Баланың мүліктік құқықтары.
1. Əрбір баланың белгіленген тəртіппен жəне мөлшерде өз ата- анасынан жəне отбасының басқа да мүшелерінен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жəрдемақылар жəне басқа да əлеуметтік төлемдер ретіндегі тиесілі соммалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі жəне олар баланы күтіп-бағуға, оған білім беруге жəне оны тəрбиелеуге жұмсалады.
2. Əрбір баланың заңдарда белгіленген тəртіппен өз бетінше немесе өзінің заңды өкілдері арқылы мəмілелер жасауға, банктерде салымы болуға жəне жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне жəне интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік етуге, өзге де мүліктік құқықтарды иемденіп алуға жəне оларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жəрдемақысын немесе материалдық көмек ретінде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы.
3. Əрбір баланың өзі тапқан табысқа, өзі сыйға немесе мұра ретінде алған мүлікке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікке меншік құқығы бар.
Өз еңбегімен табыс табатын болса, егер ол ата-анасымен бірге тұратын болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлісуге қатысуға құқылы. Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы ҚР азаматтық заңдарымен айқындалады.
Ата-ана құқығынан айырудың салдары:
1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу, сондай-ық балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жəрдемақылар алу құқықтарынан айрылуға əкеп соғады.
2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.
3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан əрі бірге тұруы туралы мəселе сот тəртібімен шешіледі.
4. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата-анасымен жəне басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қалады.
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата- анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы жəне қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.
6. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының (олардың біреуінің) өтініші бойынша қорғаншы жəне қамқоршыорган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.
7. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананың (олардың біреуінің) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім щығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.
Ата-ана құқықтарынан айыру:
1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тəрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дəлелді себептерсіз бас тартса;
3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пəктігіне қастандық жасаса;
5) заңдарда белгіленген тəртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
2. Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
Ата-ана құқығынан айыру тəртібі:
1. Ата-ана құқығынан айыру сот тəртібімен жүзеге асырылады. Ата- ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың орындағы адамдардың) кəмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы жəне қамқоршы органдардың, кəмелетке толмағандардың ісі жөнінде комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің жəне басқармаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
2. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы жəне қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
3. Ата-ана құқығынан айыру жөніндегі істерді қарау кезінде сот ата- ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мəселені шешеді.
4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата- аналардың (оладың біреуінің) іс-əрекетінен қылмыстық жазаланатын əрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.
5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншы жəне қамқоршы органға жолдауға міндетті.
Тақырып 8:Еңбек жəне тұрғын-үй қатынастары саласындағы кəмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы
1. Кəмелетке толмағандардың еңбек саласындағы құқықтары мен міндеттері
2. Кəмелетке толмаған қызметкерлерді көтермелеу жəне тəртіптік жауаптылық негіздері.
3. Кəмелетке толмағандардың материалдық жауаптылығы
4. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін еңбекке ақы төлеу жəне өндірім нормалары
5. Кəмелетке толмағандардың тұрғын үйге құқықтары мен міндеттері
Баланың еңбек бостандығына құқығы.
1. Əрбір баланың еңбек бостандығына, қызмет жəне кəсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар.
2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына жəне өсіп-жетілуіне оңтайлы, баланың дене бітіміне, имандылығына жəне психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметі мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары қамтамасыз етеді.
3. Он сегіз жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасу жəне оны бұзу тəртібі жəне еңбек қатынастарының басқа да ерекшеліктері ҚР Еңбек заңнамасында белгіленген.
4. Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды жəне (немесе) еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмыс істеу оқу прцесін бұзбауға тиіс.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар
1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайы зиянды жəне қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда ( ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады.
2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өздеріне белгіленген шекті нормалардан артық жүктерді тасуына жəне қозғалуына тыйым салынады.
3. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің жүктерді тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша белгілейді.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге:
1) он төрт жастан тн алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін-аптасына 24 сағаттан аспайтын;
2) он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін-аптасына 36 сағаттан аспайтын;
3) білім беру мекемелерінде оқитын жəне оқу жылы ішінде оқуды жұүмыспен қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға-күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Тақырып 9:ҚР Əкімшілік құқығы бойынша кəмелетке толмағандардың жауаптылығы
1. Əкімшілік жауаптылық ұғымы, белгілері
2. Əкімшілік жауаптылықтан босату
3. Кəмелетке толмағандардың əкімшілік жауаптылықтарының ерекшеліктері.
Жеке адамның əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі бойынша əкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінəлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-əрекетті не əрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-əрекеті не əрекетсіздігі əкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Əкімшілік жауаптылықта болуға тиіс тұлғалар:
1) ақыл-есі дұрыс, əкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша белгіленген жеткен адам;
2) заңды тұлға.
Кəмелетке толмағандарға əкімшілік жазалар қолданудың ерекшеліктері:
1) Кəмелетке толмаған адамға салынатын əкімшілік айыппұлдың мөлшеріне ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға жəне он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Айыппұл кəмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Кəмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.
2) Арнаулы құқықтан айыру кəмелетке толмағандарға 1 жылдан аспайтын мерзімге қолданылуы мүмкін.
3) Əкімшілік жазалардың басқа да түрлері кодекістің 45 жəне 57- баптарында аталған əкімшілік құқықтық ықпал ету шаралары əкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінəлі кəмелетке толмағандарға жалпы негіздерде қолданылады.
Кəмелетке толмағандарды əкімшілік жауаптылықтан жəне əкімшілік жазадан босату.
Əкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған кəмелетке толмаған адамды сот, əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уəкілетті орган (лауазымда адам) оған заңдарда көзделген тəрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, əкімшілік жауаптылықтан немесе тағайындалған əкімшілік жазаны орындаудан босатыу мүмкін. Кəмелетке толмаған адамға тəрбиелік ықпал етудің мынадай шаралары тағайындалуы мүмкін:
1) заңды түсіндіру;
2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың, не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
3) келтірілген зиянды реттестіру міндетін жүктеу;
4) бос уақытын шектеу жəне кəмелетке толмаған адамның мінез- құлқына ерекше талаптар белгілеу.
5) заңдарда тəрбиелік ықпал етудің өзге де шаралары көзделуі мүмкін.
6) Кəмелетке толмаған адамға бір мезгілде тəрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.
Тақырып 10: ҚР Қылмыстық құқығы бойынша кəмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы
1. Қылмыстық құқығы бойынша жəбірленуші ретіндегі кəмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы
2. Кəмелетке толмаған тұлғаларға қолданылатын жазалар түрлері
3. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы
Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы
1. Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адамдар кісі өлтіргені ҚР Қылмыстық кодексі бойынша (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103 бап), ауырлататын мəн-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін (104 бап екінші бөлік), зорлағаны (120 бап), жыныстық сипаттағы күштеу əрекеттері (121 бап), адамды ұрлағаны (125 бап), ұрлық жасағаны (175 бап), кісі тонағаны (178 бап) ұрып- соққаны (0179 бап), қорқытып алғаны (181 бап), ауырлататын мəн-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені (185 баптың екінші, үшінші, төртінші бөліктері) ауырлататын мəн-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойған немесе бүлдіргені (187 баптың екінші, үшінші бөліктері), терроризм (233-бап), адамды кепілге алуы, террористтік акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлағаны (242 бап), қару-жарақты, оқ-дəріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255 бап), ауырлататын мəн- жайлардағы бұзақылығы (257 баптың 2,3 бөлігі), тағылық (258 бап), есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260 бап), ауырлататын мəн-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін жəне олардың жерленген жерлерін қорлағаны (275 бап 2 бөлігі), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (299-бап) үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.
Кəмелетке толмағандардыy yылмыстыy жауаптылығы.
