Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Аппликация ұйымдастырылған оқу қызметінің жылдық жоспары № Тақырыбы Жүргізілетін

Аппликация ұйымдастырылған оқу қызметінің жылдық жоспары

Тақырыбы Жүргізілетін жұмыс түрі Жүктемесі Мерзімі
Үй түрлі-түсті қағаз 07.09
Жемістер түрлі-түсті қағаз 14.09
Есек түрлі-түсті қағаз 21.09
Теңізде жүзген кеме түрлі-түсті қағаз 28.09
Гүлді ашықхаттар түрлі-түсті қағаз, қатырмақағаз 05.10
Торсықтар түрлі-түсті қағаз 12.10
Күзгі жапырақтар қағазға гуашьпен өң беру,(ұжым) 19.10
Күзгі суреттер кептірілген жапырақтар, шөптер, гүл күлтелері 26.10
Сегізаяқ қағазға гуашьпен өң беру
Ұлттық ою-өрнек түрлі-түсті қағаз
Менің машиналарым түрлі-түсті қағаз, қатырмақағаз
Қала түрлі-түсті қағаз
Қала түрлі-түсті қағаз
Аққалалар түрлі-түсті қағаз
Жаңа жылдық ашық хаттар түрлі-түсті қағаз, түрлі қатырмақағаз
Мозаика түрлі-түсті қатырмақағаз
Мозаика түрлі-түсті қатырмақағаз
Жолақтағы ою-өрнек түрлі-түсті қағаз
Ай мен жұлдыздар түрлі-түсті қағаз, түрлі қатырмақағаз
Көлік. Автобус түрлі-түсті қағаз
Кілем қатырмақағаз, фетр мата
Көктем қатырмақағаз, мата қиындылары
Көктем қатырмақағаз, мата қиындылары
Шаттық шеңбері түрлі-түсті қағаз
Шаттық шеңбері түрлі-түсті қағаз
Тай түрлі-түсті қағаз
Сырмақтың оюы түрлі-түсті қағаз, қатырмақағаз
Ғарыш түрлі-түсті қағаз
Текемет түрлі-түсті қағаз
Әтеш түрлі-түсті қағаз
Сыйлықтық гүлдер түрлі-түсті қағаз
Достық пойызы түрлі-түсті қағаз,өң берілген қағаз, қатырмақағаз
  Барлығы:    

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Бөлімі:Жапсыру

Тақырыбы:Үй

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:балаларды қайшымен дұрыс жұмыс істеуге үйрету; бүктелген қағаздан тіктөртбұрыш пен шаршыны екі үшбұрышқа бөлуді, дұрыс желімдеуді меңгерту.

Керекті құралдар мен материялдар:

Педагог үшін: аппликациялық жұмыстың үлгісі, әртүрлі өлшемдегі шаршылар мен үшбұрыштар , түрлітүсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қайшы.

Балалар үшін:түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қайшы, қолорамал.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері Балалар дөңгелен тұрып, «Іске сәт» деп хормен 3 рет айтады. Қызығушылық білдіреді.
Ұйымдастыру-іздестіру Педагог балаларға жапсыру жұмысы үшін үстел үстін қалай дайындау керектігін көрсетіп түсіндіреді қатырма қағаз, түрлі- түсті қағаз желім қайшы қолорамал жұмыс орнында қайда тұру керектігін көрсетіп береді. Үстел үстін киімді бүлдірмей таза және ұқыпты жұмыс істеу туралы әңгіме жүргізеді . Педагог қайшымен ,желіммен жұмыс істеген кезде сақтау керек техникалық қауыпсіздік ережелерімен таныстырады. Педагог сәулет өнері, үйдің қалай тұрғызылатыны жөнінде әңгімелейді. Балаларға конструктор бөлшектерінен үйді қалай құрастыратынын құрауды ұсынады. Педагог аппликацияның орындалу барысын көрсете отырып түсіндіреді. Тіктөртбұрыштан шаршыны дұрыс қиюға, шаршыны екі үшбұрышқа бөліп алуға жаттығады. Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіні басшылыққа ала отырып , жұмысқа кіріседі. Сергіту сәті. Түрлі түсті қағаздардан әртүрлі өлшемдегі шаршы қиып аламыз . Үлкен шаршыны қиғаш сызық бойымен бүктейміз. Шаршыны жайып ,бүктеу сызығының бойымен қиып аламыз. Негізгі бетке ретімен жапсырамыз: Орташа шаршы –үйдің қабырғасы; Үлкен үшбұрыш-үйдің шатыры; Кішкентай шаршы-терезесі. Сабақ мақсатымен, жасалатын жұмыс түрімен танысады.     Керекті құрал- жабдықтарды дайындайды, түгендейді.     Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.   Аппликацияның орындалу реттілігін түсінеді.   Сергіту сәтін жасайды.   Жұмыс реттілігі бойынша, үлгі дәптерге қарай отырып, бұйымды жасайды.  
Рефлексивті – түзетушілік Аяқталған жұмыстар тексерілді,орындалу барысы талданады, болашақта кемшіліктерді болдырмау үшін, қате орындалған жерлерін дұрыс орындауға бағыт беріледі. Өз жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

