Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған коррекциялық жұмыс жоспары

Жұмыс бағыттары Коррекциялық жұмыс мазмұны
Денсаулық жағдайы және тәрбие шарттары Дене шынықтыру тәрбиесі 1. Бала денсаулығын нығайту және нақты күн кестесін сақтау. 2. Жекелей сабақтың ұзақтығы 60 минуттан, топтық сабақтың ұзақтығы 1,5 сағаттан аспауы керек. 3. Тыныс алу және релакциялық жаттығулар. 4. Массаж, бала организімін шынықтыру.
· Қозғалыстың негізгі түрлерін (жүру, жүгіру, шығу секіру, лақтыру, еңбектеу); · Әртүрлі қозғалыс дағдыларын дамыту; · Ұсақ моториканың және көру-қозғалыс координациясының дамуы; · Дұрыс (осанка) қалыптастыру, тепе-теңдікті дамыту.
Өзіне қызмет көрсету және мәдени – жеке бас тазалық дағдылары Мәдени жеке бас тазалығы дағдыларын қалыптастыру – жуыну, тамақтануға үйрету.
Әлеуметтік даму   Танымдық іс - әрекетті дамыту Өзі туралы көзқарас қалыптастыру 1. Сенсорлық, есту және көру қабылдауы және зейінді дамыту. Заттардың түсін, көлемін, формасын, тұтастығын, тактильді қозғалыс қабылдауын дамыту. 2. Көрнекі-әрекетті ойлауды қалыптастыру, бейнелі ойлауға алмасуы. Бағдарлау іс-әрекетін және танымдық белсенділікті дамыту, ақыл-ой іс-әрекетінің негізгі компоненттерінің арасындағы өзара байланысты нығайту: әрекет, сөз және бейне арасында. · Баланы шешімін табу қажет жағдайлармен таныстыру (балаға судан допты алу немесе бұтадан шарды алу, ойыншықты таяқшамен алу сияқты тапсырмалар беру); · Жабайы және үй жануарлары туралы түсініктерін қалыптастыру; · Сандық түсініктерін қалыптастыру; · Қоршаған дүние туралы түсініктерін қалыптастыру.
Әлеуметтік даму Ересектер және құрбыларымен өзара әрекеттесуі тәсілдерін қалыптастыру; эмоционалды қатынас және сезімдерін жақын адамдарына білдіре алу тәсілдерін тәрбиелеу.
Сөздің дамуы 1. Белсенді артикуляциялық гимнастика өткізу: еріндерін күлімсіреп созу, оларды трубка тәріздес алға шығару, ауызын кең ашып және тістерін көрсету және тағы басқа, статикалық және динамикалық жаттығулар орындау; дыбыстар және буындар жиынын еліктей отырып айту; ауа жолын қалыптастыру; шар, көбелек және т.б. жеңіл заттарға үрлеу. 2. Айтылған сөздің мағынасын түсінуді дамыту. Сөздік нұсқау бойынша әрекет жасауды үйрету: «Тәтең қане, көрсетші? Міне ол! Тәтенің көзі қане, көрсетші? Міне олар! Тәтенің қолы қане, көрсетші? Міне олар!» 1-2-3 әрекеттерінен тұратын сөздік нұсқау бойынша әрекет жасауды үйрету: «Қуыршақты ал. Қуыршақты алып Машаға бер. Қуыршақты ал, үстелге отырғыз, тамақтандыр». Заттар арасындағы кеңістік қатынастардан туатын сөздік нұсқау бойынша тапсырма орындауды үйрету: «применение предлогов на, под, в, за» 3. Фонетикалық-фонематикалық естуді қалыптастыру. Дыбыстар, буындарды және дара сөздерді қайталауға ынталандыру жатады, жансыз табиғат және тіл дыбыстарын тыңдату; Дыбысқа еліктеумен ән айту, тақпақтарда жетіспейтін сөз және буындарды қайта жаңғыртуға ынталандыру. 4. Актив және пассив сөздік қорының дамыту. 5. Тілдің граммтикалық құрылымын қалыптастыру, байланысты тілді қалыптастыру.
Заттық ойын іс - әрекеті Балаларда көрнекі-әрекетті ойлауды дамытуға алғышарт жасау: - мақсатқа бағытталған заттық-ойын әрекеттеріне және заттардың қасиеттерін ескере отырып жеке ойын әрекеттеріне үйрету: затты пара-пар ұқсас формасы, көлемі, түсі бойынша ажырату; заттың екінші жұбын таңдау: - баланы ересектің әрекетіне еліктеу бойынша әрекет жасауға ынталандыру: заттарды қолмен ұстап алу, тесікке салу, қорапшаға салу және т.б. - тексеру және өлшеуді қолдану көзбен сәйкестендіру. - тәжірибелік және ойын тапсырмаларын орындау үрдісіне мақсатқа бағытталған қарулы іс-әрекетті қалыптастыру.
Нәтижелі іс - әрекет түрлеріне қызығушылықтың қалыптасуы Суреттемелерден (сурет, құрау, аппликация) қоршаған шындықтың шынайы заттарын тануды үйрету. Сурет салу. Сурет салуға қызығушылық туындату: ересек баланың алдында өз әрекетін сипаттай отырып сурет салады. Ересек адам заттардың суретін салып, олардың элементтерін салуды аяқтауды ұсынады, мәселен ересек адам шардың суретін салады, балаға шардың жібін салуды ұсынады және т.б. Заттарды жапсыру алдында зерттеу әдістерін қалыптастыру; әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы жұмыс жасау; ермексазды бөліктерге бөлуді үйрету, түзу, шеңбер қимылдармен жасау және т.б. Аппликация. Жайпақ заттарды қағазға жапсыруға болатындығын таныстыру; заттарды көрсету бойынша жабсыруға үйрету – «жіптегі шарлар», «аквариумдағы балықтар», заттарды қағазда орналастыруды үйрету, желімді, майлықты, қылқаламды пайдалануды үйрету. Құрастыру. Көрсету, үлгі және сөздік нұсқау бойынша құрастыруды жасауды үйрету, екі әртүрлі элементтерден құрастыру жасау, екі – үш жасалған затты құрастыруды жасау, жасалған құрастырулармен ойнау.
Еңбек тәрбиесі.   Қарапайым тұрмыстық әрекеттерді бірлесе отырып орындауды үйрету, содан кейін нұсқау бойынша орындау (үстелді сүрт, гүлдерді суар, еденді сыпыр, ыдыс – аяқты жу: кесе, тарелка және т.б.