Жаңа Қылмыстық кодексте кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.Бұл дегеніміз мемлекеттің əділеттік жəне ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып,кəмелетке толмағандардың жас жағынан жəне ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кəмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кəмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кəмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тəрбиелік сипаттағы мəжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгіленген. Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сəйкес «Кəмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады». Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу. Ресейдің, Австранияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да осылай көрсетілген.Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы Францияның қылмыстық кодексінде – 13, Нидерландыда, Португалияда – 12, Жаңа Зеландияда – 10, Ирландия құқығында - 7 жас деп көрсетілген.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14–ке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 14 - ке толмаған жасөспірімдер өзінің істеген іс - əрекетінің қоғамға қауіптілігін, мəнін жете түсінбейді жəне өзінің іс - əрекетін басқара алмайды. Егер кəмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс- əрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (15-бап,3-бөлігі). Егер кəмелетке толмаған адамның (14,16 жас ) есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылұы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпйды, бірақ бұл мəн – жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мəн-жай ретінде ескереді жəне ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-тің 17- бабы,1,2 – бөліктері). Қылмыс жасаған кезде 18- ге толмаған адам кəмелетке толмаған деген атаққа ие бола алмайды.Бірақ та Қылмыстық кодекстің 87- бабының талабына сəйкес он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған əрекетінің сипатын жəне жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларға кəмелетке толмағандарға арналған арнаулы тəрбие немесе емдеу, тəрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-əрекеттің мəні 18 бен 20 жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты жəне психикалық жете дамуынан болуы қажет.
Кəмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сəуірдегі қаулысының 8- тармағында: кəмелетке толмағандарға жаза тағайындау мəселесін қараған кезде соттар қылмыстық жазаның тек ҚК- тің 79 – бабында көрсетілген түрлері ғана қолданылатындығына жəне олардың мерзімдері мен мөлшері сол бапта белгіленген шеңберден аспайтындығына назар аударуы керек.Сондай-ақ ҚК- тің 80 жəне 81- баптарында көрсетілген тəрбиелік əсері бар мəжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіншілігін қарастыру қажет», деп ескертілген.
Кəмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері де ересектерге қарағанда жеңіл болып белгіленген. Кəмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық шаралар ( өлім жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары ) тағайындалмайды. Кəмелетке жасы толмағандардың статусының ерекшеліктеріне байланысты оларға белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыру; мүлікті тəркілеу; бас бостандығынан немесе əскери қызметінен шектеу сияқты жазалар тағайындалмайды. Төменде Қылмыстық кодекстің 79- бабын келтіріп отырмыз.
«1. Кəмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері: а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ; в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары; д) қамау;
е) бас бостандығынан айыру болып табылады.
2. Айыппұл кəмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады.Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кəмелетке толмаған адамның екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады.
3.Кəмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
4.Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кəмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады жəне ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқарады.Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан , ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адмдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.
5.Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кəмелетке толмаған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
6. Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кəмелетке толмаған бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады
7. Кəмелетке толмаған адамды бас бостандығынан айыру он жылдан, ал ауырлататын мəн – жайларда кісі өлтіргені үшін – он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
8.Кəмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан
айыруды:
а)бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек
жынысты кəмелетке толмағандар, сондай – ақ əйел жынысты кəмелетке толмағандар – жалпы режимдегі тəрбиелеу колонияларында;
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кəмелетке толмағандар – күшейтпелі режимдегі тəрбиелеу колонияларында өтейді.
9. Қоғамдық қауіптілік сипатына жəне дəрежесіне кінəлі адамның жеке басына жəне басқа да мəн- жайларға қарай сот қабылданған шешімнің себсбін көрсете отырып, еркек жынысты кəмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тəрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.
10.Сот жазаны орындаушы органға кəмелетке толмай сотталған адаммен қарым- қатынас кезінде оның жеке басының беклгілі бір ерекшеліктерін ескеру туралы нұсқау беруі мүмкін»
Мұндай ерекшеліктерге жасы кəмелетке толмағанның психикалық өзгешелігі: денсаулығының нашарлығы, белгілі бір іс-əрекетке қабілеттілігі, белгілі бір мамандыққа баулу қажеттіліктурі жатады. Кəмелетке толмаған жас жеңілдететін мəн – жай ретінде басқа да жеңілдететін жəне ауырлататын мəн- жайлармен жиынтықта ескеріледі. Кəмелетке толмаған адамға тағайындалған жаза əділ болуы керек.Əділ жаза деп кəмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей əсер ететін жазаны айтамыз.
Кəмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босату.
Кəмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босату жалпы жəне арнаулы қылмыстық – құқылық нормалар арқылы жүзеге асырылады.Қылмыстық құқықтың жалпы нормасы бойынша кəмелетке толмағндар шын өкінуіне байланысты ( 65- бап) ; қажетті қорғану шегінен асқан кезде (66- бап), жəбірленушімен татуласуына байланысты (68- бап),ескеру мерзімінің өтуіне байланысты (69-бап) қылмыстық жауаптылықтан босатылады.Кодекс бойынша өлім жазасының тағайындалуы мүмкін адамға ескеру мерзімі туралы мəселені сот шешеді.Бұл норма жасы кəмелетке толмағандарға қолданылмайды,өйткені заң бойынша мұндай адамдарға өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды.Қылмыстық кодекстің 69-бабының 5- бөлігі жасы кəмелетке толмағандарға қолданылмайды, өйткені бейбітшілік пенадамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін жасы кəмелетке толмағандар жауапқа тартылмайды. Жасы кəмелетке толмағандар жөніндегі Қылмыстық кодекстің 85-бабында көрсетілген қысқартылған ескеру мерзімдері Қылмыстық кодекстің 87-бабында көрсетілген негіздер бойынша
18 бен 20 жас аралығындағы адамдарға қолданылады.18 бен 20 жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған əрекетінің сипатын жəне жеке басын ескере отырып , сот еерекше жағдайларда оларға кəмелетке толмағандарға арналған арнаулы тəрбие немесе емдеу- тəрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда , осы бөлімінің ережелерін қолдана алады.
Кəмелетке толмағандарды жалпы тəртіппен қылмыстық жауаптылықтан жəне босатудың негіздерімен бірге олар жайында қылмыстық заңда мынадай арнаулы негіздер бар:
1) кəмелетке толмағандарды мəжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан босату.
2) Тəрбиелік əсері бар мəжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан босату.
Қыьлмыстық Кодекстің 83-бабының 1-4 бөліктеріне сəйкес тəрбиелік əскрі бар осы шаралардың мазмұны төмендегідей:
1) Ескерту кəмелетке, толмаған адамға оның əрекеті мен келтірілген зиянды түсіндіруден жəне осы кодексте көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.
2) Қадағалдауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандандырылған мелекеттік органға кəмелетке толмаған адамға тəрбиелік əсер ету жəне оның мінез-құлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.
3) Келтірген зиянды қалпына келтіру міндеті кəмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайын жəне оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.
4) Кəмелетке толмаған адамның босу уақытын шектеу жəне оның жүріс- тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға сбаруға, бос уақыттың белгілі бір нысанын, оның ішінде механикалық көлік құралын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тəуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын,мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін.
Аталған мекемелерде кəмелетке толмағандар жасы кəмелетке толмағандар жасы кəмелетке толғанға дейін болады. Сондай-ақ түзелуді қамтамасыз етуші мамандандырылған мемлекеттік органның қортындысы негізінде сот кəмелетке томаған адам өзінің түзелуі үшін бұдан əрі бұл шараны қолдану қажет етпейді деген қорытындыға келсе, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Кəмелетке толмаған адамның арнаулы тəрбие жəне емдеу-тəрбиелеу мекемесінде болуының, оларды ауыстырудың тəртібі мен ережелері заңдар мен ережелері заңдармен белгіленген.
.Кəмелетке жасы толмағандардың сотталғандығын жою ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің 13-бабының 4-бөлігіне сəйкес 18 жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін сотталғандардың қылмыстық қайталануын тану кезінде есепке алынбайды, яғни олар бұрын сотталған деп танылмайды. Қылмыстық кодекстің 86-бабына сəйкес 18 жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған адамдар үшін осы кодекстің 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады жəне тиісінше 86-бапта көрсетілгендей :
1) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;
2) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін бір жылға;
3) ауыр жəне аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады.Жасы кəмелетке толмай қылмыс істегендерге Қылмыстық кодекстің 77-бабында көзделген соттылық туралы жалпы ереженің бірінші жəне жетінші бөліктері , жазадан босатылған адамның соттылығы жойылды деп танылу туралы ереже.Бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамның соттылығын жою туралы, мерзімінен бұрын босату босатылған адамдардың соттылығын жою туралы, соттылықты алып тастау туралы 79-бап, 5-бөлігінде қолданылады.
