінің көз қарасын жақтайды.

Әдепті-әдетінше. Әдепті сұрақ адамның сыртқа шығарғысы келмейтін ішкі және сыртқы өмірін сипаттайды.

3) Сұхбаттасу – арнайы жоспар бойынша құрылған әңгіме.

Сұхбаттасудың әңгімелесуден айырмашылғы қатаң ұйымдасқан мақсатты әңгімелесушілердің ассиметриялық функциясынан тұрады. Сұхбаттың сәттілігіне екі шарт қажет: қарым-қатынастың жағымды хал-ахуалы, сауатты құрылған сауалнама.Қарым-қатынастың алғашқы фазасына – байланыс орнату. Байланыс фазасы респондентте сұхбат беруге деген қызығушылықты тудыру керек.

Екінші фазада – сұхбаттаушы сұрақтар қоюы тиіс. Сұрақ қою барысында зерттеу затына деген өз қарым-қатынасын байқатпайды. Жауап реакциясы табиғи болады.Қорытынды фазасында әңгіме қорытындысы шығады. Сұхбаттау ұзақтығы қойылатын сұрақтың саны мен респонденттің жеке, дара ерекшелігіне байланысты.

Сұхбат жіктемелері:

- стандартталған немесе формализацияланған. Бұнда сұрақтардың жүйелілігі алдын ала анықталған.

- Стандартты емес, еркін. Сүхбаттаушы жалпы бағдарламаны басшылыққа алады да сұрақтар жағдаятқа байланысты қойылады.

- Жартылай стандартталған.

Стандартталған сұхбатқа арналған ереже:

1. Сыналушының кейбір мінез көрсеткішін анықтайтын сұрақтар тізімде болуы тиіс.

2. Негізгі сұрақтар жеке бастың ерекшелігін, сыналушының әлеуметтік жағдайы туралы хабарлама беру керек.

3. Сыналушының өткені мен қазіргі жағдайына байланысты деректерді анықтайтын сұрақтар қойылуы тиіс.

4. Сыналушының қарым-қатынасын өзгертетін сұрақтар жанама түрде қойылады.

Зерттеу деңгейіне байланысты сұхбатты алдын-ала, негізгі және бақылаушы деп бөледі. Алдын ала сұхбаттасу пилотажды зерттеу кезінде пайдалынылады. Негізгіні – негізгі нәтижені жинау кезінде, ал бақылаушы талас туған кезде пайдаланылады. Санына байланысты сұхбат индивидуалды, топтық, көпшілік болып бөлінеді. Көпшілік сұхбатты көбінесе социологтар пайдаланылады. Олар мыңдаған респонденттерді қамтиды. Психотерапияда клиникалық сұхбатты пайдаланылады. Сонымен бірге, интенсивті және шоғырланған сұхбаттасуды пайдалануға болады. В.В.Никандров бойынша, біріншісі, жеке бастың бағыттылығының тереңдігін, ал екіншісі – жеке, дара аспектілерді зерттейді.

4) Сауалнама – арнайы респонденттер тобына арналған сұрақтар тізімі.Сауалнама кезінде респондентпен тікелей қарым-қатынас жасау шектеледі. Қарым-қатынас сауалнама арқылы жүзеге асады.

Сауалнама үш негізгі бөлімнен тұрады:

1. Кіріспе. Бұл бөлімде сауалнаманы ұйымдастырушы туралы деректер көрсетіледі. Сұрақтардың мақсаттары суреттеледі. Сауалнаманың атаусыз екендігіне кепілдеме беріледі.

2. Негізгі. Сұрақтар мен жауаптар орнынан тұрады.

3. Қорытынды. Респондентке алғыс айтудан тұрады.

Сауалнаманы құру кезіндегі қажетті ережелер:

1. Тематикалық бөлімдер кіріспе түсіндірмемен беріледі.

2. Әрбір сұрақ нақты нұсқаумен қамтамасыз етіледі.

3. Мәтіндегі әрбір сұрақтың келесі бетке толығымен берілуі тиіс.

4. Әрбір сұрақтар сандармен беріледі, жауап нұсқалары әріптермен беріледі.

5. Кестелі формаларда сұрақ саны аз болуы тиіс.

6. Электронды есептеу машинасына сауалнаманы өңдеу үшін арнайы орын қалдыру керек.

7. Сауалнаманың сыртқы өлшеміне 4 беті және беттер саны енгізіледі.

8. Сауалнаманың ішкі өлшемі сұрақтар санымен сипатталады. Сауалнамаға кететін уақыт 20-30 минут.

Сауалнаманы мынандай жағдайларда өткізу керек:

- белгілі бір сұрақтар талас тудырған кезде адамдардың ойын анықтау үшін.

- қысқа мерзімде көптеген адамдарды қамту үшін.

Сауалнама критерийлері:

1. Респондент санына байланысты: индивидуалды, топтық, бұқаралық.

2. Респонденттер мен байланысына байланысты: сырттай, іштей.

Сырттай бірнеше әдістермен өтіледі:

- сауалнаманы пошта торабы арқылы тарату.

- Сауалнаманы баспа беттерінде тарату

- өмір сүрген жеріне, жұмысына т.б. сауалнамаларды жинау және тарату.

Рефлексивті немесе рефлексивті емес тыңдау тәсіліне мысалдар:

Рефлексия әдісі « Күн »

Тақтаға күннің дөңгелегі ілінеді, оқушылар ға сары, көк күннің тармақтары таратылады. Тармақшаларды күннің дөңгелекшелеріне жапсыру керек:

Сары түс – маған сабақ ұнады, көптеген ақпарат алдым.

