Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің маңыздылығы
Педагогтың сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөз мәнеріне шеберлігі, стилистикалық ойды нұсқаны тандай білу, ойын анық және айқын жеткізе білу дағдысы.
Адами сөйлеу күрделі, сондықтан да көп құрамдас түсінік. Педагог ауызша және жазбаша әдеби тіл нормаларын, яғни екпінді, грамматиканы, сөздің қолданылу аясын білуі тиіс. Осы тұрғыдан сөз мәнерінің дұрыс не дұрыс еместігін бағалайды.
Педагогтың сөз мәдениеті барлық кез келген адамзат баласындағыдай өз Отанына деген махаббатының және жалпы мәдениеттілігінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Дауысының эстетикалык сұлулығы, байлығы, мазмұны мен бейнелілігі бар педагог оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттерін жақсы атқаруға қабілетті болады. Даусының күші, сарыны да, сонымен қатар шынайылығы мен нақтылығы да біршама рөл атқарады.
Сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылым тілдік сферамен тығыз байланыста болады. Бұл мәселелермен әдебиет теориясы, психология, педагогика және физиология тәрізді ғылымдар айналысады. Тілдік нормалар (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) - қоғам үшін мейлінше қажетті жиынтық.
Тәжірибелі мұғалімдер үнемі сабақта айтылып, беріліп отырған түсініктің маңыздылығына аса мән береді. «Сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер. Сол кезде сіздер оларды жаңылысулардың жартысынан кұтқарасыздар»,-деп жазды Р.Декарт.
Сөйлеу мәдениеті көптеген. факторларға байланысты - тілдесудің ойлы, бағыттылығы, оның мазмұны, жаңа ақпараттың болуы және т.б.
Лингвист Б. Н. Головин «Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік» кітабында оның келесі құрамдас бөліктерін көрсетті:
- Сөйлеу дұрыстығы: екпін нормалары;
- Сөйлеу дұрыстығы: грамматика нормалары;
- Сөйлеу нақтылығы;
- Сөйлеу логикасы;
- Сөз мәнерінің тазалығы;
- Сөз мәнерінің байлығы, әр алуандығы;
- Сөздіңорындылығы;
- Тілдік және сөйлеу стилі.
Тілдің бай лексикалық - сөздік жүйесі педагогтың сөздік мәнеріндегі педагогикалық мәдениеттілігінің анық белгісі болып табылады. Тіл байлығы тек сөз қкорына (санына) байланысты емес, оларды бірнеше мағынада қолдану мүмкіндігімен де анықталады. Бір ғана «жүру» сөзінің бірнеше мағынасы («жаяу жүру», «адымдап жүру», «іс оңға басты» т.б.) бар. Тілдің лексикалық байлығы әр түрлі ойлар мен сезімдерді жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу мәдениетінің маңызды белгісі нақтылық болып табылады. Сөз мәнерінің нақтылығы пен анықтылығына тілдің көптеген кұралдарын қолдану аркылы қол жеткіземіз.Мысалы, синонимдер. Синоним дегеніміз - мағынасы жағынан бірдей, ал жазылуы әр түрлі сөздер. Мысалы, «атақты», «дәрежелі», «белгілі»; «еркіндік», «бостандык», «тәуелсіздік». Тілдің синонимдік кұрылымы ойды әр түрлі тәсілдермен жеткізуге, нақтылыққа жетуге көмектеседі.
Сөз нақтылығы оның сыңарын дұрыс келтіре білуге де байланысты, айтылуы ұқсас, бірак мағынасы әр түрлі сөздер: «абонемент» - «абонент», «тәжірибелі» - «тәжірибелік».
Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мәдениеттілігінің кажетті шарттарының бірі - ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері - қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мәнерінің сапасын бір нәрсені қайталап айта беру, яғни тавтология (мағынасыз сөздерді кайталап айта беру) бұзады.