Кəмелетке толмағандарды yылмыстыy жауаптылыyтан жəне жазадан босату.
1. Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бірнеше рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кəмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгіленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл ретте ҚР Қылмыстық кодексінің 82-бабында көзделген тəрбиелік əсері бар мəжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
2. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағны үшін бірінші рет сотталған кəмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге ҚР Қылмыстық кодексінің 82-бабында көзделген тəрбиелік əсері бар мəжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін.
Тақырып 11: ҚР Қылмыстық атқару құқығы саласындағы кəмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы
1. Кəмелетке толмаған сезікті, айыпталушы, қамауға алынған балалардың құқықтық жағдайы.
2. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеудегі кəмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы
Тəрбиелеу колонияларында жазаны өтеу тəртібі
1. Тəрбиелеу колонияларында жазаны өтеудің дағдылы, жеңілдетілген, жеңілдікті жəне қатаң жағдайлары белгіленеді.
2. Тəрбиелеу колонияларында жазаны өтеудің жағдайларына тəрбиелеу колонияларына келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудің қатаң, жеңілдетілген немесе жеңілдікті жағдайларынан көшірілген сотталғандар жазасын өтейді.
3. Жазаны өтеудің белгіленген тəртібін бұзғаны үшін жазасы болмаған жəне еңбек пен оқуға адал қараған кезінде сотталғандар:
- бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны алған рет өтеуші еркек жынысты адамдар, сондай-ақ əйел жынысты сотталған адамдардың барлық санаты – дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде үш айын өтеуі бойынша;
- бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген еркек жынысты адамдар-дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде алты айын өтеуі бойынша дағдылы жағдайлардан жеңілдетілген жағдайларға көшірілуі мүмкін.
4. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеуші, жазаны өтеудің белгіленген тəртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы жағдайларға көшірілуі мүмкін.
5.Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеуші сотталғандар шартты- мерзімінен бұрын босатылуға əзірленуі үшін жеңілдікті жағдайларға көшіріледі.
6. Жазаны өтеудің белгіленген тəртібін қасақана бұзушылар деп танылған жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеуші сотталғандар жеңілдетілген немесе дағдылы жағдайларға көшірілуі мүмкін. Жеңілдікті жағдайларға қайта көшіру жеңілдетілген жағдайларға оралғаннан кейін алты айдан ерте жүргізілмейді.
7. Жазаны өтеудің белгіленген тəртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы жəне жеңілдетілген жағдайлардан үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қатаң жағдайларға көшірілуі мүмкін.
8. Бас бостандығынан айыру орындарында əдейі жасаған қылмыстары үшін сотталғандар жазаның алғашқы алты айын қатаң жағдайларда өтейді, бұдан соң жазаны өтеудің белгіленген тəртібін бұзғаны үшін жазасы болмаған кезде олар дағдылы жағдайларға көшіріледі.
9. Сотталғандарды жазаны өтеудің бір жағдайынан екіншісіне көшіруді колонияның оқу-тəрбие кеңесінің ұсынуы бойынша колония бастығы жүргізеді, бұған топ тəрбиешілері кеңесінің ұсынуы бойынша жүргізілетін дағдылы жағдайдан жеңілдетілген жағдайға көшіру қосылмайды.
Тəрбиелеу колонияларында жазаны өтеудің жағдайлары.
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеуші сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
-тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті нəрселерді сатып алуға өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
-жыл ішінде алты қысқа мерзімді жəне екі ұзақ уақыт кездесуге;
-жыл ішінде сегіз посылка немесе сəлемдеме жəне скгіз бандероль алуға рұқсат етіледі.
2. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеуші сотталғандар жатақханада немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:
-тамақ өнімдерімен бірінші кезекте қажетті нəрселерді сатып алуға өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттан айсайын он айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
-жыл ішінде он екі қысқа мерзімді жəне төрт ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етіледі.
