ПедагогикалыҚ ҚызметтіҢ Өзіндік ерекшелігі.
Басқа да қызметтер секілді педагогикалық қызмет те келесідей құрылымдарға бөлінеді: мақсаты, міндеті, құралдары, объекті, субъекті т.б. бұның әрқайсысының өзіндік сыр, сипаты бар. Дегенмен, бәрінен де педагогикалық қызметтің өзі біршама маңыздырақ қызмет болып табылады. Ол неде:
1. Мұғалім жұмысының мақсаты қоғаммен айқындалады, алайда, мұғалім өзінің еңбегінің соны нәтижелеріне қол жеткізу барысында таңдау жасауға ерікті емес, себебі ол барлық қызметтерін оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына бағыттауы қажет. Педагогикалық қызмет кейінгі ұрпақтың әлеуметтік артықшылығын жүзеге асыруға, жүзеге асып жүрген әлеуметтік байланыс жүйесіне жастарды кірістіруге, қоғамдық тәжірибені меңгерудегі адамның табиғи мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жол ашады.
Бірақ мұғалім өз мақсатынан туындаған нақты міндеттерді педагогикалық шарты аясында қамтуы тиіс. А.С.Макаренко «Педагогикалық поэмасында» бейнеленген жайттарды социалистік тәртіп негізі құрылымын жобалай келе өз міндеттері шеңберінде тәрбиеленушілерді ішкі танымдылыққа үйлестіре отырып, оларды талаптарға бой ұсынуларын міндеттейді (дегенмен де бұл сезім түйсіктері бірінші кезеңде шашыраңқылық танытып, жаза күтумен ғана шектелді). Осылайша педагогикалық қызмет мақсаты нәтижесінде үнемі әлеуметтік жағынан ұтымды (А.С.Макаренко түсінігінде кімді тәрбиелеуіміз қажет деп жазғанындай, мұғалім қызметінің анықталған үлгісі бар) және нақты педагогикалық іс-әрекеттегі міндеттер бойынша мұғалім қызметінің анықталған үлгісі жоқ. Осыдан-ақ әр түрлі жағдайларда мұғалімнен шығармашылық шешім қабылдауы, мақсаттарды көру мүмкіндігінің болуы және осы жағдайларды шынайы нақты жайттармен жалғастыра білуі талап етіледі.
2. «Мұғалім іс-әрекеті барлық жағдайда да басқа қызметті басқару жөніндегі іс-әрекет... Бұл жан-жақты үлгідегі мета – қызмет, ол оқушының іс-әрекеттеріне бейімделіп келеді». Біз тоқталған көріністе педагогтың оқушыға дауыс көтермеуі және оларды бөліп ажыратпауға (көзқарас, тұлға бейнесі, тік сөз) тырысуынан, тәрбиеленушілердің өз шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беруі байқалады. (Пышақтарды орындарына қоюы). Дегенмен де бұл шешім тәрбиеленуші түйсігінің жоғары деңгейін сипаттамаса да, бұл мұғалімнің мақсатына жетуіне бағытталған әрекет десе де болады. Осылайша педагогикалық іс-әрекет мақсатының өзіне тән ерекшелігі, оның оқушының да педагогтың да мақсаты бола алуында. Бұл мета-қызметтің шынайылығы.
3. Басқа адамның іс-әрекетін басқару (тәрбиелеу, оқыту) күрделі, өйткен себебі педагог мақсаты әрқашан тәрбиеленушінің келешегіне негізделеді. Бұл мақсат мұғалімге түсінікті және жанына жақын, оның талап ететіні: «Сен білуің керек, істей білуің қажет». Бір жағынан балалар бүгінгі күннің мәселелерімен толыққан бір минуттық өмірмен өмір сүреді, ал олар үшін болашақ деген түсінік өте алшақта. Ш.А.Амонашвили бұл қарама-қайшылықты «тәрбиелеудің негізгі трагедиясы» деп атаған. Педагог шынайы өмірде өмір сүреді де болашақты құрады. Бұл өте күрделі.
Осының бәрін ескере келе шебер-педагог өз қызметтеріндегі логиканы бала қажеттігіне тірек ете отырып жүргізеді. Ш.А.Амонашвили өзінің іс-әрекет бағдарламасын бала бағдарламасына жақындатуға тырысады. Осы кезеңде ленинградтық педагог Е.Н.Ильиннің де жұмыс тәжірибесі қызықты ол көркемдік мәтіндерді қолдана отырып, сыныптағы ситуациялық жағдайға ықпал етеді.
