Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае.

Мазмұны

[жасыру]

· 1Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен селбесуі

· 2Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

· 3Дереккөздер

· 4Тағы қараңыз

Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен селбесуі[өңдеу]

Орманға барғанда қалпақшалы саңырауқұлақтардың белгілі бір ағаштардың түбінде өсіп тұрғанын байқаймыз. Мысалы ақ саңырауқұлақ тек қайың, қарағай, шырша маңында өссе, көктерек саңырауқұлағы көктеректің түбінде, арышқұлақтар қарағай мен шырша ормандарында өседі. Бұл жай кездейсоқтық емес. Көптеген қалпақшалы саңырауқұлақтар ағштардың тамырымен селбесіп, микориза (грекше"микос" - саңырауқұлақ, "ризос" - тамыры) түзеді. Саңырауқұлақтың жіпшелері ағаштың тамырын айнала қоршап алады. Осындай екі ағзаның пайдалы селбесуін (селбесу) дейді. Тамырында микоризасы жоқ ағаштар өте баяу дамып, түрлі аурулармен тез зақымданады. Қалпақшалы саңырауқұлақтар спора арқылы көбейеді. Споралары өте майда және ол қалпақшаларының астында жетіледі. Олар ауа толқыны, жел арқылы ұшып таралады. Саңырауқұлақтардың споралары суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді. Топырақта бірнеше ондаған жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпай сақталады. Қолайлы жағдайда әрбір спорадан жіпшелер өседі. Жіпшелері ұзарып, тарамдалып, жіпшумаққа айналады. Жіпшумақтардан жемісті дене жетіледі.

Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы[өңдеу]

Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае. - student2.ru

Саңырауқұлақтар.

Саңырауқұлақтар тайгада, тундрада, далалы жерлерде, тау ормандарында, шалғындықта, батпақта, қоймаларда, құрылыстарда кездеседі. Сөйтіп табиғатта зат айналымына қатысады. Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын (өсімдіктің құраған бөліктері, жануарлардың, майда бунақденелілердің өлекселері) ыдыратып, шірітеді. Сөйтіп топырақты ағзалық заттармен байытып, құнарлылығын арттырады.

Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары ыдырамай, өңделмей, топырақта жата берсе, әр түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себепші болар еді. Саңырауқұлақтардың қалдықтарды ыдыратуы топырақтың тазаруына, аурулардың таралмауына көп пайдасын тигізеді. Қалың ағашты ормандардың жапырақтары жыл сайын жаппай түсетіні белгілі. Ағаштардың түбінде өсетін қалпақшалы саңырауқұлақтар жапырақтарды ыдыратып, оларды бактериялар қара топыраққа айналдырады. Сондықтан орман арасындағы топырақтың құрамы өсімдіктерге қажетті минералды тұздарға өте бай болады.

Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай. Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, олар: жеміс шырынының түсін өзгертеді; шикізаттарды (мал азығын, қағаз қалдықтарын) өңдейді; нәруыздарды, крахмалды сүйылтады.

Зең саңырауқұлағынан пенициллин антибиотигі алынады. Аспергилден лимон қышқылы өндіріліп, медицинада, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.

Жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтар мен ашытқы саңырауқұлақтары тағамға пайдаланылады.

Тутанхомон фараонының қорымын ашуға қатысқан 21 адам аспергилл саңырауқұлағының споралары өкпені зақымдағандықтан, өмірден озды. Оны кейін басқаегипет қорымдарындағы адам мүдделеріне қаптал өскен аспергилдер арқылы анықтаған.

Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае. - student2.ru

Қына.

Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді. Өздерікен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. Ондай антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және саңырауқұлақтардан алынатын пенициллинжатады. Бұл антибиотиктерді өндірісте жасанды жолмен алу жолға қойылған. Адам баласы бұл дәрілерді күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі, бүйректі операцияжасап ауыстырғанда пайдаланылатын дәріні топырақтағы саңырауқұлақтан бөліп алды. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат - гибереллин, зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверинде саңырауқұлақтардан алынады. Саңырауқұлақтардың пайдалы жақтары толық анықтауды қажет етеді.