Тəрбиелеу колониясы əкімшілігінің рұқсаты бойынша ұзақ уақыт кездесулерді тəрбиелеу колониясынан тыс жерде өткізуге болады.
Жыл ішінде он екі посылка немесе сəлемдеме жəне он екі бандероль алуға рұқсат етіледі.
3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеуші сотталғандар əдетте күзетсіз, бірақ қадағаланып, тəрбиелеу колонияларынан тыс жерлерде жақсартылған тұрғын үй-жайларда тұрады. Оларға:
-тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті нəрселерді сатып алуға жеке шоттарындағы қаражатты шектеусіз жұмсауға;
-ақшаны пайдалануға;
-посылкаларды, сəлемдемелер мен бандерольдарды шектеусіз алуға;
-шектеусіз қысқа мерзімді кездесулерге, сондай-ақ жыл ішінде колониядаг тыс тұрып алты ұзақ уақыт кездесуге;
-азаматтық үлгідегі киім мен аяқ киімді пайдалануға рұқсат етіледі.
4. Жазасын қатаң жағдайда өтеуші сотталғандар оқудан немесе жұмыстан бос уақытында жабылатын оқшауланған тұрғын үй-жайларда тұрады. Оларға:
-тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті нəрселерді сатып алуға өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
-жыл ішінде төрт қысқа мерзімді кездесуге;
-жыл ішінде төрт посылка немесе сəлемдеме жəне төрт бандероль алуға рұқсат етіледі.
4. Жазасын қатаң жаєдайларда Өтеушi сотталєандар оқудан немесе жұмыстан бос уақытында жабылатын оқшауланєан тұрєын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ Өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нəрселердi сатып алуєа Өздерiнiң жеке шоттарындаєы қаражаттан ай сайын екi айлық есептiк кӨрсеткiшке дейiнгi мӨлшерде жұмсауєа;
-жыл iшiнде тӨрт қысқа мерзiмдi кездесуге;
-жыл iшiнде тӨрт посылка немесе сəлемдеме жəне тӨрт бандероль алуєа рұқсат етiледi.
Тақырып 12:ҚР Азаматтық іс жүргізу қатынастары саласындағы кəмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы
1. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қабілеттілік жəне əрекет қабілеттілік
2. Кəмелетке толмағандардың азаматтық іс жүргізудің қатысушы ретіндегі құқықтық жағдайы
3. Кəмелетке толмағандардың азаматтық сот ісіндегі куəгер ретіндегі құқықтық жағдайы
Азаматтық іс жүргізу əрекет қабілеттілігі
Сотта құқықтарын өз іс-əрекетімен жүзеге асыру жəне міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу əрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарда жəне ұйымдарға толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың, сондай-ақ əрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кəмелетке толмағандардың немесе əрекетке қабілетті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.Он төрт жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың, сондай-ақ əрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды. Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік, əкімшілік жəне өзге де құқық қатынастарынан жəне тапқан табысына кəсіпкерлік қызметтен түскен кірістеріне билік етуге байланысты мəмілелерден туындайтын істер бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың өз құқықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өз басын қорғауға құқығы бар. Кəмелетке толмағандарға көмек көрсету үшін кəмелетке толмағандардың заңды өкілдерін мұндай істерге қатысуға тарту соттың қалай шешуіне байланысты.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі.
Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу қабілеттілігі) материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дəрежеде танылады.
Тақырып 13: ҚР Қылмыстық іс жүргізу қатынастары саласындағы кəмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы
1. Кəмелетке толмаған қылмыскерлердің жеке басының сипаттамасы
2. Қылмыстық сот ісіндегі айыптау тарапынан кəмелетке толмағандардың қатысушыларының құқықтық жағдайы
3. Қылмыстық сот ісіндегі қорғау тарапынан кəмелетке толмаған қатысушылардың құқықтық жағдайы
4. Қылмыстық сот ісіндегі кəмелетке толмағандардың басқа да қатысу жағдайлары
Кəмелетке толмаєанды ата-анасының, қамқоршыларының, қорєаншыларының немесе басқа да сенiмге ие адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесi əкiмшiлiгiнiң қарауына беру аталєан адамдардың бiреуiнiң кəмелетке толмаєанның тиiстi мiнез-құлқы мен оның қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуiн Өзiне қабылдайтын жазбаша мiндеттеме қабылдауынан тұрады.
