Анықтамалық әдебиеттер

  1. Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігі. Алматы, 1995ж. -185б.
  2. Қоянбаев Р.М.. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы, 2003ж. 60б.
  3. Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық қазақша-орысша сөздік. Алматы, «Қазақ университеті», 2002.
  4. Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь.Алматы. Рауан. 2000. -286с.
  5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктері. Алматы. Мектеп. 2002. -254б.


Нормативті құжаттар: (пәннің спецификасымен сәйкес)

  1. Қазақстан Республикасының білім беру заңы. Егемен Қазақстан, 2007 15 тамыз. №254-256 Алматы.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан 1999.- 96б.
  3. Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 2005.
  4. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім беру тұжырымдасы. /Егемен Қазақстан. №7. 1996ж.
  5. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдасы. Алматы, 1994ж.
  6. Этнокультурное образование: путь к согласию и процветанию //Учитель Казахстан. 24.02. 1994.
  7. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010 ж.
  8. Комплексная программа воспитания в организациях образования Республики Казахстан 2006-2011 гг.
  9. Рекомендации Парламента и Совета Еуропы от 18 декабря 2006 г. о ключевых компетенциях обучения в течение жизни (2006/962/ЕС)

КУРС КОМПОНЕНТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Білімгерлер пәнді белсенді және қызықты түрде оқулары тиіс.Сіздерге тапсырмалар алдын-ала беріледі.

Лекция өткеннен соң, сіздер сол тақырыптарға байланысты дәптерлеріңізге конспект жасауларыңыз тиіс. Конспектілер әр апта сайын оқытушымен тексеріледі.

Білімгер рефераттар тақырыбымен танысқаннан соң, олардың ішінен тақырыпты таңдап, модульдің соңына таман оларды дайындап, қорғаулары тиіс.

Сабақта оқушылардың белсенділігі мен қызығушылықтары мадақталады. Білімгердің белсенділігі қосымша баллдармен саналады.

Білімгерлер, сонымен қатар қызығушылықтары бар тақырыптар аясында эссе, презентация жасай алады. Олар кейін сабақтарда қорғалып, қосымша баллдармен есептеледі.

Кейбір жағдайларда оқытушы сіздердің білімдеріңізді тексеру мақсатында экспресс-жауаптар, тест тапсырмаларын, карточкаларды қолданады.

КУРС КОМПОНЕНТТЕРІ

1. Материалды ауызша баяндау (presentation). Білімгер берілген тақырып бойынша сұрақтарға өзі дайындалады. Уақыты 10-15 минут. Бағалау критериі – тақырып қаншалықты ашылды және қаншалықты қызығушылық туғызды, әдебиет пен қосымша әдебиеттердің қолданылуы.

2. Жазбаша жұмыс (конспект, эссе) - әрбір модульдің соңында алынады. Жазбаша жұмыс 1-2 беттен, эссе 0,5 беттен тұрады.Сұраққа жауап толығымен берілуі керек.

3. Тест әр модульдің соңында өткізіледі және оқытуыныњ ескертусіз тақырып бойынша 5 минуттық тест алуына болады. Барлық дұрыс жауапқа 50 балл.

4. Реферат және баяндама – білімгердің таңдауымен ( әр модульдан бір реферат) әзірленеді.Топ болып әзірлеуге де болады. Реферат жауаптың мәнін ашуы, өзіндік қорытынды ұстануы қажет.

Білімгер презентациясы мен рефератына бір-бірлерінің пікірі.Пікір қысқаша талдау жасауды ұстанады.

5. Тақырып бойынша шолу – ұсынылған тақырыпқа 1-2 беттік қысқаша жазбаша әдеби шолу жасау. Материалды Интернет пен баспасөзден қамту.

6. Сабақ кезінде белсенділік таныту үшін басқа тыңдаушыға стимул болатындай курс сұрақтарын қамтып, қызығушылық танытуыңыз қажет.Барлық тапсырмалар өз уақытында орындалады, дайындалу барысында қаралып отырған жағдаятқа шығармашылдықпен оқулық пен лекциядан алынған принцип пен тұжырымдамаларды қолдануыңыз қажет. Сабаққа сіз болашақ кәсіби қызметіңізді оқу үшін үлкен мақсат қойып тапсырма, материал, сұрақ пен жағдаятты шешетіндей дайындықпен келуіңіз қажет. Онымен іатар курс барысында түсіністікпен өзіңізге жауапкершілік алуыңыз тиіс.

7. Конспект -курстың негізгі компоненті, бағалау үшін апта сайын тексерілуге өткізілетін лекцияның немесе әдебиеттің қысқаша мазмұны. Егер білімгер талқыланатын тақырып бойнша шолу немесе глоссарий әзірлесе, онда конспект жазудан босатылады.

8. Глоссарий (лат qloccarium жиналыс)- тақырып категориясы мен негізгі түсініктері бойынша қысқаша жинақталған сөздік.

9. Реферат және баяндама.( лат referre баяндау, хабарлау) - актуальды және күрделі жағдаяттың мәнін білімгердің шығармашыл өзіндік жұмыс түрінде ашуы. Бір білімгер бір модульде бір рефераттан өткізуі тиіс.Реферат тақырыптары мен әзірлеу әдістемесі қосымша көрсетілген.

10. Эссе - ғылыми очерк – нақты бір тақырып бойынша жазбаша тапсырма түрінде орындалып, сабақта презентация түрінде өтіледі.

11. Материалды ауызша баяндау. Презентация (лат. Presentation, көрсету)- нақты жағдаят немесе берілген тақырып бойынша аудиторияға ұсынылған баяндама. Уақыты 10-15 минут.Тақырыптың өзі қызығушылық тудырып, қосымша әдебиеттер кеңінен пайдаланып, қоршаған ортаны қызықтыруы қажет.12. Бақылау жұмысы- рубеждік бақылау және өтілген материал бойынша білімгердің білімін анықтау, бекіту мақсатында жазбаша формада қорытынды аттестацияның өтілуі.

13. Еркін пікірлесу, сұхбаттасу –"сұрақ-жауап" түріндегі нақты тақырып немесе жағдаят бойынша ауызша пікірлесу.

Берілген сабақ формасы өзінің мәні бойынша ой бөлісу (дискуссияға) жақын.,

Білімгер немесе"кіші топтың" өкілі "эксперт" ретінде аудиторияның сұрақтарына жауап беріп, өзінің позициясын ұстануына болады.

Наши рекомендации