VI. Білім беру нәтижелерінен күтілетін жетістіктерді бағалау жүйесі

Білім беру моделіндегі нәтижеге бағдарланған оқу жетістіктерін бағалау жеке оқушының, мұғалімнің, мектептің, өңірлік және ұлттық тұтас жүйенің білім беру нәтижелерін бағалауға барабар тәсілдерін қарастырады.

Мектептегі оқытудың нәтижелері әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі табыстары, оның оқуға қатынасы мен тұлғаның тұтас даму динамикасы жан-жақты және әділ бағалауды талап етеді.

Күтілетін нәтижеге жетуді бағалау жүйесін жетілдіру бағалаудың екі жолын бірдей дамытуды қарастырады:

- білім берудің жалпыға міндетті стандартын игеру деңгейі (сыртқы нәтижелер);

- оқушының жеке тұлғалық жетістіктері (ішкі нәтижелер).

Оқытудан күтілетін нәтижелер, игерген дағдылар, қалыптасқан құзыреттер төмендегідей бағаланады:

- жалпы білім беру дайындығы деңгейінің талаптарына сәйкес оқушының оқу жетістіктерін бақылаумен;

- білім беру салалары бойынша жалпы орта білім берудің әрбір сатыларын аяқтауы бойынша межелік және қорытынды емтихандар өткізумен;

- мектептің әрбір сатысында аралық мемлекеттік бақылау жүргізу;

- оқытудың 10, 12 жылын аяқтаған соң біртұтас ұлттық емтихан өткізумен;

- ұлттық масштабта мониторингті зерттеулер жүргізумен.

Әр оқушының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының оқу нәтижелеріне жету сәйкестігін бақылау мен бағалау мақсатындағы диагностикалық зерттеулер жүргізу төмендегілердің негізінде жүзеге асырылады:

- күтілетін оқыту нәтижелерін сипаттайтын өлшеуіштерді таңдау;

- оқушының әрекет нәтижелерін сандық және сапалық көрсеткіштерімен өлшеуге арналған құралдарды әзірлеу;

- тестік тапсырмалар, портфолио, бақылау жұмыстары, ауызша жауаптар, сондай-ақ оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде орындалған оқыту нәтижелерін рейтингтік бағалаудың ғылыми негізделген әдістерін әзірлеу;

Оқушылардың нәтижелерін бағалау жетістіктері және рәсімдеріне бақылау жасау жүйесі жеке, мектептік, өңірлік, халықаралық деңгейлерде қарастырылады.

Ұлттық Біртұтас емтихандар, Мемлекеттік Аралық бақылау, Мониторингтік зерттеулер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен ұйымдастырылады және күтілетін нәтижелерді бағалау үшін білім беру процесіне бақылау, мектепте басқару мен түзету, оқушының күтілетін нәтижелеріне жету деңгейін ұлттық көлемде салыстыру, білім беру жүйесіндегі туындаған үрдістерді анықтау жүргізіледі.

VIII. 12 жылдық білім беру жүйесін басқару

12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін мектептің, жергілікті қауымдастықтың, әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты бөлу қажет.

Мектепті басқаруда білім берудің сапасын үнемі өзіндік тәртіппен бағалауды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Жаңа жағдайда сапалы білім беру білім алушылардың түрлі саладағы қызметте проблемаларды өз бетімен шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін олардың білімдік және жеке жетістіктері деп түсіндіріледі.

Тұтастай алғанда қазақстандық жалпы орта білім беру мемлекеттің даму міндеттерімен сәйкес келуі тиіс және қазіргі замандағы бәсекелестікті қамтамасыз етуі қажет. Білім беру сапасын арттырудың ықпалы мынадай болуы тиіс:

- есеп беру және басшылық, басқару, тиісті құжаттарды әзірлеу жүйесін жетілдіру;

- білім сапасын диагностикалау мен мониторингтеу мектеп қызметінің жүйесіне;

- тұлғалық-қызметтік, құзыреттілік тәсілдерге негізделген оқытудың әдістемелік жүйесіне;

- ойластырылған әкімшілік орталықтандыруды, мектептерді басқаруды жүзеге асыруға;

- әр түрлі қажеттіліктермен бірге балалардың құқығын қаматамасыз ету мақсатында балаларды ерте жастан диагностикалау үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және оларды дамыту үшін білім беру орталарын құру;

- білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік жүйесін енгізуге.

Білім беру ұйымдары білім беру процесіндегі өзін өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін жетекші технологияларды игеруі тиіс.

Наши рекомендации