Жылдан - жылға халық саны өсіп келеді. Адам баласын тағаммен қамтамасыз ету - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан саңырауқұлақтарды тек дәрі алу үшін ғана емес, тамаққа пайдалану үшін де қолдан өсіреді. Арнайы орындарда қарашірік топыраққа жылқы тезегін қосып, қозықұйрықтың спораларын себеді. Сонда ғана ол ұзақ жылдар түсім береді. Қазір 70 елдеқозықұйрық, жазғы түбіртек егу жолға қойылған. Одан жылына 14 млрд доллар қосымша табыс түседі. Қазақстанда да қозықұйрық пен жазғы түбіртекті қолдан өсіру жүзеге асырылуда.

Саңырауқұлақтар табиғатта зат айналымына қатысады, әр түрлі қалдықтарды ыдыратып, шірітіп топырақ құнарлылығын арттырады. Сондай-ақ қауіпті аурулардың таралмауына пайдасын тигізеді. Саңырауқұлақтардың құрамы ферментке бай. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар құрамында 80-90% су, 2-4%-ға жуық нәруыз, 1%-ға жуық май болады. Демек олар тағамға пайдаланылады. Өте қажетті дәрі өндіруде де маңызы зор. Зиянды бактериялардың өсуін тежейтін дәрілер антибиотиктер деп аталады. Саңырауқұлақтардан өсімдікті тез өсіретін белсенді зат гибереллин алынады.

Қыналар соңғы уақытқа дейін төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатқызылып келді. Алайда олардың құрылысы және тіршілік әрекеті ерекше болғандықтан, соңғы кезде саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі ретінде өз алдына жеке қарастырылатын болды. Қыналар - денесі екі құрамбөліктен (балдыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы.[3][4] [5][6][7]

Дереккөздер[өңдеу]

1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Moore RT. (1980). "Taxonomic proposals for the classification of marine yeasts and other yeast-like fungi including the smuts". Botanica Marine 23: 361–73.

2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0

4. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Шварцман С.Р., Материалы к истории микофлоры Казахстана, А.-А., 1962

5. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Калымбетов Б., Микологическая флора Заилийского Алатау (Северный Тянь-Шань), А.-А., 1969

6. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Әбиев С., Қазақстан астық тұқымдас өсімдіктерінің тат саңырауқұлақтары, А., 2002.

7. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Тағы қараңыз[өңдеу]

Қыналар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Олардың 20000-нан астам түрлері белгілі. Бұлар – автотрофты фикобионттар мен гетеротрофты микобионттардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Кейде бұлардың кейбір сыртқы құрылысына қарай мүктермен шатастырып, оларды «бұғы мүгі» және «исландия мүктері» деп атайды. Қыналардың түсі сұр, сұр жасылдау, қоңыр, сары, сарғыш, кейде қара болып келеді. Қыналардың морфологиялық құрылысы. Қыналардың сыртқы пішіні мен көлемі – алуан түрлі. Оларды сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі.
1. Қабықты (қаспақты) қынаның құрылысы басқаларына қарағанда қарапайым. Бұлардың талломы төсемікке тығыз жабысып өседі де, оны алғанда бұзылады және көпшілік уақытта ұнтақ, дән, кедір-бұдырлы немесе тегіс қаспақ сияқтанып келеді. Барлық қыналардың 80% - тейі қаспақты қынаға жатады.
2. Жапырақты қыналардың құрылысы күрделірек. Төсемікке жайылып жататын пластинка пішінді, төменгі жағында резина деп аталатын гифалардың ұштары арқылы бекінеді. Төсеміктен оңай алынады және дорзовентральды құрылысты келеді.
3. Бұталы қына күрделі құрылысты төсеміктен сабақ тәрізді көтеріліп тұрады да, одан жан-жаққа тармақталған бұтақшалар кетеді. Бұлар тік өседі немесе орманды жерлерде ағаштың қабығында төмен қарап салбырап тұрады. Жапырақты қыналармен салыстырғанда, бұл керісінше, радиальды құрылысты келеді.
Жапырақты және нағыз бұталы қыналардың арасын бір-бірімен байланыстырушы буын – талломы лента тәрізді, дорзовентральды құрылысы бар Evernia prunastri не Anaptychia ciliaris сияқты төменгі жағымен бекінетін қына. Бұл үш морфологиялық типтердің систематикалық жағынан алғанда аса күрделі маңызы болмайды. Кейде бір туысқа жататын түрлердің ішінде жапырақты және бұталы қыналар да кездеседі. Қыналардың құрамына кіретін фикобионттардың көпшілігі жасыл, көк-жасыл, сирек әр түрлі талшықты және қоңыр балдырлар. Табиғатта бос тіршілік ететін балдырларға қарағанда олар аз өзгерген. Жасыл балдырлардың ішінде көпшілігі хлорококтар қатарына жататын – цистококк - Cystococcus не Trebouxia туыстары. Цистококк өзіне жақын хлорококк туысынан хлоропластасының дененің орталық бөлімінде орналасу арқылы айырылады. Басқа бір клеткалы жасыл балдырлардың ішінен хлорелла – Chlorella т.б.