Дамыту және оқытудың жекелей коррекциялық жоспарының негізінде дамыту және оқытудың бағдарламасы өңделіп жасалды.

Жекелей бағдарламаның мазмұнында келесі жағдайлар көрініс алды:

- тәрбие жағдайы/бірыңғай талаптардың болуы, отбасында күн кестесін сақтау;

- физикалық тәрбие;

- өзіне қызмет көрсету дағдылары;

- әлеуметтік даму;

- танымдық іс-әрекеттің дамуы;

- тіл дамуы;

- ойын іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;

- нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру/бейнелеу өнері;

- ата-аналармен жұмыс (кеңестер, семинарлар, тренингтер, сауалнамалар, бірлескен сабақтар);

Педагогикалық коррекция танымдық, тіл, эмоционалды-коммуникативті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы коррекциялық сабақтардан тұрады. Балалар жекелей және топтық сабақтарға қатысты. Балалар топтық сабақтарда өзіне қызмет көрсету және әлеуметтік-тұрмыстық бағдар дағдыларын жақсы меңгереді. Лекотека жағдайындағы сабақтар танымдық, қозғалыс және эмоционалды-тұлғалық дамуға, балалар-ата-аналар қатынасының жақсаруына ықпал етіп, баланың жалпы соматикалық күйін шынықтырды.

Наши рекомендации