Технологиялық карта. Білім беру саласы: Шығармашылық.
Сәуір. Тобы: ересек
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: «Ән салып,би билейміз».
Мақсаты:музыкалық шығармалар сипатын анықтауды жалғастыру,дыбыс ұзақты ғын,биіктігін ажыратуды дамыту.
Көрнекілігі:шертер суреті,композитор портреті,металлофон аспабы,ойынға қажетті атрибуттар.
Сөздік жұмыс: регистр,шертер.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшінің іс -әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық | «Марш» Е.Брусиловский ойналып, балалар шеңбер бойымен жүріп ке ліп,қатарға тұрып, түзу сызық бойымен жүруді үйретеді. Үйренеміз өнер біз, Шетімізден шеберміз. Ән де айтып көңілді, Би де билеп береміз. «Тату достар» полькасына биге шақырады.Балаларға әуенді тыңдап,еркін билеуге мүмкіндік береді. -Кімнің қандай өнері бар? -Кім билегенді ұнатады? -Ал кім бізге қалаған әнін орындап береді?-деген сұрақтарға,балалар өз өнерлерін көрсетеді. | Марш екпінін сезіне, бірнеше қатарға бөлініп тұруды үйренеді. Сап түзеп,қатарласа жүреді. Көңілді полька биінің әуенін сезіне жеңіл қозғалады. Өз ойларынан би құрастырып, мәнерлеп орындайды. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік | Домбырам күмбірлеп, Күй шерте аламын. Бұрала би билеп, Суретте саламын. «Біз өнерпаз баламыз» атты шағын концерт ұйымдастырылады. Ән тыңдау: «Балалығым- балғын шағым» атты әнді орындап,мұқият тыңдауларын сұрайды.Әннің мазмұ нына тоқталу,ұлттық музыкалық аспап шертермен таныстыру. Дауыс жаттығу: «Дабыл», «Шертер» орындалады. «Дабыл» әнінде дұң- дұң буындарына көңіл аудару, «Шертер» ән жаттығуында регистріне көңіл аудару.Дыбыс ұзақтығын көрсету. Ән үйрену: « Балдырғандар әні». Б.Дәлденбай.Ән көңілді,ойнақы орындалатынын,қысқаша мазмұнына тоқталып өту.Әннің әуенін үйретіп, қосылып айту. | Өз өнерлерін ұсынған балалар ән салып,би билеп, өлең тақпақтарын айтады. Концерт көрермендері қоше мет көрсетіп,қол шапалақтайды. Әнді ынталана тыңдайды, мағынасына мән береді. Шертер аспабымен танысады. Дауыс жаттығуларын таза орындайды. Жаңа әнді тыңдап,әуенін үйренеді.Сөздерін қайталап,мағынасын түсінеді,авторы туралы мәлімет алады. |
Рекфлексиялық –түзетушілік | Аспапта ойнау: «Полька». Бірнеше металлофон аспабында оркестрде ойнауға үйрету.Әуенді анық, таза ойнап,ырғақты сезінуге дағдылан дырады. Ойна,ойна,ойнайық, Биле,биле,билейік. Ойын ойнап көңілді, Қызыққа біз тоймайық! Ойын: «Етек-етек». Ойын шартын қадағалау. | Металлофон аспабын меңгеріп,таза ойнауға үйре неді. Әуен ырғағына қосыла, үндестігін бере көңілді ойнайды. Қимылды әуенді ойынға ұйымшылдықпен қатысады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:дыбыс биіктігін,ұзақтығын ажыратуды.Әнді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындауды білуі керек.
.Меңгереді:музыкалық шығармалар сипатын өз беттерінше ажыратуды,әнді,дауыс жаттығуын мәнерлеп орындауды,аспапта еркін ойнауды.
Игереді:жаңа ән үйреніп,әуенін таза айтуды,шертер аспабымен танысып,дыбыста луын ажыратуды.
Технологиялық карта.
Мамыр. Тобы: ересек
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат».
Мақсаты:балаларды музыка әлемімен таныстыру арқылы ұлттық мәдениетімізбен,опера,балет жанрымен таныстыру.
Көрнекілігі:опера,балет театрының әнші,бишілерінің суреттері,үнтаспа, бейнетаспа.
Сөздік жұмыс: театр,балет,опера,диапазон.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшінің іс -әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық | --Бүгін біз балалардың арасынан ұйымдастырылған «Ән-би» жарысына саяхатқа барамыз.-деп, «Бақытты балалық шақ» әнімен қарсы алады. -Балалар,музыка әлеміне саяхатқа «метро» көлігіне отырып барамыз. Ең алдымен опера,балет театрына барайық. «Тәтті –тәтті» әнімен билеп барамыз.Әншіге тұруды, жү руді,еркін айтуын көрсетеді. | Балалар жұппен кіріп үйренеді.Өз орындарына тұрып,көңілді ырғақты қимылдарды жасай білуге талпынады. Балалар залдың бойымен шеңбер жасап,әннің ырғағымен билей бастайды. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік | (Үнтаспадан дауыс шағады.)зал төрінде теледидар немесе интерактивті тақта. -Балалар,Абай атындағы опера және балет театрына хош келдіңіз дер!-деп интерактивті тақтаны қоса ды. -Қойылымды мұқият тыңдап көрейік.Қойылым басталғанда,ән айтқанда,спектакль жүргізілгенде шулауға,жүруге болмайды. Сіздер бүгін театрмен танысасыздар және «бишілері» мен опера «әншілерін» тыңдайсыздар. Ән тыңдау: «Елім-ай» әнін (Н.Меңдіғалиев) жеке дауыстағы әншінің орындауында үнтаспадан тыңдайды. Келесі тыңдайтындарыңыз- «Біржан мен Сара» операсынан үзінді. Ән үйрену: «Балдырғандар жыры» әнінің мазмұнымен танысып,әуенін қосылып үйрену. | Балалар театрға келіп, отыруға талпынады. Театр тәртібін сақтауға тырысады. Балалар интерактивті тақтадан барлық элементте рін көріп,зейін қойып тың дайды. Балалар «Елім-ай» атты халық әнін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлан Кенжебековтың орындауында мұқият тыңдайды. |
Рекфлексиялық –түзетушілік | -Балалар,сендер қандай театрда болдыңдар? -Әнші қандай ән айтты? -Дауысы қандай? Жоғары диапозон да айтты ма,әлде төмен бе? -Қандай биді көрдіңдер? Биді шапшаң биледі ме? Сендер жақсы тыңдадыңдар,әнді үйге метроға мініп қайтайық. | Абай атындағы Опера және балет театрында. Әнші «Елім ай» әнін жәй,мұңлы,сабырлы айтты. «Біржан- Сара» операсынан балет бишілері өте жылдам,көңілді,жігерлі билеп шықты. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:музыканы тыңдап,сипаттарын ажырата білу керек.Әнді мәнерлеп айтып,сезіне біледі.
.Меңгереді:музыка ырғағымен би түрін жасауды.
Игереді:музыка әуенін театрда тыңдай білуді,әртістердің әртүрлі жанрдағы ойындарын.