Кəмелетке толмаєанды ата-анасының жəне басқа да адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша Өтiнiшi бойынша єана мүмкiн болады.Қарауына қабылдау туралы қолхат алынып қойылєан кезде ата- аналарєа, қамқоршыларєа, қорєаншыларєа, арнаулы балалар мекемелерi əкiмшiлiгi Өкiлдерiне кəмелетке толмаєан сезiк келтiрiлген немесе ол айыпталєан қылмыстың сипаты туралы жəне қарауына алу жӨнiндегi Өздерiне қабылданєан мiндеттерiн бұзєан жаєдайдаєы олардың жауаптылыєы туралы хабардар етiледi. Қарауына кəмелетке толмаєан берiлген адамдарєа олар қабылдаєан мiндеттемелерiн орындамаєан жаєдайда осы Кодекстiң 145-бабының бесiншi бӨлiгiнде жəне 160-бабында кӨзделген жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн.
Кəмелетке толмаған куəдан немесе жəбірленушілерден жауап алудың ерекшеліктері.
1. Он төрт жасқа дейінгі куəдан немесе жəбірленушілерден жауап алуға қатысу үшін, ал тергеушінің қалауы бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі куəдан немесе жəбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы. Он алты жасқа дейінгі куəлар мен жəбірленушілерге айғақ беруден бас тартқаны үшін жəне көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілмейді. Мұндай куəлар мен жəбірленушілерге іс жүргізудегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілген кезде оларға тек шындықты ғана айтудың қажет екені атап көрсетіледі. Кəмелетке толмаған куə мен жəбірленушіге өздерінің немесе жақын туыстарының қылмыс жасағанын ашатын айғақтар беруден бас тарту құқығы түсіндіріледі. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жауап алуға қатысушы адамдарға хаттамаға енгізілуге тиісті жауап алынып отырған адамдардардың құқықтарымен заңды мүдделерін бұзушылық туралы ескертпелер беру, сондай-ақ тергеушінің рұқсатымен жауап алынып отырған адамға сұрақ қою құқығы түсіндіріледі. Тергеуші сұрақ қоюды қабылдамауға құқылы, бірақ оны хаттамаға енгізуге жəне қабылдамаудың себебін көрсетуге тиіс.
Кəмелетке толмаған жəбірленушіден, куəдан жауап алу ерекшеліктері.
Он төрт жасқа дейінгі кəмелетке толмаған жəбірленушіден, куəдан жауап алу, ал соттың қалауынша – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мұндай адамдардан жауап алу педагогтың қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда сонымен қатар ата-аналары немесе кəмелетке толмаған адамның өзге де заңды өкілдері шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен жəбірленушіге жəне куəға сұрақ қоя алады. Он алты жасқа толмаған жəбірленушіден, куəдан жауап алудың алдында төрағалық етуші оған шын жəне толық айғақтардың іс үшін маңызын түсіндіреді. Айғақ беруден бас тартқаны жəне көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылық туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды жəне олардан қолхат алынбайды. Тараптардың өтініші бойынша немесе соттың бастамашылығы бойынша кəмелетке толмаған жəбірленуші мен куəдан жауап алу сотталушы жоқ кезде жүргізілуі мүмкін, бұл туралы сот қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысы залына қайтын келгеннен кейін оған кəмелетке толмаған жəбірленушінің, куəнің айғақтары жария етіледі, жəбірленушіге, куəға сұрақ қою жəне олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкіндігі беріледі. Он сегіз жасқа толмаған жəбірленуші, куə сот олардың əрі қарай қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқасында, олардын жауап алғаннан кейін сот отырысы залынан шығарылады.