Көк түс – сабақ ұнамады, себебі, пайдалы ақпараттар ала алмадым.

Рефлексия әдісі
«Бір сөзбен »

Оқушылар өздерінің көңіл күйін білдіретін 12 сөздің ішінен 3 сөзді таңдайды:

· Тынышсыздану Ашулану Қуаныш Немқұрайлылық.

· Қанағаттану Күш алу Іш пысу Қорқыныш Тыныш.

· Сенімділік Сенімсіздік Қ уану.

8.Әлеуметтік педагогиканың тәжірибелік бағыттары мен тәсілдеріне қысқаша шолу жасап, әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің іске асырылуын айқындаңыз (бастапқы 1-4 сұрақтардың жауабын жазуға болады.)

9. Классикалық психоанализ жасау жұмысын талдаңыз

10. Психоанализдің қолданылу техникасын мазмұндаңыз

ПСИХОАНАЛИЗ.Бұл бейсананы зерттеуді мақсат еткен психо-логияның бір бөлігі. Бейсана субъекттің жаңылыс сөздерінің, ассоциациялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің; қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер жиынтығы арқылы зерттеледі.

“Психоанализ” терминін З. Фрейд 1896 жылы невроз этиологиясы жөніндегі мақаласында ұсынған. Бұған дейін ол “талдау”, “психиканы талдау”, “психологиялық талдау” және “гипноз талдауы” терминдерін қолданған болатын.

З. Фрейдтің өзі психоанализге мынадай анықтама берген:

біріншіден, басқаша қол жеткізпейтін психикалық үрдістерді зерттеу құралы;

екіншіден, осы зерттеуге негізделген невроз ауруын емдеу әдісі;

үшіншіден, осының нәтижесінде пайда болып, дамып және жаңа ғылыми ілімге жинақталған бірнеше психологиялық тұжырымдамалар.

Еркін ассоциациалар әдісі.Жанталдаушы жұмысының негізгі әдісі – еркін ассоциациялау әдісі. Клиентке ауызша нұсқаулар айтылады – жайғасып отырып не жатып, өзіңізді бос ұстап есіңізге түскен ойлар, қиялдар, сезімдер туралы бәрін түгел айтыңыз. Сіздің басыңызға қандай ой келді? Сіз нені сезіндіңіз? Сіз қалай сезінесіз? Сіз не ойладыңыз?

Клиент орынсыз немесе қажетсіз, ұсақ ассо-циациялардың, ойлардың, сезімдердің болмай-тынын түсінуі керек. Клиенттің міндеті: ой мен сөздің арасында үзілістің пайда болуына уақыт бермеу, не болса да сын елегінен өткізбей дауыстап айту. Маңызды не маңызсыз, жағымды не жағымсыз, үлкен не ұсақ, мақтанатын не ұялатын, қуантатын не қинайтын ойлар мен сезімдерді іште сақтап қалмай сыртқа шығару үшін емделушінің қолайлы сезімін, талдаушыға деген сенімін нығайтуға жағдай жасау керек.

Осы әдістің ең басты міндеті – қиналып, ұялып айтылған сөздерді, ойларды назарға алу. Сондай сөздер, ойлар бейсана түбінде жатқан дау-дамай-ларға жол ашып емделуші қинап жүрген сұрақтарға жауап береді. Клиент неғұрлым мұқияттылықпен, шындылықпен негізгі ережені орындаса, емделуінің соғұрлым нәтижелі болатыны анық.

Бұл тек еркін, анық сөйлей алатын адамдарға қолданылатын әдіс. Ассоциациялай алатын невротиктер аналитиктердің бірінші клиенттері.

Фрейд түсті бейсанаға апаратын “патша жолы” деп есептеген. Алғашқы үрдіске жататын түс көру механизмдері (алмастыру, қоюландыру, символдау) бейсананың басқа да көріністерінде қате әрекеттер, қате сөздер, қате жазулар, қате оқулар табылады, олардың қызметтері мен құрылымдары тең келеді.

Емін-еркін ассоциациялар-Клиент емін-еркін болып, ойындағы түрлі көріністерді дауыстап айту.« «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады. Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады. Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның «сценарийі» – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады.

Еркін ассоциацияларды әдісінің жүргізлуі:

v клиентке ауызша нұсқаулар айтылады;

v жайғасып отырыңыз немесе жату;

v дененіңізді бос ұстаңыз, басыңызға келген ойлар, қиялдар, сезімдер туралы бәрін түгел айтыңыз;

v Сіздің басыңызға қандай ой келді? Сіз нені сезіндіңіз? Сіз қалай сезінесіз? Сіз не ойладыңыз?

Бұл әдісті қолданудағы маңызды жайттар:

v Клиент орынсыз немесе қажетсіз, ұсақ ассоциациялардың, ойлардың, сезімдердің болмай-тынын түсінуі керек.

v Клиенттің міндеті: ой мен сөздің арасында үзілістің пайда болуына уақыт бермеу, не болса да сын елегінен өткізбей дауыстап айту.

v Маңызды не маңызсыз, жағымды не жағымсыз, үлкен не ұсақ, мақтанатын не ұялатын, қуантатын не қинайтын ойлар мен сезімдерді іште сақтап қалмай сыртқа шығару үшін емделушінің қолайлы сезімін, талдаушыға деген сенімін нығайтуға жағдай жасау керек.

Наши рекомендации