Сонымен педагогикалық іс-әрекеттің өзіне тән ерекшелік мақсаты мұғалімнен қоғамның әлеуметтік міндеттерін қабылдауды талап етеді, бұл ретте мұғалімнің педагогикалық ұстанымындағы қоғам мақсаты «өрістей түседі», нақты іс-әрекеттердің міндет, мақсаттарын шығармашылық жағынан түсінуін, баланың қызығушылығын ескере білуін және оқу әрекетінде берілген мақсаттары бойынша тапсырмаларға айналдыра алуын қамтамасыз етуді талап етеді.
Педагогикалық еңбектің басты нысаны В.А.Сухомлинскийдің пайымдауынша – адам, «жеке тұлғаны рухани өмір аясының - ақыл, сезім, ерік, сенімділік, өзіндік таным іспеттес нәзік құрылымы» делінген.
Педагогикалық іс-әрекеттер нысанының өзіне тән ерекшелігі төмендегіше:
1. Адам – табиғаттың өлі материалы емес, ол өтіп жатқан жағдайларды терең түсіне білетін жеке қатынақа негізделген қайталанбас жеке тұлғалық сапасы бар белсенді маңыздылық. Бұл өз мақсаттары, жеке тәртібі, ой-пікірі қалыптасқан педагогикалық үрдістің қосалқы бір бөлшегі десе де болады. Осылайша, педагогикалық іс-әрекеттің нысаны бір мезгілде оның әрекет етуші субьектісі ретінде қатыса алады, сонымен қатар педагогикалық ықпалға әр түрлі бағытта қатынаса алады немесе оны өз ішкі әлемі арқылы өз құрылымы негізінде қабылдайды.
2. Мұғалім әр уақытта өзгеріске еніп отыратын адаммен әрекет жасайды, яғни оған қарсы әрекеттілік пен қалыптық жағдайлар тән емес. Ал бұл өте күрделі және үнемі шығармашылық ізденісті талап етеді.
3. Педагогтармен қоса бір мезгілде балаға, жеткіншекке, жасөспірімге оның өмірінің тынымсыздығы, көп жоспарлылығы, әр түрлі бағыттылығы қалыптасқан қоршаған ортасы әсер етеді. Сондықтан педагогикалық еңбек барлық ықпалдарды бір мезгілде түзетуді соның ішінде тәрбиеленушінің өзінен бой көтерген ықпалдарды яғни ұйымдастыру мен тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу мен тұлғаның өзіндік тәрбиесі хақында біршама түзетулер енгізуді болжайды.
Тұтасымен алғанда қазіргі заманғы педагогика, бірлесу педагогикалары мектепте демократиялық қарым-қатынастың туындауына бағытталған және оқушылардың белсенділігін арттыруға тырысуда, ол баланы педагогикалық үрдістің қосымша қатысушысы, серіктесі қылуға бейімделген.
Субъект – тәрбиеленушіге ықпал етуші – педагог, ата-ана, ұжым. Тәрбиеленушіге ықпал жасайтын негізгі құрал – мұғалім тұлғасы, оның білгірлігі мен іскерлігі.егер оқушылар мұғалім тұлғасын қабылдамаса олар оның біліміне, қылығына қарсы ықпал жасайды. Нағыз тәрбиеші ретінде жеке тұлғаға позитивті түрде адамгершілік таныта білген кісі ғана аталады, ал ол тек қана педагог адамгершілігінің өзіндік жетілуін қамтамасыз ету барысында ғана іске асады.
Тәрбиелеудің негізгі құралдары – тәрбиеленушілер санаты енгізілген түрлі әрекеттер: еңбек, қарым-қатынас, ойын, оқытып үйрету. А.С.Макаренко өзінің тәрбиелеу жүйесінің басты назарына балалардың өндірістік еңбегін ұжымдық жағынан ұйымдасқан деп қарап, талқылаған. Ленинградтық педагог В.Н.Сорока–Росинский балалар әлемі құрылымының негізгі құралы - оқу деп таңдаған, оны ол да ұжымдық қызмет деп ұйымдастырған. Қазіргі заманғы педагог - №825 мәскеулік орта мектептің директоры В.А.Караковский ұжымдық ынтымақтастық - ұжымның шығармашылық ісі арқылы жетілетіндігінде екендігін танытқан.