Педагогтың сөйлеу мәнері табиғи және анық болуы тиіс. Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы - бұл сөз тіркестерін және сөйлем құрудағы сөз формаларының орынды қолданылуы мен нормативтілігі.
Мұғалімнің сөйлеу мәнерінде оқушылар жеңіл қабылдайтын қарапайым, қүрделі емес сөйлемдер болуы тиіс.
Дыбысталу дұрыс болмаса, жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениеттілігі мүмкін болмайды. Бұл - орфоэпия саласы. Екпін орфоэпиямен тығыз байланысты. Көптеген жағдайларда екпін қоя білу киынға соғып жатады.
Педагогтың сөйлеу мәнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге анық, бейнелі, эмоционалды болу тиіс
57. Педагог тәртібінің мәдениеті (қосымшаөзіндікталдау)
Педагогтық әдеп – этика ғылымының салыстырмалы дербес бөлімі. Ол педморальдің ерекшеліктері мен кәсіптік ортадағы өнегелік қатынастарды зерттейді. Педагогтық әдеп - мұғалімдер арасындағы пайда болған қарым-қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлықының, киінуінің, балалармен қарым-қатынасының және т.б. жиынтығын білдіреді. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші немесе музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп-жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде құрылатын мұғалімнің мінез-құлқы. Бұл педагогтың шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алуы арқылы көрінеді.
Педагогтық әдеп оқуда да, тәрбиеде де өте қажет. Оның рөлі тәрбие жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлемінен алыстау кезінде мұғалімнің тәрбиесі нәтиже бермейді. Моральдық сенімді, ынта, ықылас және талғамды күштеп қалыптастырмайды. Қалыптастыру үшін амал біреу: балалар мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрмет тұтуы керек. Балалар көбінесе ескертпе жасағыш, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсетуге, үстемдік жүргізуге тырысатын мұғалімдерді жүре тыңдайды. Сондықтан, педагогтық әдепті сақтамайынша, олармен тіл табысу мүмкін емес. Белгілі психолог М. Д. Левитов айтып көрсеткендей, педагог әдептен құр қол болса, балалардың әрекетіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп, қылықтардың пайда болуына себеп болады. М. Д. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы, оқушыларды тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейді. Олар мұғалімге өшігіп, бәрін теріс ұстауға бейім тұратын көрінеді. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ салушылық, ұстамдылық, байсалдылық, сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады. Педагогтық әдеп – этика ғылымының салыстырмалы дербес бөлімі. Ол педморальдің ерекшеліктері мен кәсіптік ортадағы өнегелік қатынастарды зерттейді. Педагогтық әдеп - мұғалімдер арасындағы пайда болған қарым-қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлықының, киінуінің, балалармен қарым-қатынасының және т.б. жиынтығын білдіреді. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші немесе музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп-жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде құрылатын мұғалімнің мінез-құлқы. Бұл педагогтың шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алуы арқылы көрінеді.
Педагогтық әдеп оқуда да, тәрбиеде де өте қажет. Оның рөлі тәрбие жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлемінен алыстау кезінде мұғалімнің тәрбиесі нәтиже бермейді. Моральдық сенімді, ынта, ықылас және талғамды күштеп қалыптастырмайды. Қалыптастыру үшін амал біреу: балалар мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрмет тұтуы керек. Балалар көбінесе ескертпе жасағыш, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсетуге, үстемдік жүргізуге тырысатын мұғалімдерді жүре тыңдайды. Сондықтан, педагогтық әдепті сақтамайынша, олармен тіл табысу мүмкін емес. Белгілі психолог М. Д. Левитов айтып көрсеткендей, педагог әдептен құр қол болса, балалардың әрекетіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп, қылықтардың пайда болуына себеп болады. М. Д. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы, оқушыларды тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейді. Олар мұғалімге өшігіп, бәрін теріс ұстауға бейім тұратын көрінеді. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ салушылық, ұстамдылық, байсалдылық, сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.