Балдыр[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае. - student2.ru

Балдыр.

Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае. - student2.ru

Балдыр.

Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае. - student2.ru

Балдыр.

Балдырлар (лат. Algae) — төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз да өседі. Балдырдың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасындамитохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көкжасыл Балдыр (Cyanophyta), прохлорофитті Балдыр (Prochlorophyta), қызыл Балдыр (Rhodophyta), жалтырауық Балдыр (Chrysophyta), диатомды Балдыр (Dіatomeae),криптофитті Балдыр (Cryptophyta), динофитті Балдыр (Dіnophyta), қоңыр Балдыр (Phaeophyta), сарыжасыл Балдыр (Xanthophyta), эвгленді Балдыр (Euglenophyta), жасыл Балдыр (Chlorophyta), хара Балдыры (Charophyta). Бұлардың 30 мыңға жуық түрі белгілі, Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі.

Жасушасында Балдырға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдыр өсімді (вегетативті), жыныссыз және жынысты (гологамия, изогамия, анизогамия, оогамия) жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдары бір жасушалы (бұған тек хара Балдыры жатпайды). Балдырдың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды.

Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер Балдырдан шыққан деп есептеледі. Көптеген Балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, Балдырдың табиғаттағы геохимикалық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биология жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы

Балдыр — жан-жануарлардың мекені, тіршілік-терінің көзі. Бентосты Балдырға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды Балдырдың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін Балдыр шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техника майлар, лактар алынады. Балдырдың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл Балдырдан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр Балдырдан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ, күлінен калий, натрий тұздары, иод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр Балдыры “теңіз капустасы” деген атпен, ал жасыл Балдыр (ульва) “теңіз салаты” деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.[1]

1. Жасыл балдырлар (Chlorophyta)

2. Әртүрлі шыбыртқылы балдырлар (Heterocontae)

3. Диатомды балдырлар (Diatomeae)

4. Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае)

5. Қызыл балдырлар (Rhodoрһусеае)

6. Цианобактериялар немесе Көк-жасыл балдырлар (Cyanobacteriae)

Таралуы[өңдеу]

Балдырлы ормандар Тынық мұхит жағалауының тайыз суларында, Аляскадан Канадаға, Төменгі Колифорнияға дейінгі аралықта кездеседі. Балдырлы ормандардың негізгі таралу аймағы- жағалаудағы тасты аймақтар, ормандар әдетте 2-30 метр аралығындағы тереңдікте орналасады.

Дереккөздер[өңдеу]

1. Жоғарыға көтеріліңіз↑

Сіз Уикипедияға кірмегенсіз, сізден кіруіңізді, егер сізде тіркелгі болмаса тіркелуіңізді сұраймыз. Тіркелу арқылы көп мүмкіндіктерге ие боласыз. [жасыру]

Теңіз балдырлары[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае. - student2.ru

Лонг-Айленд жартастарындағы теңіз балдырлары

Мазмұны

[жасыру]

· 1Қоңыр балдырлар

· 2Қызыл балдырлар

· 3Балдырлардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Балдырларды қорғау

· 4Дереккөздер

Қоңыр балдырлар[өңдеу]

Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае. - student2.ru

Жасыл балдырлар

Теңіздің тұзды суылда өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған — қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Бұл балдырлардың кейбір түрлері Қазақстанда Каспий теңізінде де кездеседі.

Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1 500-дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге дейін жетелі. Ең ірілерінің талломы (денесі) тарамдалып тұрады.

