Тақырыбы: №2 дәріс. Кіші мектеп оқушыларында ауызша сөйлеу мен хат кемшіліктерін жою
Ауызша сөйлеу мен хат кемшіліктерін жою үшін сөйлеу мәнерінің жан-жақты байланысының позицияларын қарастырып, сондай-ақ осы байланыс балалардағы фонетико-фонематикалық көзқарастарының даму процессі кезінде орындалу керек.
Бұл жағдай кіші мектеп оқушыларында ауызша сөйлеу мен соған байланысты туындайтын хат кемшіліктерін жүйелі түрде жоюға арналған негізгі әдістемелік алғышарттарға негіз болып келеді.
Бұл жүйе біріккен дидактикалық қағидаларды - жүйелілікті, материалдардың қол жетімділігі, оларды балалардың саналы меңгерулерін, оқушылардың белсенділігін есепке ала отырып құралады.
Сонымен қатар ауызша сөйлеу кемшіліктерінің құрылымынан туындайтын ерекше, спецификалық қағидалар ұсынылады.
Жүйе құрастырудағы ең маңызды қағидалар - сөйлеу мәнерінің дұрыстығы мен дыбыстық талдаудың дамуының өзара үйлесуі, олардың тығыз байланысы.
Жұмыстың осы екі бөлімі де оқушыларың сөйлеу дыбыстық облысындағы танымдылық процессі мен бақылаулары, дыбыстың артикуляциялық және акустикалық қасиеттерін саналы түрде анықтауға, оның мән-мағыналық рөлін меңгеруге бағытталған.
Артикуляцияны меңгеру тек дыбыстарды дұрыс айту үшін ғана емес, сондай-ақ ол балалардың дыбыс туралы көзқарасы даму кезіндегі кезең болып келеді, себебі оларды дыбыс жасайтын элементтерді саналы түрде бөліп, анықтауды үйретеді.
Әрбір жеке дыбысты мағыналық бөліп, түсіну тек дыбыстық талдаудағы дамытулар белгілі деңгейге жеткенде, яғни лайықты әріптерді хатта – буында немесе сөзде дұрыс қолдана алған кезде ғана жетілді деуге болады.
Ауызша сөйлеуді түзету дыбыстық талдауды дамытумен қатар жүргізеді, алайда осы бөлімдер бойынша жұмыс көлемінің қатынасы өзгере беруі мүмкін. Оқытудың бірінші кезеңдерінде, балаларда көптеген дыбыстардың дұрыс айтылуын жетілдіретін кезде, түзету жұмыстарына дыбстық талдауға қарағанда көбірек уақыт бөлінеді. Бұл мерзімдегі дыбыстық талдаудың негізгі жұмысы – балаларда бар дағдылар мен білімдерді бекіту. Ары қарай, кей дыбыстар қойлып, балалар оларды дұрыс айтуды үйренгенде, уақыт қатынасы дыбыстық талдауға қарай өзгеру керек. Жаңадан қойылған дыбыстардың ауызша сойлеуде бекітілуі сөз бен сөйлемнің барлық дыбыстық құрамына байланысты талдау мен синтез негізінде болады. Сонымен қатар, дыбыстарды «автоматтандыру» жұмысы жүреді, яғни жаңа дыбыстарды сәйкесті буында, сөзде, сөйлемде дұрыс қолдана алуына жаттығулар жүргізіледі.
Артикуляция мен дыбысты қабылдаудың арақатынас процессі ауызша сөйлеу кемшіліктерін тез әрі нақты жоюына мүмкіндік туғызады.
Дыбыстарды ажырата білу және ерекшелеу артикуляцияның дамуына жақсы әсер етеді. Дыбысты дұрыс, нақты айту оны сөзде анық ажыратуға көмектеседі. Екеуі де – хат жазудағы анықталған спецификалық кемшіліктерді жоюдағы маңызды шарт.
Фонетикалық сойлеу мәнеріндегі кемшіліктерді жүйелі түрде жоюға қарағанда, сондай-ақ артикуляцияның жалпы белгілерімен байланысқан, бір фонетикалық топтың дыбыстарымен қатаң тізбекті сақтай отырып жұмыс істеу маңызды болып табылады. Бірінші кезекте дыбыстық түзетуге - артикуляциялық аз қиындық тудыратын қойылымдар мен қозғалыстар жатады. Артикуляцияның ең қарапайым элементтерін меңгеру, сол фонетикалық топтың басқа да дыбыстарымен жұмыс істеуді анағұрлым жеңілдетеді.
Солай, з дыбысын с дыбысының артикуляциясы түсінілгеннен кейін меңгерілгені жөн болады. Бұд дыбыстардың артикуляциясы тек, з дыбысын айтқан кезде дауыс сіңірлері жұмыс істеуімен өзгешеленеді.
Логопедияда дыбыстармен түзету жұмыстары келесідей тізбекте жүреді: сүзілмелі, ызың және африкаттар мынадай кезекте қойылады с - с', з, з', ш, ж, ц, ч, щ.
Ұяң, үзілмелі б, д, г артикуляциясы сәйкесті жұптардың қатаңдары: п, т, к, сондай-ақ х анықталғаннан кейін ғана жүреді.