ü бүктелген қағаздан тіктөртбұрыш пен шаршыны екі үшбұрышқа бөлуді;

Нені игереді:

ü балаларды қайшымен дұрыс жұмыс істеуге үйренеді;

Нені біледі:

ü дұрыс желімдеуді меңгереді.

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Бөлімі:Жапсыру

Тақырыбы:Жемістер.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:қайшымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру;домалақ және сопақ пішіндерді қағаздан қиып үйрену;бөліктерді ретімен дұрыс желімдеуге дағдыландыру ; балаларды қайшымен ұқыпты жұмыс жасауға ұйрету.

Керекті құралдар мен материалдар;

Педагог үшін: жемістердің нақ пішіндері немесе суреттері , дайын жұмыстың үлгісі , қайшы, түрлі- түсті қағаздар, қатырмақағаз, желім , қолорамал.

Балалар үшін: жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім қолорамал, қатырмақағаз.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері Балалар дөңгелен тұрып, «Іске сәт» деп хормен 3 рет айтады. Қызығушылық білдіреді.
Ұйымдастыру-іздестіру Педагог жұмыс орнын қалай дайындау керектігін,қайшымен,желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін естеріне түсіреді. Балаларға қажетті құрал жабдықтар мен материалдарды дұрыс орналастыруға көмектеседі. Педагог үстелінің үстінде ыдысқа салынған жемістер тұрады.Балалардан не көріп тұрғандарын сұрап ,олардың түстерін ,геометриялық пішіндерін анықтауға тапсырма береді.Мысалы алма домалақ ,қызыл,сары,жасыл;алмұрт сопақ,жасыл, Педагогтың сұрақтарының көмегімен балалар жемістердің дөңгелек немесе сопақ пішінді болатындығы туралы қорытынды жасайды.Екі еселеніп бүктелген шаршы қағаздан дөңгелек немесе сопақ пішінді қалай дұрыс қию керек екендігін көрсетеді. Содан соң балаларды аппликацияны орындаудың барлық кезеңімен жұмыс дәптерінен көрсете отырып түсіндіреді. Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз. Тік төртбұрышты екіге бүктеиміз. Екі бүктелген қағазға жемістердің жарты бөлігін қарындашпен сызып аламыз. Белгілнеген сызық бойымен жемістерді қиып аламыз. Қиып алынған жемістерді жазып,негізгі бетке жапсырамыз. Сабақ мақсатымен, жасалатын жұмыс түрімен танысады.     Керекті құрал- жабдықтарды дайындайды, түгендейді.     Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.   Аппликацияның орындалу реттілігін түсінеді.   Сергіту сәтін жасайды.   Жұмыс реттілігі бойынша, үлгі дәптерге қарай отырып, бұйымды жасайды.  
Рефлексивті – түзетушілік Аяқталған жұмыстар тексерілді,орындалу барысы талданады, болашақта кемшіліктерді болдырмау үшін, қате орындалған жерлерін дұрыс орындауға бағыт беріледі. Өз жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

ü бөліктерді ретімен дұрыс желімдеуді;

Нені игереді:

ü домалақ және сопақ пішіндерді қағаздан қиып үйренеді;

Нені біледі:

ü дұрыс желімдеуді меңгереді;

ü қайшымен ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.

Наши рекомендации