Қоңыр балдырдың жасуша қабықшасының сырты созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапта лған. Жасушасы - бір ядролы, вакуольдері біреу немесе көп болады. Сілемейлі қабықша теңіз толқынының күшіне төтеп беріп, су қайтқанда балдырларды құрғап кетуден сақтайды. Майда вакуольдердің құрамында илік заттары бар. Олардың дән тәрізді хроматофорлары жасуша қабықшасына жақын орналасады. Хроматофорларында хлорофилл және қоңыр бояулары (пигменттері) болады. Бұл бояу қоңыр балдырларда жүретін фотосинтезге күннің ультракүлгін сәулесін тиімді пайдалануға көмектеседі. Жасушаның қор заты - полисахаридтер (ерітінді күйіндегі көмірсулар).

Қоңыр балдырға ламинария, саргассум және т.б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып, 20-30 метр тереңдікте өседі. Оның сыртқы құрылымы гүлді өсімдіктерге ұқсас. Ламинария су түбіндегі төсемікке тамырға ұқсас өсінділерімен (ризоидтарымен) бекініп өседі. Ұзындығы 50 сантиметрге дейін жоғары қарай созылған бөлімі болады. Одан ұзындығы 3-4 метрдей жалпақ таспа тәрізді өсінділері жетіледі. Солтүстік ендіктердегі түрлерінің жалпақ таспа тәрізді өсінділері қаңтар, ақпан айларында түсіп қалады.

Жаздың соңы, күздің басында жалпақ өсінділерінің бетінде дақтар пайда болады. Сол жерде тізілт эллипс, цилиндр тәрізді біржасушалы зооспорангийлер (зооспора түзілетін қалта) түзіледі. Зооспорангийдің әрқайсысынан екі талшықты зооспоралар дамиды. Қозғалып жүріп төсемікке бекінеді де талшығын жойып, бірнеше жасушаға бөлінеді. Жынысты ұрпағы өскіншеге айналады. Оларда жыныстық мүшелерінде түзілген жыныстық жасушалары (гаметалар) қосылып, зигота түзеді. Ол бөліне бастайды да қайтадан ірі ламинарияға айналады.

Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае. - student2.ru

Саргассум.

Саргассум балдырына зер сала қарасақдар, жидекке ұқсас домалақ өсінділерді көресіңдер. Алайда ол жидек емес, іші ауаға толы көпіршіктер.Балдырлар солардың жәрдемімен суда жүзуін тездетеді, сөйтіп басқа жерлерге тез тарала алады. Саргассум тұқымдас турбипария балдырларында бұл ауалы көпіршік жұзім салқымына ұқсас болады. Сондықтан оны жергілікті түрғындар «теңіз жүзімі» деп атайды.

Қоңыр балдырлардың кейбір түрлерінің таспа тәрізді өсінділерінің ұзындығы 60 метр дей болып, биіктігі құрлықтағы кейбір ағашты өсімдіктердің биіктігінен асып түседі.

Қоңыр балдырлар бөлімі (Рhаеорhуtа)

Түрлерінің жалпы саны 1,5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Қоңыр балдырлардың талломының бояуы сарғыштан қара-қоңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Ол осы балдырлардың пигменттерінің: хлорофиллдің, каротиноидтардың, фукоксантиннің (қоңыр түсті) араласып келуінің нәтижесінде қалыптасатын түстер. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады. Олардан микроскопиялық ұсақ организмдерден бастап, аса үлкен (гигантский), кейде тіптен 60-100м жететіндеріне дейін кездестіруге болады. Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әртүрле бағытта бөлінеді және көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық, арқаулық (механикалық) және өткізгіш ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай дифференциация талломның әртүрлі қызмет атқаратын участіктерге- ризоидтарға, өстік бөлікке ("сабаққа") және филоидтарға ("жапырақтарға") бөлінуіне байланысты болса керек. Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хроматофоры көп жағдайда диск тәрізді, көп болып келеді. Артық қор заттары ламинарин (полисахарид), маннит (сахатоспирт) және шыны май тамшылары түрінде жиналады. Пектинді-феллюлозды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қыстырма меристемасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше жылға созылады. Вегетативтік көбеюі талломның бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады. Жыныссыз көбеюі (фукустар жыныссыз жолмен көбеймейді) көптеген екі талшақты зооспоралары, немесе қозғалмайтын тетраспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралары тірі клеткалы, сиректеу көп клеткалы зооспорангияларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады. Жыныстық процесі изогамиялы, гетерогамиялы және оогамиялы болып келеді. Изо- және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады: оогонийлері мен антеридийлері- бір клеткалы. Қоңыр балдырлардың фукустан басқаларының барлығының өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зоспорангияларда немесе тетраспорагияларда жүреді. Зооспоралары, немесе тетраспоралары гаметофитке (п) бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне көшпей-ақ спорофитке (2п) айналады. Әртүрлі түрлерінде ұрпақ алмасуы әртүрлі болады: біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда бірдей болады, ал екіншілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен және көпжылдық болып келеді. Қоңыр балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ірісі. Олар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзіп өседі. Кейбір қоңыр балдырлардың талломасының ұзындығы 60-100 м дейін барады (макроцистис туысы). Сондықтанда оларды моряктар "тірі кедергілер" деп атайды. Мұндай балдырлар кішірек катерлерді тоқтатып тоқтайды, үлкен пароходтардың жүрісін тежейді және суға қонатын самолеттердің қонуына едәуір кедергі жасайды. Классификациясы. Қоңыр балдырлар бөлімі үш кластан тұрады: изогенераттылар (Іsоgеnеrаtае) класы, гетерогенераттылар (Неtеrоgеnеrаtае) класы және цикласпоралылар (Сусlоsроrеае) класы.

Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае.

Солтүстік мұзды мұхиттың теңіздеріне аса ірі көпклеткалы қоңыр балдырлардың бірі ламинария өседі. Оның талломасы бекініп тұрады. Ризоид ұғымы ғылымға гректің "риза"- тамыр және "идос"-кескін деген сөздерінен енген. Ризоидтан жоғары қарай онша жалпақ болмайтын ұзындығы 50-100 см-ден аспайтын цилиндр формалы сағақ орналасады. Сағақтан саусақ салалы болып тілімделген немесе тұтас жапырақ тәрізді таллом кетеді. Сағақпен жапырақ тәрізді пластинканың арасында интеркалярлық өсу зонасы орналасады. Осы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде сағақта, жапырақ тақтасы да ұзарып өседі. Ламинария - көп жылдық өсімдік, оның сағағымен ризоиды қыстап шығады, ал жапырақ тақтасы жыл сайын үзіліп түсіп шіриді. Көктемде сағақтың ұшындағы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жаңадан жапырақ тақтасы пайда болады. Қоңыр балдырлардың орман түзетін ерекше үлкен түрлеріне макроцистис (60-100 м), нереоцистис (25 м), гессония (4 м) және тағы басқалар жатады.

Қызыл балдырлар[өңдеу]

Гетерогенераттылар класы- Неtеrоgепеrаtае. - student2.ru

Қызыл балдырлар

Теңіздің терең түбінде (270 м) көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы (денесі) - таспа, тақтайла, жіп тәрізді, кейде жіптері тарамдалған. Қоңыр балдырлар сияқты аса ірі болмайды. Олардың жасушаларындағы дән тәрізді хроматофорларында хлорофилден басқа қызыл-көк пигменттері болады. Сондықтан бұл балдырлар түсінің қызып, қызғылт және сары, көк-жасыл болуы да мүмкін. Теңіздің түбінде бұл балдырлар айрықша әдемі, көз тартады. Жасушасының қор заты - май және қантты заттар.

Өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбейгенде бөлініп қалған бөліктерінен жаңа дарақ түзілмей, жетілт, бөлініп, өседі. Жыныссыз көбейгенде түзілетін спораларының талшығы болмайды. Судың ағынымен қозғалады. Спора түзетіл қалта - бір жасушадан түзілген спорангийдің ішінде бір немесе төрт спора жетіледі. Кейде олар тарамдалған тармақтарының ұштарында пайда болады. Споралардан төсемікте жыныстық жасушалар түзілетін жынысты ұрпағы жетіледі.

Біржасушалы аталық жыныстық мүшесі тармақтарының ұшында немесе денесінің үстінде жетіледі. Онда көп аталық жыныс жасушалары түзіледі. Аналық жыныс мүшесі — тармақ ұшындағы жасушадан пайда болады. Жұмыртқа жасушасы ұрықтанғаннан соң күрделі өзгерістерге ұшырап, жыныссыз ұрпағына айналады.

Балдырлардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Балдырларды қорғау[өңдеу]

Балдырлардың табиғатта маңызы зор» Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады. Бір грамм қара топырақта 50 000 балдыр болады. Суда өсетін жасыл балдырлар көмірқышқыл газын сіңірт, оттегін бөледі. Онымен су жәндіктері, балықтар тыныс алады. Судағы ағзалық заттарды денесіне сіңіріл отырып, суды тазартады. Ал азық болатын ұсақ жәндіктер балдырларды қорек етеді. Балдырлармен балықтар, теңіз жәндіктері де қоректенеді.

Балдырлар тау жыныстарын ыдыратып, топырақ түзуге қатысады. Ерте заманда (шамамен 1,5 млрд жыл бұрын) фотосинтездеуші балдырлар ауаны оттегімен байытып, өздері құрғаққа шыққан өсімдіктердің бастамасы болды. Содан кейін біртіндеп жер бетінде өсімдіктермен қоректенетін, оттегімен тыныс алатын жан-жануарлар пайда болды.

Балдырларды шаруашылыққа кеңінен пайдаланады. Қоңыр балдырлар мен қызыл балдырларды ертеден-ақ тамаққа, мал азығына пайдаланып келеді. Себебі бұлардың құрамында йод, фосфор, мыс болады. Қытай менЖапонияда порфира балдырын арнайы табиғи жағдайға жақын ортала өсіріп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланады. Ламинария балдырын теңіз орамжапырағы деген атпен адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады.

Теңіз балдырларын өнеркәсіптің көптеген салаларына шикізат есебінде қолданады. Олардан йод, спирт» сірке қышқылы, жасунық, агарагар (ғылыми зертханаларда бактериялар мен саңырауқұлақтарды, балдырларды өсіретін қоректік орта) алынады. Агарагарды тамақ өнеркәсібінде де пайдаланады.

Теңізде толқындық әсерінен жағаға шығып қалған балдырлар тыңайтқыш есебінде қолданылады. Оларды келтіреді де, топыраққа араластырады. Әсіресе бау-бақша өсімдіктері мен жүзімнің түсімі артады. Кладофора жасыл балдырларын қағаз өндірісінде пайдаланады.

Егістіктен шыққан, құрамында ерітінді күйінде тыңайтқыштары бар сулар және қаладан, елді мекендерден шыққан сулар өзен, көлдерді ластайды. Лас көлдердегі жасыл балдырлар біртіндеп түгел жойылып кетеді де, тек бактериялар, көк-жасыл балдырлар және диатом балдырлары ғана қалады. Олар су жәндіктері мен балықтардың қорегіне жарамайды. Алматы қаласынан шыққан лас сулар жеті тазартқыштан өтіп, Сорбұлақ көліне құяды. Содан соң үш тазартқыштан өтіп, Іле өзенше қосылады. Адамзаттық алдында тұрған міндет — өндіріс орындарынан шыққан лас сулар мен ауыл шаруашылық егістіктеріне шашылған химиялық қосылыстардан суды тазарту.

Теңіз суында қоңыр және қызыл балдырлар тіршілік етеді. Табиғатта қоңыр балдырлардың 1500 түрі бар. Бұлар - ядролы төменгі сатылары өсімдіктер. Қоңыр балдыр теңіздің 180-200 м тереңдігінде өседі. Олардың ұзындығы 30-50 метрге дейін жетелі. Қызыл балдырлардың 4 мыңға дейін түрі белгілі. Олардың 200-ге жуығы тұщы суқоймалары мен топырақта өседі. Ұзындығы 2 м шамасында болады. Балдырлардың жоғары сатыдағы өсімдік тамырына сәйкес ризоиды бар және сабақшасы мен жапырақ тақташасы айқын көрінеді. Бұлар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.

Балдырлардың (жасып, қоңыр, қызыл) табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы зор. Сула жәндіктер мен жануарларға қорек болады, топырақты құнарландырады (жасыл балдырлар). Сондай-ақ қағаз өндірісінде пайдаланылады (кладофора). Ал теңіз балдырларын шикізат есебінде қолданады. Олардан спирт, йод, сірке қышқылы, жасунық, агарагар алынады. Тағамға пайдаланылатын да балдырлар бар.[1]

Наши рекомендации