Ұяң, үзілмелілер тобында әдетте б-дан д-ға және г-ға тізбегі сақталады. Егер де, ұяңдылық бұзылуы з,ж дыбыстарына да қатысты болса, онда осылардан жұмыс істеуді бастаған жөн, себебі олар қойылуға жеңіл және оңай.
[л] – [р] дыбыстарының қойылудағы тізбегі оқушыға артикуляциялық белгілері бойынша қайсысы жеңіл болады, соған байланысты. Бір оқушыларға [л] дыбысы [р] дыбысына қарағанда жеңіл айтылса, келесілеріне керісінше [р] дыбысы [л] дыбысына қарағанда жеңіл меңгерілетіні белгілі. Осы - [л] – [р] дыбыстарының қойылу тізбегін анықтайды.
Жіңішке және жуан дауыстылардың түзету жұмыстары бұзылудың мінезіне байланысты ұйымдастырылады. Бастапқыда оқушының сөйлеуінде жұпты дауыстылардың (жіңішке, жуан) қайсысы дұрысырақ сақталғанын анықтау керек, содан кейін азырақ сақталған жұпты дауыстыны меңгеруге ауысуға болады (мысалы, [л]-дан [п']-ға немесе [п']-дан [п]-ға).
Бір фонетикалық топтың немесе бір-бірімен жақын фонетикалық топтардың дыбыстарымен жұмыс істеу кезінде тізбекті қатаң тәртіп сақтау, ауызша сөйлеудың кемшіліктерінің салдарынан болатын хат жазудағы кемшіліктерді жою кезінде ерекше мағынаға ие болады.
Жазуда әріптерді алмастырумен білінетін спецификалық қателер жақын әріптерді жеткілікті деңгейде жіктемеудің салдарынан туындайды.
Ұқсас дыбыстарды жалғастыра өтеу кезінде артикуляция элементтерін жеңіліректен қиыныраққа бірте бірте игеруге жетеді.
Ұқсас дыбыстарды түзету реті сабақта қолданылатын тілдік материалдарды таңдауда ерекше ыңғайды талап етеді. Баларды оқыту тәжіртбесі мынаны көрсетеді: Егер тілдік материалда қазіргі үйретіп жатқан дыбыстарға ұқсас дыбыстар кездеспесе балаларға жаңа дыбыстарды игерту едәуір сәтті өтеді.
Мысалға,[ш] дыбысымен жұмыс кезінде жаттығулардан осы әріпке жақын дыбысы бар сөздерді алып тастау ұсынылады. Ш дыбысы сөз арасында с, ж, ч, щ дыбыстарымен араласады немесе алмастырылады.
Тілдік материалда с, ж, ч, щ дыбыстарының болуы ш дыбысын қабылдауды қиындатуы және айтылған дыбыстардан жіктеуді қиындатады.
Осы сияқты басқада ұқсас-сыңар ұян және үнді, л-р дыбыстарын айтуға болады.
Әртүрлі ұқсас емес фонетикалық топтардағы дыбыстарды айтуда да бұзылыстары бар оқушылар аз кездеспейді( мысалы, ш,ж және ұяң б,д,г, сонорлы л,р). ОСындай жағдайларда жұмыста біруақытта әртүрлі фонетикалық топтағы бірнеше дыбыстармен бастай беруге болады, мысалы, ш дыбысымен және б дыбысымен.
Егер бір дыбыстын артынан мысалы(ш) дыбысы осы фонеткалық топтағы дыбыспен жұмысқа кірісіп кетке мысалы (ж) онда бірінгі дыбысты жаттығудан алып тастаған жөн, себебі ол екінші дыбысқа көптеген артикулярциялық белгілерімен жақын. Осы себеппен бірінші дыбысты бекітуге уақыт аз қалады да, оны меңгеру жеткілікті деңгейде берік болмайды.
Осындайдан аулақ болу үшін және тілдік жетіспеушілікті жоюды кедірмес үшін бір-бірінен айтылуы және артикуляциясы жағынан алшақ, әртурлі фонетикалық топтағы дыбыстармен жұмысты мақсатты түрде алмастыру керек. Ауызша және жазбаша түрде ш дыбысын бекітудін бірінші деңгейінен б дыбысын бекіту деңгейіне өтуге болады, себебі, ол ш дыбысынан айтылуы және артикуляциясы жағынан өзгешеленеді.
Осы кезеңде негізгі зейін б дыбысына бөлінеді, бірақ осы уақытта жаттығулардың ішіне ш дыбысы бар сөздерді қосуға болады.
Б дыбысын бекітетін бірінші деңгей аяқталатын уақытта ш дыбысы салыстырмалы түрде берік игерілген болып саналады. Оны бірнеше уақытқа ауызша және жазбаша жаттығуларға алынған тілдік материалдардан алып тастауға болады.
Осылай әртүрлі фонетикалық топағы әріптерді үйрету барысында әр дыбысты бекітуге уақыт жеткілікті болады және көп мөлшерде жаттығулар өткізуге мүмкіндік туады.
Егер бір фонетикалық топтағы белгілі дыбыс анық бекітілсе,онда оған жақын дыбыстар тез игеріледі.
Ұқсас дыбыстарды жіктеу жұмысы өткізілгеннен кейін екеуі де ауызша және жазбаша тілдік материалдарға енгізіледі, сосын логопедтің бақылауымен оларды бекіту жалғасады.