Кəмелетке толмағандардыy істері бойынша жариялылыyты шектеу
Сезікті, айыпталушы кəмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде сақталуы тиіс. Кəмелетке толмаған туралы істі жеке іс жүргізуге бөлу. Кəмелетке толмағанға қатысты жеке іс жүргізуге бөлу істің жағдайын жан-жақты жəне объективті зерттеу үшін айтарлықтай кедергі жасауы мүмкін болатын жағдайларда ересектермен қоса бір іс бойынша жауапқа тартылған кəмелетке толмаған айыпталушыға осы тараудың ережелері қолданылады. Кəмелетке толмаған сезіктіні, айыпталушыны шақырудың тəртібі.
1. Кəмелетке толмаған сезікті, айыпталушы тергеушіге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы жəне қамқоршы органдар арқылы шақырылады.
2. Арнаулы балалар мекемесінде немесе қамауда ұсталатын кəмелетке толмаған – ол ұсталатын орынның əкімшіліг арқылы шақырылады.
Кəмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу.
1. Кəмелетке толмаған айыпталушыдан, сезіктіден жауап алу ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 216,217 баптарында көзделген тəртіппен қорғаушысының, заңды өкілінің, ал қажет болған жағдайда психолдогтың, педагогтың қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейін – хаттамамен танысуға жəне айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толлықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.
Тақырып 14:Кəмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу
1. Кəмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша анықтауға жататын мəн-жайлар
2. Кəмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу
3. Кəмелетке толмаған сезiктiнi, айыпталушыны шақырудың тəртiбi
Кəмелетке толмағандардыy yылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізудіy тəртібі.
Бұл ережелер қылмыс жасаған сəтте кəмелеттік жасқа, яғни он сегіз жасқа толмаған адамдардың істері бойынша қолданылады. Кəмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу тіртібі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген жалпы ережелермен, сондай- ақ осы осы ережелердің баптарымен айқындалады.
3. Кəмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу тəртібі:
1) аталған адам жасаған бірнеше қылмыс, олардың бір бөлігін ол он сегіз жасқа толғаннан кейін жасаған қылмыстар туралы істер бір іс жүргізуге біріктірілген ;
2) айыпталушы сот ісін жүргізу сəтінде кəмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.
Кəмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша анықтауға жататын мəн-жайлар:
1) кəмелетке толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы);
2) кəмелетке толмағанның тұрмысы мен тəрбие жағдайы;
3) интеллектуалдық, ерік-жігерінің жəне психикалық даму дəрежесі, мінезі мен тегеурінділік ерекшеліктері, мұқтаждары мен мүдделері;
4) кəмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кəмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиіс.
Кəмелетке толмағандардың істері бойынша жариялылықты шектеу.
Сезікті, айыпталушы кəмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде сақталуы тиіс.
Кəмелетке толмағандардың істетін жеке іс жүргізуге бөлу:
1. Ересектермен бірге қылмыс жасауға қатысқан кəмелетке толмағанға қатысты іс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 49-бабының бірінші бөлігінің 3-тармағына сəйкес алдын ала тергеу сатысында жеке іс жүргізуге бөлінеді.
2. Кəмелетке толмағанға қатысты іс жүргізуге бөлу істің жағдайын жан-жақты жəне объективті зерттеу үшін айтарлықтай кедергі жасауы мүмкін болатын жағдайларда ересектермен қоса бір іс бойынша жауапқа тартылған кəмелетке толмаған айыпталушыға осы тараудың ережелері қолданылады.
Кəмелетке толмаған сезіктіні, айыпталушыны шақырудың тəртібі.
1. Кəмелетке толмаған сезікті, айыпталушыны тергеушіге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы жəне қамқоршы органдар арқылы шақырылады
2. Арнаулы балалар мекемесінде немесе қамауда ұсталатын кəмелетке толмаған – ол ұсталатын орынның əкімшілігі арқылы шақырылады.
Тақырып 15.Кəмелетке толмағандардың қылмыстығы мен оның алдын алу ерекшеліктері
1. Кəмелетке толмағандардың қылмыстығының алдын-алу жолдары
2. Кəмелетке толмағандардың қылмыстығы
3. Кəмелетке толмағандардың қылмыс жасағаны үшін тағайындалатын жаза түрлері