Технологиялық картасы

Технологиялық картасы

Күні:24.03.2017жыл
Тәрбиеші:Әйгерім Өксікбаева

Білім беру саласы:Денсаулық

Бөлімдері:Дене шынықтыру

Мақсаты:
1.Балаларды ирелеңдеген жолмен жүруді үйрету. Іс-әрекет қабілеттерін арттыру
2. Ойнау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тұлғаныңүйлесімді дамуын қалыптастыру.
3. Қимылды ойындарға қызығушылықпен қатысуға тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: лақтыру, жүріс түрлері, заттардае аттау.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы 1. Бір қатар сапқа тұру 2. Сәлемдесу (Нұқсауларды орындау) Қоян, қоян тұршы, Беті-қолыңды жушы. Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. Әйбат көйлек киші Енді секіріп жүрші «Қояндар көпірден өтуде» (Балалар жаттықтырушының артынан бір сызық бойымен жүреді.) «Қояндар жан-жағына қарайды» (Оң қол- оң бүйірде, сол қол- маңдайда, оңға, солға бұрылады) «Қояндар үйге оралады» (Бір орында секіріп, баяу жүгіреді) Әр түсті екі текшеден беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу. Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады.     Қимылмен елтіріп жасайды.     Бірінің соңынан бірі бір қатармен жүріп орйындайды.   Текшелерді орындарына салады.
Ұйымдастырушылықлық-ізденістік Жалпы дамыту жатттығулары: (Текшелерді шапалақта!) 1. Б.қ.: тік тұру, екі аяқ арасы сәл алшақ, текшелерді ұстау, қол төменде. 1. екі қолды екі жаққа созу. 2. жоғары көтеріп, текшелерді бір-біріне тигізу 3.екі жаққа созу 4.б.қ. келу «Текшелермен тербелу» Б.қ.: тік тұру, аяқ арасы алшақ, қол төменде. 1.Екі қолды жоғары көтеру 2. Қос қол бірге, екі жаққа сәл иіліп тербелі. 3.Б.қ. келу «Текшелермен қайшылау» Б.қ.: аяқ иық көлеміндей алшақ, қол төменде. 1.Қолды алға созу 2. Қолды қайшылау 3. Б.қ. келу «Текшелерді көтеру» Шеңбер құрып тұрады.   Қолды жоғары көтеріп, екі жанға созып, бір-біріне соғады 3-4 рет Екі қолды жоғары көтеріп, бірге оң (сол) жаққа тербеледі. 3-4 рет     Қолдарды алға созып айқастырады. 3-4 рет
Ұйымдастырушылықлық-ізденістік Б.қ.: аяқ иық көлеміндей алшақ, қол төменде. 1. қолдағы текшелерді алға созу 2. оң қолды жоғары көтеру 3. сол қолды жоғары көтеру 4. Б.қ. келу «Отыру» Б.қ: отыру,аяқ арасы алшақ, қол төменде. 1. қолдағы текшелерді екі аяқтың ұшына тигізу 2. қос қолмен текшелерді жоғары көтеру 3. Б.қ.келу. Тыныс алу: «Текшелерді үрлеу» Аяқ арасы алшақ, текшелер екі алақанда. Оң (сол) алақандарға кезек-кезек үрлеу (ауа жұтып, дем шығару) Негізгі қимыл жаттығулар: 1. Ирелеңдеген жолмен жүру «Тышқандар мен мысық» ойыны: 1.Ойын шартын түсіндіру 2. Балалармен бірге ойнау     Қолдарды алға созып, оң (сол) қолдарды кезек-кезек көтереді 3-4 рет   Отырып қолдарды жоғары көтереді. Екі аяқтың басына текшелерді тигізеді. 3-4 рет   2-3 рет Текшелерді орындарына жинастырады. Арақашықтық сақтайды. Бір сызық бойымен өойылған кедергілерден аттап өтеді. Ойын кезінде іс-қимылдарын келтіріп ойнайды.
Рефлексифтік-түзету 1.Балалардың жасаған іс-қимыл жаттығуларына ризашылық білдіру. 2.Қауіпсіздік ережесін сақтау 3.Балаларды мадақтап отыру     Заттарды жылдам жинауға дағдыланады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:Ирелеңдеген жолдармен жүруді

Түсінеді:тепе-теңдікті қалай сақтау керектігін

Қолданады:текше, үлкен текшелер жәнеойынға қажетті заттармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін

I кіші «Құлыншақ» қазақ тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Күні.айы.жылы:27.03.2017 жыл

Тәрбиеші: Жаңагүл Серікқызы

Білім беру саласы:Таным

Бөлімдері:Сенсорика

Тақырыбы:«Түрлі-түсті шалғын»

Мақсаты:Түрлі əрекеттерде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеруді: бейнелеуде, құрастыруда; берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша əр текті байланыс орната білу іскерлігін бекітуді;

әртүрлі заттарды өлшемі бойынша салыстыруды және оларды үлгідегідей орналастыруды үйрету; Саусақтың ұсақ бүлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:шалғын

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті  
Мотивациялық- қозғаушы Ойындық жағдаят. «Жап – жасыл алаңға, Барамыз біз ойнауға. Көңілді ойнайық, Сақина жинап алайық» -Балалар, қараңдаршы, менің пирамидам қандай әдемі. Өздеріңе ұнаған пирамиданы алуларыңа болады. Тақпақты бірге қайталауға тырысады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Үлестірмелі материалдармен жұмыс Пирамиданың түстері қандай? -Ал енді пирамиданың сақиналарын шешіп алып, мен сияқты өз алдарыңа пирамиданы қайтадан тұрғызыңдар. Тәрбиеші жасыл түстен қатты қағазды қояды: -Бұл- жасыл шөптер өсіп тұрған шалғын. Мұнда сақиналар ойынын ойнауға келеді. Сөздік жұмыс:шалғын Тәрбиеші пирамиданың ең кішкентай сақинасын шалғынның дәл ортасына қояды: -Шалғынға келіңдер, Тұра қалып шеңберге. Тәрбиеші сақинаның бірін алып, сақина-үлгіге салады: -Қараңдаршы, олар өлшемі бойынша бірдей ме екен? Бізге келген сақиналар ма екен, тексеріңдерші Жеке жұмыс жүргізіледі. Жауап береді: қызыл,сары, көк. Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды. «Шалғын» сөзін бірнеше рет қайталайды.  
Рефлексиялық-түзетушілік «Тапқыштар» д/о ойнауды ұсынады.   Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін пысықтау. Ойынды көңілді ойнайды.   Сқрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: көлемі, пішіні, түсі бойынша пирамидалар құрастыруды

Түсінеді: заттардың көлемін, түсін жəне пішінін білдіретін сөздерді

Қолданады: «бірдей», «бірей емес» сөздерін

I – кіші «Құлыншақ» қазақ тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

Наши рекомендации